Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 08:23, реферат
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.....................................................6
1.1 Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы...............................................................................................6
1.2 Арнайы бірегейлендіру...............................................................................8
1.3 Орташа өлшемді құн..................................................................................11
1.4 Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі,ФИФОәдісі .....................................................................................12
1.5 Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі, ЛИФО әдісі....................................................................................14
2. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЙМАҒА ТҮСУІН МЕН ШЫҒУЫН ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ................................................................................ 17
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу...........................................................................................17
2.2 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық
қордың шығуын құжаттық рәсімдеу..............................................................22
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі мен материалдардың
қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.........................................23
2.4 Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары....................28
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………..…………………........…..35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. .38
ҚОСЫМША.........................................................................................................39
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына автотранспортпен
тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.
Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.
Тауарлы – материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот фактура , онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады. (қосымша №1)
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Актге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.
Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.
Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.
Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.
Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген
№ 1240 09.11.1994 ж және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.
Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді.
Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:
Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.
Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.
Тауарлы – материалдық қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:
Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.
Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.
Көліктік - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:
- теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.
- Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;
- Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;
- Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.
Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.
ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.
2.2 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Тауарлы – матералды қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.
Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:
Лимиттік – жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі; материалдарды босатуға арналған талап накладнойы, накладной.
Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.
Лимиттік - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да бостаылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.
Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.
Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.
Материалдарды босатуға арналған талап накладнойы. Босалқыларды субъектінің өз ішіндегі қозғалысына және олардың кәсіпорынның аумағынан тыс жердегі шаруашылықтарына, сондай – ақ басқа мекемелерге босатуды есепке алғанда пайдалынады.
Ол екі дана дайындалады. Материалдарды өз кәсіпорынының шаруашылықтарына босатқанда данасын алушыға, екіншісін – қоймаға, кейінірек бухгалтерияға өткізіледі. Бір данасы қоймаға, ал екіншісі цехқа құндылықтарды кіріске алуға негіз бола алады.
Кәсіпорынның аумағынан тыс жерде орналасқан өз шаруашылықтарына немесе басқа мекемелерге материалдық құндылықтарды босатқан кезде талап – накладной келісімдердің, нарядтардың және басқа тиісті құжаттардың негізінде дайындалады. Бірінші данасы қоймаға материалды қоймаға босатуға негіз болады, ал екіншісі материалды қабылдап алушыға беріледі. Материалды босатқан кезде өзі алып кететін жағдай туса, алушы қол қойған талап-накладнойды, сондай-ақ егер қорлар кейін төленетін болып босатылып жатса, қоймашы есеп айырысу төлемдік құжаттарын толтыруға бухгалтерияға жібереді.
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.
Жинақтаушы ведомосы қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдалынады, ол материалдар есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі.
Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғында материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материалдар қалдықтарының кітабы кейінгі 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі. Материалдардың қалдық кітабы төменде келтірілген.
Айдың аяғында материалды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша салалық түрдегі дерек материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.бұл деректер сәкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.
Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймадағы немесе материалдардың жауапты адамдар арасындағы қозғалыс көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде материалдық салалық және пайыздық ауытқулары анықталады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдардық құндылықтардың нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады: тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорында түскен материалдардыцң нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулар анықталады. Тізімдеменің екінші бөлімінде екінші бөлімін «Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтаушы ведомствосы» немесе «Материалдық құндылықтардың қозғаласы менқалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері 20 «материалдар» мен 22 «Тауарлар» бөлімдерінің шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады.тізімдеменің екінші бөлігі төменде келтірілген.
Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің немесе материалдың жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұйымдастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақталмалы шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық құндылықтарын нақты құнының олардың есептік бағағсы бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. № 10 ведомос материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді.
Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі