Отчет по практике в МҚКК «№2 АҚЕ»

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:24, отчет по практике

Описание работы

Мен, Хамитова Гүлнұр Әлібиқызы, 2012 жылдың 10 желтоқсаннан бастап, 2013 жылдың 10 қаңтар айының аралығында МҚКК « №2 АҚЕ» емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өтуге келдім.
Мұнда келген мақсатым: есепшіге байланысты құжаттармен танысып, оны қолмен, бухгалтерлік бағдарламалар бойынша есептеуді, касса жұмыстарымен танысып, сондай – ақ колледжде өзімнің есепші мамандығым бойынша алған білімімді теория жүзінде дәлелдеп, тәжірибе арқылы білімімді толықтырып, жетілдіре түстім.

Содержание

Кіріспе бөлім...............................................................................................................3
I. Негізгі бөлім.....................................................................................................4-18
2.1 МҚКК «№2 АҚЕ » емханасына жалпы сипаттама беру...............................4-5
2.2 Есеп бөлімінің ережелері....................................................................................6
2.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік..................................................................7
2.4 Касса кітабы.........................................................................................................8
2.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік..........................................9
2.6 Жүк құжаты туралы түсінік..............................................................................10
2.7 Шот фактура туралы түсінік.............................................................................11
2.8 Жалақы туралы түсінік...............................................................................12-14
2.9 Табель туралы түсінік......................................................................................15
2.10 Есеп төлем тізімдемесі....................................................................................16
2.11 Айналым-сальдолық ведомості......................................................................17
2.12 Бұйрық..............................................................................................................18
II. Қорытынды бөлім............................................................................................19
III. Қолданылған әдебиеттер................................................................................20

Работа содержит 1 файл

Хамитова Гульнур.docx

— 65.06 Кб (Скачать)

Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым  салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің  күнi көрсетіле отырып, "Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге және мемлекеттік  мекеменің кассалық операцияларды  жүргізу бойынша уәкілетті тұлға  мен бас бухгалтерiнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қойылған қолымен расталуға тиiс.

Күн сайын, жұмыс күнiнiң  аяғында мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғасы бiр  күнге операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге кассадағы  қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп  екiншi жыртылмалы парақты (кассалық кiтаптағы  бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерлiк  қызметке берiп, кассалық кiтапқа қол  қояды. Сонымен бiрге кассадағы  қолма-қол ақша қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол ақшамен салыстырады.

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші  субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.

 

Кіріс және шығыс  кассаордерлері туралы түсінік

 

    Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады. Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ШКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса   қызметкері   осы   күрсетілген   құжаттарда   берілген,   яғни   жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса  ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жәрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кәсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

 

 

 

 

                                            Жүк құжат

 

Жүкқұжат —  бухгалтерлік есеп құжаты. Құны шот-фактура бойынша төленгенге дейін немесе төленгеннен кейін тауар сатушыдан сатып алушыға осы жүкқұжат бойынша табысталады. Жүкқұжатта тауардың түрі‚ саны‚ бағасы‚ құны көрсетіледі. Жүкқұжатқа табыстаушы және қабылдаушы тараптардың қолдары қойылады‚ ол тауарларды қоймаға кіріске алу және есепке қою үшін негіз болып табылады. Құжаттардың бұл тұрпатына коносамент те жатады. Құқықтық мазмұны мен нысаны  тұрғысынан  алғанда коносамент бағалы қағаз немесе қатаң есептемелік қағаз болып табылады.Жүкқұжаттар: тауар жүкқұжаттары‚ тауар-көлік жүкқұжаттары‚ әуе жүкқұжаттары, тағы сондай сияқты болып бөлінеді.

Әр мекеме жүкқұжатты өзінің алатын тауарына байланысты және атқаратын  қызметіне сай толтырады.

Мысалы,   «№2 Ақтау қалалық емханасы»   «СК-Фармация» ЖШС дәріханасымен келісім шарт жасасқан. Сол келісім бойынша емханаға қажет дәрі-дәрмектерді жүкқұжат арқылы алады. Жүкқұжатта келісім шарттың нөмірі, берілген күні және дәрінің немесе емханаға қажетті құралдың толық аты көрсетілуі тиіс. Сол сияқты дәрінің мөлшері, саны, бағасы және жалпы сомасы көрініс табады. Оған жүкті жіберуші адам мен қабылдап алған қоймашы қолдарын қояды.      

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

                                                   Шот-фактура

 

Шот-фактура — бастапқы бухгалтерлік есептің қосымша ресми есеп-бақылау құжаты. Мазмұны жағынан, шот-фактура несиегер борышқордың атына ресімдейтін, олардың арасындағы шарт қатынастарының болғандығын және борышқордың ақшалай міндеттемелері сомасын куәландыратын, сондай-ақ тиісті шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен салық бақылауы үшін қажетті ақпараттар тұратын шот болып табылады. Шот-фактура қосылған құн салығын төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады, салық органдары осы құжаттың негізінде салықтың бюджетке дұрыс және толық төленгенін бақылайды. Шот-фактураның толтырылмағаны және пайдаланылмағаны үшін жауапкершілік салық заңнамасымен реттеледі.

Шот-фактура -  ұялы байланыс қызметтерінің іс жүзінде көрсетілгенін және олардың құнын растайтын құжат.Шот-фактура өткен айдағы сұхбаттар сомасына – айдың 1-30/31 күндеріндегі мерзімге беріледі.Жылдық шот-фактуралардың жаппай жолданымдары әр айдың басында жүргізіледі.

 Шот-фактураға жіберуші және қабылдаушы  мекемелерінің толық мағлұматтары беріледі. Шот-фактурада бір айға пайдаланылған жылу жүйесінің, ыстық және суық судың сомасы көрсетілген.

 Мысалы: БИН – і, РНН- і, толық мекен-жайы, келісімшартының нөмірі, берілген күні, банктің аты және оның банкідегі есеп шоты, байланыс телефон, факс телефондары көрсетіледі және оған бас дәрігер, бас есепші қолдарын қояды, мөр басылады.

 Шот-фактурдың астына міндетті түрде  нөмірленген акті берілген күні көрсетіліп, пайдаланған қызметтің сомасы жазылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Жалақы 

 

Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номаиналды және шынай түрлері болады.

Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады. 
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепшіболады. 
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері: 
1.Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау; 
2.Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу; 
3.Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу; 
4. Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу; 
5. Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу; 
6. Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу; 
7. Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;

Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен  жүйелері 
Жалақы екіге бөлінеді: 
-негізгі; 
-қосымша;

Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді: 
- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы; 
- қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме; 
- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі); 
- кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы; 
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; 
- мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; 
- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы; 
- жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер; 

 

Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер: 
- балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы; 
- жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем; 
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем; 
- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем; 
- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы; 
- шыққанда берілетін жәрдем ақы;

Қызметкерлер жалақыдан  басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары  есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінідегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамын а жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немес натуралды нысандары     есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады. 
Кәсіпорынның жосарымен (болжамымен) белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге  нақты төленуге тиісті жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар: 
1-нысаны – мерзімдік; 
2-нысаны – кесімді;

Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады: 
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды; 
2. Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес; 
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі; 
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу; 
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін; 
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек  жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің  тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады: 
- Сағаттық; 
- Күндік ақы; 
- Айлық ақы;

Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің5 жүйесі бар:  
1.Тікелей кесімді жүйе; 
2.Кесімді- сыйақылақ жүйе; 
3.Ілгерішіл – кесімді жүйе; 
4.Жанама – кесімді жүйе; 
5.Аккордық жүйе; 
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.

Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.

Ілгерішіл – кесімді төлемде  өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша  төлеу көзделген. Ал нормадан тыс  бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар  бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).

Информация о работе Отчет по практике в МҚКК «№2 АҚЕ»