Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:34, курсовая работа
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.
ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны.....................4
1.2 Шығындардың түрлері және олардың ерекшеліктері...................................5
1.3 Шығындарды төмендету жолдары..................................................................9
ІІ. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ
2.1 Үстеме шығындар есебі.................................................................................15
2.2 Үстеме шығындарды орналастыру қажеттілігі............................................21
2.3 Үстеме шығындарды бөлудің әдісі...............................................................23
ІІІ. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ……....26
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................31
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ.......................
I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы
және олардың экономикалық
1.2 Шығындардың түрлері
және олардың ерекшеліктері....
1.3 Шығындарды төмендету жолдары..
2.1 Үстеме шығындар
есебі.........................
2.2 Үстеме шығындарды орналастыру
қажеттілігі...................
2.3 Үстеме шығындарды
бөлудің әдісі.................
ІІІ. ҮСТЕМЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ……....26
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыз Жолдауында ерекше атап өттi.
ҚР бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады.
Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді.
Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, олардың іске асуын уақтылы қаржымен қамтамасыз ету, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Үстеме шығындар құрылымының экономикалық теориясын зерттей отырып шаруашылық субъектідегі үстеме шығындар есебін талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-жалпы шығындар теориясы мен
олардың экономикалық
I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
1.1 Шығындар теориясы және олардың экономикалық мазмұны
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсалюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептегендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді.
Марксистік концепция
бойынша өндіріс шығындары
XIX ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржина-листер бойынша шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалығымен белгіленетін өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты шығындарды барынша төмендету теориялары пайда болды.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К. Кларк және Джон А. Гобсон қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылы, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек амаланың сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар тұрақты және өзгермелі сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар:
Біріншіден, әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екішіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
1.2 Шығындардың түрлері және олардың ерекшеліктері
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді.
Осы аталған өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері мен түрлері болады. Оны келесі 1-ші кестеден көре аламыз:
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу және т.б.
Айқын емес шығындар – дегеніміз өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі (1кесте)
Классификациялау белгілері |
Шығындардың бөлімшелері |
Экономикалық элементтер
Өзіндік құнның баптары
Технологиялық процесс Құрамы бойынша Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша Өндіріс процесіндегі ролі Шығын жасаудың мақсатқа сай келетіндігі Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Өндіріс көлеміне қатысты Пайда болуының кезектілігі Дайын өнімге қатынасы |
Шығындардың экономикалық элементтері Калкуляцияның өзіндік құнның баптары Негізгі және үстеме шығындар Бір элементтік, кешендік, жанама Тікелей және жанама Өндірістік , өндірістен тыс
Өнімділік және өнімділік емес Жоспарланған, жоспарланбаған Тұрақты және өзгермелі Ағымды және біржолғылық Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім шығындары |
Экономикалық құрылымда шығындарды негізінен тұрақты және айнымалы шығындар деп екіге бөледі.
Тұрақты шығындарға (FC) –өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға мыналар жатады: амортизациялық төлемдер, аренда төлемі, тұрақты салынатын салықтар, сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы, ренталық төлемдер, еңбекақы және т.б. Тұрақты шығындарды бастапқы және қалдық шығындар деп екіге бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Айнымалы шығындар (VC) дегеніміз шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға: шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және т.б. жатқызамыз. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығыдар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады [2,113б].
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін тұрғыза аламыз. Келесі 1-ші суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы кескіндемесі көрсетілген.
C
TC
FC
A
Q көлем
Сурет-1 - Өндірістік шығындар
Экономикада жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы және еңбектің жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің
артуымен айнымалы шығындардың VC А
нүктесіне дейін төменгі
Фирма бiртектi өнiм шығарады деп есептейiк. Аталған технология үшiн өндiрiс мүмкiндiктерi өндiрiстiк функция көмегiмен берiледi. Өндiрiстiк функцияны кесте түрiнде беруге болады ( Кесте-2)
Кестеден көретiнiмiз еңбек шығыны 10 ( L=10), капитал шығыны (K=15) болған жағдайда өнiм шығару көлемi Q=22 бiрлiк болып табылады.
Кесте 2
Капитал шығыны, K |
Еңбек шығыны, L | ||||
10 |
20 |
30 |
40 |
50 | |
5 |
8 |
16 |
22 |
26 |
30 |
10 |
16 |
24 |
30 |
34 |
36 |
15 |
22 |
30 |
36 |
40 |
42 |
20 |
26 |
34 |
40 |
44 |
46 |
25 |
30 |
36 |
42 |
46 |
48 |
Фирма белгiлi ресурстарды қолданып өнiм өндiрген кезде белгiлi шығындармен iске асырады. Яғни фирманың өндiрiсi мен шығындары арасында тiкелей байланыс орын алады. Мысалы: нан заводын алатын болсақ, яғни нан өнiмдерiнiң өзгерiсi тек қана жұмыс күшiнiң өзгерiсiне байланысты. Мұнда 1 жұмысшы 50 бөлке пiсiрсе, ал 2 жұмысшы қосылып 90 бөлке пiсiре алады. Егер 5 жұмысшы қызмет етсе деп алсақ олардың өндiрiс көлемi келесi кесте және графиктен көруге болады.