Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:24, отчет по практике
Мен, Хамитова Гүлнұр Әлібиқызы, 2012 жылдың 10 желтоқсаннан бастап, 2013 жылдың 10 қаңтар айының аралығында МҚКК « №2 АҚЕ» емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өтуге келдім.
Мұнда келген мақсатым: есепшіге байланысты құжаттармен танысып, оны қолмен, бухгалтерлік бағдарламалар бойынша есептеуді, касса жұмыстарымен танысып, сондай – ақ колледжде өзімнің есепші мамандығым бойынша алған білімімді теория жүзінде дәлелдеп, тәжірибе арқылы білімімді толықтырып, жетілдіре түстім.
Кіріспе бөлім...............................................................................................................3
I. Негізгі бөлім.....................................................................................................4-18
2.1 МҚКК «№2 АҚЕ » емханасына жалпы сипаттама беру...............................4-5
2.2 Есеп бөлімінің ережелері....................................................................................6
2.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік..................................................................7
2.4 Касса кітабы.........................................................................................................8
2.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік..........................................9
2.6 Жүк құжаты туралы түсінік..............................................................................10
2.7 Шот фактура туралы түсінік.............................................................................11
2.8 Жалақы туралы түсінік...............................................................................12-14
2.9 Табель туралы түсінік......................................................................................15
2.10 Есеп төлем тізімдемесі....................................................................................16
2.11 Айналым-сальдолық ведомості......................................................................17
2.12 Бұйрық..............................................................................................................18
II. Қорытынды бөлім............................................................................................19
III. Қолданылған әдебиеттер................................................................................20
Жанама – кесімді жүйе
жабдықтарға және жұмыс орындарына
қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек
өнімділігін өсіруге
Аккордық жүйеде орындалатын
жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп,
бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу
мерзімін көрсету арқылы бағаланады.
Жұмысты орындауға наряд
Табель
«ҚР Еңбек туралы» заңының 45 – бабына сәйкес қызметкер жеке кңбек келісімшартындағы еңбек міндеттерін орындайтын уақыт жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 4 5сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келісімшартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытынң ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін
Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалуы есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі қолданылады. Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уакілетті тұлғаға бір данадан беріледі.
Табельді тиісінше рәсімдегеннен
кейін оны кәсіпорын
еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады. Табельде еңбекақыны төлеу формасына қарамастан барлық қызметкерлердің аты – жөні еңгізіледі.
Табельде жұмыс уақытын
пайдалану есебі қызметкердің жұмысқа
келгенін келмегенін тіркеп отыруы арқылы
(күн сайын) тіркеу әдісімен, не қызметкедің
жұмыс уақытында жұмысқа
Табельге қызметкердің жұмысқа келмеу себебін жұмыс уақытын толық істемеу себебін, мезгілден тыс жұмыс істеу туралы және қалыпты жұмыс уақытында жұмыста болмау себептері тиісінше рәсімделген құжаттар негізінде белгіленеді.
Мезгілден тыс жұмысқа кеткен есебі бұл жұмысты орындалған тұлға тізімінде жүргізіледі. Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды және оған қол қояды. Соның мезгілден тыс нақты істелінген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі қояды.
Жұмысқа жаңа қабылданған
әрбір қызметкерге жеке карточка
толтырылып, оған өзінің жеке табельдік
нөмірі жазылады. Бұйрық негізінде
немесе кәсіпорын басшысының өкімімен
бухгалтерия әрбір қызметкерге
дербес шот ашады. Онда қызметкердің
анықтамалық деректері
Еңбек ақы төлеу жөніндегі есептеу-төлеу тізімдемесі
Еңбек ақы төлеу жөніндегі есептеу-төлеу тізімдемесі жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлер, сондай-ақ шаруашылық операцияларын есепке алу кітабының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар қолданады. Есеп айырысу тізімдемесі қызметкерлермен еңбек ақы төлеу жөніндегі есеп айырысуларды есепке алу үшін, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қызметкерлердің еңбек ақы төлеу сомасынан міндетті жарналар мен аударымдардың сомаларын анықтау үшін арналды. Есептеу-төлеу тізімдемесі шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлеріне жалақыны беруді ресімдеу үшін арналды. "Есептелгені" деген бағанда қызметкерлерге орындалған жұмыс үшін еңбек ақы төлеу жөніндегі есептелген сомалар көрсетіледі және "Ұсталғаны" деген бағанда еңбек ақы төлеу жөніндегі есептелген соманың ұсталуы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының және басқаның жеке тұлғаларынан жеке табыс салығы) бір уақыты көрсетіледі.
«№2 АҚЕ» емханасында еңбек ақы төлеу жөніндегі есептеу-төлеу тізімдемесін толтыру тәртібі мынадай: ең алдымен мекеменің толық аты жазылады, содан кейін дәрігердің жұмыс істейтін бөлімі және ауысымы көрсетіледі. Толтырылған күні, қолына алатын сомасы және бас дәрігер мен бас есепшінің қолдары қойылады.Төлем тізімдемесінің нөмірі, реттік нөмірі, табелдің нөмері, дәрігердің толық аты-жөні, алатын сомасы көрсетіледі.Астына төлем тізімдемесін толтырған адам және оны тексерген адам қолын қояды.
Субъектінің өндірістік-шаруашылық
іс-әрекетін басқару және бухгалтерлік
есептің дұрыс жүргізілуін
Айналым-сальдолық
Айналым сальдолық тізімдемені мекеменің кіріс, шығыс қозғалыстарының банктік есеп (выписка) арқылы толтырылады.
Айналым сальдолық тізімдемесінің толтырылуынын мақсаты мекенің қаржылық жағдайын бақылап, біліп отыру үшін.
Бұйрық - жетекшінің мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орынадауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбаша да беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты екі топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты және оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойылған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі.
Бұйрықтар мекемеге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Мысалға айтсақ қызметкерді қабылдау бұйрығы, қызмет жоғырылау туралы бұйрығы, жұмыстан босатылу бұйрығы, сыйақы бұйрығы және тағы басқа бұйрық түрлері болады.
Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс – әрекеттеріне және қызметтеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға:мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік – шаруашалықтың және маңызды бағыттағы мәселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруді, сақтауда нақтылы талаптар қойылады. Бұйрықтар жобасын дайындауға реквизиттер құрамы толық болуы тиіс және безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген белгіленген тәртібі бойынша жүргізіледі.Бұйрыққа қол қойылған соң, ол тіркеуге алынады да түп нұсқасы немесе көшірмесі, үзіндісі бұйрықты орындаушыға беріледі және оларға бақылау жасалады. Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі, ол оның мәтіні болып табылады. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады.
Қорытынды
Мен, Хамитова Гүлнұр Әлібиқызы, 2012 жылдың 10-шы желтоқсанынан бастап 2013 жылдың 10-шы қаңтары аралығында МҚКК «АЕҚ №2» емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өттім. Іс-тәжірибенің алғашқы күндері емхана қызметімен, қаржылық жағдайымен, қызметінің негізгі бағыттарымен, есеп-қисап, қаржы бөлімдерімен таныстым. Танысу барысында емхананың жарғысы мен есеп саясатын пайдаландым. Осыдан кейін емхананың есеп бөлімімен, оның қызметтерімен және де көптеген бухгалтерлік құжаттармен, яғни бухгалтерлік бас кітап, кассалық кітап, бухгалтерлік баланс, кіріс және шығыс касса ордерлері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, жалақы мен жеке табыс салығы, айналым тізімдемесін, сонымен қоса есеп төлем тізімдемесін жазып, толтырып үйрендім.
Бухгалтерлік бас кітап — жыл бойына жинақтамалы есеп жүргізуге арналған бухгалтерлік есеп тізбесі.
Касса кітабы– кәсіпорынның қолма-қол ақшасы қозғалысын есептеу үшін бекітілген нысандағы тізімдік.
Кіріс касса ордері - кассаға қолма-қол ақша кірген кезде толтырылатын құжат.
Шығыс касса ордері – кассадан қолма-қол ақша берілген кезде толтырылатын құжат.
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі.
Жүкқұжат — бухгалтерлік есеп құжаты.
Шот-фактура несиегер борышқорд
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал.
Есептеутөлеу тізімдемесі - шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлеріне жалақыны беруді ресімдеу үшін арналған құжат.
Айналымдық тізімдемесі бұл - шоттардағы айлық қалдықтар мен айналымның жиынтық сомасы көрсетілетін тізімдемесі болып табылады.
Дюсембаев К.Ш. Қаржылық есептемені талдау. Алматы:Экономика, 2011ж.
ҰҚЕС Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі. / бухгалтер анықтамалығы №2 2007 Алматы ИД БИКО.
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет
"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Бухгалтерлік есеп «басынан бастап балансқа дейін». Проскурина В.П. Оқулық / -Алматы 2010.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі Бухгалтерлік есеп. Назарова В.Л. Оқулық / - Алматы. Экономика, 2005
«Кәсіпорын экономикасы» , Жолдасбаева
«Жалпы экономикалық теория», Шеденов
~ ~