Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 08:23, реферат

Описание работы

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3



1. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.....................................................6

1.1 Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы...............................................................................................6

1.2 Арнайы бірегейлендіру...............................................................................8

1.3 Орташа өлшемді құн..................................................................................11

1.4 Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша

бағалау әдісі,ФИФОәдісі .....................................................................................12

1.5 Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша

бағалау әдісі, ЛИФО әдісі....................................................................................14

2. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЙМАҒА ТҮСУІН МЕН ШЫҒУЫН ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ................................................................................ 17

2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу...........................................................................................17

2.2 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық

қордың шығуын құжаттық рәсімдеу..............................................................22

2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі мен материалдардың

қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.........................................23

2.4 Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары....................28



ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………..…………………........…..35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. .38

ҚОСЫМША.........................................................................................................39

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 417.50 Кб (Скачать)

Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

 

 

Кесте 1.2. 2011 жылғы қазан айындағы материалдың құндылықтардың қолда бары мен қозғалысы

Көрсеткіштер

 

Сана, дана

 

 

Бағасы

 

Сомасы

1. 1.10.11 ж. қалдық

1200

100,00

120000

I. Қазан айында келіп түскені:

31.10.11 ж. (1-топтама) 09.10.11 ж.

(2-топтама) 21.10.11 ж. (3-топтама)

28.10.11 ж. (4-топтама)

300 400

700 250

110 130

140 120

33000 52000 98000       30000

Кірістің жиыны

1 650

 

213000

Қалдықпен бірге жиыны

2850

 

333 000

Ай ішіндегі шығындар

2 150

 

 

1.11.11 ж. Қалдық

 

700

 

 

 

 

 

                                                                                                                                

     Бірінші топтаманың 100 дана, төртінші топтаманың 220 дана қалдығы бар екендігі , 210- бастапқы қалдық бар екендігі белгілі.

     1 11.11 ж. Қалдық мынаған тең:

      210 дана х 100 = 21 000

      100 дана х 100 = 10000

      170 дана х 140 = 23800

      220 дана х 120 = 26400

      700                                         82 200

      Шығыс мынаған тең: 333 000 – 82 200 = 250 800

 

1.3.  Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің  орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

Орташа құн ай басында қолда бар материалдық құндылықтар мен ай ішінде келіп түскендердің құнын материалдық құндылықтардың бірлігінің санына бөлу жолымен есептеледі.

Жоғардығы кестеге қарай отырып материалдық құндылықтың бір бірлігінің орташа бағасы 333 000/2 850= 116,84 теңгеге тең.

    Шығыс 2 150 х 116,84 = 251 206

     1.11.11 ж. Қалдық 700 х 116,84 = 81788 теңгеге тең.

     Бұл әдіс негізінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны = ∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын

Мұндағы:

∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

∑алын – алынған материалдардың құны;

К алын – алынған материалдардың саны.

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек онда біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз.

 

1.4 Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі, ФИФО әдісі.

ФИФО  есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.

“Фифо” әдісі – босасқыларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді.

ФИФО – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынандай қағида қолданылады:

«Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып- шығысқа», яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: алдымен бірінші сатып алынған топтаманың бағасы бойынша материалдарды шығындарға есептеп шығарады, одан кейін – екіншісін, содан кейін- үшіншісін және сөйтіп жұмсалған материалдардың жалпы саны біткенге дейін жалғасады.бағалау тәртібі материалдарды жұмсаудың нақты кезектілігіне тәуелді емес.

Жоғардағы №1 кестедегі мәліметтер арқылы қорларды ФИФО әдісі арқылы бағалау:

Шығыс: 1200 х 100 = 120000

                 300 х 110 = 33000

                 400 х 130 = 52000

                 250 х 140 = 35 000

Қалдық: 

                 2150                 240000

                 450 х 140 = 63000

                 250 х 120 = 30000

                                            700 3000

Кесте 1.4. Өндіріске жұмсалынған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді

 

Саны (дана)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

50

100

5000

Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар

1-Топтамада

2-Топтамада

3-Топтамада

4-Топтамада

5-Топтамада

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы

 

440

---

56800

Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы

 

490

---

61800

Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені

ФИФО әдісімен бағалағанда

250

 

28200

ЛИФО әдісімен бағалағанда

250

 

34900

Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы

ФИФО әдісімен бағалағанда

240

 

33600

ЛИФО әдісімен бағалағанда

240

 

26900

 

Бұл кестеден көріп отырғанымызда ай шығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.

ФИФО әдісі бойынша:

Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны  80 дана сомасы  9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана  20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.

 

1.5 Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша бағалау әдісі, ЛИФО әдісі.

ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

“Лифо” әдісі - қорларды соңғы сатып алынғандардың  бағасы бойынша бағалау әдісі.Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ол ай соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құны бірінші бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.

 

№1 кестедегі мәліметтер бойынша ЛИФО әдісі бойынша қорлардың құны есептейк:

Шығыс: 250 х 120 = 30000

700 х 140 = 98000

400 х 130  = 52000

500 х 100  = 50000

2150                           263000

1.11.05. ж. Қалдық 700 х 100  = 70 000 теңгеге тең

Ал 2-кесте бойынша: соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған  90 дана материалдардың сомасы 11700 теңге,  80 данасы сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны  материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ, басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептен шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЙМАҒА ТҮСУІН ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ

 

2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.

Тауарлы – материалдық қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын  -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі