Отчет о прохождений практики в АО «АТФ Финанс»

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:04, отчет по практике

Описание работы

Компания көрсететін қызметтер:
- қаржы құралдарымен операциялар: құнды қағаздар, ақша нарығы құралдары, туынды құралдар, құрылымдық ноталар және т.б.;
- клиенттің құнды қағаздарын дербес немесе эмиссиялық консорциум құрамында шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсету;
- «Қазақстандық қор биржасы» АҚ сауда жүйесінде құнды қағаздарға деген екіжақты баға белгілеуді қамтамасыз ету бойынша маркет-мейкер қызметтері;
- сараптамалық қызмет, құнды қағаздар, эмитенттер, сауда нәтижелері туралы және құнды қағаздар нарығы туралы жалпы хабар беру, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы жағдай туралы жүйелі сараптамалық шолулармен қамтамасыз және Клиент тапсырысына сәйкес арнайы есеп берулерді дайындау;
- Құнды қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша консалтинг.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………2
АО «АТФ Финанс»
2.1Ұйымның бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясатын қарастыру…………….3
Меншікті капиталдың есебі……………………..6
Кәсіпорынның ақшалай қаражаты………………….9
Касса операцияларының есебі……………….10
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі………………………..…….11
Дебиторлық борыштар есебі……………………….13
Бағалы қағаздар есебі……………………………….15
Міндеттемелер есебі…………………………………18
Банкжәне банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі………………………………19
Кәсіпорынның таза табысты бөлу тәртібі………...21
Қорытынды………………………………………….…23
Пайдаланылған әдебиеттер…………………….….24

Работа содержит 1 файл

Отчет о прохождений практики.docx

— 53.24 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3.Кәсіпорынның ақшалай қаражаты 

Кезкелген Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар  ақшалармен есеп айырысу операцияларын  Қазақстан Республикасының ҰлттықБанк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылыесеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толықжәне уақытылы дер кезінде есептеу;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
  • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
 

     Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада  міндемелерді өтеу үшін төлем жасауға  қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың  кассасындағы, есеп айырысу және валюталық  шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшалардан құрылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшалардың қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.  
 

3.1.Касса операцияларының есебі 

     Кәсіпорында жүргізілетін ақшалай қаражат айналымы бухгалтерлік есеп стандартының «ақшалай қаражаттары-1000»бөлімінде және мынадай бөлімшелерде жүзеге асады:

     -  «кассадағы теңгемен  ақша қаражаты  – 1010»

     -  «кассадағы валютамен  ақша қаражаты  – 1020»

     -  «жолдағы теңгемен  ақша қаражаты -1030»

     -  «ағымдағы банкттік  шоттардағы тенгемен  ақша қаражаты  – 1040» 
 
 

     Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялардың  мазмұны Дебиттелген шот Кредиттелген  шот
1 Түсуге тиіс дебитторлық борыш сомасы кәсіпорынның кассасына кіріске алынады 1010,1020 1210
2 Жұмысшылар  мен қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кәсіпорынның кассасына  қайтарылады 1010,1020 1251
3 Алынуға тиісті жол төлемі кәсіаорынның кассасына  кіріске алынады 1010,1020 1260
4 Есеп айырысу  шотынан кәсіпорынның кассасына  алынған сомалар 1010 1040
 
 
 
    1. Есеп  айырысу шоты бойынша  жүргізілетін операциялар  есебі
 
 

      Кәсіпорындар  мен ұйымдар өздерінің ақшаларын  сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

  • Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш
  • Кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі
  • Кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөртаңбасы басылғанарнаулы үлгідегі карточка және басқа да құжаттар

        Кәсіпорынның басқа да кәсіпорындар  мен ұйымдарға төлейтін әдетте  қолма-қол ақшасыз есеп айырысу  щотынан төленеді. 
 

Есеп  айырысу шотындағы  ақшалар шоты бойынша  жүргізілетін операциялар 

Операциялардың  мазмұны Дебиттелген шот Кредиттелген шот
1 Сатып алушылардан  жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске  алынды 1040 1210
2 Есеп айырысу  шотына кәсіпорынның жарғылық қорын  толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома 1040 5020
3 Есеп айырысу  шотына кассадан келіп кіріске алынған  сома 1040 1010
4 Ағымдағы айдың  қысқа мерзімді жалдық міндеттемесі есеп айырысу шотынан төленді 7110,7210, 8047 1040
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4.Дебиторлық борыштар есебі 

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың басқа да заңды  немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары  – дебиторлық борыштар деп аталады. Осы кәсіпорындарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып саналады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың  есебі «Алынуға тиісті борыштар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

     Қорытындылап  айтатын болсақ дебиторлық борыш  дегеніміз бұл – иелік ету  құқығын қосқандағы заңды құқықтарымен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

     Дебиторлық  борыштар келесідей бөлімдерден  тұрады:

  • «сатып алушылар мен тапсырыс беру борышы»
  • «күдікті қарыздар бойынша резервтер»
  • «еншілес серіктестіктіктердін дебиторлық борышы»
  • «басқа да дебиторлық борыш»
  • «алдағы кезең шығындары»
  • «берілген аванстар»

    Яғни, осы жоғарда аталған баптар бойынша

кәсіпорындар  мен ұйымдардың  басқа заңды  немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борыш болып табылады. 

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары  шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялардың  мазмұны Дебиттелген шот Кредиттелген  шот
1 Тиіп жіберілген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы 1210 6010
2 Борыш сомасы бұрын  алынған аванс сомасынан шегерілді 3510 1210
3 Сатып алушы  және тапсырыс берушілерден есеп айырысу  шотына келіп түскен сома 1040 1210
4 Сатылған тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексел 1280 1210, 2120

                                       5.Бағалы қазардар

Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың  құнды қағаздарын  (акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып  алуға, депозитке салған тағы басқа) сатып алуға жұмсалған қаржылар жатқызылады.

     Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол –  бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты.

     Іс  жүзінде акция, облигация және басқа да құнды қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

     Эмитенттің  кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей үш түрге  бөлінеді:

  • Мемлекеттік;
  • Муниципалдық;
  • Корпоративтік.

Мемлекеттік құнды қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан республикасын Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағазболып табылады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

  • Ұлттық жинақ облигациялары;
  • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);
  • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

Муниципалдықбағалы  қағаздар – бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланытын атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Құнды қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауруханалар салуүшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы басқадай аймақтық әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздар.

     Атқаратын қызметіне және рөліне  байланысты құнды қағаздар мынадай  үш топқа бөлінеді:

  1. Негізгі (акция, облигация);
  2. Көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
  3. Туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары).

Акция дегеніміз–кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да бір акционерлік қоғамды дамытуүшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бірбөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құндықағаз болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Жәй акциялар;
  • Артықшылығы бар акциялар.

Облигация дегеніміз -  оның иесінің ақша салғандығын куәләндыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағазболып табылады.

      Ескертетін  бір жағдай кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің салған қысқа мерзімді қаржы салымы негізінде шығын  шегуі қаржы салымының қор  биржаларындағы немесе биржадан тыс  нарығындағы ағымдағы құны кеміген  жағдайда ған болу мүмкін. 

Қаржы салымдары (инвестициясы) шоты бойынша жүргізілетін операциялар 

Операциялардың  мазмұны Дебиттелген шот Кредиттелген  шот
1 Сатылып алыну  құны бойынша акциялар кіріске алынды 1150 3310,

3370,

1040

2 Берілген материялдық  құндылықтар үшін сатып алу құны бойынша кіріске алынған акциялар 1150 1317,

1312,

1311

3 Акция үшін есептелінген дивидент сомасы 1270 6120
4 Сатып алынған  облигациялар және басқа да құнды  қағаздар 1130,1150 1050

Информация о работе Отчет о прохождений практики в АО «АТФ Финанс»