Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 23:57, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алды. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі стандартында және субъектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабында, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Кіріспе.................................................................................................................3
Шығындар және оларды жіктеу...........................................................................4
Шығыстың шығыннан айырмашылығы........................................................4
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.................................6
II. Өндірістік шығындардың есебі.......................................................................8
2.1. Шығындарды топтастыру мен бөлу.........................................................8
2.2. Өнім өндірісіне шығындардың есебі........................................................4
III. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................16
3.1. Шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері.....16
3.2. Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері.....................21
Қорытынды..................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................29
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Жауапкершілік орталықтары жөніндегі есептің мақсаты - әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар мен табыс туралы мәліметтерді сметадан ауытқуды жауапты адамға арту үшін жинақтау. Жауапкершілік орталықтары бойынша нақты мәліметтерді қысқа уақыт аралығында жасалатын смета орындау жөніндегі есепте бухгалтер-талдаушы көрсетеді. Олардан жауапкершілік орталықтарының басшылары шығыстың әр түрлі баптары бойынша сметадан ауытқушылықтар туралы ақпарат алады.
Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан-жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді.
Өндірістік шығындар. Олар төрт элементтен тұрады:
Өндірістік қорлар кәсіпорын қоймасындағы материалдар, бітпеген өндіріс, дайын өнім (тауар) қорларында көрсетіледі. Олар түгенделуге тиісті, кәсіпорын активінде болады және алдағы есепті кезеңдерде пайда әкелуге тиісті. Тікелей материалдық шығындарға дайын өнімнің бөлігі болатын негізгі материалдар мен шикізат шығындары кіреді және олардың құнын белгілі бір бұйымға тікелей және үнемді, аса мол шығынсыз жатқызады. Материалдық шығындардың шамасын өнімнің нақты түрін өндіруге, материал бірлігі бағасына қолданылуға тиісті, материалдар сынына көбейтіп, санауға болмайды.
Еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар қатарына тура, бірден және үнемді түрде дайын бұйымның белгілі бір түріне жатқызуға болатын, жұмыс күшін төлейтін барлық шығыстар: бұйым дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың еңбекақысы кіреді. Алайда көмекші жұмысшылар, менеджерлер мен мастерлер, қосалқы күрелі қызметкерлері де өндіріспен байланысты. Олардың еңбекақсысы өндірістік шығындар құрамына кіреді, бірақ бұл шығындарды дайын бұйымның белгілі бір түріне тікелей және үнемді түрде жатқызуға болмайды, оларды қосымша (жанама) еңбек шығындары деп атайды. Жанама қосымша материалдық шығындар сияқты мұндай шығыстар жалпы өндірістік шығындардың бөлігі ретінде қарастырылады.
Тікелей материалдық шығындар мен еңбекті өтеу шығындары өзгермелі болып табылады, олардың шамасы өндіріс көлеміне тура сайма-сай өзгереді.
Жалпы өндірістік (қосымша) шығыстарға барлық жанама шығындар кіреді. Бұл шығындар өндіріспен байланысты, бірақ тура, тікелей және үнемді дайын бұйымның нақты түрлеріне жатқызуға болмайды. Оларды сонымен қатар жанама өндірістік шығыстарды сайма-сай таңдалған база өнімдерінің түрлері бойынша бөледі. Бөлудің нақты тәсілдері төменде келтірілген.
Кейбір жалпы өндірістік шығыстар, электр энергиясына, құрал-аспаптарға, қосалқы материалдарға деген шығындар сияқты өндіріс көлеміне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгереді және өзгермелі өндірістік шығындар болып табылады. Кейбір жалпы өндірістік шығыстар тұрақты, мысалы, сақтандыру жарнамалары, жал төлемі, жабдыққа амортизациялық аударымдар, немесе жартылай өзгермелілер, мәселен, телефон үшін төлем коммуналдық қызмет.
Басқа шығындарды нақты өнімге тура, тікелей және үнемді жатқызуға
болмайды. Бұлар тікелей емес немесе жанама шығыстар. Оларды таңдалған әдістемеге сай бұйым бойынша бөледі. Бөлу тәсілдері төменде қарастырылған.
Өндіріс бойынша шығындар өндірістік қосымша шығыстар ретінде
жіктеледі, оларға шығынның үш түрі кіреді материалдарға жанама
шығындар еңбекке жұмсалатын жанама шығындар, басқа өндірістік
шығындар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар жаңа өнімдер
мен көрсетілетін қызметті жасау бойынша барлық; тәжірибелік үлгілерді жасау,
жаңа бұйымдарды сынау, ғылыми зертхананы ұстау шығындарын біріктіреді.
Баламалы шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктердің шығыны. Олар бір әрекетті таңдау екінші әрекетті пайда болдырмаған кезде қолдан шыққан пайданы білдіреді. Баламалы шығындар бизнесте шешім қабылдаған көп жағдайларда туындайды. Мысалы, спорттық сөмкелер өндіруші кәсіпорын чемодан дайындауға тапсырыс алды. Егер кәсіпорын бұл тапсырысты қабылдаса, спорт тауарларын сататын дүкендердің тұтас жүйесі үшін спорттық сөмкелердің әдеттегі санын өндіру мүмкіндігі (машиналық және жұмыс уақыты) болмайды. Бұл тапсырысты қабылдаудың баламалы шығындары - бұл жүзеге асырыла алмайтын, спорттық сөмкелер өндірісінің пайдалана алмаған пайдасы. Пайдаланыла алмаған пайда спорттық сөмкелерді сатудан түскен болуы ықтимал табыс минус оны өндіру бойынша шығындар болып есептелінуі мүмкін.
Қайтарымсыз шығындар - бұлар бұрын болған шығындар. Олар болашақ шығындарға ықпал ете алмайды және ешқандай осы шақтағы немесе болашақтағы іс-қимылдар оны өзгерте алмайды, мәселен, сатып алынған жабдықтың бастапқы құны (бағасы) мен материалдық қорларды жасау шығындары. Сондықтан бұл шығындар болашақта шешім қабылдау кезінде есепке алынбайды. Ғылыми-зерттеу зертханасы жабдық алды делік. Жыл өтті, жабдықтың кепілді жұмыс мерзімі өтті, ол сыр бере бастады. Жабдықтың бұзылу себебін талдау бұл түрге ылғалдылық деңгейі мен температура ауытқуына қатты әсер ететінін көрсетті. Зертхана жылытылуы нашар және кондиционерлері жоқ ескі үйде орналасқан. Нәтижесінде жабдық үзіліспен жұмыс жасайды, оны жөндеу үшін шоттар ұлғаюда, қызметкерлер ашулы. Зертхана қызметкерлері жабдықты алып тастауды талап етеді, бірақ зертхана басшысы бұлай етуден бас тартты, өйткені ол үшін 6 млн теңге төленген болатын.
Бұл - қайтарымсыз шығынның рөлін бағаламаудың типтік үлгісі. Жабдық жөніндегі ешқандай болашақ шешімдер бұл құнды қайтара алмайды. Болашақ шешімдер жөндеу үшін немесе бөлмені кондиционерлерімен және жылу жүйесімен жабдықтау үшін шоттар сияқты болашақ шығындарға қатысты болады.
Диффенциальды шығындар - екі баламалы шешімдерді қа-раған кезде шығындарды ажырататын шама. Қалалық жаңа бассейнді салу үшін екі баламалы орын қаралды делік. Егер А ауданы таңдалса, бассейнде ұстау бойынша жыл сайынғы шығындар шамамен 65000 теңге болады. Егер В ауданы тандалса, жыл сайынғы шығыстар 60 000 теңге сомасында күтіледі.
Бассейнді ұстау бойынша дифференциальды шығындар былайша есептеледі:
65 000 - 60 000 = 5000 тенге.
Дифференциальды шығындар да қосымша немесе өсетін шығындар деп аталды. Қалалық бассейн мысалында оны ұстау үшін жыл сайын өсетін шығын 5000 теңгені құрайды, егер қалалық басейн В ауданынан А ауданына көшсе. Дифференциальды (немесе өсетін) шығындар көптеген экономикалық шешімдерден табылады.
Туристік агенттіктің жаңа бөлімшені қала шетіне орналастыруға орай шығарған қосымша шығындары - жаңа кәсіпорында орналастырудың өсетін шығындары. Туристік фирма бөлімшені шет жаққа орналыстырып немесе орналыстырмай шегетін жалпы шығындардағы айырмашылық - егер жаңа бөлімше ұйымдастырылса, шешімнің өсетін шығындары. Авиажелілерде жаңа маршрут, заводтарда қосымша ауысым немесе ауруханада медбике штатын ұлғайту туралы шешімдер де дифференциальды шығындарға кіреді.
Маржиналдық шығындар - өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандағы қосымша шығындар.
Өндірістің маржиналдық шығындары - өнімнің тағы бір бірлігі
жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққанда орташа шығындар шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кезкелген санын өндіру бойынша жалпы шығындар. Аталған шығын түрлерінен басқа, инкрементті шығындарда бар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешімқабылдау нәтижеснде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкрементті шығындар деп қарастырылады. Егер өнімнің қосымша партиясын шығару туралы шешім қабылдау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығында нөлге тең болады.
Өндіріс шығындарының есебі 8010 «Негізгі өндіріс»,8030 «Қосалқы өндіріс» 8040 «Қосымша шығыстар» бөлімшелерінің шоттары қолданылады.
Кесте Өнім өндірісіне шыққан шығындар есебі.№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Негізгі өндіріс шығындарыньп |
1 есебі |
|||
1. |
Негізгі өндіріске материалдар босатылуы |
8011 |
1310-1317, 1330 |
524 000 |
2. |
Негізгі өндірістік жүмысшыларға еңбекақы |
8012 |
3350 |
200 000 |
3. |
Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды |
8013 |
3150 |
17 189 |
4. |
Негізгі өндіріс шығындарына қосымша шығыстар кіргізілді |
8014 |
8040 |
310 439 |
5. |
Негізгі өндіріс шығындары жинақталып қорытылады |
8010 |
8011, 8012, 8013, 8014 |
524 000 200 000 17 189 310 439 |
6. |
Ай басындағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндірістің шығындарына кіргізіледі
|
8010 |
1340 |
18 000 |
7. |
Ай соңыңдағы бітпеген өндірістің шығындары негізгі өндіріс шығындарынан шығарылады |
1340 |
8010 |
21000 |
8. |
Дайын өнім өндірістен шығып, қоймаға тапсырылды (өндірістік өзіндік кұнмен) |
1320 |
8010 |
1048 628 |
Қосымша шығыстар есебі |
||||
9. |
Материалдар босатылды |
8041 |
1310- 1317, |
263 800 |
|
\J |
|||
1330 |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
10 |
Негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелді |
8042 |
3350 |
150 000 |
11 |
Өндіріс жұмысшыларының еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды |
8043 |
3150 |
11789 |
12 |
Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу шығындары |
8044 |
3220, 1310-1317, 1330, 3350, 3150 |
76 000 |
13 |
Материалдық емес активтердің амортизациясы және негізгі құралдардың тозуы есептелді |
8045 |
2740, 2420 |
12 300 |
14 |
Коммуналдық қызмет сомасына |
8046 |
3310 |
9 360 |
15 |
Жал төлемі есептелді |
8047 |
3390 |
32 400 |
16 |
Басқадай қосымша шығыстар жасалды |
8048 |
Әр түрлі |
27 600 |
17 |
Қосымша шығыстардың өзіндік құны есептелді |
8040 |
8041-8048 |
583 249 |
Қосалқы өндірістің шығындарын есептеу | ||||
18 |
Материалдар босатылды |
8031 |
1310-1317 |
300 000 |
19 |
Негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелді |
8032 |
3350 |
100 000 |
20 |
Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды (Әлеуметтік салық 21%) |
8033 |
3150 |
12 592 |
21 |
Қосымша шығыстар сомасына |
8034 |
8040 |
272 810 |
22 |
Қосалқы өндіріс атқарған жұмыстардың өзіндік құны шығарылды |
8030 |
8031- 8034 |
685 402 |
23 |
Қосалқы өндіріс көрсеткен қызмет негізгі өндіріс шығындарына кіргізілді |
8010 |
8030 |
545 855 |
24 |
Қосалқы өндіріс атқарған қызмет басқа жаққа жіберідді |
7010 |
8030 |
139 547 |