Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 23:34, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.
Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69
Серіктестіктің қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижесі жоғарыдағы кестеде көрсетілген. Өнімдерді өткізген (сатудан) түскен табыс 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3060107 мың теңгеден 282860 мың тегеге дейін төмендеген. Оның басты себебі өндіріс көлемінің азайтқанымен байланысты болып отыр. Сатылған өнімдердің өзіндік құны өндіріс көлемінің азайғанына байланысты 242949 мың теңгені құрайды, яғни 12 пайызға 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы төмендеген. Жалпы табыс 2010 жылы 39911 мың теңге 2009 жылмен салыстырғанда 8932 мың теңгеге көбейген.
Есепті кезең шығындары үлкен мөлшерде қалып отыр. Ол 2010 жылы 20100 мың теңге болып, 5498 мың теңгеге немесе 37%, 2009 жылмен салыстырғанда жоғарылап отыр. Бұл шығындардың басым көпшілігі, жалпы және әкімшілік шығындардың үлесінде, яғни 2010 жылы 7236 мың теңге болса, 2009 жылы 5257 мың теңгені құрап отыр.
Шығындардың қалған бөлігі сатуға байланысты шығындар ол 2010 жылы 12864 мың теңге болса, 2009 жылы 9345 мың теңге болған немесе 16109 мың теңгенің көлемін құрап, 37% жоғарлаған. Негізгі қызметтен түскен табысқа келетін болсақ, (жалпы табыс пен есепті кезең шығындарының айырмасы) бұл көрсеткіш 2010 жылы 19811 мың теңгені құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары. Негізгі қызметке жатпайтын табысқа келетін болсақ, ол негізгі құралдарды жалға беруден және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түскен табыстардан құралған, оның көлемі 2010 жылы 3555 мың теңге болса, 2009 жылы 3033 мың теңгеге немесе 17%,-ға өскен. Салық салынғанға дейінгі табыс 2009 жылы 19410 мың теңгені құраған болса, 2010 жылы 23366 мың теңгеге дейін өсіп 20% көтерілген.
Таза табыстың көрсеткіші ұйымдардың
қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін
көрсетеді. Белгілі кезеңде түскен
пайданы қандай көздермен қызметтерден
қалыптасқандығы жөніндегі
Жауапкершілігі шектелген
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” –деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2010-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік –деп аталатын стандартында қарастырылған. «Дарын» ЖШС -ның қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:
Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі
Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс
Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құралдардың орташа жылдық құны
Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%
Кесте 2 - «Дарын» ЖШС - ның қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жыл (2009ж) |
Есепті жыл (2010ж) |
Ауытқулар | |
Сомада |
% | ||||
1 |
Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың.тг) |
299862,2 |
382993,31 |
+83131,11 |
28,0 |
2 |
Өнімнің өзіндік құны (мың.тг) |
291463,4 |
371550,29 |
+80086,89 |
27,0 |
3 |
Салық салынғанға дейінгі табыс (мың.тг) |
-23667,1 |
-47237,18 |
-23570,08 |
|
4 |
Таза табыс (мың.тг) |
-23667,1 |
-47237,18 |
-23570,08 |
|
5 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың.тг) |
236111,97 |
245508,53 |
+9396,56 |
|
6 |
Қор қайтарымдылығы (мың.тг) |
1,27 |
1,56 |
0,29 |
23,0 |
7 |
Қор сиымдылығы (мың.тг) |
0,30 |
0,001 |
0,299 |
11,1 |
8 |
Сату табыстылығы (рентабелділігі), % |
0,0006 |
0,004 |
0,0034 |
6,4 |
9 |
Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), % |
0,0004 |
0,005 |
0,0046 |
12,5 |
Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2010 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2009 жылы 291463,4 тг. болса, 2010 жылы 371550,29 тг. болған.
2010 жылы сатудан түскен табыс 382993,31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550,29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.
Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг.). Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2009 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993,31 тг. болса 2009 жылы 299862,2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131,11 тг.) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131,11 тг.) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086,89 тг.) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.
Ұйымның есепті жылғы, яғни 2010 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2009 жылы 3491636 тг. болса, 2010 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2009 жылы (-48424407 тг.) ал, 2010 жылы (-93598568 тг.) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз – бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2009 жылы 79448 тг. , 2010 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6].
Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр түрлі мерзіміне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағымдарына, инвестициялық жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.
Кәсіпорынның инвестициялық
1) таза келтірілген табыс (NPV);
2) инвестициялардың тиімділік
3) табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR);
4) өтелімділік мерзімі (РР);
5) табыстың есептік мөлшері (АRR)
(1)
мұнда Рk – инвестициялық жобаның жылында алып келетін ақшалай кірістері; ІС – инвестициялардың бастапқы сомасы; r - дисконттау коэффициенті.
Бұл әдістің мағынасы мынадай: егер NPV < 0, онда инвестициялық жоба тиімсіз деп саналады; егер NPV = 0, онда инвестициялаудан ешқандай табыс немесе шығын келмейді; NPV > 0, онда инвестициялық жоба тиімді деп саналады, яғни бұл жобаны жүзеге асыру үшін қабылдау туралы шешім қабылдауға болады.
Инвестициялардың тиімділік (рентабелдік) индекісін (РІ) бағалау әдісі мына формуламен сипатталады:
(2)
Инвестициялардың тиімділік
Ішкі табыстылық мөлшерін (IRR) есептеу мына формуламен жүзеге асады:
IRR = r болған жағдайда, NPV = f(r) = 0. (3)
Ішкі табыстылық мөлшерінің мағынасы
мынадай: бұл көрсеткіш белгілі
бір ивестициялық жобамен байланысты
шығындардың барынша үлкен
Инвестициялардың өтелімділік мерзімі (РР) келесі формула бойынша анықталады:
РР = min n, оның ішінде Σ > ІС. (4)
Өтелімділік мерзімі көрсеткішінің мағынасы былайша анықталады: РР- көрсеткіші бастапқы салынған инвестициялардың осы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында келетін ақша ағымдарымен толық өтелетін мерзімін көрсетеді. Кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына сай өтелімділік көрсеткішінің алуан түрлі шамада есептелуі мүмкін.
Инвестициялық жобаларды есептеудің тағы да бір әдісі – табыстың есептік мөлшері (АRR) – келесі формула бойынша анықталады:
(5)
мұнда РN – инвестициялық жоба алып келетін орташа жылдық табыс; ІС– бастапқы салынған инвестициялардың сомасы; RV – активтердің қалдық құнының шамасы.
Табыстың ішкі мөлшері барлық әдістердің ішіндегі инвестициялық жобаларды талдау және капитал салымдарының бюджетін құру (капитал салымдарын жоспарлау) барысында ең аз қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл әдісті негізінен қолданылатын жағдайлар – компаниялардың бөлімшелерінің қызметін салыстырмалы түрде бағалау болып табылады. ARR көрсеткішін есептеудің қалыптасқан және бір жақты әдістемесі және мағыналары жоқ.
NPV, IRR, PI және CC көрсеткіштері өзара
келесідей қатынастармен
Егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1
Егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1
Егер NPV > 0, онда IRR > CC және PI > 1 (6)
Кәсіпорынның қаржы
Инвестициялық жобаларды талдау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану аса маңызды да күрделі жұмыс. Инвестицияларды бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де, инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.