Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:27, реферат

Описание работы

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шетел валютасында.doc

— 243.50 Кб (Скачать)

Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға корреспондент-банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталуы мүмкін. Қайтарып алынбайтын расталмаған аккредитив кезінде корреспондент-банк бенефициарға аккредитивтің ашылуы туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда ол төлемнің ешқандай меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде бенефициар ұсынған құжаттар бойынша оны жүргізуге міндетті емес. Себебі, бенефициар шетелдегі эмитент-банкке сенеді қайтарып алынбайтын расталмаған аккредитив тек саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі маңызды емес болған жағдайда ғана жалпылама болып табылады. Егер корреспондент-банк аккредитив ашқан банктермен жақсы қатынаста болса, сондай-ақ тұрақты саяси және экономикалық жағдайға сүйенетін бола, онда ол құжат бойынша төлемдері клиент мүддесіне сәйкес операцияларды тез жүргізу мақсатында жүзеге асырады.

Егер корреспондент-банк бенефициарға аккредитивті бекітсе, онда ол аккредитивке сәйкес және берілген уақытта құжаттар бойынша төлем жүргізуге міндетті болып табылады. Бұл жғадайда жоғарылайды. Себебі көп жағдайларда бұндай аккредитивке экспортшы еліндегі банктер ұшырайды, бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі ерекше болып табылады.

Экпсортшыға «Үй банкімен», яғни экспортшы еліндегі банктерме,н расталған, аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу мерзімін (кезеңін) анықтау мүмкін болса, онда маңызды валюталық тәуекел валюталық мерзімді өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең басынан төлем мерзімі анықталмаған болса да, валюталық операцияға қатысты банктер көп жағдайларда тиімді шешімдерді ұсынуы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандай аккредитивтің нысандары бенефициар үшін қамтамасыз ету деңгейінен ерешеленеді. Аккредитив түрлері мен коснтрукциялғы оларды пайдалануға байланысты болады.

Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:

                           ұсыну бойынша төлемдер;

                           төлемді ұзарту бойынша;

                           бенефициардың траттатын акцептілеуін қарастыру;

                           бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;

                           «қызыл ескертпе»;

                           жаңартпалы;

                           «стенд бай» (резервтік аккредитив);

                           аудармалы.

 

 

Төлемді ұсыну бойынша аккредитив

Аккредитивтің кең қолданылатын түрі болып табылады. Бенефициармен есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған кезде қажетті құжаттарды ұсыну арқылы жүзеге асады. Банктер құжаттарды алғаннан кейін жеті банктік күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уаққытқа құжаттарды тексеруге құқығы бар. Экспортшының шотына қаражаттарды есептеу кезінде қолданылатын валюталау күні аккредитив валютасына байланысты болады.

 

 

Төлемді ұзарту бойынша аккредитив

Бенефициар төлемді құжатты берген емес, аккредитивте көрсетілген біршама кеш мерзімде алады. Аккредитивтерге сәйкес құжаттарды ұсынғаннан кейін, бенефициар өкілетті банктен төлем мерзімі келген күні төлемді жүзеге асырады, келісімін алады. Сондықтан импортшы құжаттарды иемденуге, оларды сатылу және сату бағасы бойынша дебеттегенге дейін ие болады. экономикалық жоспарла төлемді ұзарту боынша аккредитив тратта акцептін қарастыратын аккредитивке сәйкес келеді, тек төлемді ұзарту. Бұл тек эмитент-банк немесе банк бекітушісі үшін ғана мүмкін. Вексельді есептеу кезінде көптеген мүмкіндіктер болады.

 

 

Тратта акцептімен аккредитив

Бенефициар сатып алушға ұсынған тратта аккредитив бойынша шарттарды орындағаннан кейін аккедитивті ашқан эмитент-банк немесе акцептен қамтамасыз етілегн корреспондент-банкпен оған қайтаруын талап ете алады. Төлем орнына тратта акцепті жасалады. акцептелген траттаны ол өз банкіне беруі немесе мерзімі келген күні төлеу үшін қолдануы мүмкін. Акцепті қарастыратын аккредитив бойынша тратта 60 күннен 180 күнге дейін қызмет етеді. Тратта акцептен қарастыратын аккредитив импортшыға төөлем мерзімін кепілдеу үшін қызмет етеді: төлем мерзімі басталғанға дейін, ол тауарды одан әрі сата алады және түсім есебінен акцепті төлеуі мүмкін. Осыдан келіп, импортшы мәмілеген сәйкес несие алмайды.

 

 

Тратта сатып алу аккредитиві

Негоциация түсінігінле бенефициардың траттаны ұсынуына қарсы, негоциацияға өкілетті банктердің қаражаттарды төлеуі жатыр. Қаражат төленбеген құжаттарды тексеру негоциация болып табылмайды. Бенефициар дұрыс құжаттарды ұсыну кезінде, эмитент банк вексельді немесе құжаттарды ұсыну  кезінде, эмитент-банк вексельді немесе құжатты төлеуге кепілдендіреді. Коммерциялық аккредитивтің көп қолданатын нұсқасы – байланысты аккредитив. Кейбір жағдайларды таңдау ғана белгілі банктермен шектелген. Коммерциялық аккредитив бойынша комиссияны төлеу бенефициар есебінен жүзеге асады.

 

 

Аванс аккредитив

«Қызыл ескертпе» аккредитивін қолданған кезде сатушы корреспондент-банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы, негізінде аккредитив бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті қаржыландыру үшін арналған. Аванс түбіртек (квитанция) бойынша төленеді және бенефициардың жазбаша міндеттемесін жөнелтім құжаттарына мерзімінде ұсыну керек. Аванс төлеу аккредитивті ашқан банктің жауапкершілігі негізніде корреспндент банк есебінен жүзеге асады. Егер сатушы уақытында қажетті құжаттарды ұсынбаса немесе авансты өтемесе онда корреспондент-банк аванс сомасына пайызды дебеттейді.

 

 

Жаңартпалы аккредитив

Егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі бір бөліктерін белігіл уақыт аралықтарында жеткізуге бұйрық берсе (жеткізілім топтамасы туралы келісім шарт), онда төлем ішінара жеткізілім құнымен сәйкес өтелетін жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін. Жаңартпалы аккредитив кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: (100000 USD аккредитив сомасы 1200000 USD жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бр рет жаңарып отырады». Алғаш 100000 американдық долларды пайдаланғаннан кейін, бірден келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион амреикандық доллар сомасына дейін қайталанады. Көбінесе «жаңарпалы ескетпеде» бөлек транштардың пайдалану мерзімі тіркеледі. Жаңартпалы аккреюитивтер жиынтық және жиынтық емес болуы мүмкін. Жиынтық, яғни пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған үлес сомасы қатысты үлес қосылуы мүмкін. Жиынтық емес жағдайда, керісінше, уақытында талап етілмеген ішінара сомалардың пайдалану мерзімі өтеді.

 

 

Резервті аккредитив

«Стен бай» аккредитивтері ең алдымен ҚҰрама штаттарында қолданылады және АҚШ федералды штаттарының заңдық үкііне сәйкес банктер бере алмайтын бізде қабылданған кепілдерді аустырады. Алайды Еуропада да аккредитивтің осы түрі қолданылады «стенд бай» аккребитивтері кепіл құралы болып табылады.

Резервті аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы кепілдендіріледі:

         ұсыну бойынша төлемге жататын векселдер бойынша төлем;

         банктік несиелерді өтеу;

         тауар жеткізімдерін төлеу;

         келісім шарт бойынша тауарды жеткізу;

         жұмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау;

Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушінің өз міндеттемесін орындамағаны туралы өтінішпен бірге аккредитивпен бірге сәйкес барлық құжаттарды (жөнелтім құжаттардың көшірмесі) ұсына отырып оның орындауын талап етеді. Банктер несиелерге байланысты бағалаы қағаздар бойынша өздерінің жеке міндеттемелерін орындау кепілі ретінде өз есебінен резервті аккредитивтер ашады. Одан әрі банктер аккредитивтің осы түрі арқылы жеткізілген тауарлар үш жабдықтаушыларды кепілдейді.

 

 

 

Аудармалы аккредитив

Халықаралық сауда қажеттілігіне негізделеді. Ол сауда делдалына клиенттің аккредитивтік қаражаттың қандай да бір жабдықтаушыға беруі үмкін және сол арқылы меншікті қаражаттарды шекті пайдалану мәмілесін рәсімдеуге мүмкіндк береді. Сонымен бірге сауда делдалына оның сатып алушысы қайтарып алынбайтын аккредитивті шығарады. Соңғысы транферабель ретінде нақты көрсетілуі керек. сауда делдалы банктен өз пайдасына аккредитив аш туралы хабарлама алған кезде, ол соңғысына аккредитивті екінші бенефициар деп аталатын өз жабдықтаушысына аударуды тапсырады. Бірақ, банк аккредитивті өз келісімі берген шектес және тәртіпте ғана аударуға міндетті. Аудару бойынша шығындар сауда делдалы есебінен ғана жүреді, сондықтан да аударушы банк оған алдын ала дебеттеуге құқылы. Жабдықтаушы тауарды тиеп және құжатты ұсынғаннан кейін, ол авизолаушы немесе растайтын банктен шартты төлемді алады. Құжаттар аударушы банкке түседі де, сауда делдалына дебеттеледі. Соңғысы аударушы банкке сатып алушыға шығарған өзінің фактура-шотын береді және оның орнына өзінің жабдықтаушы шотын алады. Жабдықтаушы шотындағы сомадан сауда маржасынан жоғары болатын делдал шотындағы сома сауда делдалының кредитіне жазылады, Аудармалы аккредитивке мынанадй қасиеттер тән: аудармалы аккредитив құжаттары арқылы негізгі аккредитив бойынша айырысу жүргізілуі мүмкін, бірақ төмендегідей сәйкессіздіктер болы мүмкін:

         аккредитив сомасы және тауар бірлігінің бағасы төмендетілуі мүмкін;

         қызмет ету мерзімі қысқартылуы мүмкін;

         құжатты ұсыну үшін соңғы мерзім қысқаруы мүмкін;

         егер негізгі аккредитивке тауарды жіберу күні белгіленбесе, онда жіберу мерзімі қысқаруы мүмкін;

                 сақтандыру өтеуінің пайыздық мөлшерлемесе негізгі аккредитив ұйғарымының орнын толтыру мөлшерлемесін жоғарылату үшін жоғары болуы мүмкін;э

                 сауда делдалы одан қалған қосымша құжаттарджы талап етуі мүмкін.

Сонымен бірге сауда делдалына сауда маожасына көбейтілген жабдықтаушының берген фактура-шотын өзінің жеке шотына ауыстыруға құқылы. Осыдан кейін, ақырғы сатып алушы сауда делдалының пайдалы маржасы туралы ешқандай мәлімет алмайды. Шынында фактураны айырбастау кезінде банк сауда белдалының ынтымақтастығы мүмкіндігіне сенім артуы керек: егер ол келгісі келсе оны пайдалануға мәжбүр. Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін банк көп жағдайларда сауда делдалдарынан аккредитивті аудару тапсырысымен бірге фактура-шотын ұсынудыталап етуі мүмкін.

Негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзімі аудармалы аккредитивтің қызмет ету мерзіміне сәйкес келеді. Бұл жабдықтаушының аудару туралы хабар еткен банкке негізі аккредитивтің қызмет ету мерзіміне дейін құжаттарды беруін білдіреді. НЕгізгі және аудармалы аккредитив бір ұжат арқылы төленеді. Егер, сауда делдалы сатып алушы мен жабдықтаушы бірін-бірі білмесін десе, ол жабдықтаушыдан оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік бермейтін бейтарап құжаттарды талап етеді. Сонымен бірге ол негізгі аккредитивке ақырғы сатып алушының атауы болмауын қадағалауы керек.

Аудармалы аккредитивті тек бір рет қана аударады. Екінші бенефициар негізгі аккредитив шотында «екі рет аудармалы» деп көрсетілген болса да оны аудара алмайды.

Алайда екінші бенефициардың бірінші бенефициарға «кері аударуды» жүргізуі аккредитивті екінші рет аудару деп табылмайды. және сол уақытта бірінші бенефициар негізгі аккредитивті егер ішінара жеткізуге рұқсат етілген болса, бірнеше жабдықтаушыларға үлестіруі мүмкін. Осындай үлестірме аударымдар бір аударымдар ретінде танылады.

Аккредитивті аудару және тапсыру алдында бірінші бенефициар аударушы банкі аккредитивтегі өзгерістер туралы екінші бенефициарға хабардар етуі керек. Бұл шешімнің үлкен маңызы бар. Егер аккредитив бірнеше бенефициарға аударылған болса, онда оны әрқайсысы өзгерісті алып тастауға құқылы.

Кей кезде сауда делдал аккредитив бойынша өз талабын қандайда бір жабдықтаушыға аударғысы келеді, бірақ аккредитив жағдайы аударуды жібермейді. Бұл кезде оның иелігінде екі мүмкіндік болады:

                              «бэк ту бэк» аккредитиві (өтемақылы);

                              аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия).

 

 

 

«Бэк ту бэк» аккредитиві

Коммерсант-делдалдың банкі оның пайдасына ашылған аккредитивке сүйене отырып, жабдықтаушы пайдасына қарама-қарсы аккредитив ашады. Бірақ, ол бұған осы кезде пайда болатын қосымша тәуекелдерді сақтандыру мүмкін болған кезде ғана дайын болады. Осыдан банк жаңа аккредитив бойынша төлем орын ретінде болады. Кері жағдайда егер корреспондент-банк өздерінің арасында құжаттар жоғалса, аккредитив сомасы жоғалады. Ол алдымен қатар фактура-шотты кедергізісіз аудару кепілдендірілу.

 

 

Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия)

Бенефициар аккредитив бойынша түсімді толығымен немесе ішінара сбжабдықтаушының пайдасына қайта табыстауы мүмкін (цессия - өзінің құқын басқа тұлғаға беру). Осыған байланысты мыналар жазылған: «аккредитивке аудармалы екені көрсетілмесе, цессия құқығына тиісті емес: бенефициардың аккребитив бойынша тапсырмасын борышқор банктен өтініш алады, онда соңғысы оған иелігіне аккредитив бойынша түскен соманың белгілі бір бөлігін төлеуі туралы уәде береді». Бұл мүмкіндікті әдетте өндіріс кәсіпорындары қолданады.

ҚҰжаттарды тапсыру, аудармалы аккредитивке қарағанда бенефициардың ісі болып қалады. Осылайша цессия шартты қамтамасыз етуді ғана ұсынады: Төлеу тек аккредитив бойынша төлемді жүргізгеннен кейін ғана болады, ал бенефициардың аккредитив жағдайын сәйкес құжаттарды мерзімінде ұсыну бойынша цессионер ешқандай кепіл алмайды. Сондықтан борышқор арасындағы сенімділік қатынасты білдіреді. Егер импортыш сатып алу сату шартын қол қойғаннан кейін  келісілген жағдайға сәйкес экспортшының ұсынысын қабылдаған болса, онда оған сатып алушының пайдасына аккредитив ашуына иемденеді. Аккредитив ашуға тапсырманы импортшы банктен оның жабдықтаушысына төлем туралы міндеттемесін беруге талап етеді. Банк бұл талапты тек оны қайтадан аккредитивті қарастыратын болған жағдайда ғана орындайды. Себебі, ол тауарды тек жалғыз кепіл ретінде қарастыра алмайды, әсіресе ол үшін қызмет етуші нарық болмаса.

Аккредитив ашу үшін ол белгіленген нысандағы банктікт бланкіде үш данадағы өтініші толтырылуы керек. Өтініш басшының қолымен және мөрімен рәсімделуі керек. Клиенттен аккредитив ашуға өтніш операционды бөліммен соңғысының ағымдағы валюталық шотына белгіленген бағаға сәйкес тартылатын аккредитив ашуға комиссия есебінен қажетті ақша қаражаттарының сомасы болғанда ғана алынады. Әрбір экспорт импортты мәмілесіне мәміле куәлігі рәсімделеді. (6-қосымша)

Информация о работе Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі