Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 12:09, дипломная работа
Цель дипломной работы состоит в изучении роли бухгалтерского баланса предприятия в условиях децентрализации экономики и формирования рыночного механизма.
Для достижения указанной цели в работе поставлены и решены следующие задачи:
-исследованы общие проблемы бухгалтерского учета в области финансовой отчетности в условиях рынка;
-изучены основные формы бухгалтерской отчетности современного предприятия;
-систематизированы различные факторы, влияющие на достоверность составления отчетности, и бухгалтерского баланса в частности, предложены пути совершенствования отчетности.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық
үдерістері барысында орындалатын әрбір
операция негізінде кәсіпорынның қаржылары
мен олардың пайда болу көздерінде екі
жақты және тең өзгерістер болып отырады.Олар
екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір
шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде
бірдей сомада көрсетілуі қажет.Ұйымдардағы
мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды,
үдерістерді бір шоттың дебитіне және
екінші шоттың кредитіне жазып есептеп
отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік
есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
Калькуляциялау әдісі
Қандай
ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы
белгілі. Осы үдерістерді орындау барысында
кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын
және материалдық құндылықтарды пайдаланатын
болғандықтан барлық кеткен жұмсалған
шығындардың жиынтығын анықтауына тура
келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген
өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік
құнын құрайды. Сондай – ақ ол ұйымды басқару
үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып
табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни
өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің
нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау
деп атайды.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік
есепте материалдық құндылықтар ақшалай
өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы
мүліктердің және міндеттемелердің құнын
ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісн
бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп
атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның
активтерімен олардың қорлану көздерінің
белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп
ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі
жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік
баланс деп атаймыз.Оның сол жағында кәсіпорынның
активтері, ал оң жағында қорлану көздері,
яғни міндеттемелерімен меншікті капиталы
бейнеленеді.
Қорытынды есеп
Ұйымның қандайда
бір өткен уақыт аралығындағы, есепті
кезеңдегі операцияларының, шаруашылық
үдерістерінің қорытындыланып, белгілі
бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі
қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды
есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік
балансы, меншікті капиталының өзгерісі
туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі,
ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік
хаты және басқа да бухгалтерлік есеп
стандарттарында көрсетілген ақпараттық
мәліметтері кіреді.
3.1
Бухгалтерлік баланс туралы түсінік
2–тақырыптың
2.4. бөлімінде бухгалтерлік
Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады.
Баланс
жасау тәртібін «бухгалтерік баланс
және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың»
№2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік
есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996
жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР
Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп
және аудит методологиясы департаментінің
1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген
қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық
нұсқауы белгіленген.
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің
ресурстары мен олардың құралу көздерінің
жағдайын ақшалай формада және белгілі
бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік
жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі.
Баланста бұл екі категория–ресурстар
мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше
анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі
бухгалтерлік есептің классикалық:
Актив–пассивке
(міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі
болып табылады.
Активтер субъектісінің қолында не бар
екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік
және мүліктік емес жеке игілігімен құқын
көрсетеді. Міндеттеме дегеніміз–борышкердің
несие берушінің пайдасына белгілі бір
іс–қимыл жасау немесе одан бастарту
міндеті, ал несие беруші борышкерден
өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.
Субъектілерге
тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы
ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000
таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі
жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000).
Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің
жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке
айналады. Ол бастапқы баланс активті
мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік
береді.
3.1.Таблица.
Инвентатрлық тізім.
|
Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.
3.2. Таблица.
Бастапқы баланс.
|
Екінші жағдайда бастапқы ресурстар тек қана ақша қаражаттарынан емес, сондай–ақ қайыра құрылған субъектілер баланысындағы басқа да құндылықтардан: шикізаттар мен құрал жабдықтардан және т.б. құрылады.
Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге негізгі құралдар (құрал–жабдықтар және т.б.); банктен жұмысшылар мен қызметшілерге жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге алды делік; ал өнім берушілерден 140000 теңгеге шикізаттар мен материалдыр алды. Осы деректер негізінде мынадай формадағы таблица жасалынуы мүмкін.
|
Бұл жерде
шаруашылық ресурстары құрамы мен құралу
көздері жөнінен ірі топтарда
көрсетілген. Таблицада ресурстардың
жалпы сомасы шаруашылық ресурстары көздерінің
жалпы сомасына тең екні көрініп тұр. Басқаша
жағдай болуға тиіс те емес, өйткені ресурстардың
әрбір түсу фактілері екіжақты актіні
білдіреді: Біріншіден, материалдық мүліктің
(активтердің) тікелей түсуіне; екіншіден,
көздердің құралуын; жеке меншік ресурстары
болып табылатын бұларды тапсыру немесе
субъект ресурстарын уақытша банк несиесі
түрінде және есептеу кезінде туындаған
жағдай ретінде қабылдау.
Субъек ресурстарын таптау мен көрсетудің
мұндай тәсілін қолдану қажеттілігі мынадан
туындаған: ағамдағы бухгалтерлік есеп
бірінші кезеңде жекелеген сипатта фактілерді
бақылау мен жинақтауды қамтамасыз етеді,
ал қортындылаушы кезеңде шаруашылық
ресурстардың, олрадың көздерінің топталуы
мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат
түрінде қамтамасыз етеді.
Баланстың басқаша түрі өзге жағдайда, субъект банкрот алдында тұрғанда, яғни оны тарату мәселесі қойылғанда құрылады.
Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.
Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында бекітіледі.
Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін.
Шаруашылық
субъектісі өз балансының құрылу формасы
өзі таңдап ала алады.
Актвтегі немесе пассивтегі ресурстардың
әр бір элементі баланс статьялары («баптары»
деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты
оқу немесе талдау үшін баланс активті
мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке
статьяларға бөлінеді.
Баланс
статьяларының орындары белгілі
бір принциптерге бағынады. Баланс
статьяларының топтасуын
Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым жоғары жеделділікке қарай орналасады.
Сөйтіп,
белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының
кез келген түрі қайсы бір құн
ауқымы мен саипатталады. Осындай барлық
құн ауқымдарының жиынтығы сол ресурстардың
жағдайын көрсетеді, оның ақпараттық моделі
болып табылады. Ақпараттық модель, (үлгі)
қаржы ресурстарының жағдайы бухгалтерлік
баланс болып табылады.
Бухгалтерлік баланста
ресурстарды топтау субъектісінің шаруашылық
ресурстарының экономикалық саралауға
және осы ресерстардың құралу көздеріне
негізделінеді. Олар ресурстар мен шаруашылық
операцияларының экономикалық мазмұнын
жақсырақ көрсететіндей, сол арқылы субъектінің
қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы
балансты талдауды жеңілдететіндей тұрғыда
орналасады.
Баланстың сол жағы (формаға қараңыз)–актив
өзіне екі бқлімді қосып алады. І бөлім–«ұзақ
мерзімді активтер» ІІ бөлім «ағымдағы
активтер».