Ұзақ мерзімді активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 23:34, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа содержит 1 файл

УМА Дарын ЖШС +Жоспар.doc

— 609.50 Кб (Скачать)

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты  дамуын қамтамасыз етеді және келесідей  мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- қаржылық және материалдық  ресурстарды жинақтау арқылы  өздерінің кәсіпкерлік қызметін  кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру  нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Кәсіпорындар инвестициялар салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра  алады, өйткені инвестициялау объектілері  де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1-сызбада көрсетілген.

 

 

 

Интеллектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары



 

Жаңадан

жасалатын негізгі құралдар



 

 

 

 

Мақсатты ақша салымдары



 


Инвестициялық қызметінің объектілері



 

Ғылыми-техникалық өнімдер


 

Құнды қағаздар


 

 

 

Мүліктік құқықтар


 

 

Басқада да

меншік  объектілері


 

 

 

1 сызба - Инвестициялық қызметтің  объектілері

Инвестицияларды әр түрлі белгілері  бойынша жіктеуге болады. Инвестицияларды  жіктелу белгілері 2-сызбада берілген.

Негізгі жіктеу белгісі ретінде  инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз  –бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.


Инвестиция түрлері


 


Инвестициялау объектілері бойынша




Нақты (тікелей)


 


Қаржылық (қоржындық)


 


Инвестициялау мерзіміне қарай 




Қысқа мерзімді



Ұзақ мерзімді 


 


Кәсіпорынның инвестиция барысында  қатысу сипатына қарай




Тікелей


 


Тікелей емес (жанама)


 


Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай



Жеке 


 


Мемлекеттік


 


Аралас 


 

2 сызба -Инвестициялардың негізгі  белгілері бойынша жіктелуі

 

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар  – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар  қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл  бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар  қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестициялар деп - кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысында  қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-диллерлік компаниялар) немесе инвестициялар қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысандағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

Инвестицияларды дұрыс басқара  білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршендігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:

а) инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару- бұл инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуде,  бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;

ә) жеке инвестициялық жобаларды  басқару – бұл қазіргі заман  талаптарына сай әдістер мен  басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;

б) жеке кәсіпорынның инвестициялық  қызметін басқару – бұл кәсіпорын  тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын  бақылаумен сипатталады.

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды басқару барысында толығырақ тоқтала кетелік 3-сызбада.

 


Инвестицияларды басқару кезеңдері

 


Елдегі инвестициялық жағдайды талдау


 


Инвестициялық қызметтің нақты  бағыттарын таңдау


 

 

Инвестициялаудың нақты объектілерін таңдау




Инвестициялардың өтімділігін  бағалау 


 


Инвестициялық ресурстардың қажетті  көлемін 


анықтау

 


Инвестициялық тәуекелдерді басқару 


 

3 сызба - Инвестицияларды басқару  барысы


 

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды  басқарудың бірінші кезеңі - бұл  елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:

- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық  табыстың  және өнеркәсіптік тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;

- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;

- мемлекеттік инвестициялық қызметті  заңды түрде реттеуі, бақылауы  және ынталандыруы;

- инвестициялық нарықтардың, бірінші  кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының даму деңгейі.

Келесі кезең кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты  бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде  кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар  өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі   инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.

Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компъютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалары. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде  4- топқа бөлінеді.

Өндіріспен байланысты материалдық  емес активтер. Бұл топқа «ноухау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық  жабдықтау, интегралды микросхемалар  технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіктік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. «Ноухау» - құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде керінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарды қолданылатын термин.

Кең мағынасына «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патентелмеген, белгілі бір  өндірістің түрін ұйымдастыруға  қажетті өндірістік тәжірибесінің  техникалық, коммерциялық және басқа  да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизинге, «кілті қолма-қол»  тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

«Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты  көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан  қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол  оның иесіне төленетін сыйақының  орнықты  тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патентерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.

Өндірістік ақпаратты пайдалану  құқықтарын есепке алу. Оған материалдық  емес активтер қатарына белгілі бір  уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

Ұйымдастыру шығындары бірлескен  немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңдегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жаранамаларға кеткен шығын, кезеңшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау  – кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға, қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа  тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен қызмет көрсету  таңбалары деп тауарларды тиесілі  таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы  заңды немесе жеке тұлға атына  тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасы қалай пайдаланамын десе де, толық құқығы бар, басқа тұлғаларға  пайдалануға тыйым сала  алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.

Таңбалар сөз түрінде, көркем сурет  түрінде, көлемді немесе бәрінің  комбинациясы түрінде болмауы мүмкін, олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.

Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік  елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған  бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас,  аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар,  қоғамдық мүдделлер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.

Заңды немесе жеке тұлға тіркелген  барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің  келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

Тауардың шыққан жерінің атауы-тауарды  таңбалау үшін   пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа  географиялық объектінің атын қоса және басқа  да ерекшілеліктері арқылы сипатталады.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер