Негізгі құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.

Содержание

Тақырыбы: Негізгі құралдар
Жоспар
Кіріспе------------------------------------------------------------------------------3-4
I. №16 ХҚЕС қолдану негіздері.-----------------------------------------------5-9
II. Негізгі құралдардың құрамы және оларды топтастыру.---------------10-13
III. Тану, бағалау және есепке алу . -------------------------------------------- 14-20
3.1 Бастапқы тану, соңынан тану, бағалау және есепке алу.--------14-19
3.2 Тануды тоқтату.---------------------------------------------------------19-20
IV. Негізгі құралдардың амортизациясы, есептеу әдістері.-----------------20-22
V. Қайта бағалау және түгендеу.-------------------------------------------------23-25
VI. Есептіліктегі ақпараттың ашылуы.-------------------------------------------26

Работа содержит 1 файл

Айганым.docx

— 54.36 Кб (Скачать)

   Бастапқы  құнның элементтері

         Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны мыналарды қамтиды: 

         (а) импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы.

         (b)  активті керек жерге жеткізуге және үйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар.

         (с)   негізгі құралдар объектісін бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы объектіні сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезеңі бойы оны пайдалану нәтижесінде ұйым өз мойнына алады.

         Ұйым 2-«Босалқылар» IAS стандартын объектіні бөлшектеуге, жоюға және өзі тұратын учаскеде табиғи ресурстарды қалпына келтіруге шыққан, бұл объектіні осы кезең ішінде босалқылар өндіру үшін пайдалану нәтижесінде белгілі бір кезең бойында шеккен шығындарға қолданады. 2 IAS немесе 16 IAS стандарттарға сәйкес ескерілетін шығындарға қатысты осы міндеттер 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS стандартына сәйкес танылады және бағаланады.

         Негізгі құралдар объектісіне жұмсалатын шығындарға жатқызылмайтын шығындардың мысалдары  мыналар болып табылады:

   (а)   жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;

  1. жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса);
  2. жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға және оқытуға арналған шығындарды қоса); және
  3. әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.

         Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына шығындарды тану, ондай объект керек  жерге жеткізіліп, ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде, тоқтатылады.

   Өз  күшімен құрылған активтің бастапқы құны тап солай сатып алынған  актив құнының принциптері негізінде  анықталады. Егер ұйым өзінің әдеттегі қызметінің барысында сату үшін сондай активтерді құратын болса, ондай  активтің бастапқы құны, әдетте, сату үшін актив өндіру құнына тең (2 IAS қараңыз). Сөйтіп, мұндай активтерді есептеген  кезде кез келген ішкі пайдалар алып тасталады. Тап сол сияқты шикізаттың, еңбектің немесе активті өз күшімен  құру кезінде шеккен басқа ресурстардың нормадан тыс шығындары оның бастапқы құнына қосылмайды. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты пайызды өз күшімен құрылған негізгі құралдар объектісінің баланстық құнының компоненті ретінде тану өлшемдерін белгілейді.

   Бастапқы  құнды бағалау

         Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны тану күніне ақшалай қаражаттар баламасындағы  оның бағасы болып табылады. Кредит берудің әдеттегі талаптарынан асатын кезеңге төлемді кейінге қалдыру  орын алатын болса, ақшалай қаражаттар баламасындағы баға мен жалпы  төлем сомасы арасындағы айырма, егер 23 IAS стандартында көзделген есепке алудың баламалы тәртібіне сәйкес ондай  пайыз негізгі құралдар объектісінің баланстық құнында танылмайтын  болса, кредит беру кезеңі үшін пайыз  ретінде танылады.                                                                                                                         Негізгі құралдардың бір немесе одан көп объектісі сенімсіз активке немесе активтерге айырбасталып, не ақшалай немесе ақшалай емес активтерге ұштастырылып сатып алынуы мүмкін. Төменде айтылған пайымдаулардың сенімсіз бір активті екіншісіне айырбастауға ғана емес, сонымен бірге осының алдындағы сөйлемде сөз болған барлық айырбастауларға да қатысы бар. Негізгі құралдардың осындай объектісінің бастапқы құны әділ құн бойынша бағаланады, бұған (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны жоқ, немесе (b) алынған да, берілген де активтің әділ құны нақты бағалауға келмейтін реттер кірмейді. Сатып алынған объект, тіпті ұйым өзі берген активті тануды дереу тоқтата алмаса да, тап осылайша бағаланады. Егер сатып алынған объект әділ құн бойынша бағаланбаса, оның бастапқы құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады.                                                                     

   Айырбастау  операциясында коммерциялық мәннің бар екендігін анықтау мақсаттарында  қызметтің осы операция ықпал  ететін бөлігінің ұйымға тән құны міндетті түрде ақшалай қаражаттардың  салықтан кейінгі тасқындарын көрсетуге  тиіс. Ондай талдаудың нәтижелері ұйым тарапынан егжей-тегжейлі есептеулерсіз  істің мәнін түсіндіре алады.

   ТАНУДАН КЕЙІНГІ БАҒАЛАУ

         Ұйым  өзінің есеп саясаты  ретінде 30-параграфқа сәйкес не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не жогарыдағы  параграфқа сәйкес қайта бағалау үлгісін таңдауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына қолдануға міндетті.

   3.2.  ТАНУДЫ ТОҚТАТУ

   Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға тиіс:

         (а) шығып қалғаннан кейін; не

         (b) оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.

         Негізгі құралдар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал  ондай объектіні  тану тоқтатылған  жағдайда міндетті түрде  пайдаға немесе залалға  қосылуға тиіс (егер 17 IAS кері жалдап сату кезінде  өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс  ретінде сыныптауға тиым салынады.

         Негізгі құралдар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған  пайда немесе залал, шығып қалудан  болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде міндетті түрде анықталуға тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Негізгі құралдардың амортизациясы, есептеу әдістері және есебі.

    Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация  сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі  құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын  қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың  түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

    Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты олардың құнын  өтеу көзін таба білуден тұрады.  Бұл көз амортизацияны шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.  Амортизациялық жарналардың сомасын  көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

    Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы  мөлшері амортизацияланатын құнға  немесе бастапқы және тарату құндары  арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

    № 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:  
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;  
• өндірістік әдіс;  
• кумулятивтік әдіс;  
• кемімелі-қалдық әдісі.  
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.  
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Өндірістік  әдіс.  
Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.  
Бастапқы құн – қалдық құны әр жылдағы  
Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны * өндірілген өнім саны =  
= әр жылда өндірілген өнім саны = теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны

Кумулятивті әдіс.  
Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.  
Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:  
АА = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)  
Пайдаланатын жыл  
сандарының қосындысы

Кемімелі  – қалдық әдісі.  
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.  
Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп, өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
 
 
 

    1. Қайта бағалау және түгендеу

    Негізгі құралдарды түгендеу

    Бухгалтерлік  есептің  Заңы және Қазақстан есеп стандарты бойынша  барлық субъектілер  бухгалтерлік есеп пен  есеп беру мәліметінің  құрыстығын  қамтамасыз ету үшін  жылына бір рет  өзінің мүлктерін  түгендеу керек.  Негізгі құралдарды түгендеу жылдық есеп беру  алдында  жүргізіледі.

    Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.

    Үйлерді ,   ғимараттарды  тағы басқа  жылжымайтын  объектілірді   3 жылда біррет,  кітапхана қорларын  5 жылда беррет,  өнім беретін және  жұмысқа пайдаланылатын  малды тоқсан сайын және  жылдық есепті жасау алдында ( есепті жылдың   31-желтоқсаннындағы  малимет) жүргезіледі:

    • Негізгі  құралдарды  сатқан кезде;
    • Негізгі құралға жауапты кісінің ауыстырылуына байланысты;
    • Негізгі құралдар бұзылған,  ұрланған жағдайда
    • табиғи апаттарға немесе  байланысты;

Түгендеу жұмысыне жүргізбес бұрын  мыналарды тексеру  қажет:

  1. Инвентарлық карточкалардың,  инвентарлық тізімдердің бар болуын  және оның жағдайын;
  2. Техникалық   төл  құжаттың  немесе  тағы басқалардың  техникалық құжаттың  бар – жоғын  және олардың жағдайын;
  3. Жалға алынған немесе берілген,  уақытша берілген  және  сақтауға берілген   негізгі құралдардың тиісті құжаттарының  бар-жоғын;

    Түгендеу  жүргізу кезінде негізгі құралдардың  есеп мәліметтері мен қолда болуы  арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың  жиынтықтылығын, техникалық жағдайын, бағыты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бүл жұмысты жүзеге асыру үшін банк бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді бастамас бұрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорттың, жолға өткізілген және қабылданған объектінің жағдайын тексереді, қажет құжаттарды дайындайды және негізгі құралдардың тұрган жсрі бойынша тізімін анықтайды.

    Комиссия  мүшелері лауазымды немесе материалды жауапты түлғалар қатысуымен негізгі қүралдарды қарастырады және атауы, белгісі, түгендеу нөмірі бойынша қолда бар болу сәйкестігін тіркейді.  

Информация о работе Негізгі құралдар