Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:05, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Сегменттеудегі есеп».
Кіріспе
I бөлім. Ұйымдардағы сегменттік есептің спецификасы
1.1. Сегменттік есептің мәні мен қолданылуы
1.2. Сегменттік есептің активтері мен міндеттемелері
1.3. Ұйымдарда сегменттік есепті қалыптастырудың кезеңдері
II бөлім. Сегменттік есепті анықтау
2.1. Сегменттеудегі есептің бастапқы және қайталама пішімдері
2.2. Шаруашылық және географиялық есептеулер
2.3. Сегменттеудің есеп саясаты
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
- әр түрлi географиялық аудандардағы операциялардың арасындағы
қатынастар;
- операциялардың жақындығы;
- нақты аудандағы операциялармен байланысты арнайы тәуекелдер;
- валюталық бақылау ережелерi;
- негiзiнде жатқан валюталық тәуекелдер.
Сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн бөлiмше қызметiнiң бұрынғы нәтижелерiн бағалау және төменде көзделген жағдайларды қоспағанда, ресурстарды болашақта бөлуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн шешуші басқарушы персоналға ақпарат беретiн ұйымдық бөлiмшелер компанияның шаруашылық және географиялық сегменттері болуға тиiс.
Егер ішкi ұйымдық және басқару құрылымдары және шешуші басқарушы персоналға оның iшкi қаржы есептiлiгi жүйесi жекелеген тауарларға немесе қызмет көрсетулерге немесе байланыстырылған тауарлар/қызмет көрсетулер топтарына да, географияға да негiзделмейтiн болса, компанияның шешуші басқарушы персоналы сегменттік есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде олардың қайсысы компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының бастапқы көзiн көрсететiнiн, ал қайсысы есептiлiктiң қайталама пiшiмiн бiлдiретiнiн бағалау негiзiнде салалық немесе географиялық сегменттерді таңдауын талап етедi.
Компаниялардың көпшiлiгi өзiнiң шаруашылық және географиялық сегменттерін ұйымдастырушылық бөлiмше ретiнде анықтайтын болады, олар бойынша ақпарат шешуші басқарушы персоналға бөлімшенің бұрынғы қызмет нәтижелерiн бағалау үшiн және ресурстарды болашақта бөлуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн бередi. Және де тiптi, егер компания оның iшкi есептiлiгiнiң сегменттері тауарлық/сервистiк мамандандыруға немесе географиялық мамандандыруға сәйкес келмеуiне байланысты қолдануға мiндеттi болса да, ол iшкi сегменттің келесi, неғұрлым төмен деңгейiн қарастыратын болады, ол сегменттерді тек қана iшкi есептiлiк мақсаттар үшiн жасап қоймай, тауарлық және сервистiк мамандандыруға немесе географиялық мамандандыруға сәйкес ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді. Компанияның ұйымдық және басқару құрылымдарына және оның iшкi қаржы есептiлiгi жүйесiне сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн компанияның шаруашылық және географиялық сегменттерін анықтау үшiн жолданып жасалатын мұндай көзқарас кейде “басқару көзқарасы” деп аталады, ал iшкi ақпарат ұсынылатын ұйымдық компоненттер кейде “операциялық сегменттер” деп аталады.
Бір шаруашылық сегменті едәуiр өзгеше тәуекелдер мен пайдалары бар тауарлар мен қызмет көрсетулерді қамтымайды. Шаруашылық сегментін анықтау кезiнде бiр немесе бiрнеше факторларға қатысты алшақтықтар пайда болуы мүмкiн болатындығына қарамастан, бiр шаруашылық сегментіне енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер факторлардың көпшiлiгiне қатысты ұқсас болуға тиiс деп топшыланады.
Тап сол сияқты, географиялық сегмент тәуекелдерi мен пайдаларында едәуiр айырмашылығы бар экономикалық ортадағы операцияларды қамтымайды. Бiр ел, екi немесе одан көп елдердiң тобы немесе ел iшiндегi аймақ географиялық сегмент бола алады.
Тәуекелдердiң басым көздерi компаниялардың көпшiлiгi қалай ұйымдасқанына және қалай басқарылатынына ықпал етедi. Сөйтіп, осы Компанияның тәуекелдерi мен пайдалары оның операцияларының географиялық орналасқан жерiне де (оның өнiмi қайда өндiрiледi немесе оның қызмет көрсету жөнiндегi қызметi қайда орналасқан), сондай-ақ оның рыногы орналасқан жерге де (оның өнiмi қайда сатылады немесе оның қызметтерi қайда көрсетiледi) байланысты болады. Анықтау географиялық сегменттің мыналарға негiзделуіне рұқсат етеді:
- компанияның өндiрiстiк және сервистiк қуаттарының және басқа да
активтерiнiң орналасқан жерiне;
- оның рыноктары мен клиенттерi орналасқан жерге.
Компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi есептiлiгінің құрылымы әдетте оның активтерi орналасқан жер (оны сататын жер) немесе оның клиенттерi орналасқан жер (оны сату орны) географиялық тәуекелдердiң негiзгi көзi болып табылу-табылмауы жайында дәлелдеме бередi. Тиiсiнше, компания бұл құрылымды оның географиялықсегменттері: оның активтерi орналасқан жерге, немесе оның клиенттерi орналасқан жерге негiзделуге тиiс екендiгiн анықтау үшiн қарастырады.
Шаруашылық немесе географиялық сегменттердің құрамын анықтау субъективті шешімнің белгiлi бiр үлесiн топшылайды. Ондай шешімдi қабылдаған кезде компания басқармасы, осы Стандартта белгiленгендей, сараланым бойынша қаржы ақпаратын ұсыну мақсатын және ХҚЕСК Принциптерінде анықталғандай, қаржы есептiлiгiнiң сапалық сипаттамасын ескередi. Бұл сапалық сипаттамалар компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнің әр түрлi топтары және нақты географиялық аудандардағы оның операциялары жайында есептiлiкте ұсынылатын қаржы ақпаратының уақытқа сай маңыздылығын, сенiмдiлiгiн және салыстырмалылығын, және тұтас алғанда компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын бағалау үшiн осындай ақпараттың пайдалылығын қамтиды.
2.3. Сегменттеудің есеп саясаты
Сегмент есебі– бұл жоғарыда келтiрiлген анықтамалардың негiзiнде айқындалған шаруашылық немесе географиялық сегмент, ол үшін, осы Стандартқа сәйкес, сегменттік ақпарат ұсыну талап етiледі.
Сегмнетті таңдау уақытында белгілі бір ұйым туралы ақпарат бойынша басшылық ету керек. Олар оның георграфиялық сегмент бойынша негізделуіне бағыттайды- ұйымның активтері мен оның клиенттерінің орныласуы.
Операциялық және географиялық сегмент есептік деп есептеледі, егер кірістер сыртқы тұтынушылар арқылы алынса және олар осындай қызмет атқарса:
1) сыртқы сатып алушылардан түскен және мекеменің басқа да сегменттерінен түскен ақша барлық сегменттердің жалпы түсімдегі ақшасынана 10% - тен кем болмауы керек;
2) осы сегмент қызметінің қаржылық нәтижесі (түсім және шығын) барлық сегменттердің қосынды түсімі мен шығынынан 10 %- қа төмен болмауы керек;
3) осы сегменттің активтері барлық сегменттердің қосынды активінен 10%-ға төмен болмауы керек;
4) мекеменің бухгалтерлік есебін дайындау кезінде бөлінген иесептік сегменттерге мекеме түсімінен 75% тиесілі.
Сегменттік ақпарат шоғырландырылған қаржы есептілігін ұсынатын топтың немесе компанияның қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну үшiн қабылданған есеп саясатына сәйкес әзiрленуге тиiс.
Компанияның директорлары мен басқармасы өздерінің шоғырландырылған қаржы есептiлiгiн немесе компанияның қаржы есептiлiгiн әзiрлеу кезiнде таңдап алған есеп саясаты – бұл сыртқы есептiлiк мақсаттары үшiн олар барынша ыңғайлы деп есептейтiн саясат.
Сегменттік ақпараттың мақсаты тұтас алғанда компания жайында жақсы түсiнiп, неғұрлым негiздi шешім қабылдау үшiн қаржы есептiлiгiн пайдаланушыларға көмектесуде болғандықтан, сегменттік ақпаратты әзiрлеген кезде директорлар мен басқарма таңдап алған есеп саясатын пайдалануды талап етедi. Алайда бұл шоғырландырылған есеп саясаты немесе компанияның есеп саясаты, егер сегменттер жеке есеп беретiн бiрлiктер болса, есептi сегменттерге қолданылуға тиiс екендiгiн бiлдiрмейдi. Бүкiл компания деңгейiнде нақты есеп саясатын қолдану кезiнде жасалған егжей-тегжейлi есептеулер, егер бұл үшiн объективті негiз болса, сегменттерге бөлiнуi мүмкiн. Мысалы, зейнетақы есептеу көбiнесе барлық компания үшiн жасалады, бiрақ компанияның жалпы сандары жалақы және демографиялық жағдай туралы деректердiң негiзiнде сегменттерге бөлiнуi мүмкiн.
(а) ақпарат ішкі ақпарат болса және ол шешуші басқарушы персоналға сегменттерге ресурс бөлуге және оның қызмет нәтижелерiн бағалауға қатысты шешiмдер қабылдау үшiн ұсынылса және (b) осы қосымша ақпаратты өлшеу негізі дәл сипатталған жағдайда, шоғырландырылған қаржы есептiлiгi немесе компанияның қаржы есептiлiгi үшiн қабылданған есеп саясатынан өзгеше негiзде әзiрленген қосымша сегменттік ақпаратты ашып көрсетуге тиым салмайды.
Екi немесе одан да көп сегмент бiрлесiп пайдаланатын активтер, егер олардың тиiстi кiрiстерi мен шығыстары да осы сегменттерге бөлiнетiн болса ғана, сегменттерге бөлiнуге тиiс.
Активтердiң, мiндеттемелердiң, кiрiстер мен шығыстардың баптары сегменттерге бөлiнетiн тәсiл осы баптардың, сегмент жүзеге асыратын қызмет түрлерiнiң және осы сегменттің салыстырмалы дербес сипаты сияқты факторларға байланысты болады. Компаниялардың барлығы қабылдауға тиіс бір бөлу негiзiн анықтау мүмкiн емес немесе тиiмдi емес. Сондай-ақ бiр мезгiлде екi немесе одан да көп сегментке жататын компания активтерiнiң, мiндеттемелерiнiң, кiрiстерi мен шығыстарының баптарын бөлуге мәжбүрлеу, егер осындай бөлу үшiн бiрден-бiр негiз даулы немесе қиын түсiнiлетiн болса, тиiмдi емес. Солай бола тұрса да, сегменттің кiрiстері, шығыстары, активтері және мiндеттемелері, анықтамалары өзара байланысты және алынатын бөлу жүйелi болуға тиiс. Сөйтіп, бiрлесiп пайдаланылатын активтер, егер олардың тиiстi кiрiстерi мен шығыстары да осы сегменттерге бөлiнетiн болса ғана, сегментке бөлiнедi. Мысалы, актив, егер амортизациялауға тиiстi аударымдар сегмент нәтижесiн өлшеу кезiнде шегерiлген жағдайда ғана, сегменттің активiне қосылады.
Егер есептi сегменттерге бөлінетін сырттай жиынтық кiрiстер шоғырландырылған жиынтық кiрiстердiң немесе компания кірістерінің
75%-нан кемiн құрайтын болса, қосымшасегменттер, 10%-дық табалдырық талабына сай келмесе де, жиынтық шоғырландырылған кiрiстердiң немесе компания кірістерінің ең болмағанда 75%-ы есептi сегменттерге қосылғанға дейiн, есепті сегменттер ретiнде анықталуға тиiс.
10%-дық табалдырықтар, есепті шаруашылық және географиялық сегменттері қоспағанда, қаржы есептiлiгiнiң кез келген аспектiлерiнiң елеулiлiгiн анықтау үшiн басшылыққа алынбайды.
Есептi сегменттер шеңберiн, өз кiрiстерiнiң көп бөлiгiн сыртқы клиенттерге сатудан алатындармен шектей отырып, жекелеген шаруашылық сегменттері ретiнде тiкелей бiрiктiрiлген өндірістердiң әр түрлi деңгейiн анықтауды талап етпейдi. Алайда кейбiр салаларда қазіргі практика есептiлiкте белгiлi бiр тiкелей бiрiктiрiлген қызмет түрлерiн, тiптi олар сыртқы сатудан елеулi кiрiс жасамаса да, жекелеген шаруашылық сегменттері ретiнде ұсынудан тұрады. Мысалы, көптеген халықаралық мұнай компаниялары, тіпті көп бөлігі немесе бастапқы өнімнің барлығы (шикi мұнай) компания iшiнде компанияның өңдеушi буынына берiлсе де, есептерде өзінің бастапқы қызметін (барлау және өндiру) және қайталама қызметін (өңдеу және сату) жекелеген шаруашылық сегменттері ретiнде көрсетедi.
Сегментаралық табыстаған кезде баға белгiлеу негiздерiн ашып көрсетудi қамтитын тиiстi сипаттаумен қоса жекелеген сегменттер ретiнде ерiктi түрде ұсынуды мақұлдайды, бiрақ талап етпейдi.
Егер компания есептiлiгiнiң iшкi жүйесi тiкелей бiрiктiрiлген қызмет түрлерiн жеке сегменттер ретiнде ескерсе, ал компания оларды сыртқы есептерде шаруашылық сегменттері ретiнде көрсетпесе, олай жасамауға негiзді себеп болмаған жағдайда ғана, сыртқы есептерде ұсынылуға жататын шаруашылық сараланымдарын анықтаған кезде, сатылатын сегмент сатып алынатын сегментпен (сегменттермен) қосылуға тиiс, ондай жағдайда сатылатын сегмент бөлiнбеген тексеру бабы ретiнде қосылар едi.
10%-дық табалдырықты қанағаттандыруына байланысты алдыңғы кезеңде ұсынылуға жататын ретінде анықталғансегмент, оның кiрiстерi, нәтижесi мен активтерi енді 10%-дық көрсеткіштерден аспауына қарамастан, егер компанияның басқармасы сегмент өзiнiң мәндiлiгiн сақтап қалады деп есептесе, ағымдағы кезеңде өзінің мәртебесiн сақтауға тиiс.
Егер сегмент, ол тиісті 10%-дық табалдырықты қанағаттандыруына байланысты, ағымдағы кезеңде есептi сегмнет ретiнде анықталса, салыстыру мақсаттары үшiн ұсынылатын алдыңғы кезеңдегi сегменттің деректерi, тiптi егер ол сегмент соның алдындағы кезеңде 10%-дық табалдырық туралы көрсеткіштерді қанағаттандырмаса да, егер оны iс жүзiнде жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана, жаңа есептi сегмнетті жекеше ретiнде көрсету үшiн қайта есептелуге тиiс.
Қорыта келе, бұл курстық жұмыста ұйымдарда, компанияларда сегменттік есепті ұйымдастыру, бағалау әдістері қарастырылды. Негізінен сегменттік ақпарат қаржы есептiлiгiн пайдаланушылардың қажеттерiн қанағаттандыруға керектi нәрсе ретiнде кеңінен қарастырылады.
Компания әрбiр есептi шаруашылық сегментіне енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер тұрпаттарын көрсетуге және, егер бұл қаржы есептiлiгiнде немесе қандай да бiр қаржы есебiнде ашып көрсетiлмесе ғана, әрбiр есептi географиялық сегментін құрамын, бастапқысында да, қайталамасында да, көрсетуге тиiс.
Пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылған сегмент қызметiнiң нәтижелерiн сегмент нәтижелерiнен жоғары өлшеу көрсеткiшiнiң мысалдары үстеме сауда бағасының жалпы сомасы болып табылады. Пайдалар мен залалдар туралы есепте ұсынылған сегмент қызметiнiң нәтижелерiн сегмент нәтижелерiнен төмен өлшеу көрсеткiшiнiң мысалы негізгі қызметтен алынатын пайда немесе залал (пайдаға салынатын салықтарға дейiн, не одан кейiн) және таза пайда немесе залал болып табылады. Егер компания сегменттің таза пайдасын немесе залалын немесе сегмент пайдалылығының қандай да болсын басқа көрсеткiшiн есептей алатын болса, онда сегмент нәтижесiне қосымша тиiсiнше сипаттай отырып, мұндай мөлшердi (мөлшерлердi) ұсыну мақұлданады. Егер бұл көрсеткiш шоғырландырылған қаржы есептiлiгi немесе компанияның қаржы есептiлiгi үшiн бекiтiлген есеп саясатынан өзгеше негiзде әзірленетін болса, ол өзiнiң қаржы есептiлiгiне осы көрсеткiштiң өлшеу базасын дәл сипаттауды қосады.
Қауымдасқан компаниялардың, бiрлескен кәсіпорындардың немесе үлес қосып қатысу әдiсi бойынша ескерiлген басқа да инвестициялардың таза пайдасындағы немесе залалдарындағы компанияның жиынтық үлесi есептi сегментпен ашып көрсетiлетiн болса, осы қауымдасқан компанияларға және бiрлескен кәсіпорындарға жиынтық инвестициялар да осы есептi сегментпен ашып көрсетiледі. Ұйым есептi сегменттермен жинақталған ақпарат үшін шоғырландырылған қаржы есептiлiктерінде немесе компанияның қаржы есептiлiгiнде ашып көрсетiлген ақпараттың салыстырмасын ұсынады.