Шығындарды талдамалық топтарда талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері.........................................................9
ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау...................24
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30
VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32

Работа содержит 1 файл

мой курсовой.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     б) экономикалық дамудың белгіленген  бағыттардың орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі  жетілдіріп отыру.

     Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі  жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қазметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

     Елдегі  жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік – экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажеттігімен туындайды.

     Қаржы саясатының мақсаты – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін  қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын  толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлсін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстаны бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

     Таяудағы  мақсат ретінде – мемлекеттік  бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

     Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы  және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып  жатқан қатары қойылуы тиіс.

     Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағиадаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

     Қолда бар нақты қаржы ресурстарын  негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

     Қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

     Қаржы жүйесінің барлық сфералары мен  буындарында кірістер мен шығыстардың  теңгерімділігі;

     Қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде  кірістердің шығыстардан және салалық  қаржыларда қаржы резервтерінің  асып түсуі);

     мемлекет  пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы  бөлу.

     Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар  жатады:

     объективті  экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

     нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

     өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін  және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.   

      Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға  болады:

     қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды  және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;

     қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы  кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;

     бюджеттегі  кірістердің шығыстардан асып түсетін  қаржы резервтердің жасау;

     салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;

     негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;

     қаржы және кредит-ақша саясатына тепе-теңдігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау

2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері 

     Кәсіпорынның  шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

      Шығындар  – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін  және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сақтауға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
  • өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
  • өндірістің әлеуметтік – мәдени тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

    Өндірістік  шығындардың жіктелуі

Сыныптау  белгілері Шығындардың бөлшектенуі
1. Экономикалық  элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
2. Өзіндік  құнның статьялары  Өзіндік құнның калькуляция статьялары
3. Технологиялық  процестерге қатыстылығы Негізгі, қосымша
4. Құрамы Бірэлементтік кешенділік
5. Өнімнің  өзіндік құнына қатысудың тәсілі Тікелей, жанама
6. Өндірістік  процестегі рөлі Өндірістік, өндірістен тыс
7. Мақсатқа  сәйкес жұмсау Өндірістік, өндірістік емес
8. Жоспарға  қатысу мүмкіншілігі Жоспарлы, жоспарсыз
9. Өнімнің  көлеміне қатысы Тұрақты, ауыспалы
10. Шығу  мерзімділігі Күнделікті, бір  жолғы
11.Дайын  өнімге қатысы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің  шығындары

     Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және тағы басқа.

     Ауыспалы  шығындар – бұл осы кезеңдегі  уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне  және сатылуына тәуелді болмайтын  шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі  және тағы басқа. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

     Мысалы:

     Салыстырмалы бағада өндірілген өнім көлемі

     Өн.өк/ң  қазіргі уақыттағы және салыстырмалы бағаға кестеде көрсетілген бастапқы негізде кәсіпорындарда шығарылған өнім қазіргі және салыстырмалы бағаларының  көлемін есептеу керек.

  Негізгі мәліметтер Есептің көрсеткіштері
І-гі өнім саны (1 кі тг)ағымдағы өнім саны (шб)т Ағымдағы өнім саны (Ш.б) тг сайы-н і-гі өнім саны (б/сі тг) Ағымдағы өндірілген өнім көлемінің бағасы. тг Салыстырмалы  бағадағы өндірілген өнім көлемі (ө.с) тг
1 2 3 4 5  2х3 6  2х4
1

2

3

6

3

2

1000

3000

1000

120

150

110

6000

9000

2000

720

450

220

                     Жиынтығы                                          17000                1390
 

Зиянсыз нүктені есептеу.

Смета бойынша  белгілі өнім түрін өндірудегі өзгермелі  шығыны 300,0 тұрақты шығын 200,0 тг құрды, егер өнімнің баға бірлігі 125,0 тг болса зиянсыз нүктені есептеу керек.

ӨС =(ӨШ + ШТШ) : ББ

ӨС =(300,0 + 200,0) : 125 =400 ДАНА

Мұндағы:

ӨШ - өзгермелі  шығын

ШТШ – тұрақты  шығын

ББ - өнім бірлігінің бағасы

өнім бағасының 125 тг

                    2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары 

     Өнім  өндірудің шығынын есепке алу  тәжірибесінде оларды шығынның түрі, пайда болу орны бойынша топтайды. Пайда болу орны бойынша шығындар, цех, аймақ, басқа бөлімдерге анықталады. Әрбір өнім немесе орындалатын жұмыс түріне шығындар есептеледі. Шығынның түрі бойынша оларды калькуляциялау ставкаларына топтайды.

     Бәсекеге  қабілетті болып қалу үшін кез-келген бизнес, соның ішінде өзінің барлық шығындарын үнемі қадағалап отыруы тиіс, оның үстіне өндіретін өнімнің немесе көрсететін қызметінің толық құнын (өзіндік шығынын) анықтайды.

     Өзіндік шығынның көрсеткіштерінде кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің барлық нәтижесі көрініс табады. Өзіндік  шығын деңгейі мен оның өзгері қарқыны кәсіпорынның барлық ресурстарының қолданылуы дәрежесін сипаттайды.

     Шығындарды  бағалау, одан соң оларды төмендету  жолдарын іздеу – кез келген кәсіпкерлер  бұған асықпайды: оған қоса бағаның  барлық инфляциялық жарысына тсүкен соң, өзіндік шығынды талдау мен  жоспарлауды елемейді. Бұл оларды баға төмен сұранысының кедергісіне жолыққанда дәрменсіз етеді. Мұндай жағдайда олар шетел фирмаларымен бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан бағаны өсіру есебінен өзіміздің экономикалық мәселелерді шешу қанша жеңіл әрі тартымды болып көрінгенімен, өз тауарларының өндірісіне кеткен шығындарды төмендетуге күш салу керек.

     Шығындар  өнім өндірісіне жұмсалатын барлық ресурстар  түрлерінің құнымен анықталады. Шығындар көлеміне, біріншіден өнім шығару көлемі тәуелді, өнімге шығын төмендеген жағдайда қолданылатын ресурстар сол қалыптасқан бағасы мен қаржы құралдарындағы шектеулілікті ескере отырып, өнім көлемін арттыруға болады. Мұндай жағдайда фирма нарықтағы тауардың ұсынысын көбейтеді. Екіншіден, өндіріс шығындары төмендесе, өнімге қалыптасқан бағамен фирма бағасы өседі. Сондықтан, өнім бірлігіне келетін шығындарды олардың бағасымен фирма әрқашан салыстырады. Үшіншіден, өнім бірлігіне келетін шығындардағы өзгеріс тек қана ұсынымға емес, сондай-ақ өнім бағасына да әсер етеді.

Информация о работе Шығындарды талдамалық топтарда талдау