Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 23:57, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алды. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі стандартында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабында, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Шығындар және оларды жіктеу...........................................................................4
Шығыстың шығыннан айырмашылығы........................................................4
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.................................6
II. Өндірістік шығындардың есебі.......................................................................8
2.1. Шығындарды топтастыру мен бөлу.........................................................8
2.2. Өнім өндірісіне шығындардың есебі........................................................4
III. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................16
3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....16
3.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.....................21

Қорытынды..................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................29

Работа содержит 1 файл

Курсавой ШЫГЫНДАР ТУСИНИГИ.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік  құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.

Өнімнің өзіндік құлына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:

  • цехтың - тікелей шығындар мен жалпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
  • өндірістік - цехтық өзіндік күн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
  • толық өзіндік құн - коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріс пен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.Сатуға өндірілген және дайындалған өнімнің толық өзіндік құнын мынадай формуланы пайдаланып есептеуге болады:

Жұмыс күшіне тікелей  шығындар + материалдар + қосымша

шығыстар = Өндірістік өзіндік кұн + Өткізу шығындары + Әкімшілік

шығыстары = рентабельділік % толық өзіндік құны = Сатылым (келісімшарттық) құны.

Жеке және орта салық  өзіндік құн бөлінеді. Жеке өзіндік  құн нақты кәсіпорынның өнім шығару жөніндегі шығындарын; орташа салалық - сала бойынша бұл бұйымды өндіруге шыққан орташа шығындарды сипаттайды. Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. «Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін боларлық шығындар кіреді. Нақты өзіндік құн шыққан өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.          Калькуляциялағанда шығындар есебінің объектілері мен өнімнің өзіндік   құнының   калькуляциясын   дұрыс   белгілеу   маңызды.   Кәсіпорын

өндіріске кеткен шығындарға аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер шығын есебінің объектілері болып  табылады. Кәсіпорын калькуляциялайтын  өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсететін қызметтің түрлері калькуляция объектілері болып шығады.                                                                                       Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне (формасына) қарамастан, белгілі бір принциптерге сәйкес ұйымдастырылады.                                                                                                                                     Шығын есебінің объектісі - өзіндік құнды басдару мақсаты үшін өндірістік шығыстарды топтастыратын белгі.                                                                                                          Көп мақсатты есеп жүйесінде есеп объектісінің екі тобын бөледі: жауапкершілік орталықтары мен өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын есебі объектілеріне: шығын пайда болған орындар, жауапкершілік орталықтары, шығын баптары, өндірістік қызмет факторлары, біртекті өнім түрлері немесе топтары жатады.

Шығын есебі  объектілері бойынша топтасқан ақпарат басқарма талаптарына сай келуді және бітпеген өндіріс пен дайын өнім арасындағы шығындарды бөлуге және барлық шығарылғандардың да, кейбір өнімдерді де калькуляциялау үшін де негіздеме болып қызмет етуге тиіс.

Калькуляциялау объектісі - белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілетін қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.                                                                                                                              Калькуляциялау объектілерінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.                                                                                          Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салаларында бітпеген өндіріс болмаса (мысалы, энергетика, мұнай және т.б.), шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді.                                                                                                         Бұл жекелеген данамен, шағын сериялармен, жаппай өндірістегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты. Технологиялық процесс сатыларға (бөлістерге) бөлінетін өндірісте мұндай сәйкестік байқалмайды. Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде - иіру, тоқу, өндеу -

жеке бөлістер шығын  есебі объектілеріне, ал дайын өнім, яғни мата-калькуляциялау объектісі болып шығады.                                                                                                        Барлық сомалар үшін өндірістегі тікелей материалдық және еңбек шығындарына ресурстарды қолдану дәрежесін өндірістік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызмет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.

Басқаша айтсақ, шығын  есебі объектілерін таңдау өндіріс  технологиясының ерекшеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару құрылымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым-қатынастарды және т.б. байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.

Машина жасау жеңіл өнеркәсіп, қара және түсті металлургия салалары және басқалар өнімнің үлкен номенклатурасымен, бұйымның кейбір бөліктерін бірегейлендірудің едәуір деңгейімен сипатталады. Бұл салалар калькуляциялық объектілерді шығарылатын бұйымдарды біртектілік белгілерімен ірілендіріледі. Технологиясы, конструкциясы бірдейлігімен, біртекті шикізат пен материалдардан, бірдей жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен және еңбек сыйымдылығымен жасалатын жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердің бар болуымен сипатталатын өнім түрлері біртектілер деп саналады. Бұйымдарды бір калькуляциялау объектісіне топтастыру принциптерін сақтау өзіндік құнды қалыптастыру талаптарына жауап беретін негізгі шарт болып табылады.               Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері өндіріске арналған шығын есебі процесі мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен негізделген. Жалпы алғанда өндірістік шығындардың басқару есебі жүйесі объектілердің екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер, бойынша шығындарды бөлуі тиіс.                                                                                   Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.

Кез-келген кәсіпорында  калькуляциялау мынадай принциптерді ескере отырып ұйымдастырылады: шығын  есебі объктілерін, калькуляциялау объектілері мен калькуляция бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда шығын объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді.

Қосымша шығыстардың  бөлу тәсілін таңдау өнім бірліктерінің  өзіндік құнын дұрыс есептеу  үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын  дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.

Шығындарды кезең бойынша  шектеу. Оның мәні операциялардың бухгалтерлік есепте жасалған сәтінде көрсетілуінде  және олар ақшалай түсіммен үйлеспейді.

Өнім өндірісіне шыққан ағымдағы шығындар мен күрделі қржы бойынша жеке-жеке есеп.

Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерін таңлау-өндіріске шыққан шығындардың аналитикалық есебі  әдістері калькуляциялық объектілері  мен калькуляциялық бірліктерді  есептеу амалдары бойынша жинақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

  Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.

    Басқару бухгалтериясына  8110-шы “Негізгі өндіріс”, 8310 - “Қосалқы өндіріс”, 8410 - “Үстеме шығындар” бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.

  Аяқталмаған өндірістің  құнын есепке алу үшін қаржылық  бухгалтерияда- 1340- “Негізгі өндіріс”шотында  есептелінеді.

  Негізінен қосалқы  өндірістер негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға ықпал етеді.

  Қосалқы өндірістің  көрсеткен қызметін тарату үшін  “Қосалқы өндірістің қызметтерін  тарату кестесі” деген аналитикалық  кесте жасалады.

  Қосалқы өндіріс  қызметін  тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны анықталады, ал екінші бөлімінде алдымен негізгі тұтынушының тұтынған қызметін табады.

Кәсіпорын ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін  қажетті процес болып табылады.

Өндіріс шығындарын басқару  кәсіпорынның негізгі міндеттерін  орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен  шақтағы, қазірні және өндірістік қызметтің шығындары мен қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрумен ерекшеленеді.

Өндірістік шығындары  есебінің жалпы негізгі мақсаты  болып, өндірістік қызметті бақылау  мен оны атқару үшін шығындарды басқару.

Шығындар шынында басқару  есебінің негізгі объектілерінің бірі болып саналады. Шаруашылық іс-әрекет процесінде тұтынылған материалдық, еңбек, ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып келеді.

Жалпы өндірістік шығындардың  ауытқуын талдау күрделілік деңгейіне  қарай ерекшеленеді. Алдымен өзгермелі және тұрақты жалпы өндіріс шығындарының коэффициенттерін пайдаланумен өндірілген өнімге салынған нақты жалпы өндірістік шығындар мен нормативтер арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын жалпы өндірістік шығындардың жалпы ауытқуы есептеледі. Содан соң жалпы ауытқу бақылауға алынуға және көлем бойынша ауытқуғы бөлінеді.

Қорыта келгенде бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқару деп бөлінеді және соған  сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын  екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық  есептілік жөніндегі "  2007-жылдың 27-ші ақпанындағы № 5442 Қазақстан Республикасының Заңы.

2. ҚР «Салықтар және  басқа бюджетне төленетін міндетті төлемдер жөніндегі» заңы.   Салық кодексі - 2009 ж.

3. “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" 1998-жылғы 20-қараша Заң күші бар №20 жарлығы (2001 ж.  15 қарашадағы өзгертулер мен толықтырулармен).,

4. Қазақстан Республикасы  "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңы 2005жылғы 13 мамыр  №415.,

5.  Қаржылық есеп  берудің халықаралық стандартты  2005 ж.

6.  ҚЕХС  2006- Алмати  БИКО баспасы 

7. Бухгалтер лік есептік  тип тік шотт ар жоспары,  ҚР Қаржы Министірлігімен  8.05.2007жылы бекітілген.

9.  Сейдахметова Ф.С.  Қазіргі замандағы бухгалтерлік  есеп   Алмты. 2008ж.             

10. Абдиманов А.А , Бухгалтерлік  және қаржылық есеп принциптері.

 Алматы 2006ж.

11. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов  Н.А., Бухгалтерлік есеп және негіздері

Алматы: Экономика- 2006ж.

12. Назарова  В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі  бухгалтерлік есеп. Оқулық, Алматы, Экономика. 2005ж.,

13.Радостовец В.К., Ғабдуллин  Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан - орталық аудиті тәуелсіз аудиторлық компаниясы. А., 2003ж-410б.,

14. Радостовец В.К., Шмидт О.Н. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета, А.,  Центр аудит Казахстан. 2000г-310с.,

15.Укашев Б.Е., Әжібаева  З.Н.  Бухгалтерлік есеп теориясы, А., Ұлағат университеті. 1999ж-220б.,

16.Бюллетень бухгалтера  № 18 (196),  2008г.

17. Бухгалтер бюллетені, №10,12,15 қаңтар, 2008ж. БИКО.

18. Егемен Қазақстан, қаңтар, ақпан,сәуір 2008ж.

19. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР-ның салық кодексі  24.04. 2004г.

  1. ҚР-ның президентінің жарлығы «Об   ипотеке   недвижимого имущества»  23.12.1995г. өзгертілген 03.06. 2003г.
  2. Закон   РК   «ҚР-ғы жергілікті мемлекеттік реттеу туралы заң» 
    23.01.2001г.
  3. Постановление Правительства РК  от  21.08.2000г.   «О  концепции 
    долгосрочного финансирования жилищного строительства и развития 
    системы ипотечного кредитования 

 


Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау