Шығындарды талдамалық топтарда талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері.........................................................9
ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау...................24
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30
VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32

Работа содержит 1 файл

мой курсовой.doc

— 213.50 Кб (Скачать)
Шығындар  баптары Шығындардың үлес салмағы %
Материалдық шығындар 60-80
Еңбек шығындары 10-20
Амортизациялық  аударымдар 5-10
Тағы  басқа шығындар 5-10
 

   Шығындарды  қалыптасу орындары бойынша бақылау және нақты бір өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау мақсатымен оларды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу қолданылады. Аталуына байланысты жоспарлы, мөлшерлік  және есептік калькуляция түрлері ажыратылады.

   Жоспарлы  калькуляция фирманың экономикалық бөлімінен белгілі бір мерзімге (жыл, тоқсан, ай) жасалынып, жұмыс уақыты, материалдар, электроэнергия және тағы басқа шығындар мөлшері негізінде құрастырылады. Жоспарлы калькуляция мынадай мақсатпен пайдаланылады:

  • өнімнің нақты түрлеріне шығару бағаларын  белгілеу, фирманың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қажеттіліктерін анықтау үшін;
  • жоспарлы калькулцияның мәліметтерін салыстыру жолымен.

     Мөлшерлік калькуляция фирманың қызмет ету жағдайында нақтылы қол жеткен анағұрлым үдемелі нормалары мен нормативтеріне қарай   отырып есептеледі. Өндірісті басқару тәжірибесінде мөлшерлік калькуляция өзгеше эталон ретінде қолданылады, онымен мәліметтерді салыстыру арқылы өнімнің әр түрінің өзіндік құнын төмендету, шығындарды азайту жолдары мен пайданы көбейту көздерін табуға болады. 

     Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын  кәсіпорында (су, электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін  кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның клемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты – натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

     Сонымен, көмірде өндіру өнеркәсібі бірнеше  кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтыға дейін тасымалдау және сыртқы (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан  бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне,  ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда – шығарылған өнімге жатқызады, ал біртекті өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісін дұрыстығын және прогресшілдігін (іргешілдігін) дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

     Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған  шығындардың белгіленген баптары  бойынша есепке алынады.  Өнімнің  бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс , шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

     Екінші  нұсқаны аяқталмаған өндірісі  бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудың қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

     Үшінші  нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше  түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен жылу энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық  аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмульсация, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелейи белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар – газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.

     Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің  өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.

       Кәсіпорынның әрбір өнім бірлігін  өндіруге және сатуға жұмсалған  шығындарын және өзіндік құнның  қалыптасуын кестеден көреміз. 

     Кесте 2.

     Өнім  бірлігіне келетін шығындар 

     Көрсеткіштер      Өнімдер түрлері
 
      
     1      2      3
     Айнымалы шығындар      21,0      30,0      15,3
     Тұрақты шығындар      7,9      11,3      5,7
     Толық өзіндік құн       28,9      41,3      21,0
     Баға       35,0      40,0      25,0
     Пайда      +6,1      -1,3      +4,0
 

     Кестеден  екінші өнім түрінен алынатын пайда  сомасының теріс мәнді екенін көреміз. Бұл өнім түрін өндіруді тоқтату немесе мүлде жабу жөнінде шешім қабылдау үшін кәсіпорында өндірілетін барлық өнімдерді сатудан алынған түсім сомасын жинақтау қажет. Және де алынған түсімнің жиынтық сомасы айнымалы шығындар сомасынан артық болуы қажет.

     Қарастырылған мысал бойынша жиынтық түсім сомасы 120,500 теңге (35,000+48,000+37,500), ал шығындар жиыны 110,000 теңге (80,000+30,000), яғни кәсіпорын пайдасы 10,500 теңге (120,500-110,000). Егер кәсіпорын екінші өнім өндірісін тоқтататын болса, онда алынатын жиынтық түсім сомасы азаяды да 72,500 теңгені (120,500-48,000) құрайды, Сонымен қатар, кәсіпорын шығындары осы өнім өндірісіне қатысты айнымалы шығындар сомасы 36,000 теңгеге (1,200*30) азаяды. Тұрақты шығындар мөлшері өзгермейді. Екінші өнім өндірісін тоқтатқаннан кейін кәсіпорынның шығындары 74,000 теңге (110,000-36,000) болады. Бұл жағдайда кәсіпорын 1,500 теңге (72,500-74,000) зиян шегеді, ал жалпы зиян сомасы 12,000 теңге болады (10,500+1,500). Яғни, нәтижесінде мынадай қорытынды жасаймыз: Б өнімін кәсіпорын ассортиментінде қалдырған жөн, себебі екінші өнімнің бір данасын шығарудан бас тартқан жағдайда кәсіпорын 10 теңге маржиналды табыс сомасын жоғалтады. Ал 1,200 данасын шығармаса, онда 12,000 теңге (1,200*10) зиян шегеді.

     Жоғарыда  қаралған жағдайларға қатысты басқару  есебінің қысқартылған шығындар әдісін қолданудың тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Бұл әдіс төмендегідей шығындарды басқарудың маңызды міндеттерін шешуге көмектеседі:

     - өнім немесе тапсырыс бағасының  ең төменгі шегін анықтау;

     - әртүрлі өнімдердің пайдалылығын  салыстырмалы талдау;

     - өнімдерді өндіру мен сатудың тиімді жолын анықтау;

     - өнімдерді өзі өндіру мен сырттан  сатып алу арасында таңдау  жасау;

     - өндірістің экономикалық тұрғыда  тиімді технологиясын таңдау;

     - тепе-теңдік нүктесін анықтау. 

     Сонымен қатар бұл әдістің бірқатар кемшіліктері де бар:

     - өнімнің толық өзіндік құны  анықталмайды;

     - дайын өнімдер мен аяқталмаған  өндіріс құны төмендетілген болады;

     - тұрақты және айнымалы шығындарды  бөлудің қиындығы.

       Өнеркәсіптік   кәсіпорындарда   басқару   есебі   әдісін   таңдап   алу   олардың спецификалық ерекшеліктеріне байланысты, яғни, олардағы өндіріс процестеріне, олардың   ұйымдық   құрылымына,   қалыптасқан   корпоративті   мәдениетке   және басқаларына тікелей байланысты.

 

     

Қорытынды 
 

       Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

     Шығындар  – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін  және коммерциялық қызметін іске асыру  үшін өндіріс факторларының ақшалай  түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың  маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.

     Шығындар  элементтері бойынша есептелген өзіндік құн өнімнің қандай нақты  түріне пайдаланылғанына байланыссыз  өндірістік бағдарламаны орындау үшін тұтынылған ресустардың жалпы көлемінің  құндық өлшемін бейнелеуге мүмкіндік береді.Экономикалық элементтер бойынша жіктеу, сонымен қатар, шығындардың қалыптасуы кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға және өзіндік құнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттіліктерін есептеуге және инвестициялар мен несиелерді экономикалық орналастыру үшін, яғни бизнес жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.

     Өнім  өндірудің шығынын есепке алу  тәжірибесінде оларды шығынның түрі, пайда болу орны бойынша топтайды. Пайда болу орны бойынша шығындар, цех, аймақ, басқа бөлімдерге анықталады. Әрбір өнім немесе орындалатын жұмыс түріне шығындар есептеледі. Шығынның түрі бойынша оларды калькуляциялау ставкаларына топтайды.

     Бәсекеге  қабілетті болып қалу үшін кез-келген бизнес, соның ішінде өзінің барлық шығындарын үнемі қадағалап отыруы тиіс, оның үстіне өндіретін өнімнің немесе көрсететін қызметінің толық құнын (өзіндік шығынын) анықтайды.

     Өзіндік шығынның көрсеткіштерінде кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің барлық нәтижесі көрініс табады. Өзіндік шығын деңгейі мен оның өзгері қарқыны кәсіпорынның барлық ресурстарының қолданылуы дәрежесін сипаттайды.

     Шығындарды  бағалау, одан соң оларды төмендету  жолдарын іздеу – кез келген кәсіпкерлер  бұған асықпайды: оған қоса бағаның  барлық инфляциялық жарысына тсүкен соң, өзіндік шығынды талдау мен жоспарлауды елемейді. Бұл оларды баға төмен сұранысының кедергісіне жолыққанда дәрменсіз етеді. Мұндай жағдайда олар шетел фирмаларымен бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан бағаны өсіру есебінен өзіміздің экономикалық мәселелерді шешу қанша жеңіл әрі тартымды болып көрінгенімен, өз тауарларының өндірісіне кеткен шығындарды төмендетуге күш салу керек.

        Шығындар өнім өндірісіне жұмсалатын  барлық ресурстар түрлерінің  құнымен анықталады. Шығындар көлеміне, біріншіден өнім шығару көлемі тәуелді, өнімге шығын төмендеген жағдайда қолданылатын ресурстар сол қалыптасқан бағасы мен қаржы құралдарындағы шектеулілікті ескере отырып, өнім көлемін арттыруға болады. Мұндай жағдайда фирма нарықтағы тауардың ұсынысын көбейтеді. Екіншіден, өндіріс шығындары төмендесе, өнімге қалыптасқан бағамен фирма бағасы өседі. Сондықтан, өнім бірлігіне келетін шығындарды олардың бағасымен фирма әрқашан салыстырады.  

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Шеденов  Ө.Қ.,Сағындыкова Е.Н., Байжомартов Ү.С.,  Жүнісов  Б.А.,Комягин  Б.И. Жалпы  экономикалық теория  Ақтөбе,-Полиграфия,2004ж

2. Қожамқұлов  Т.Саяси  экономия негіздері   Оқулық,-Алматы “Қайнар”1999.

3. Қаржы  экономикасы, 2001 ж.

4. Төлегенов  Е. Т.  Бухалтерлік  ақпарат  жүйелері:Оқу  құралы-Алматы:Экоономика,2001ж

Информация о работе Шығындарды талдамалық топтарда талдау