Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 08:45, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6


ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17

2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21

2.3Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы.......................................................26


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35

Работа содержит 1 файл

нег3г3 09ралдар.doc

— 306.00 Кб (Скачать)

         Сонымен, толық амортизация  өздеріне қате есептелген негізгі құралдардың  баланстық құнын сәйкестендіру  үшін қаржы есептерін сондай сәйкессідік  байқалған күнге дейін қайта  қарау мен түзету қажет. Түзету объектінің пайдалы қызметі мерзімінің қайта қаралуын ескеріп енгізіледі, егер өзгерістер елеулі болса, қаржы есептері тиісінше қайта қаралады.

         Негізгі құралдардың  қалпына келтіру құны анықталғаннан  кейін оларды жөндеуге және техникалық күтімге жұмсалған шығыстар жалпы  тәртіппен ескеріледі. Жасалған күрделі жөндеу объектінің ағымдағы құнын арттыратыны оның негізгі құралдың пайдалы қызмет мерзімінің қайта қаралуын қажет ететіні белгілі.

         Бағалаушы айқындамасынан негізгі құралдар объектін түрлі  әдістермен бағалауға болады, бұл  жағдайда бағалаушы объектінің ескеруі мен тозуында бағалайды. Егер кәсіби бағалаушы берген бағалау нәтижесін негіз етіп алатын болсақ ол алған тозу сомасын ескеру қажет, ал айырмашылыққа қаржы есептеріне түзету енгізу керек. Бұлайша түзету белгілі бір есептермен байланысты, бірақ оларды негізгі құралдың баланстық құны бар болғандықтан кезде ғана беруге болады.

         Қорытындысында қаралған жағдайда жарамды жол, біріншіден, негізгі  құралды пайдалану мерзімін қайта  қарап, қаржы есептеріне түзетулер  енгізу болып табылады; екіншіден егер алынған баланстық құн сондай объектілерге қолданылатын бағаларға сәйкес келмесе, оларды кәсіби бағалаушыны тарта отырып қайта бағалау керек деген тұжырымға келдік.

   Қаржы есептілігі кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның активтері мен міндеттемелері туралы белгілі бір ұғымы бар пайдаланушылар үшін жасалатынын еске сала кетейік. Есептіліктің дұрыс берілмеуі немесе ондағы қатерлі инвесторлардың, кредиторлардың, акционерлердің және ондай есептілікті басқа да пайдаланушылардың шешіміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан есептілік көрсеткіштерін түзеу мақсаттарында қаржы есептілігінің өзіне түзету енгізіледі, қаралып отырған жағдайда ағымдағы есептегі бухгалтерлік жазбалар негізгі құралдар тозуын есепке алу жөніндегі шоттардың дебеті бойынша 561,562(3061) -шот К-ті бойынша артық есептелген амортизация сомасына түзетіледі. 561(3061)-шоты – есепті кезеңге келетін, 562(3061) -шоты одан бұрынғы кезеңдердегі тозу сомасына түзету енгізу кезінде пайдаланылады.

   Мысалы:  Негізгі құралдардың бастапқы құны 1000,0 мың теңге болды, пайдалы қызметтің есепті кезеңдегі нақты мерзімі ескерілмеген тозу 1000,0 мың теңге сомаға есептелген, бастапқы да пайдалы қызмет мерзімі 4 жыл деп белгіленеді. Тиісінше тозу нормасы жылына 250,0 мың теңге болды. Объектінің пайдалы қызмет мерзімі қайта қаралып, 6 жыл деп белгіленеді, тиісінше, жылдық тозу 166,67 мың теңге (1000,0 / 6) сомасында белгіленеді.

   Сонымен  4 жыл ішінде тозу 666,68 мың теңге , айырмашылық -333,32 мың теңге қаруаға  тиіс болды. Демек, объектінің баланстық  құны негізгі құралды пайдаланудың төртінші жылының аяқ кезінде 333,32 мың теңге қарауға тиіс болды. Ағымдағы есепте мынадай жазулар жазылады: негізгі құралдар тозуын есепке алу жөніндегі шоттар Д-ті мен К-ты 561,562-333,32 мың теңге (561 және 562(3061)-шоттарда түзетулер тиісінше есепті кезеңге және бұрынғы кезеңдерде келетін сомаларда көрсетіледі). Қорытындысында негізгі құралдардың бастапқы құны сол 1000,0 мың теңге, тозу 666,68 мың теңге болды.

   Баланстық құн сәйкес келтірілгеннен кейін, негізгі  құралдарды қайта бағалау қажеттілігі пайда болатын болса, ондай қайта мұндай бағалау жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қорытынды

   Сонымен «Негігі құралдардың амартизациясынның  есебі» деген тақырыпқа  арналған курыстық жұмысымды қортындылау  үшін ең алдымен тағыда амартизация сөзіне анықтама берейін.

   Амортизация- тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын  бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз- бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар  мөлшер бойынша атқарылады және әрбір есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, танылады.

   Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың  негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының  қатынасы.

   Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне байланысты, ал істен шыққандары бойынша –  бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметінің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.

   Есепке  алу практикасында кейде амортизация  есептеу нәтижесінде негізгі  құралдардың баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негізгі құралдары өздерінің техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Осы курыстық жұмыста - сондай жағдайлардың салдарлары қаралды және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістерін келтірілді.

   Сонымен бірге «Негізі құралдардың амартизациясынның есебінің» кестелерін негізге алдым. Атап айтсам «Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелу кестесі», «Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі», «Әр түрлі тәсілмен есептелген амортизация қорытындыларын салыстыру» кестелері.

   Сонымен осы курыстық жұмыстың үшінші бөлімде тәжірибе жүзінде «Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу» проблемасына тоқталдым. Есепке алу практикасында кейде амортизация есептеу нәтижесінде негігі құралдардың баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негігі құралдары өздерінің техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Бұл бөлімде сондай жағдайлардың салдарлары қаралды және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістері келтірілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Баймұханова, Сәрия Баймұханқызы.     Бухгалтерлік есеп: оқулық / жалпы ред. басқ. К. Ш. Дүйсембаев.-   2-ші бас., қайта өңд., толқт.- Алматы: ИздатМаркет,2005.- 312 б.-(Кәсіби өсудің жоғарғы мектебі)
 
  1. Басқару есебі: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова,     М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова;  Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.- Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.
 
  1. Кеулімжаев  Қуантхан Кеулімжайұлы, Құдайбергенова Нұрадин Айыпұлы.     Бухгалтерлік есеп : теориясы және негіздері : оқулық.- Алматы: Экономика, 2006.- 384 б.: кесте
 
  1. Қаржылық  есеп: оқу құралы / Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А.
  2. Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика,2001.- 330 б.: кесте
 
  1. Міржақыпова, Седеп Тоқтамұратқызы. Банктегі бухгалтерлік есеп: оқулық.- Алматы: Экономика, 2004.- 710 б.
 
  1. Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтер-лік есепті ұйымдастыру : оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 164 б.: кесте.
 
  1. Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің   тәжірбиелік әдістемелері :практикум : (арнайы курс).- Алматы: Заң әдебиеті,2006.- 254 б.: кесте.
 
  1. Назарова, Вера Леонидовна.     Шаруашылық жүргізуші  субъектілер-дегі бухгалтерлік есеп: оқулық /жалпы ред. басқ.: Н. Қ. Мамыров.- Алматы: Экономика, 2005.- 310 б.
 
 
  1. Төлегенов, Е. Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері : оқу құралы.- Алматы:   Экономика, 2001.- 184 б.
 
  1. Шамгонов, А. Ш. Негізгі құралдар және материалдық бұйымдардың   есебі: оқу құралы.- Орал: [Б.ж.], 1997.- 56

Информация о работе Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі