Шығындарды талдамалық топтарда талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық есеп беру бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 12-қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І. Қаржы, қаржының мақсаты
1.1. Қаржы туралы түсінік......................................................................................6
1.2 Қаржы саясатының мақсаты, міндеттері.........................................................9
ІІ. Шығындарды талдамалық топтарда талдау
2.1. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері...............................12
2.2. Өнім өндіру шығындары. Шығындарды төмендету жолдары...................14
2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын.................................................................21
2.4. Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық шығындарды талдау...................24
ІІІ. Қорытынды....................................................................................................30
VI. Пайдаланған әдебиеттер..............................................................................32

Работа содержит 1 файл

мой курсовой.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     Нақты және айқынсыз шығындар.

     Кез-келген тауар өндірісінде нақты анықталған бағасы бар экономикалық ресурстар  немес өндіріс факторлары (еңбекғ капитал және тағы басқа) жұмсалады. Өндірістің мүмкін технологияларының  біреуі қолданылады, яғни өнім өндірісінің  белгілі әдістерінің бірі пайдаланылады немесе күрделі бұйым өндірісіне бірнеше технологияның қатынасы қолданылады. Бір ғана өнімді өндірудің әр түрлі әдістерінде өндіріс факторлары әртүрлі жұмсалады. Жоғары механикаланған және автоматтанған өндірісте капитал шығыны көп, еңбек шығындарысалыстырмалы аз болады; еңбек сыйымды өндірісте жалпы шығынның біраз бөлігін еңбек шығындары құрайды.

     Өндірушілер өндірістің ең тиімді әдістерін пайдалануға  ұмтылады, өйткені ол жаңашыл технологияны қолдану өнім бірлігіне аз ресурс жұмсап, көлемін көбейтуге сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өндіруші қандай технологияны, қандай өндіріс факторын қанша мөлшерде, пропорцияда қолданатыны экономикалық ресурстар бағасына байланысты. Меншікті және сыртқы шығындар. Осыған дейін шығындар фирма, кәсіпорын немесе жеке өндірушілер тұрғысынан қарастырылады. Оларды меншікті шығындар деп атайды. Өндірістік қызмет қоршаған ортаның ластануын тудыруы мүмкін және ластанудың әлеуметтік-экономикалық салдарын жоюға шығындар қажет болады. Мұндай шығындар мемлекет, жергілікті билік органдары, ластану аймағында тұратын тұрғындардың қаржылары есебінен алынады. Бұл шығындар қоғамдық шығындар және қосымша тиімділік деп аталады.

    Өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде  ондағы шығындарды тарату коэффициенттік жолмен (әдісімен) жүзеге асады.

    Енді  біз коэффициенттік әдіске бір мысал  келтіріп көрейік: 

Қатар

Көрсеткіштер "А" өнімі "Б" өнімі Барлығы
1 2 3 4 5
1 Шығарылған  өнімнің натуралдық көрсеткіші (т) 5200 6400 11600
2 Аудару коэффициенті 1,2 1,3 х
3 Шығарылған  өнімнің шартты бірлігі (1х2) 6240 8320 14560
4 Өндіріске кеткен шығындар, барлығы (теңге) х х 9628825
5 Бір коэффициент  – бірлігінің өзіндік құны (96228825х100/14560) (теңге) х х 66132,04
6 Өнімге жатқызылған, шығындар (теңге):

"А" - 6240 х 66132,04/100

"Б"-  8320 х 66132,04/100

4126639,3

х

х

5502185,7

4126639,3

5502185,7

  Жиыны 4126639,3 5502185,7 9628825
  Өнім бірлігінің өзіндік құны (теңге)

"А"  – 4126639,3/5200

"Б"  – 5502185,7/6400

793,6

х

Х

859,7

793,6

859,7

 

     аралас (қиыстыру) әдісі.

     Бұл әдісті кешендік өндірісте  бірнеше негізгі және ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайдаланылады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалп сомасынан ілеспе өнімнің құны шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген коэффициенттер бойынша таратылады.

     Олар  келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалпы  кешендік шығыннан ілеспе өнімнің өзінді құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы  негізгі өнімдердің арасына белгіленген  коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері анықталынады. Мысалы, ақ титан құмдарын өңдеген кезде одан ілеспе өнімдерін шығарып тастайды (ставролит, кесек құмдарын және тағы басқа), ал шығыстың қалған бөлігін ақ металдар, рутолдық және илмениттік қоспалардың (концентраттарының) арасына белгіленген коэффициенттер бойынша және негізгі металдың қоспасын ескере отырып таратады.

     Өндірістің  технологиялық және ұйымдастыру  ерекшеліктеріне байлананысты өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығы атайды.

     Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік  құнын калькуляциялаудың және шығындарды есепке алудың тапсырыстық әдісі.

     Шығындарды  есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы – цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

     Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері бар, атап айтсақ:

  • барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларын жатқызу;
  • уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
  • тек бір ғана шотты жүргізу, «аяқталмаған өндіріс» (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау тек осы «аяқталмаған өндіріс» шотына көрсетіледі). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады.

    Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.

    Тек дайындау цехында (құю, ұсталық –пресс және тағы басқа) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған  цехтар бойынша жеке калькуляциялау жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте таппайды.

    Цехтар  шығындары әрбір (жекелеген) табыстың кескінінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі  материалдар, шикізаттар, технологиялық отындар, мен энергиялар – белгіленген топ кесікінінде аналитикалық есепте көрініс табады.

    Ал  үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік  құнына жатқызылады.

    Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің  тиесілі тапсырыстарына есептен  шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады. 

      "Альфа"ААҚ

    кәсіпорын атауы                                                                                                                                                                                                          Өндіріс есебінің карточкасы

    2010 жылға жасалған 8010  "Негізгі өндіріс"  шоты

    №6160 тапсырыс. СГШ -1-60 Газбен кесетін әмбебап станогы

    тапсырыс  атауы

    10 дана шығарылады                                                                                                                                                                                                                                        (теңге)

Қатар № Калькуляциялау  баптарының атауы Дебет Кредит
Даярлау (әзірлеу) бойынша шығындары Есептен шығарылады
Мамыр Маусым Шығын жиыны Мамыр Маусым
№1 цех №2 цех №3 цех №1 цех №2 цех №3 цех Қайтарылғандар мен қалдықтар ақау Қайтарылғандар  мен қалдықтар ақау Шығарылған  өнімнің өзіндік құны
1 Шикізаттар  мен материалдар 24000 24000 24000 24000 24000 24000 107000 - - - - 107000
2 Қайтарылған

Қалдықтар (-)

- - - - - - - 12000 - 1100 - 2300
3 Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар 1000 900 600 800 800 600 4700 - - - - 4700
4 Өндіріс жұмысшы

ларының жалақысы

12720 8480 10600 13460 13780 8800 67840 - - - - 67840
5 Еңбек ақыдан жасалған аударымдар 2404 1603 2003 2544 2604 1663 12821 - - - - 12821
6 Өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығыстар 1850 - - 1850 - - 3700 - - - - 3700
7 Үстеме шығыстар 12230 11290 10370 13290 12740 9170 69090 - - - - 69090
8 Ақаудан болған жоғалтулар 1300 - - 1100 - - 2400 - - - - 2400
  Жиыны 55504 37273 35573 65044 47924 26233 267551 - - - - 265251
 

 

     

     Тапсырыс  орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені  туралы хабарлама жасайды, содан  соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға наклодной өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).

     Сондай  – ақ, кез-келген тапсырыстың өзіндік  құны бұрмаланбауы үшін (әсіресе бітпеген тапсырыстарға қатысты) артық немесе пайдаланбаған материалдық құндылықтар қоймаға тапсырылады, ол кезде 20 – «Материалдар» шоттары дебеттеліп, 8011 немесе 8030 шоттары кредиттеледі.

     Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынадай: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляциялауды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзақ циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, конструкциялық элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.

     Кіші  сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір  бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған  барлық тораптар мен детальдар (бөлшектер) есепте бөліп көрсетіледі.

     Тораптар  мен детальдардың (бөлшектердің) бірінші  түрі бойынша олардың шығындарының есебі тапсырыстық әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалатын бұйымдар – екінші, яғни нормативтік  әдіспен ұйымдастырылады. 

                             
 
 
 
 
 
 
 
 

                                2.3. Өнім өндіруге жұмсалған шығын 

     Қоғамдағы өндіріс шығындары деп - әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын – қоғамдық және өндіріс  шығыны болып бөлінеді.

     Қоғамдық  шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық жұмсалған шығынды айтады. Оған: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды және қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық,қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс тағы басқа қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.

Информация о работе Шығындарды талдамалық топтарда талдау