Займдар бойынша шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 20:24, контрольная работа

Описание работы

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Зайым.docx

— 40.90 Кб (Скачать)

Займдар бойынша шығындар

 КІРІСПЕ  

 Қандай  да болмасын шаруашылық субъектілерін  олардың қандай салада қызмет  атқаратындығына қарамастан алып  қарайтын болсақ, олардың барлығының  да міндеттемелері болады. Кез  келген өндіріспен айналысатын  субъект сол өнімді өндіру  үшін қажетті шикізаттар мен  материалдар үшін жабдықтаушыларының  алдында міндетті болса, саудамен  айналысатын шаруашылық субъектісі  сол сататын тауарларын жеткізіп  беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің  алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен  де айналыспайтын субъектілердің  өзі қарамағында жұмыс істейтін  жұмысшы қызметкерлеріне олардың  істеген еңбектері үшін, срндай-ақ  бюджетке түрлі салықтары үшін  қарыз немесе оның алдында  міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі  таңда қаржының жетіспеушілігінен  банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып  өздерінің жұмысын жандандырып  жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін  шектен тыс көбейтіп алып, оны  қайтаруға мүмкіншілігі болмай  жабылып, аукционға салынып, сатылып  жатқан субъектілер көптеп кездеседі. 

 Осы  айтылғандар туралы толық түсінік  беретін қаржылық есептің ең  негізгілерінің бірі – несие  болып саналады. Несие дегеніміз  – бір тұлға басқа тұлғаға  құнды натуралды немесе ақшалай  нысанмен қайтару талабымен және  әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға  табыстаған кезде қалыптасатын  экономикалық қатынастардың сомасын  білдіреді. Нарық экономикасы  жағдайында коммерциялық және  банк несиелері деп бөледі.

 Шаруашылық  субъектісі банк мекемесінен  несие сұрамастан бұрын несие  алудың қажеттілігін, оны уақытында  қайтару мүмкіншілігін, әрбір  коммерциялық банктердің несие  беру, өтеу, несие проценті ставкаларымен  және басқадай талаптарымен танысып  алдын ала шешіп алуы қажет.  Банк мекемелері әдетте несие  сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен  өтемпаздығын мұқият тексереді.  

1. ЗАЙМДАР  – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ. 

 Займ  түсінігі және мәні.  

 Несие  – ақша сияқты тарихи экономикалық  дәреже болып табылады. «Кредит»  деген сөз, «қарыз», «несие»  деген «kredo» - сенемін деген  мағына беретін латынша «kreditum»  деген сөзден шығады. Ол экономикалық  дәреже ретінде әр түрлі экономикалық  қоғамдарда қызмет етеді. Ол  тауар өндірісінің пайда болған  кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда  көрінеді. Несие қатынастары ақша  қатынастары сияқты үнемі даму  үстінде болады. Алғашқы несие  табиғи түрде қоғамның дәулетті  топтарынан мүліксіз шаруалар  мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы  мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.  Тауар-ақша қатынастарының дамуымен  несие ақша түріне көшті. 

 Несиенің  объективті қажеттілігі табиғи  және ақшалы түрде жүзеге асатын  ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті  шығарып тастайды. Ол капитал  түрлері үнемі ауысып тұратынын  ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі  тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық  қайтадан ақша түріне ауысып  тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы  жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші  кезеңінде ақша өндіріс қорына  ауысып кетеді, екінші кезеңде  - өндіріс процесінде – дайын  өнім жасалады, өндірістік тауарлыға  келеді. Үшінші кезеңде тауар  сатылып, бастапқы ақша түріне  ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы  айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы ғана емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

 Капитал  түрлерінің ауысуы бір шаруашылық  субъектілерінде ақша қаржысының  уақытша босатылып және басқа  шаруашылық жүргізуші субъектілерде  ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен  қоса жүреді. Әрбір шаруашылық  субъектісінде өзінің жеке ауыспалы  айналымдағы капиталы болады.

 Қызмет  процесінің бағыттылығы ауыспалы  айналымның әр түрлі сатыларында  болатын ақша ресурстарының оларда  бір мезгілде және үнемі бар  болуын: материалдық өндіріс саласы  үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін –  тауарлы және ақшадай болуын  талап етеді. 

 Өндірісті  жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері  ақшаларды уақытша босатуға және  оларға деген қажеттілік үшін  жағдай туғызады. Ақшалай қаражаттың  уақытша босатылуы және оларға  деген қажеттілік тек материалдық  өндіріс саласы мен айналымда  ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда,  сондай-ақ халықта болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп  түсуі мен оларды жұмсау уақыттары  ұзақ пайдаланатын заттарды сатып  алуға халықтың ақша қоры және  т.б. бәрі бірдей сәйкес келе  бермейді.

 Қаражатқа  деген қажеттілік пен оның  босатылуы арасында ттуындаған  қарам-қайшылық шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қалыпты қызметі  үшін қажет материалдық және  қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын  несиенің жәрдемімен ғана рұқсат  етіледі. 

 Несиенің  мүмкіндігін шындыққа айналдыру  үшін белгілі бір талаптар  бар. Біріншіден, несие мәмілесінің  қатысушылары – несие беруші  мен қарызға алушы – экономикалық  байланыстардан туындайтын міндеттемелердің  орындалуын өз мойнына алуға  материалдық жағынан кепілдік  беретін дербес заңды субъектілер  сияқты алға шығуы керек. Екіншіден,  егер несие беруші мен несие  алушының мүдделері бір жерден  шықса, онда бұл жағдайда несие  өте қажет болады. Несие мәмілесін  жүзеге асыру үшін оның қатысушылары  міндетті түрде несиеге өзара  қызығушылық танытулары керек. 

 Несие  беруші мен қарызға алушының  арасында мүдделілік бірдей болған  кезде, бір жағынан, несиеге  ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші  жағынан – оны алуда несиелік  қарым-қатынастар туындайды. 

 Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің жеке  ауыспалы айналымынан туындайтын  несиеге қажеттілік несиенің  объективті жүзеге асыун төлем  қаражаттарын құру және жаңа  бекітілген құнды қайта бөлу  процесінде оның роліне жеке  назар аудармай, оны толық дәрежеде  анықтамайды. Ақша эмиссиясының  процесі формаға тәуелді емес.

 Түрліше  несие қарым-қатынастарындағы несиенің  мән-маңызы сол немесе бапсқа  қоғамдық формацияда оның өмір  сүруінің объективті себептерімен  анықталады.

 Құндық  қатынастың ерекше формасы сияқты  несиенің пайда болуы шаруашылық  жүргізуші бір субъектіден босаған  құн шаруашылық мәміледе қолданысқа  түсетін, бірақ ьір уақыттарда  жаңа қайта өндіру цикліне  ене алмайтын кезде ғана жүзеге  асады. Несиеге байланысты бұл  құн қосымша қаражатқа уақытша  қажеттілігі туып отырған басқа  субъектіге өтеді және қайта  өндіру процесінің шеңберінде  қызметін жалғастыра береді. Бірақ,  несиелік қатынастардың пайда  болуын экономикалық байланысқа  түсуге дайын меншік иелері  сияқты бір-біріне қарсы тұра  алатын тауар иеленушілер арасындағы  айырбас ауқымынан іздеген жөн.  Тауарларды қолдан-қолға өткізу  сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.

 Несиелік  қатынастар пайда болатын және  дамитын нақты экономикалық негізде  қаражат айналымы мен ауыспалы  айналым, яғни несиелік қатынастың  материалдық негізі болып құн  қозғалысы саналатын болады. Қарызға  алушы несиені кедей болғаны  үшін алмайды, ол өзінің меншікті  қорларының ауыспалы айналым  мен капитал айналымының объективті  күшіне толық шамада жетпей  тұрғандықтан өз ісін алға  бастыру үшін алады. 

 Сонымен,  несинің объективті өмір сүруінің  негізгі талаптары төмендегідей  тізбектеледі:

 •  Жеке таура өндірушілердің өндірістік  қорлар айналымы мен жеке ауыспалы  айналымдардың уақыт бойынша  сәйкес келмеуі; 

 •  Несие беруші мен қарызға алушының  заңды тұрғыдан дербестігі;

 •  Несиелік қатынасқа несие беруші  мен қарызға алушының мүдделік  танытуы. 

 Несие  объективті қажеттіліктен туындаған  және ол қоғамдық өндіріс процесінде  маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай  капиталдың қарызға трансформациясын  қамтамасыз етеді және несие  берушілер мен қарызға алушыладың  арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. 

 Оның  көмегімен мемлекеттің, халықтардың,  ұйымдардың және кәсіпорындардың  табыстары мен бос ақшалай  қаражаттары жинақталып, уақытша  пайдаланудың төлеміне аударылатын  несие капиталына айналады.

 Несиенің  мәнін анықтаған кезде бірқатар  әдістемелік принциптерді ұстану  керек, несиелердің барша түрі  формалардан тәуелсіз оның мәнін  көрсетуі керек: 

- несие  мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің  мәнін ашуы керек. Егер біп  мәміледе несие қайтарылмаса, онда  бұл өзінің қайтарылатын қасиетін  жоғалтанынын білдіреді; 

- несиенің  мәнін талдауда несиенің құрылымын,  қозғалыс сатыларын, несиенің  негізін қарастырған жөн. 

 Несиеде  өзгермейтін, тұрақты болып қалатын  жәйіт – құрылым. Өзге экономикалық  категориялар сияқты несие де  бір-бірімен өзара әрекетке түсетін  бірнеше элементтен тұрады.

 Несие  беруші – несиелік мәміленің  қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске  асыру үшін онда ақшалай қаражаттың  белгілі бір қоры болуы керек.  Ол ақша өзінікі болуы немесе  басқа біреуден қарызға алған  болуы да мүмкін.

 Қазіргі  уақытта қарызға ақша ұсынатын  негізгі несие беруші – банк  болып табылады. Ол кәсіпорындардың,  ұйымдардың, кеңселер мен халықтың  уақытша бос қаражаттары шоғырландырып,  оларды қарызға алушыларға уақытша  пайдалану үшін несие түрінде  ұсынады. Бұл ретте банктен  алған несиені тек қарызға  алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы  да меншік иесіне қайтаруға  міндетті. Бұл арада банк бір  жағдайға несие беруші болса,  екінші жағдайда – қарыз алушы  болып көрінеді.

 Қарызға  алушы – несиелік қатынастар  жағы, несие алып, алған қарызды  қайтаруға міндетті жағы. Қосымша  ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы  туғандар қарызға ақша алушылар  болып табылады.

 Қазіргі  заман талабына сай қарызға  алушылар – кәсіпрындар, кәсіпкерлер,  халық, мемлекеттер мен банктер  болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы  қарызға алынған қаражаттың меншік  иесі болып табылмайды, өндіріс  саласында, айналымда оны өз  қалауымен қолданады. Бұл жағдайда  ол алынған ақшадан гөрі, яғни  шаруашылықта ауыспалы айналым  қоры таусылғаннан кейін оны  іске асырып, пайдаланғаны үшін  өсімақы төлеп, қарызды артық  көлемде төлейді. Несиелік мәміледе  қарызға алушы несие берушіге  тәуелді, оған несие беруші  өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға  алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер болуы мүмкін.

 Несие  беруші мен қарызға алушы өзара  іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың  бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік  мәміленің қатысушылары ретінде  олар, оның қарама-қарсы жақтарында  тұрады. Олардың мүдделері де  бөлек, несие беруші неғұрлым  жоғарғы пайыздық несие бергісі  келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше  арзан несие алып, қосымша қаржылар  табу мұддесі болады. Несие берушілер  мен қарызға алушылардан басқа  несие қатынасы құрылымының элементі  алыс-берістің объектісі – құнның  негізгі бөлігі сияқты өзөіндік  өтелмеген құны – несиеленген  құн болып табылады.  

 Несиенің  құрылымы  
 

 Несие  беруші Несиеленген құн Қарызға  алушы  
 

 Сызба  1 – Несиенің құрылымы.

 Несиеленген  құн ұдайы өндіріс процесін  жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық  жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған  шығындарға қажет меншікті қорларын  жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан,  бұл қосымша қажеттіліктер несие  есебінен қанағаттандырылады.

 Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың  ауыспалы айналымының үздіксіз  болуын қамтамасыз етеді және  олардың қозғалысындағы іркілістерді  жояды. Бұл жағдайда бастапқы  несиелеген құны ғана емес, сонымен  қатар өскен пайызбен қоса, несиенің  қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі.  Несие өз құнын осылайша бүкіл  қозғалысында: басынан бастап, оның  банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Информация о работе Займдар бойынша шығындар