Отчет по практике в МҚКК «№2 АҚЕ»

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:24, отчет по практике

Описание работы

Мен, Хамитова Гүлнұр Әлібиқызы, 2012 жылдың 10 желтоқсаннан бастап, 2013 жылдың 10 қаңтар айының аралығында МҚКК « №2 АҚЕ» емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өтуге келдім.
Мұнда келген мақсатым: есепшіге байланысты құжаттармен танысып, оны қолмен, бухгалтерлік бағдарламалар бойынша есептеуді, касса жұмыстарымен танысып, сондай – ақ колледжде өзімнің есепші мамандығым бойынша алған білімімді теория жүзінде дәлелдеп, тәжірибе арқылы білімімді толықтырып, жетілдіре түстім.

Содержание

Кіріспе бөлім...............................................................................................................3
I. Негізгі бөлім.....................................................................................................4-18
2.1 МҚКК «№2 АҚЕ » емханасына жалпы сипаттама беру...............................4-5
2.2 Есеп бөлімінің ережелері....................................................................................6
2.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік..................................................................7
2.4 Касса кітабы.........................................................................................................8
2.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік..........................................9
2.6 Жүк құжаты туралы түсінік..............................................................................10
2.7 Шот фактура туралы түсінік.............................................................................11
2.8 Жалақы туралы түсінік...............................................................................12-14
2.9 Табель туралы түсінік......................................................................................15
2.10 Есеп төлем тізімдемесі....................................................................................16
2.11 Айналым-сальдолық ведомості......................................................................17
2.12 Бұйрық..............................................................................................................18
II. Қорытынды бөлім............................................................................................19
III. Қолданылған әдебиеттер................................................................................20

Работа содержит 1 файл

Хамитова Гульнур.docx

— 65.06 Кб (Скачать)

                                                Мазмұны

 

Кіріспе бөлім...............................................................................................................3

  1. Негізгі бөлім.....................................................................................................4-18               

2.1 МҚКК «№2 АҚЕ » емханасына жалпы сипаттама беру...............................4-5 

2.2 Есеп бөлімінің ережелері....................................................................................6

2.3 Бухгалтерлік баланс туралы түсінік..................................................................7

2.4 Касса кітабы.........................................................................................................8

2.5 Кіріс және шығыс касса ордерлері туралы түсінік..........................................9

      2.6 Жүк құжаты туралы түсінік..............................................................................10

2.7 Шот фактура туралы түсінік.............................................................................11

2.8 Жалақы туралы түсінік...............................................................................12-14

2.9 Табель туралы түсінік......................................................................................15

2.10 Есеп төлем тізімдемесі....................................................................................16

2.11 Айналым-сальдолық ведомості......................................................................17

2.12 Бұйрық..............................................................................................................18

  1. Қорытынды  бөлім............................................................................................19
  2. Қолданылған әдебиеттер................................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе

 

Мен, Хамитова Гүлнұр Әлібиқызы, 2012 жылдың 10 желтоқсаннан бастап, 2013 жылдың 10 қаңтар айының аралығында МҚКК « №2 АҚЕ» емханасының есеп бөлімінде оқу өндірістік тәжірибеден өтуге келдім.

          Мұнда келген мақсатым: есепшіге  байланысты құжаттармен танысып,  оны қолмен, бухгалтерлік бағдарламалар  бойынша есептеуді, касса жұмыстарымен  танысып, сондай – ақ колледжде  өзімнің есепші мамандығым бойынша алған білімімді теория жүзінде дәлелдеп, тәжірибе арқылы білімімді толықтырып, жетілдіре түстім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

                          

                               «№2 Ақтау қалалық емханасы»

                      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

          Алғашқы медициналық – санитарлық  көмек денсаулық сақтау жүйесінің  орталық буыны бола тұра, оның  бастапқы негізін , сондай- ақ  еліміздің жалпыға ортақ әлеуметтік  – экономикалық дамуын құрайды.  Алғашқы медициналық – санитарлық  көмек халық денсаулығын қорғаудың  үздіксіз процесінің алғашқы  кезеңінен бастап барынша сауықтыру,  алдын – алу, емдік және  оңалту қызметтерін  ұсынады.

         

№2 қалалық емхана ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі емдік  – профилактикалық мекемелерінің  құрылымында алғашқы буынды құрап, халыққы ҚР Конституциясымен кепілдендірілген алғашқы медициналық –санитарлық  көмек көлемін тегін көрсетуді  толықтай қамтамасыз етеді.

       

  Ақтау қалалық емханасы  үлгілік ғимаратында орналасқан, ауысымда 620 адамды қабылдауға есептелген. Қызмет көрсетілген халықтың  саны       84 582 адам.

        Келесі  қызметтер жұмыс істейді:

  • терапевтикалық бөлімдер
  • хирургиялық қызмет құрамында келесі мамандар бар: хирург, травматолог, уролог, окулист, отоларинголог, эндоскопист;
  • акушер – гинекологиялық бөлім   мамандандырылған кабинеттермен жабдықталған – жанұя жоспарлау, жүктілікті аяғына дейін жеткізу, жатыр мойнағы патологиясы
  • терапевтикалық сала мамандар бөлімі – кардиологтар, европатологтар, ревматолог, гастроэнтеролог, эндокринологтар.        

 

Емханада күндізгі стационарлар жұмыс жасайды:

 

  • терапевтикалық
  • гинекологиялық
  • хирургиялық

Көрсетілетін қосымша  қызметтер түрлері:

  • клиникалық – диагностикалық зертхана клиникалық, биохимиялық, серологиялық, цитологиялық зерттеулерді жүзеге асырады.
  • сәуле диагностикасы бөлімі қазіргі заманға сай рентгенологиялық және УДЗ аппаратурасымен жабдықталған.
  • функционалдық диагностика кабинеті.
  • орталықтандырылған диспансерлеу кабинеті.
  • орталықтандырылған  егу кабинеті.
  • медициналық статистика кабинеті.

 

«№2 Ақтау қалалық емханасы» МКҚК амбулаторлық-емханалық көмек көрсетіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2136 «Тегін дәрігерлік жәрдемді кепілдік берілген көлемнін көрсетулері ережелерін бекітуі  туралы» қаулысына сәйкес, халыққа  кепілдірілген тегін медициналық  көмек көрсету көлемін мынандай түрлерімен қамтамасыз етеді: 

  • бастапқы медициналық-санитарлық 
  • білікті 
  • мамандандырылған 
  • стационар алмастырулық көмек 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек терапевттер, акушер-гинекологтар және дәрігер мамандармен азаматтардың тіркелген орындары бойынша үәкілетті  органның анықтауымен көрсетіледі. Емхана көлемі 4404 ш.м., жоспарлы қуаттылығы ауысымына 620 адам қабылдау, нақты қуаттылығы 1200 адамды қабылдау. Жұмыс мерзімі 8.00 ден – 20.00 дейін. Күндізгі стационар 30 орынға жабдықталған, екі ауысымды мерзіммен 60 орынды келесі салалар  бойынша:

- терапевтикалық  сала - ауысымда 15 орын  
- хирургиялық сала – ауысымда 5 орын  
- акушер-гинекологиялық сала – ауысымда 10 орын

Көрсетілетін қызметтер түрлері:

  • мамандардың қабылдауы
  • зертхана
  • диагностикалық зерттеулер, соның ішінде УДЗ эндоскопиялық зерттеулер/li>
  • R- зерттеулер
  • жалпы клиникалық емшаралар
  • офтальмологиялық емшаралар
  • психотерапевтикалық емшаралар
  • алдын алу иммунизациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Есеп бөлімінің ережесі

 

Есеп бөлімінің ережесі 7 бөлімнен тұрады:

  • Жалпы ереже
  • Негізгі қызмет
  • Кәсіпорын құрылымы
  • Фукциялар
  • Құқық
  • Жауапкершілік
  • Басқа құрылымдармен  қарым – қатынас тәртібі

 

Ереже қабылданғаны жөнінде  басшы, бас есепші, инжененер қол  қояды.

 

Жалпы ереже бөлімінде  әрбір есепшінің жалпы міндеттері жазылған. Жалпы ережеде жазылғандай  әрбір есепші МҚКК «№2 АҚЕ » емханасының бас дәрігеріне және бас есепшіге бағынады.

Есеп бөлімі ҚР Президентінің  қабылдаған заңдарына сәйкес жұмыс  жасайды.

Негізгі бөлім де есепші бөлімініңнормалық құжаттармен жұмыс жасау керектігі жазылған. Салық, қаржылық есеп беру нормалық құжаттар арқылы рәсімделеді.

Кәсіпорын құрылымын басшы  бекітеді және штаттық кесте жұмыс  уақытына байланысты жазылады.

Есеп бөлімінің фукцияларына қаржы, еңбек, негізгі  құралдарын есептеу, салықты уақытында аудару, жаңа технологияларды  пайдалану және т.б болып табылады.

Есеп бөлімінің құқық  ережесі кәсіпорын жарғысына  байланысты жазылады. Құқық ережіесін  бас есепші құрады.

Жауапкершілік.Әрбір есепші өзінің жасаған жұмысына жауапты болып табылады. Ең басты жауапкершілік бас есепшіге жүктеледі.

Басқа құрылымдармен қарым  қатынас кәсіпорынның есеп саясатына  байланысты жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

                                     Бухгалтерлік баланс туралы түсінік

 

  Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады.Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР  Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген. 

  Баланс дегеніміз – бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізг ібухгалтерлік есептің классикалық:

   Актив–пассивке (міндеттемелер+жекеменшік капитал) теңдеуі болып табылады. 
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігі мен құқын көрсетеді.

   Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.

  Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.

  Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.

  Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына ба  ғындырылған. Субъектінің бағыныштылығына  қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.

  Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі.

  Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.

  Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны мен мақсаты бойынша ерекшелене алады екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында бекітіледі. 

 Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін. Шаруашылық субъектісі өз балансының құрылу формасын өзі таңдап ала алады.

                                                 

                                     Касса кітабы

Касса кітабы– кәсіпорынның қолма-қол ақшасы қозғалысын есептеу үшін бекітілген нысандағы тізімдік. Онда әрбір кіріс пен шығыс операциясы бойынша кассалық ордердің нөмірі‚ ақшаның кімнен алынғаны немесе кімге берілгені‚ оның сомасы жазылады. Ол нөмірленген‚ бау тағылған‚ сүргішті мөр басылған болуға тиіс; беттердің саны бастық пен бас (аға) бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассир екі дана етіп (көшірме қағаз арқылы) толтырады‚ біріншісі кітапта қалып‚ екіншісі жыртылады. Кассир касса кітабы бойынша күн сайын бір күнгі ақшаның кірісі мен шығысын қорытындылап‚ оның кассадағы қалдығын келесі күнге ауыстырады,   сөйтіп жыртылмалы парақты кіріс және шығыс құжаттарымен бірге есептелінеді де бухгалтерияға табыстайды.

Әрбiр мемлекеттiк мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi немесе мастикалық мөр басылған тек бiр ғана кассалық кiтапта  жүргiзедi. Кассалық кiтаптағы парақтардың  саны басшының, бас бухгалтердің немесе осы мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк  есебiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi басқаратын тұлғаның қолымен расталады.

Кассалық кiтаптағы жазу көшiрме қағаз арқылы 2 дана етiп  жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылады және мемлекеттік мекеменің  кассалық операцияларды жүргізу  бойынша уәкілетті тұлғаның есеп беруiне керек болады. Парақтардың  бiрiншi даналары кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей нөмiрлермен нөмiрленедi.

Информация о работе Отчет по практике в МҚКК «№2 АҚЕ»