Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 08:23, реферат
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.....................................................6
1.1 Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы...............................................................................................6
1.2 Арнайы бірегейлендіру...............................................................................8
1.3 Орташа өлшемді құн..................................................................................11
1.4 Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі,ФИФОәдісі .....................................................................................12
1.5 Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі, ЛИФО әдісі....................................................................................14
2. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЙМАҒА ТҮСУІН МЕН ШЫҒУЫН ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ................................................................................ 17
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу...........................................................................................17
2.2 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық
қордың шығуын құжаттық рәсімдеу..............................................................22
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі мен материалдардың
қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.........................................23
2.4 Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары....................28
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………..…………………........…..35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. .38
ҚОСЫМША.........................................................................................................39
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ......................
1.1 Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы...............
1.2 Арнайы бірегейлендіру................
1.3 Орташа өлшемді құн...........................
1.4 Қорларды алғашқы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі,ФИФОәдісі ..............................
1.5 Қорларды соңғы сатып алудың бағасы бойынша
бағалау әдісі, ЛИФО әдісі.........................
2. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚОЙМАҒА ТҮСУІН МЕН ШЫҒУЫН ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ......................
2.1 Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу......................
2.2 Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық
қордың шығуын құжаттық рәсімдеу......................
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар есебі мен материалдардың
қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.......................
2.4 Тауарлы - материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары....................28
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………..……………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША.......................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі- тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру .
Тауарлы- материалды қор кәсіпорын активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып табылады. Оларды бағалау және есептеу компанияның қаржы- шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалдық қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі.
Курстық жұмыста тауарлы – материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері қарастырылған. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Курстық жұмыстың мақсаты - тауарлы - материалдық қордың ұғымы және бағалау тәртібі мен әдістерін қарастыру. Материалдық қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу, есепке алу сұрақтарын зерттеу және тауарлы – материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті -тауарлы-материалдық қорлардың бағалау әдістері және кәсіпорын экономикасындағы тауарлы-материалдық қорлардың рөлі туралы мәліметтер жинау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі-тауарлы-материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері.Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша , яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадығы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық нөмері, өлшем бірлігі, сақталып тұраған материалдардың мөлшері, тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жызылып , материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түрі бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі.Материалдардың әрбір номенклатуралық нөмері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылды.Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі,номенклатуралық нөмері және есептеу бағасы көрсетіледі.Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған материалға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі.Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деркетер толтырады.Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді.
Компанияның немесе кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін- тауарлы- материалды қор құрайды:
1. Шикізаттар;
2. Материалдар;
3. Аяқталмаған өндірістер;
4. Дайын өнімдер;
5. Тауарлар;
Осы тауарлы-материалдық қорларды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі.Тауарлы- материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы- материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:
1) Тауарлы- материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
2) Олар ескірген кезде;
3) Тауарлы- материалды қордың бағасы төмендеген кезде.Бұл әдіс өте аз пайдаланылады.
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы- материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
1. ТАРАУ. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
1.1. Тауарлы -материалдық қорлардың ұғымы және классификациясы.
Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.
Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.
13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арналған өзге материалдар;
2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлар түріндегі активтер.
Соған сәйкес тауарлы – материалдық қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:
1. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауыл-шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.
1.2 Арнайы бірегейлендіру.
Тауарлы -материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты.
Материалдық құндылықтарды дұрыс есепке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болу керек.
Материалдар номенклатурасы – бұл атау мен тиісті деректемелері(сорты,мөлшері) көрсетілген материалдың әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп, дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді. Бұған қоса, номенклатурада материалдардың ағымдағы есепке ескерілген бағасы қойылады.
Номенклатуралық тізім – номенклатура бағалық деп , ал онда көрсетілген бағалар – есептік деп аталады.
Тағайындалған нөмерін, өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілген барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды.Талдамалы есепте материалдық құндалақтар нақта есептік бағалар (келісім, жоспарлы- есептік) бойынша, ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.
Материалдық ресурстардың нақта өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:
1. Осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары.
2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстемелер (үстеме ақылар) , коммиссиялық сыйақылар.
3. Тауар биржаларының қызмет құны.
4. Кедендік баж.
5. Басқа уйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.
Материалдарды есептік бағасы бойынша (келісім, жоспарлы –есептік, сатып алу) есепке алған кезде есептік баға бойынша қор құны мен сатып алыгған қорлардың нақты өзіндік құндардың арасындағы айырма есептеу жолымен айқындалады. Егер материалдық құндылықтардың сесебі келісім бағасы бойынша жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар бойынша материалдар құны мен көлік-әзірлеу шағындарынан құралатын болады.Көлік тасымалдау шағындарының құрамына кіретіндер:
1. Барлық алымдарды қоса алғанда , теміржол тарифі, су кіре-пұлы, автомобильмен және ұшақпен тасымалдау және басқа көлік түрлерімен тасымалдау тарифтері.
2. Жеткізушілердің қоймасынан теміржолмен және басқа көлік құралдарымен материалдарды жеткізу.
3. Қорларды сатып алу және әзірлеумен тікелей байланысты іссапар шығындары.
4. Қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда, қомадағы тиеу, түсіру және буып-түю жөніндегі шығындар.
5. Жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы.
6. Қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың асыл тастардың т.б.)нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелетін жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді.Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі