Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:21, доклад
Жеке сақтандыру халықтың жағдайын қамтамасызету жөніндегі негізгі қаржылық механизм. Адам өмірін қауып – қатерден сақтандыру жеке сақтандыру негізгі элементті, заты болып табылады. Оған өлім, ауыру (медициналық көмек, еңбекке жарамсыздық, келеңсіз жағжай).
Өмірді сақтандырудың 3 сақтандырудың 3 сипаттамасы бар:
- әлеументтік мемелекеттік сақтандыру.
1 Жеке сақтандыру түрі, салалары, формалары
2 Әлеуметтік сақтандыру мәні және маңызы
3 Автокөлік құралдарын сақтандыру
Жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдаудың ерекше езгешеліктері оның уақытша сипаты, харакетшіл халыққа бағдарлануы, мұқтаж адамдардың өздерінің меншікті проблемаларын шешуге қатысуы, яғни өзін-өзі қолдау элементтерінің барлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын Ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді қамтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Қордың активтері әлеуметтік аударымдар төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімпүл, Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерілген инвестициялық кіріс, заңнамада көзделген өзге де кездер есебінен құралады. Олар әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға, тізбесін Үкімет айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға, артық төленген әлуеметтік аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдалана алады.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырумен қатар мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру — зейнетақы келісімшартына сәйкес қызметкерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақыны қалыптастыру арқылы және мамандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақыларды төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қатынастары қолданылады.
Қорланымдардың ынтымақтастығы негізіндегі жүйеден дербес қорланымдардың жүйесіне көшу кезеңі еңбегі сіңген зейнет-ақыларды алуға шыққан зейнеткерлердің құқықтарын сақтауды талап ететіндігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жастағы көптеген азаматтардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде зейнетақының жеткілікті жинақ ақшасын қордалау-дың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан шыққан зейнеткерге мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақыларының мөлшерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді.
Медициналық сақтандыру — бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина мекемелерінің шығындарының өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Мысалы; АҚШ-та "Медикэр" жүйесі — егде адамдар үшін, "Медикэйд" жүйесі — кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де — сырқатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі өкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (салалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мөртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараланған.
Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған еді, бірақ жүйені басқару саласының төмендігінен және жұмылдырылган қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан болатын.
Медициналық сақтандыру ұйымдастырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсетудің рыногын тудырады, онда бүл қызметтер керсетуді жасаушылардың — медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді тандау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан пациенттердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.
Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы — еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық процестерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеуінің ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс-әрекеттің ор-талықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны -бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік сақтандыру-тәуекелділікті басқару сферасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты элементі-аймақтың қайта өндірісі әлеуметтік қорғаныс қызметін атқарады.
Әлеуметтік сақтандырудың пәніне негізгі әлеуметтік тәуекелділіктер жатады.Олар аймақтың қайта өндірісіне кері әсер етеді:
1.Ауырған,жарақаттанған,жүкті болған кездегі уақытша жұмыс істемеуі;
2.Қартайғандағы және мүгедек болып қалған жағдайдағы жұмыс істемеу;
3.Жұмысқа тұрмағандықтан еңбекақы алмау;
4.Отбасындағы асыраушының қазасына байланысты кірістің болмауы.
Әлеуметтік қамсыздандырудың объектісі-азаматтардың мүліктік қызығушылығы.Оған:күтпеген шығындарға жұмсалған төлемдер жатады.Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесілерді қамтиды:
Жеке жауапкершілік –жұмысшылар өз сақтандыруларын қаржыландыруға қатысады,жұмысшылардың төлем көлемі олардың стажына және алдын-ала кірістеріне байланысты.
Тұлғалылық-сақтандыруда жұмыс берушілер,жалдамалы жұмысшылар және мемлекет қаржылық қатысуларды қабылдайды.Олар өз кірістерімен материалдық көмек көрсетеді.
Ұйымдық өзіндік басқару-әлеуметтік сақтандыру басшылығы өкілетті органдардың жұмысшыларымен,жұмыс берушілермен жүзеге асады.
Жалпылылық-әлеуметтік сақтандыру оны қажет ететін кең ортаға бағытталады.
Әлеуметтік сақтандырудың кепілдік ортасының қаржылық базасын ұлттық кіріс құрайды.Қорлардың иелік ету бөлігі оның бөліну үрдісінде пайда болады.
Ұлттық кірісінің бөлінуі үрдісіндегі мобилизацияның негізгі әдістеріне төмендегілер жатады:
1.Арнайы салықтар және жинақтар.Олар заң шығарушы билікпен реттеледі.
2.Мемлекеттік бюджеттен алынатын құралдар.
3.Қарыздар.
Қазіргі кезде Ресейде бюджеттен тыс әлеуметтік қорлардың белгілі бір қолдану және құрастыру әдісі пайдаланылады.Бұл қорлар мемлекеттің меншігінде болады,бірақ автономды болып саналады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ұйымдық саласы-бұл әлеуметтік шығынның құрылымдық түрлерінің өтеуі.Оның мазмұнына сақтандыру құралдарының арнаулы реттелуі кіреді.
Дәл осы уақытта әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 4 саласы бар: медициналық, зейнетақылық,жұмыссыздық,
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің салалық дамуы келесі факторлармен анықталады:
1) Қоғамдық әлеуметтік тәуекелділік деңгейімен;
2) Кірісті жоғалту деңгейімен:толық немесе жартылай,ұдайы немесе уақытша.
3) Тәуекелділікті жабу мөлшерімен.
Сақтандырудың әлеуметтік қоры белгілі бір бағыттар бойынша пайда болады және өтеу тәуекелділігінің мақсаты заңмен реттелген норматтвтер арқылы жүреді. Сақтандыру қорларын құрастыру түрлері,олардың мөлшерінің анықталуы және мақсатының толықтылығына байланысты және мемелекеттік әлеуметтік саясат есебіне тәуелді болады.
Әлеуметтік сақтандыру қорларының негізгі түсімдеріне сақтандыру кірістері жатады. Олар:міндетті кезеңдік төлемді қажет етеді.
Әлеуметтік сақтандыру кірістері салық төлеу және оның тәртібіне ұқсас болады. Жеке тұлғаның салығы-эквивалентсіз және қайтарусыз төлем.Сақтандыру кірісі жеке еңбек кірісіне тәуелді болады.
Әлеуметтік сақтандыру қорларының қалыптасуына мемлекеттің қаржылық әдістері:
1) Мемлекеттік субсидиялар.
2) Арнаулы салықтардың жүргізілуі.
3) Тура дотация.
Әлеуметтік тәуекелділіктерге тәуелді бола отырып әлеуметтік сақтандыру әртүрлі бағыттарға бөлінеді.
Уақытша жұмыссыздық тәуеклділігі медициналық сақтандырудың пәні болып табылады. Ол ауырған кездегі жоғалтқан жәрдемақыны және медициналық қызметтерді қамтамасыз етеді.
Еңбекке қабілеттіліктің ұдайы шығындар тәуекелділігі- зейнетақымен қамтамасыз етудің пәні. Жұмысты жоғалту және жұмысқа тұру мүмкінсіздігі жұмыссыздықтан сақтандыру арқылы реттеледі.
Әлеуметтік сақтандыру қорлары-мемлекеттің әлеуметтік сақтандыру және оқыс оқиғалардан болған ауруларға міндетті әлеуметтік қамсыздандырумен айналысады. Ресейдің зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандырумен,медициналық сақтандыру қорлары- медициналық сақтандырумен айналысады.
Ресей Федерациясының 2000ж.5-тамыздан 2001ж. Дейінгі заңына салық кодексінің 2-ші бөлімі «Бірлескен әлеуметтік салық» енгізілді.Осы заңға сәйкес бұрынғы бюджеттік емес қорларға төленетін төлемдер бірлескен салықпен алмасты.
Алғаш рет бірлескен салықтың регрессивті шкалалары енгізілді.Олар салық төлеушілердің категориясына байланысты болады:
1. Жұмыс берушілер.
2. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін ұйымдар.
3. Жеке кәсіпорындар.
4. Адвокаттар.
Кесте – 17 Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің салалары және элементтері
Сала/элемент | Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру | Оқыс болатын оқиғалардан міндетті сақтандыру | Міндетті медициналық сақтандыру | Зейнетақымен қамсыздандыру |
Сақтандыры-латын әлеуметтік тәуекелділік-тер | Уақытша жұмыссыз-дық,өлім | Аурулар мен жарақаттанулардан болатын өлім | Медициналық қызметтерге жұмсалған шығындар. | Жұмыссыдық, өлім |
Сақтандыру-шылар | Әлеуметтік сақтандыру қоры. | Әлеуметтік сақтандыру қоры. | Медициналық ұйымның сақтандырулар, аймақтық қорлар. | Зейнетақы қорлары |
Сақтандыру-шылар | Жалдамалы жұмысшылар,азаматтар. | Жалдамалы жұмысшылар,азаматтар. | Барлық шаруашылықсубъектілері, | Барлық шаруашылық субъектілері. |
Сақтандыры-лғандар | Жалдамалы жұмысшылар. | Жалдамалы жұмысшылар | Барлық халық. | Жұмыс істеуші халық.
|
Кесте – 18 Әлеуметтік сақтандыру салаларының салыстыру белгілері
1 | 2 | 3 | 4 |
Белгі | Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру. | Әлеуметтік сақтандыру. | Жеке сақтандыру. |
1 | 2 | 3 | 4 |
Пәні | Мемлекеттің кепілдік берген кірісінің төмендеуімен байланысты тәуекелділіктер. | Еңбек кірісінің жоғалуымен байланысты универсалды әлеуметтік сақтандыру. | Азаматтардың мүліктік қызығушылығымен байланысты ә.с. |
Объектісі | Қажеттілік үшін тесттен өткен жұмыс істемйтін азаматтар. | Жұмыс істемейтін азаматтар және оның отбасы мүшелері. | Жеке сақтандыру қүралдарыны ие жеке қүралдар. |
Қаржылық механизм | Мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру. | Сақтандыру. | Сақтандыру. |
Қаржыландыру көздері. | Салықтар және басқа да бюджеттік түсімдер. | Мемлекеттің,жұмысшылардың, | Жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру кірістері |
Шығынның орнын толтыру | Қажеттіліктерге беріктілік принципі. | Эквиваленттілікпен шектелген принцип. | Эквиваленттілік принципі. |