Сегмент бойынша есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Сегменттеудегі есеп».

Содержание

Кіріспе
I бөлім. Ұйымдардағы сегменттік есептің спецификасы
1.1. Сегменттік есептің мәні мен қолданылуы
1.2. Сегменттік есептің активтері мен міндеттемелері
1.3. Ұйымдарда сегменттік есепті қалыптастырудың кезеңдері
II бөлім. Сегменттік есепті анықтау
2.1. Сегменттеудегі есептің бастапқы және қайталама пішімдері
2.2. Шаруашылық және географиялық есептеулер
2.3. Сегменттеудің есеп саясаты
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.doc

— 183.00 Кб (Скачать)


                                              Жоспар

 

 

Кіріспе

I бөлім. Ұйымдардағы сегменттік есептің спецификасы

    1.1. Сегменттік есептің мәні мен қолданылуы

    1.2. Сегменттік есептің активтері мен міндеттемелері

    1.3. Ұйымдарда сегменттік есепті қалыптастырудың кезеңдері

II бөлім. Сегменттік есепті анықтау

    2.1. Сегменттеудегі есептің бастапқы және қайталама пішімдері

    2.2. Шаруашылық және географиялық есептеулер

    2.3. Сегменттеудің есеп саясаты

Қорытынды

Қосымшалар

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

     

       Курстық жұмыстың тақырыбы: «Сегменттеудегі есеп».

       Курстық жұмыстың мақсаты: сегменттер бойынша қаржы ақпаратының есептерінде - компания және шығаратын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әр түрлi тұрпаттарына және қаржы есептілігін пайдаланушыларға көмектесу үшін ол жұмыс iстейтiн  әр түрлі географиялық аудандарға қатысты ақпаратты белгiлеу:

-         компанияның бұрынғы кезеңдердегi қызмет нәтижелерiн жақсы түсiну;

-         компанияның тәуекелдерi мен пайдаларын жақсы бағалау;

-         тұтас алғанда компанияға қатысты неғұрлым негiзделген шешімдер қабылдау болып табылады.

       Тақырыптың мазмұны: Көптеген компаниялар тауарлар немесе қызмет көрсетулер тобын шығарады, немесе пайдалылық нормалары, даму мүмкіндіктері, болашаққа перспективалар және тәуекелдері әр түрлі географиялық аудандарда жұмыс iстейдi. Компанияның тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң әр түрлi тұрпаттары және әр түрлi географиялық аудандардағы оның операциялары туралы - көбiнесе сегменттік ақпарат деп аталатын - ақпарат әр тараптандырылған халықаралық компанияның тәуекелдерi мен пайдасын бағалау үшiн маңызды болады, бiрақ жиынтық деректерден анықталмауы мүмкiн. Сөйтiп, сегменттік ақпарат қаржы есептiлiгiн пайдаланушылардың қажеттерiн қанағаттандыруға керектi нәрсе ретiнде кеңінен қарастырылады. Сегменттерді анықтаудағы өзгерiстер және кiрiстер мен шығыстарды сегменттерге бөлу үшiн негiздегi өзгерiстер осындай өзгерiстердiң мысалдары бола алады. Мұндай өзгерiстер есептiлiкте ұсынылатын сегменттік ақпаратқа елеулi түрде ықпал ете алады, бiрақ компанияға арналған жиынтық қаржы есептiлiгiн өзгертпейдi. Өзгерiстердi түсiнiп, оның беталысын бағалауда пайдаланушыларға көмектесу үшiн, салыстыру мақсаттары үшiн қаржы есептiлiгiне енгiзiлетiн осының алдындағы кезеңнiң сегменттік ақпараты, егер ол жаңа есеп саясатын көрсету үшiн iс жүзiнде тиімді болса, қайта есептеледi.

        Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс негізінен II бөлімнен, соған сәйкес бөлімшелерден, қорытынды, қосымша кестелерден және пайдаланылған әдебиеттерден құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 I бөлім. Ұйымдардағы сегменттік есептің спецификасы

                          1.1. Сегменттік есептеудің мәні мен қолданылуы

 

     Көптеген ірі мекемелер барлық тауарларды шығарады, әр түрлі қолдаулар көрсетеді, әр түрлі рентабельді әрі қарай дамуға жағдайы бар өндірістер сауда мен делдал финанс істі орындайда. Тауарларды өндіру мен  сату әр түрлі географиялық өңірлерде жүргізіледі, бұл шаруашылық қызметке өз табысын түсіреді.

       Мынадай мәліметтердің пайдаланушыларға қажетті, себебі:

-         мекемелердің өткен жұмыстарының нәтижесін дұрыс түсіну;

-         мекемелердің кірістері мен шығыстарын жақсы бағалау;

-         келешекте мекемелерде қарым- қатынастарды тұрақты шешімдер қабылдау.

      Сегменттік есептің жағдайы әр бизнес сегменттің жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді, сыртқы қаржылық есептің мәліметіне сай мекеменің жағдайын қаржылық саралауға пайдаланады, оның  қызмет нәтижесінде.

      Сегмент ( латын тілінен segmentum )  бір нәрсенің  бөлшегі, кесіндісі дегенді білдіреді. Сегменттік есепті бизнестің жеке  жеке сегменттерінен құрылған есеп деп білуге болады. Оны құрастыру реті сыртқы қолданушылар үшін  ПБУ 12/2000 құрайды, осыған сәйкес сегмент дегеніміз негізгі қоғамға қатысты мекеменің еншілес мекемесі болатын, немесе бір одаққа, ассоцияцияға, холдингке кіретін жеке заңды тұлға.

      Мынадай мекеме міндетті түрде операциялық немесе географиялық сегментте қарастыру керек. Бірақ бұл сегмент одан да ұсаққа бөлінбейді дегенді білдірмейді.

       Сегменттік есептің мәліметі әр түрлі басқару шешім қабылдау мақсатында қолданылады. Ресейлік мекемелердің бмзнесі көбіне тіріліп шығу бүгінде ұлғайту (ірілету) қажеттілігімен  тіке байланысты.

      Менеджерлерін басқарушылардың жұмыс сапасын дұрыс бағалау және сегменттік есептің ақпаратты әкімшілігіне әр түрлі жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік береді.

      Оның негізінде менеджерлердің кәсіптік пайдасы туралы шешім қабылдауға, мекеме персоналын материалды және моральды марапаттау жүйесі қалыптасуда.

      Сегменттік есеп менеджерлердің  жұмыс істеуіне көмектеседі. Кез келген деңгейдегі  басшы өзінің қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін білгісі келеді. Егер оның жоспарлары орындалмаса, оны өзі бірінші білуі керек. Олай болмаған жағдайда менеджер өз бөлімшесінің жоспарын уақытылы түзете алмайды.

       Халықаралық IAS №12 стандартына сәйкес есептік сегменттің екі түрі бар: операциялық (шаруашылық, әр салалық) және географиялық . Бұл сегменттерді анықтау  және ішкі есеп жүйесін қолдану қажет.

      Сегмент бойынша есеп- бұл бухгалтерлік есеп  негізінде мекеме қызметінің жағдайын көрсететін ақпарат.

      Операциялық сегмент бойынша мәліме- белгілі бір тауарларды өндіруді ұйымдастыру қызметінің бөлігін көрсететін, бергілі жұмысты орындау, бірыңғай тауарлар мен белгілі қызмет көрсету бойынша, кіріс келтіретін және шығын қаупі бар жұмыстар мен қызметтер туралы мәлімет.

      Барлық немесе төменде көрсетілген факторлардың ұқсастығы жағдайында операциялық сегменттер бойынша мәләмет берілгенде, тауарлардың, қызмет көрсету түрлері, жұмыс түрлері бір топқа біріктіріледі:

-         тауарлардың қызмет, жұмыс түрлерінің қолданылуы;

-         қызмет көрсету;

-         тауар, жұмыс, қызмет тұтынушылары;

-         тауарларды сату және қызмет пен жұмыс түрлерін тарату әдістері;

-         мекеме қызметін басқару жүйесі.

     Географиялық сегмент бойынша мәлімет- тауарларды өндіруді ұйымдастыру  қызметінің бөлігін көрсететін, кіріс келтіретін және шығын шығу ықтимал мекеменің белгілі бір географиялық аймақта жұмыс жүргізуі, қызмет көрсету туралы мәлімет.

      Географиялық сегментке бір мемлекет немесе мемлекет ішіндегі регион (аймақ) жатады. Мекеменің кірісі мен шығын қаупі оның өндірісінің орналасуына және қызмет көрсетуіне байланысты. Бірақ кіріс пен шығын қаупі сатылу орны мен тұтынушыларға байланысты.

        Географиялық сегмент операциялардың орналасу орны мен сатылу орны (рынок) және тұтынушылар орналасу орны бойынша таңдалады.

       Компанияның ұйымдық құрылымы және оның iшкi есептiлiгінің құрылымы әдетте оның активтерi орналасқан жер (оны сататын жер) немесе оның клиенттерi орналасқан жер (оны сату орны) географиялық тәуекелдердiң негiзгi көзi болып табылу-табылмауы жайында дәлелдеме бередi. Тиiсiнше, компания бұл құрылымды оның географиялықсегменттері: оның активтерi орналасқан жерге, немесе оның клиенттерi орналасқан жерге негiзделуге тиiс екендiгiн анықтау үшiн қарастырады.

       Сұранымның өзгеруі, шикiзат пен материалдардың бағасындағы немесе өндірістің басқа факторларындағы  өзгерiстер және баламалы өнiмдер өндiру және шаруашылық сегменттегі процестер сияқты мәселелердің ықпалын бағалау үшiн осы сараланым біріктірген қызмет түрлерiн бiлу қажет. Дәл сол сияқты экономикалық және саяси жағдайлардың өзгеруiнiң географиялық сегменттің тәуекелдер мен пайда нормаларына ықпалын бағалау үшiн осы географиялық сегменттің құрамын бiлу маңызды.

        Компания әрбiр есептi шаруашылық сегментіне енгiзiлген тауарлар мен қызмет көрсетулер тұрпаттарын көрсетуге және, егер бұл қаржы есептiлiгiнде немесе қандай да бiр қаржы есебiнде ашып көрсетiлмесе ғана, әрбiр есептi географиялық сегменттің құрамын, бастапқысында да, қайталамасында да, көрсетуге тиiс. Сегменттің есептiлiк мақсаттары үшiн сегмнеттердің арасындағы табыстаулар осы табыстауларды бағалау үшiн компания нақты пайдаланатын негiздi өлшенуiн талап етедi.

 

1.      2. Сегменттік есептің активтері және міндеттемелері

 

      Сегменттегі активтер- қысқа мерзімді активерді, дебиттік қарызды, сегменттің шауашылық қызметтерінде қолданылатын ақшаны, негізгі қаражатын және материалдық емес активтер енгізіледі.Екі немесе бірнеше сегменттерде қолданылатын активтер оның есептілігене енгізіледі.

      Сегмент активтеріне несие қарыздары, инвестициялар және басқа да алынатын пайыздары және девиденттері бар түсімдер жатады. Үлескерлік әдісі бойынша түскен инвестициялардың түсімі мен шығыны сегменттік нәтиже құраса, бұлар да сегмент активетріне кіреді.

      Амортизацияланатын активтер  сегмент шығындарына қатысты амортизациялық төлемдері де оның активіне енгізіледі.

      Сегмент міндеттемелері несие қарызданырнан, алдын ала төлемнен және есептелген міндеттемерден тұрады. Қарыз және несие  міндеттемелері олардың пайыздары осы сегментің есебінен төленген жағдайда ғана сегмент есептеріне енгізіледі. Түсім салығы бойынша міндеттемелер сегмент есебіне қосылмайды.

       Сегменттеудің активтерiне мысалдар сегменттік операциялық қызметiнде пайдаланылатын қысқа мерзімді активтердi, активтерi қаржылық жалдау тақырыбы болып табылатын (17-“Жалдау” IAS) негізгі құралдарды, және материалдық емес активтердi қамтиды. Егер амортизацияның нақты бабы сегменттің шығыстарына енгiзiлсе, тиiстi актив те сараланымның активтерiне енгiзiледi. Сегменттеудің активтерi ұйымның немесе бас кеңсенiң жалпы мақсаттары үшiн пайдаланылған активтердi қамтымайды. Сегменттеудің активтерi, егер бөлу үшiн сенімді негiз болса, екi немесе одан да көп сараланымды өзара бөлісетін операциялық активтерді қамтиды. Сегмент активтерi тiкелей сегментке бөлінетін немесе негiздi түрде оған жатқызылуы мүмкін іскерлік беделді қамтиды, бұл ретте сегменттің шығыстары іскерлік беделдің тиiстi құнсызданудан болған кез келген залалдарды қамтиды.

       Сегмент мiндеттемелерiнiң мысалдарына өтелуге тиісті сауда және басқа да дебиторлық  берешектер, есептелген мiндеттемелер, клиенттердiң аванстық төлемдері, өнiмге кепiлдi қызмет көрсетуге резервтер және тауар беруге және қызмет көрсетуге қатысты басқа да наразылықтар жатады. Сегменттің мiндеттемелерi қарыздық қаржыларды, активтерге жатқызылған, қаржылық жалдау тақырыбы болып табылатын (17 IAS) мiндеттемелердi және, дұрысын айтқанда, операциялық мақсаттарға қарағанда, қаржыландыру мақсаттары үшiн қабылданған басқа да мiндеттемелердi қамтымайды. Егер пайыздық шығыстар сегмент нәтижесiне қосылатын болса, онда пайыздары бар тиiстi мiндеттеме сегменттің мiндеттемелерiне қосылады. Операциялары негiзiнен қаржылық сипатта болмайтын сегменттердің мiндеттемелерi қарыздық қаржылар мен сол сияқты мiндеттемелердi қамтымайды, өйткенi сегмент нәтижесi таза қаржы пайдасын немесе залалын емес, операциялық пайданы немесе залалды бiлдiредi. Оның үстiне, қорлық мiндеттемелер бүкiл компания шеңберiнде бас кеңсенiң деңгейiнде жиi шығарылатын болса, сегментке пайыз есептелетiн мiндеттеменi тiкелей бөлу немесе негiздi түрде жатқызу жиi мүмкiн болмайды.

       Сегмент нәтижелері оның түсімі мен шығынын салыстыру арқылы анықталады. Салық түсімі келесі екі мәселе бойынша құралады:

-         міндетті түрде сегментке қатысты түсімдер;

-         осы сегментке қатысы бар мекеме түсімінің бір бірлігі. Оны анықтау үшін көбіне есеептеудің жанама тәсілдері қолданылады.

     Операциялық сегмент түсімдері- бұл белгілі бір тауарлардың сатылымынан , белгілі бір қызмет түрлерін көрсетуден түскен түсім.

       Географиялық сегмент түсімі- бұл тауар өндіруден және қызметтің географиялвқ өңіріне көрсетілген қызметтен түскен түсім.

      Сегменттер өнімді  өзара өткізген кезде (қызметтер, жұмыстар) олардың кірістеріне объективтік баға қою үшін сыртқы бағалар қолданылады.

      Сегмент кірістеріне: пайыздар; дивиденттер; қаржылық салымдардың сатылымынан пайда, кірістер сегменттің шруашылық заты болып табылған жағдайлардан басқа; төтенше кірістер (түсімдер) шаруашылықтың төтенше жағдайлар аяғында пайда болады (апат, өрт) жатпайды.

       Сегмент шығыстарын есептеген кезде ұқсас тәсіл қолданылады. Олар да кірістер сияқты екі қосылымнан тұрады:

-                     осы сегментке тұрақты жататын сегменттер;

-                     сегментке жататын ұйым шығыстарының ортақ бөлшектері құрама біріншісіне қарағанда жанама тәсілдерімен есптелінеді.

Сегмент шығыстарына: шаруашылық затына жатпайтын, қаржылық салымдармен байланысты шығыстар; табыс салығы ; төтенше шығыстар (апаттардан, террористік әрекеттерден) және тағы басқа оқиғалармен байланысты шығыстар жатпайды.

Информация о работе Сегмент бойынша есеп