Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 08:45, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып-мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жету. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................3

І . НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны........................................5

1.2 Негізгі құралдардың амортизациясының есебі.......................................6


ІІ.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТОЗУЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдардың тозуының есебі.....................................................17

2.2Негізі құралдарды құнды, бірқалыпты және жылдамдатып шығару әдісі............................................................................................................21

2.3Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы.......................................................26


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................35

Работа содержит 1 файл

нег3г3 09ралдар.doc

— 306.00 Кб (Скачать)
 

   Егер  жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған  станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

   Бастапқы  құны-қалдық құны       Х           әр жылдағы өндірілген =

   _____________________________________________________

   жалпы өндірілуге тиісті өнім саны                      өнім саны 

       1000000-100000     Х әр жылдағы өндірілген өнім  саны = 0,09 теңге  х

       ___________________________

   10000000

   әр  жылдағы өндірілген өнім саны.

         Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша  жоғарыда табылғандай 0,09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.

         Егер станок

         бірінші жылы 3 миллион

         екінші жылы 3 миллион

         үшінші жылы 2 миллион

         төртінші жылы 1 миллион

         бесінші жылы 1 миллион

   өнім  өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін  амортизациялық аударым мөлшері

       бірінші жылы 270000тг = 3 миллион х 0,09= 270000

       екінші  жылы 270000 тг = 3 миллион х 0,09 = 270000

       үшінші  жылы 180000 тг = 2 миллион х 0,09 = 180000

       төртінші  жылы 90000 тг = 1 миллион х 0,09 = 90000

       бесінші жылы 90000 тг = 1 миллион х 0,09 = 90000 сомаларына тең болады.

   Станокқа  құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең  мөлшерде есептен  шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша  амортизациялық аударым  есептеу кестесі 

        Станоктың бастапқы құны (теңге)    Өндірілген  өнім көлемі (дана)    Бір жылдық аморт-лық аударым сомасы (теңге)    Жинақталған тозу сомасы (теңге)    Станоктың қалдық құны (теңге)
   Сатып  алынған кездегі    1000000    ------------------    ----------------    ----------------    1000000
   1-жылдың  соңында    1000000    3000000    270000    270000    730000
   2-жылдың  соңында    1000000    3000000    270000    540000     4600001
   3-жылдың  соңында    1000000    2000000    180000    720000    280000
   4-жылдың  соңында    1000000    1000000    90000    810000    190000
   5-жылдың  соңында    1000000    1000000    90000    900000     100000
 
 

   Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының расында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қодану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне , өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

   Құнды жылдамдатып есептен шығару әдісі - жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құраларды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұ әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым (едәуір) асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабіеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізі құрадарды жаңа өнімділігі жоғары басқа д жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелнген жағдай негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Олар яғни жөндеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егерде негігі құралдарға жылдадатып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдардың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде, яғни бірдей шамада болып қалады. 

2.3 Толығымен амортизацияланған,  пайдалануға жарамды  негізгі құралдарды  есепке алу проблемасы 

   Есепке  алу практикасында кейде амортизация  есептеу нәтижесінде негігі құралдардың  баланстық құны нөлге тең болатын, соның өзінде негігі құралдары өздерінің  техникалық және пайдалану сапалары бойынша кәсіпорынның шаруашылық қызметінде одан әрі пайдаланылатын жағдайлар кез болады. Бұл бөлімде сондай жағдайлардың салдарлары қаралған және ондай жағдайлардың пайда болуына жол бермеу әдістері келтіріген.

   Бухгалтерлік  стандарттар тұрғысынан қаржы есептілігінде  жарамды және шаруашылық қызметінде пайдаланылатын негізгі құрадардың баланстық құнының болмауын дұрыс деп санауға болмайды. Егер бухгалтерлік есеп реформаланғанға дейін (1997 ж.) мұндай жағдайларға жол беріліп келген болса, бухгалтерлік есеп стандарттары қабылданғаннан кейін нақты алғанда мұндай оқиғалар оларда тіпті қаралмаған. Еске сала кетсек, 1997 жылға дейін, мысалы, мемлекет иелігінен алу шеңберлерінде жекешелендірілетін кәсіпорындар үшін толық тозған негізгі құралдарды олардың бастапқы құнының 10 пайызы мөлшерінде бағалау ұсынылды. Кейін ондай негізгі құралдар амортизациялауға жатпады.

         Қаржы есептілігінің  халықаралық стандарттарыда (ҚЕХС) мұндай ауытқулар тікелей қаралмаған, алайда салдарлар, егер олар іргелі сипатта  болса, ҚЕХС бойынша қаржы есептілігіне түзету енгізілуін қажет етеді.

   Қолданыстағы  негізгі құралдарға амортизацияның толық сомасы есептелген болса, бұл  жағдайды қаржы есетілігінің дұрыстығына  оның салдарларының әсерін ескере қарау  қажет. Амортизаия калькуляторларға, принтерлерге, телефон аппараттарына және т.т. толық есептелген жағдай бір басқа да, тозу негізгі құралдар объектілеріне (ғимараттар, станоктар, жадық және т.т.) толық есептелген жағдай бір басқа. Бірінші жағдайда бұл қаржы есептілігі үшін елеусіз екені түсінікті, екінші жағдайда, аталған негізгі құралдар өндіріске тікелей қатысатынын ескерсек, ондай ауытқулар өнімінің өзіндік құнының қалыптастырылуына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін. Нәтиже- өнімнің өзіндік құнының бұрмалануы және , тиісінше, кіріс пен шығыс туралы есеп деректерінің дәлме-дәл болмауы.

   Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында  аталған жағдайлар ашып көрсетілмеген, бірақ олардың пайда болуының мүмкін екені жоққа шығарылмаған, ашып көрсету қажет екені атап көрсетілген. Жеке-дара айтылған жерді 6 - «Негізгі құралдарды есепке алу» БЕС-ның 31 тармағында кездестіруге болады, онда есепті кезеңнің аяқ кезінде «пайдаланудағы, амортизация толық есептелген негізгі құралдардың бастапқы және ағымдағы құны» туралы ақпаратты ашып көрсету керек екені ескертілген. Бұл ереже бухгалтерлік есептің жалпы идеологиясымен немесе тұжырымдамалық негіздерімен байланыстырылмаған, оның үстіне 6-БЕС-на әдістемелік ұсыныстарда амортизация нормаларын анықтау тәртіі мен негізгі құралдардың пайдалы қызметі мен оны қайта қарау мерзімі туралы жеткілікті түрде айқын ұғым берілген.

   Қаралып отырған жағдайлар бухгалтерлік стандарттар талаптарының сақталмауы салдарынан пайда болатынын айта кетелік. Қазіргі бухгалтерлік есеп бухгалтердің оқиғалары жәй ғана тіркеп қоюға тиіс емес екенін көздейді. Барлық  жағдайлар үшін жарамды  жауапты күту үстінде байқау, кәсіптік ой-пікір, дербестілік басым болуғ тиіс. ҚЕХС-на көшуге байланысты бухгалтерге ондай міндеттерді дербес, стандарттар ұсыныстарын ескере отырып шешу құқығы берілген.

   6-БЕС-на  сәйкес амортизацияның таңдап  алынған әдісі есеп саясатымен анықтауға және бір есепті кезеңінен екінші кезеңге тізбекті қолданылуға тиіс. Негізгі құралдардың пайдалы қызметінің мерзімін және жою құнын қажет болған жағдайда қайта қарауға болады.

   Сонымен, бухгалтер пайдалану мерзімі  бастапқыда белгіленеген пайдалы қызмет мерзімін асатын негізгі құралдар объекілерінің жағдайына талдау жасай отырып, бұл мерзімді ұлғайту жағына қарай қайта қарауға тиіс.

   Пайдалы қызмет мерзімінің қайта қаралуын маманның көмегімен анықтауға болады. Негізгі  құралдар объектілерін техникалық шолуды, әдетте жылдық түгендеу жүргізілетін кезеңде жүзеге асыруға болады.

         Негізгі құралдардың  пайдалы қызметінің мерзімі және жою құны дербес анықталады. Амортизацияны  негізгі құралдардың жою құнын  ескере отырып есептеу ағымдағы құн  көрсеткіштерін және кәсіпорынның амортизациялық аударымдар түріндегі шығыстарын нақты анықтау үшін жүзеге асырылады. Жою құнын анықтау тәртібі, амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері есеп саясатымен анықталуға тиіс.

         Жою құнын 0 ретінде  анықтауға болатынын атап көрсету керек, өйткені көптеген жағдайларда ағаш немесе ескі-құсқы сондай-ақ ескірген және тозған қосалқы бөлшектер, тораптар, жинақтаушы бөлшектер және т.т.түріндегі қалдықтарды сатып алушылардың табылуы немесе субъектінің шаруашылық қызметінде олардың пайдалануы екіталай. Кез келген жағдайда субъектілер жою құнын нақты жағдайларды ескере отырып өз бетінше анықтауға құқылы. Әдетте, жою құны ғимараттарға , құрылыстарға , көлік құралдарына оларды бөлшектеу және т.т. болжанған пайдалану кезеңінен кейін анықталады.

         6-Бухгалтерлік есеп  стандартында негізгі құралдардың  құнын қолданыстағы бағаларға  сәйкес қайта бағалау құқығы  көзделген. Сонымен бірге қайта  бағалау кезінде тозу сомасына  түзету енгізілуге тиіс. Егер  тозу 100 пайыз болса, оған  түзету  енгізілмеуге тиіс. Толық тозған негізгі құралдарға түзетулер енгізу үшін орындылық және сақтық  принциптерін ескере отырып, объектінің өзіндік құнын қайта бағалауды ұсынуға болады, бірақ мұндай түзету өз құндары қаржы есептілігі үшін елеусіз объектілер үшін жарамды деп санаймыз.

         Толық амортизацияланған, бірақ пайдаланудағы объектілер үшін қайта бағалауды былай көрсетуге  болады: негізгі құралдар шоттарының Д-ті- 131-134 (1251-1254) К-т 727 (4127). Бұдан әрі  мұндай негізгі құралдар амортизацияны  есептеместен есепте олады. 727(4127) «Басқа да табыстар» шоты бұрын амортизацияға артық есептелген, шығысқа жатқызылатын соманы теңестіру үшін қолданылады. Салық салу мақсаттарында бұл табыс ескерілмейді. Қалпына келтіру құны салық есебіндегі тіркелген активтердің шағын топтарының құнына, біздің ойымызша тиіс емес.

         Пайдалы қызмет мерзімінің дұрыс анықталмағаны, соның салдарынан одан әрі пайдалануға жарамды  негізгі құралдарға толық тозу есептелгені  байқалған кезде 27- «Есепті кезең  күннен кейін болатын тосын жағдайлар  мен оқиғалар» БЕС- ын басшылыққа алу керек. Осы стандартқа сәйкес, егер олардың қалдырып кету немесе қате көрсету қаржы есептілігін пайдаланушылардың экономикалық шешімдерінде әсер ететін болса, мұндай ақпарат елеулі болып табылады.

         Негізгі құралдардың  пайдалы қызмет мерзімін қате анықтау қате болған кезден бастап қаржы есептерінің қайта қаралуына әкеліп соғады. Іс жүзінде бухгалтер қолданыстағы негізгі құралдарға толық тозуды есептеу түріндегі оқиғаны ол басталардан көп бұрын болжай алады. Сондықтан олардың пайдалы қызмет мерзімін есепті кезеңге дейін қайта қарау қажет . 

         Кейбір жағдайларда  пайдаланылатын , нормативке сәйкес толық  тозған негізгі құралдар жөнделеді, бұл жағдайда мұндай шығыстарды есепке алуда жаңа проблема пайда болады. Мұндай жағдай мәні бойынша қисынсыз және есеп жұмысын жүргізу кезінде бухгалтерлерге берілген мүмкіндіктердің жеткіліксіз қолданылатынын көрсетеді. Әйтсе де мұндай жағдайлар кездеседі, мұның өзі оларды қарауды қажет етеді.

         Объектіні жөндеуге жұмсалатын шығыстарды құн есебіне  сол объекті бар болған жағдайда ескеруге болатыны түсінікті. Яғни жұмсалған шығыс пен өзін жұмсауға шығыстар жұмсалған актив арасындағы байланыс қажет. Бұл жағдайда есепте объект құнын көрсету қажеттілігі пайда болады. 6-Бухгалтерлік  есеп стандартында негізгі құралдарды қайта бағалау көзделген. ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеппен аудит әдістемесі департаментінің  04.06.1998 ж. номері 23-2-1/1584 хатына сәйкес кәсіпқой бағалаушы құнды тек сату, кепілдік кредит алу және т.б. мақсатпен бағалайды. Бұл хаттың талаптары практикалық мәнін жойды деп санаймыз. Өйткені ол қабылданғаннан кейін мүліктің баланстың құнын бағалауды көздейтін «Бағалау қызметі туралы» ҚР заңы қабылданды. ҚЕХС- на көшу жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, 16-«Негізгі құралдар» ҚЕХС-на сәйкес негізгі құралдарды өз бетінше сондай-ақ кәсіби бағалаушыны тарта отырып қайта бағалауға болатынын еске саламыз. Бірақ, ҚЕХС-на сәйкес,  егер негізгі құралдардың жеке объекті қайта бағаланатын болса, негізгі құралдардың сол актив өзіне қатысты бүкіл тобы қайта бағалануға тиіс.

Информация о работе Негізгі құралдардың амортизациясы және тозуының есебі