Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 23:34, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.
Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69
Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауы паудалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банктілерде және басқа да тауарда шаруашылық айналымда енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын «Белорусь» (трокторлары), «Зенит» (фототауарлары), «Новое Заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобильдері), «Рахат» (конфеттері), «Славо» және «Чайка» (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен, тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да, қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездей-соқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасының тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.
Сондықтан нарықтық экономика тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі, компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол үшін тауар таңбасын құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құн, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасын нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.
Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан Республикасы жоғары кеңесі қабылдаған «тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар және басқалар жатады.
Патенттер. Патентоның ұстаушысының патент қамтығын нәрсесін, процессін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салынады, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдалантын құқық болып табылады. Патентің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар мсатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патентік алым (пошлина) ұсталынады . Патенті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуғада, патентелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болу керек.
Өнеркәсіптік үлгілері:
- өнеркәсіптік үлгілерді
Өндірістік үлгілері:
- модельдерімен, суреттерімен
Егер үлгінің қоғамдық белгілері
Қазақстан Республикасында
Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығын басқа тұлғаларға да (лицензиар) бере алады, ал соңғысы лицензиарға төлемдер беріп тұруға және келісімдер қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.
Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерден алынған)- қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы, мемлекеттік органдарының берген рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді, субъект бойынша:
-Қазақстан Республикасының
- шетелдік заңды және жеке
тұлғаларға, азаматтық жоқ тұлғаларға,
халықаралық ұйымдарға
Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі (бас) мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егерде олардың қызметі біртұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы (бірақ рет
- операциондық валюта
Мерзімдік әрекеті бойынша:
- тұрақты берілген мерзімі
- уақытша белгілі бір мерзімге берілген.
Аймақтық әрекет ету сферасы (териториялық әрекет ету аясы) бойынша:
- тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;
- Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады.
Материалдық емес активтерді басқа да түрлеріне, активтердің бұл тобына «фирма бағасы» (Гудвилл), интелектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді. («гудвилл» құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбаны көрсетілген).
Гудвилл. Гудвиллді бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.
Гудвилл материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады.
Материалдық емес активтер
1 Кәсіпорын-
дардан бөлін-
бейтін актив
1.1 Оқыған
персоналдар
1.2 Клиенттер
1.3 Аймақ
деңгейінің имиджі
1.4 Аймақтың
орналасу артық
шылығы
1.5 Жарнама
саласындағы
жетістіктер
1.6 Бастапқы
қиыншылықтар
ды артқа тастау
2 Жеке тұлғадан
(интелектуалдық) бөлінбейтін активтер
2.1 Менеджерлердің
(иелерінің) жеке тұлға
ретінде іскерлік
қасиеті
2.2 Менеджерлердің
жеке ұждандық және
іскерлік қасиеті
2.3 Ұйымдағы жеке
тұлғаның өз персо-
алдарымен қарым-
қатынасы
2.4 Басқа да
Гудвилл
3 Кәсіпорыннан да,
жеке тұлғадан да
(индивидуалдық) бөліп қарауға болатын материалдық емес
активтер
3.1Фирмалық маркілері мен
белгілері
3.2 Лицензия мен
патентер
3.3 Сатуға, жалдауға
жасалған контрактілер
3.4 Жаңа техноло-
гияның ноу-хауы
3.5 Жерді және суды
пайдалануға берілетін
құқығы
4 сызба- Материалды емес
Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болшақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланыста анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайына пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтернің асып түсуі « фирма бағасын» құрайды.
Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан артық бағаға сатылуы оның біршама үстемдігі ( артықшылығы) бар болғандығынан.
Олардың ішіндегі ең айыршысы, ерекше тиымды жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік ритингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылы, жабдықтаушылықтармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, тағы басқа гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғары келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана көрініс табатындығын көреміз. Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалаумен, тікелей байланысты болып келеді.
Гудвиллді анықтаудың мысалы: «Тұлпар» ЖШС –тігі «Виста» ЖШС-гін 2200 мың тенге сатып алды делік. Сатып алынғанға дейін кәсіпорынның балансының көрсеткіштері мынадай болған.
«Тұлпар» ЖШС бухгалтерлік балансы
Баланс баптары |
Сатып алынған кезеңдегі мәліметі, мың теңге |
Ұзақ мерзімді активтер |
3 000 |
Ағымдағы активтер |
2 000 |
Ақша қаражаттары |
2 500 |
Активтердің жиыны |
7 500 |
Меншік капиталы |
4 000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
2 000 |
Ағымдағы міндеттемелер |
1 500 |
Меншік капиталы мен міндеттемелердің жиыны |
7 500 |
«Виста» ЖШС бухгалтерлік балансы
Баланс баптары |
Сатып алынған кезеңдегі мәліметі, мың теңге |
Ұзақ мерзімді активтер |
2 200 |
Ағымдағы активтер |
1 500 |
Ақша қаражаттары |
500 |
Активтердің жиыны |
4 200 |
Меншік капиталы |
1 400 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
2 000 |
Ағымдағы міндеттемелер |
800 |
Меншік капиталы мен міндеттемелердің жиыны |
4 200 |
«Тұлпар» ЖШС-нің
Баланс баптары |
Сатып алынған кезеңдегі мәліметі, мың теңге |
Ұзақ мерзімді активтер |
5 200 (3 000+2 200) |
Гудвилл |
800 |
Ағымдағы активтер |
3 500 (2 000+1 500) |
Ақша қаражаттары |
800 (2 500-2 200+500) |
Активтердің жиыны |
10 300 |
Меншік капиталы |
4 000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
4 000(2 000+2 000) |
Ағымдағы міндеттемелер |
2 300(1 500+800) |
Меншік капиталы мен міндеттемелердің жиыны |
10 300 |