Сегмент бойынша есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Сегменттеудегі есеп».

Содержание

Кіріспе
I бөлім. Ұйымдардағы сегменттік есептің спецификасы
1.1. Сегменттік есептің мәні мен қолданылуы
1.2. Сегменттік есептің активтері мен міндеттемелері
1.3. Ұйымдарда сегменттік есепті қалыптастырудың кезеңдері
II бөлім. Сегменттік есепті анықтау
2.1. Сегменттеудегі есептің бастапқы және қайталама пішімдері
2.2. Шаруашылық және географиялық есептеулер
2.3. Сегменттеудің есеп саясаты
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

   Сегмент шаруашылығының нәтижесін анықтау үшін  алынған табыстан жұмсалған шығыстарды алу керек.

  Егер ұйымның ішкі сегменттері стандартпен талаптандырған өзара байланысты тауарлар (қызметтер) тобында негізделмесе немесе объектілірдің географиялық орналысынан негізделмеген кезде, сегмент есептердің анықтау үшін  келесі (ең төмен) ұйым ішіндегі сегментация деңгейін қарастыру қажет.

   Сегмент есептерін таңдау кезінде ұйым өз бетімен сегменттерді бірінші топпен салыстырғанда көп ақпарат қажет емес.

Сегмент есептері бойынша бірінші және екінші топтарының ақпаратын атап көрсету басым қайнар негізінде, қатер сипатында және ұйым шаруашылығының алынған табыстар негізінде туындайды. Басым қайнарлар, қатер және кіріс сипаттары, ұйымдастыру және ұйымның басқару құрылымдарынан оларға қоса «басқару тәсілі» болып аталатын ішкі есептер жүйесінен айқындалады. Осы тәсіл есеп беру мақсатымен басым қайнар қатерінің және пайдасының көрнекі күәлігін көрсетуге көмектеседі. Осындай қатер пайда қайнары сегмент есебінің алғашқы форматын анықтайды, ал қайталама формат қатер және  пайда қайнарымының сегмент есептерінің қайталама форматын анықтайды:

 

1)           егер ұйымның қатері мен табысы шығарылған өнім, жұмыстар, қызметтер айырмашылықтары бойынша анықталса, онда алғашқы ақпарат операция сегменттерә бойынша, ал қайталама ақпарат географиялық сегменттер бойынша танылады.

2)           егер ұйымның қатері мен табысы шаруашылықтың географиялық аймағының айырмашылықтары бойынша анықталса, онда алғашқы ақпарат географиялық сегменттер, ал қайталама ақпарат операциялық сегменттер бойынша танылады.

3)           егер ұйымның кірісі мен табысы шығарылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер және шаруашлықтың географиялық аймағының бірқалыпты айырмашылықтарында анықталса, онда алғашқы ақпарат ол географиялық сегменттер бойынша ақпарат, ал герографиялық сегменттер бойынша ақпарат қайталама ақпарат болып саналады.

4)           егер ұйымның ұйымдастыру басқару құрылымдары және ішкі есеп жүйесі шығарылған тауарлар, жұмыстарда, қызметтерде және шаруашылықтың географиялық аймағында негізделмесе, онда есептік сегменттер бойынша алғашқы  және қайталама ақпараттардың атап көрсетуі ұйым басқарушының шешімдерінде негізделеді.

       Операциялық және географиялық сегменттер құрамын таңдауы, алғашқы және қайталама топтарға топтастырылуы ұйым басшылығының субъекті шешімдерінде негізделенеді. Есептік  сегментті таңдаған кезде қаржылық есебінің қолдаушыларын ұмытпау керек. Сегменттік есептерді салыстыруға болатын сенімді, орынды болуына назар аудару керек.

           

           

 

1.3. Ұйымдарда сегменттік есепті қалыптастыру этаптары

 

      Жоғарыда белгіленген сегменттік есептеме және есепке алу жүйесінің құруының мақсаты барлық басқару деңгейінде меншік иелерін және басқарушыларын ұйымның құрылымдық бөлімдері туралы толық, шапшаң және сенімді ақпаратпен талдау және басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін  қамтамасыз етуі. Осындай ақпаратты қаржылық есептеме жүйесі бере алмайды. Сегменттік есепті және есепке алуының қойылымы кәсіпорынның құжат айналымын жетілдіреді, жауапкершілік орталықтары секілді шаруашылық көрсеткіштерін оңтайландырады және табысты жоғалтады.

      Сегменттік есепті және есепке алу жүйесін құру кезінде келесіге назар аудару керек:

-         жүйенің енгізу мен қызмет ету бойынша шығындар пайдалану нәтижесінен  аз болуы керек;

-         жүйе ақпаратының құпиялығын қамтамсыз ету керек;

-         жүйе автоматтандырылған және әмбебап болуы керек.

     Сегменттік есебі мен есепке алуы кәсіпорынмен келесі кезеңдердің кезеңдерін өтуін ұйғарынады.

      1 кезең. Орталықтандырылмаған басқару құрылымының жауапкершілік орталықтарын бөлуімен қалыптасуы. Ұйымдарда басқару құрылымы

2- кестеде көрсетілген.

      2 кезең. Жауапкершілік орталығының шығын баптарын топтастыруы. Сегменттік есеп жүйесінің ұйымдастыруы арнайы жауапкершілік орталығының шығын мен табыс    баптарының топтамасын басқарма есеп жүйесінде  сегменттік  есептемесін бөлшек бейнелеу үшін және келесіде тудыру үшін ұйғарынады.  

      3 кезең.  Әр сегмент бойынша жоспарлау және есеп жұмыстарын ұйымдастыруы. Осындай жүйені әрекетке енгізген кезде жауапкершілік орталығының шығыстары мен кірістерін жоспарлау және бизнес сегменттерінің баға политикасын жетілдіру жоспарлау және бизнес сегменттерінің баға политикасын жетілдіру факті (деректі) көрсеткіштерін жоспар бойынша ауытқуын айқындау осы ауытқулардың себептерін бағалауға мүмкіндік береді.

       Сегменттік есебінің негізгі міндеттерінің бірі- бизнес бойынша нормадан ауытқулар туралы есеп беру. Осындай ауытқулар мен олардың пайда болу себептерін мезгілімен анықтау кезінде сәйкес басқармалық шешімдерді қабылдау мүмкіндігі көрінеді. Жоспарлау жүйесі шығыстардың бақылау ұйымдастыруы мен сәйкес  орталықтармен табыс алу үшін бағыттандырылған.

       Есепке алу және басқарма жүйесін қаржылық есеп жүйесімен салыстырғанда бизнес тиімділігін бағалау үшін басқа қатынастар қолданылады.

      Жауапкершілік орталықтары ол ұйымның бөлек сегменттері мен есеп объекі. Олардың ұйымның түпкі қаржы нәтижесіне салымдары ұқсас емес. Демек, кіріс пен шығысты әр құрылым бөліктер бойынша бөлек талдау қажеттілік көрінеді.

       Басқарма жүйесінде жауапкершілік орталығының қойылған мақсаттарға жету дәрежесі келесі сапа көрсеткіштерімен мінезделеді: жауапкершілік орталығы өз жұмысын қаншаға жақсы орындайды, қай өлшемде ол өз қалаған нәтижелерге жетеді және осы нәтижелер кәсіпорынның нәтижелеріне қанша сәйкес.

     Тиімділік- берілген жұмыс көлемін, өндіріс ресурстарын ең аз мөлшерде қолданып орындау немесе жұмыс көлемін ең жоғары деңгейде қолданып, берілген ресурс мөлшері бойынша орындау. Осының негізінде өнімді үлкен көлемде аз шығынмен өндіретін жауапкершілік орталығы тиімді болып танылады. Егер жауапкершілік орталығының шаруашылық нәтижелері кәсіпорынның назарына сәйкес келмесе, онда осындай орталықтың шарушылығы нәтижелі емес болып саналады(бірақ тиімді бола алады).

    Пайда(инвестициялар) орталықтарында менеджерлер немесе басқарушылар басқарма бөлігінің  көмегінсіз көбінесе қаржылық және өндіріс сұрақтарын өз бетімен шешеді. Олардың шаруашлығы тек жеткен нәтижелер бойынша бағаланады. Осындай автономия ұйымның  басқармасынан әр құрылым бөлігінің тиімді шаруашылығына жеке қатынас (тәсіл) талап етеді. Табыс орталықтарын бақылау үшін табыс көрсеткіші қолданылады. Бизнес бірлігінің табысын анықтау үшін сатылған  өнімінен алынған кірісінен осымен байланысты шығарылған шығындарды алу керек

 

                            

 

 

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім. Сегменттік есепті анықтау

      2.1. Сегментеудегі есептің бастапқы және қайталама пішімдері

 

       Компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының негiзгi көзi мен сипаты шаруашылық сегменті немесе географиялық сегмент сегменттік есептiлiктiң бастапқы пiшiмi болу-болмауын анықтауға тиiс. Егер компанияның тәуекелдерi мен пайда нормалары, негiзiнен, өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердiң айырмашылықтарына байланысты болса, сегменттік ақпарат ұсыну үшiн  оның бастапқы пiшiмi шаруашылық сегменттер болуға тиiс; бұл жағдайда қайталама ақпарат географиялық белгi бойынша ұсынылады. Дәл осы сияқты, егер компанияның тәуекелдері мен пайда нормалары негiзiнен оның әр түрлi елдерде немесе әр түрлi географиялық аудандарда жұмыс iстеу фактiсiне байланысты болса, сегменттік ақпарат тапсыру үшiн оның бастапқы пiшiмi географиялық сегменттер болуға тиiс; бұл жағдайда қайталама ақпарат тиісті тауарлар мен қызмет көрсетулерге арналған есептiлiкте ұсынылады.             

      Компанияның ішкі ұйымдық басқару жүйесі, сондай-ақ оның iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi әдетте шешуші басқарушы персоналына компания кездесiп отыратын басым көздердi және тәуекелдердiң сипатын әрi пайданың айырмашылығы бар нормаларын анықтау үшiн, сөйтiп, компания үшін есептiлiктiң қандай пiшiмi бастапқы, қандайы қайталама болып табылатынын анықтау үшiн негiз қалайды, бұған төменде (а) және (b) тармақшаларында келтiрiлген жағдайлар кiрмейдi:

1)          егер компанияның тәуекелдерi және пайда нормалары өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердегi айырмашылықтардың, сондай-ақ оның қызметiнiң географиялық аудандарындағы айырмашылықтардың қатты ықпалында болса, бұған компанияны басқарудағы және шешуші басқарушы персоналдың iшкi есептiлiгiне “қалыптама көзқарас” дәлел бола алады, онда компания шаруашылық сараланымдарын сараланымдық есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде және географиялық сегменттері- есептiлiктiң қайталама пiшiмi ретiнде пайдалануға тиiс;

2)          егер ішкі ұйымдық және басқару құрылымы және оның шешуші басқарушы персоналына  iшкi қаржы есептiлiгiнiң жүйесi жекелеген тауарлар мен қызмет көрсетулерге де немесе байланысты тауарлар/қызмет көрсетулер топтарына да, географияға да негiзделмесе, компанияның шешуші басқарушы персоналының компанияның тәуекелдерi мен пайдалары көп жағдайда өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулерге немесе оның қызметiнiң географиялық аудандарына байланысты ма, және соның салдары ретiнде, шаруашылық немесе географиялық сегменттердің қайсысы, басқа сегменттері есептіліктің қайталама пiшiмі ретiнде пайдалана отырып, сегменттік есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде пайдаланылуға тиіс екендігін таңдауы қажет.

      Компаниялардың көпшiлiгi үшiн тәуекелдер мен пайдалардың негiзгi көзi компанияның қалай ұйымдастырылғанын және қалай басқарылатынын анықтайды. Компанияның ұйымдық және басқару құрылымы және оның iшкi есептiлiк жүйесi әдетте компанияның тәуекелдерi мен пайдаларының негiзгi көзiне қатысты оның сегменттік есептiлiгiнiң мақсаттары үшiн ең жақсы ақпарат көзi болып табылады. Сөйтiп, сирек жағдайларды қоспағанда, ұйым өзiнiң қаржы есептiлiктерiнде сегменттік ақпаратты шешуші басқарушы персоналға арналған iшкi есептiлiктегi сияқты негiзде ұсынатын болады. Компанияның тәуекелдері мен пайдаларының негiзгi көзi оның сегменттік есептiлiгiнiң бастапқы пiшiмiне айналады. Оның тәуекелдері мен пайдаларының қайталама көзi оның сегменттік есептiлiгiнiң қайталама пiшiмiне айналады.

       “Қалыптама көзқарас” - әрбiр негiзде сегменттері толық ашып көрсете отырып, сегменттік есептiлiктiң бастапқы пiшiмi ретiнде шаруашылық сегменттер ретiнде де, сондай-ақ географиялық сегменттер ретiнде де, – егер компанияның тәуекелдерi мен пайда нормалары өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердегi айырмашылықтарға, сондай-ақ компания жұмыс iстейтiн географиялық аудандардағы айырмашылықтарға барынша тәуелдi болса, пайдалы ақпаратты жиi қамтамасыз етiп отырады. Осы Стандарт “қалыптама көзқарасты” талап етпейдi, бiрақ тиым салмайды да.

        Кейбiр жағдайларда компания және компанияның iшкi есептiлiгi өндiрiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердiң пiшiмдерiндегi айырмашылықтарға да, компания жұмыс iстейтiн географиялық аудандарға да байланысты емес бағыттарда дами алады. Мысалы, iшкi есептiлiкті заңды тұлғалар ғана ұйымдастыра алады, ол iшкi сегменттердің байланысты емес тауарлар мен қызмет көрсетулер топтарынан тұруына жеткiзедi. Осындай сирек жағдайларда iшкi есептiлiктiң сегменттік деректерi осы Стандарттың мақсаттарына сай келмейдi. Тиiсiнше, ұйымның шешуші басқарушы персоналы компанияның тәуекелдері мен пайда нормалары – тауарларға/қызмет көрсетулерге ме, әлде географиялық орналасқан жерiне ме – неге байланысты болатынын анықтауын және компанияның сараланымдық есептiлiгiнiң бастапқы негiзi ретiнде салалық  немесе географиялық сегменттерді таңдауын талап етедi. Мақсат басқа компаниялармен салыстыруда қажетті деңгейге жетуде, қорытындысы ақпараттың түсiнiктiлiгiн жақсартуда және инвесторлардың, несиегерлердiң және басқалардың тауарлармен/қызмет көрсетулермен және географиялық орналасумен байланысты тәуекелдер мен пайдалар туралы ақпаратқа деген барынша қажеттерiн қанағаттандыруда болып отыр.

 

 

                  2.3. Шаруашылық және географиялық сегменттер

 

       Шаруашылық сегмент– бұл жекелеген тауарлар өндiрумен (қызметтер көрсетумен) компанияның немесе компанияның басқа сегменттерге қарағанда өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын  өнімдерге немесе қызмет көрсетулерге байланысты топтың айрықша құрамдас элементі. Тауарлар мен қызмет көрсетулердiң байланысты болуын анықтаған кезде мынадай факторлар қарастырылуға тиiс:

        -  тауарлардың немесе қызмет көрсетулердiң сипаты;

        -  өндiрiстiк процестердiң сипаты;

        -  тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған клиенттің тұрпаты

            немесе сыныбы;

        -  тауарларды тарату және қызмет көрсету үшін пайдаланылған әдістер;

        -  егер мұны қолдануға болса, реттеушi ортаның сипаты, мысалы, банк,

            сақтандыру және коммуналдық кәсiпорындар.

        Географиялық сегменттер– бұл басқа экономикалық жағдайларда iс-әрекет ететiн құрамдас элементтердің тәуекелдерi мен пайдаларынан өзгеше тәуекелдерге ұшырайтын және пайдалар алатын нақты экономикалық ортада өнім өндiрумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын компанияның айрықша құрамдас элементі. Географиялық сегменттерді анықтаған кезде мынадай факторлар ескерiлуге тиiс:

         -  экономикалық және саяси жағдайлардың ұқсастығы;

Информация о работе Сегмент бойынша есеп