Негізгі өндіріс есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:21, доклад

Описание работы

Жеке сақтандыру халықтың жағдайын қамтамасызету жөніндегі негізгі қаржылық механизм. Адам өмірін қауып – қатерден сақтандыру жеке сақтандыру негізгі элементті, заты болып табылады. Оған өлім, ауыру (медициналық көмек, еңбекке жарамсыздық, келеңсіз жағжай).
Өмірді сақтандырудың 3 сақтандырудың 3 сипаттамасы бар:
- әлеументтік мемелекеттік сақтандыру.

Содержание

1 Жеке сақтандыру түрі, салалары, формалары
2 Әлеуметтік сақтандыру мәні және маңызы
3 Автокөлік құралдарын сақтандыру

Работа содержит 1 файл

реферат Сактандыру 1.doc

— 171.50 Кб (Скачать)
align:justify"> 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.

Алайда бүл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды.

Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметгік айналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде;  жұмыс  істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді   қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбекқызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың
дербес аударымдарының негізінде;бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде
төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаньң бүкіл жұмыс істеген кезіндегі
салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне
негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қагидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зенетақы жарналарының топтастырылуы;

   3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған     екінші     қагидаттың     іс-әрекетіне      негізделген     жүйе мыналармен сипатталады:

1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгілінген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;

3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;

4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;

5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;

6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;

8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;

9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге болінеді:

      еңбек ету қабілетін жоғалытқан жағдай;

      асыраушысынан айрылған жағдай;

      жұмысынан айрылған жағдай;

Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;

      әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;

      міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;

-              заңға сәйкес әлуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге
пайдалану;

      әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;

      әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;

      міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспаганда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:

2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;

2006 жылдың   1-ші  қаңтарынан  бастап —  әлеуметтік  аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;

2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 3 пайыз.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).

Еңбек ету ңабілетінен айрылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мелшері өлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айрылу мен қатысу өтелінің тиісті коэффищенттеріне көбейту арқылы айқындалады:

-              бұл ретте табысты алмастыру коэффициенті - 0,6 болады.

- еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті: жалпы еңбек ету
қабілетінен айрылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін дейін болатын
еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,7;

                  жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін - 0,5;

                  жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі отыздан алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айрылған адамдар үшін — 0,3.

Қатысу өтілінің коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы үшін: алты айдан кем болғанда — 0,1; алты айдан он екі айға дейін - 0,7; он екі айдан жиырма төрт айға дейін - 0,75; жиырма терт айдан отыз алты айға дейін - 0,85; отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін — 0,9; қырық сегіз айдан алпыс айға дейін — 0,95; алпыс және одан да көп айларға - 1,0 болады.

Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында берілетін әлеуметгік төлемдер тоқтатылады.

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жариялаган) асыраушының — өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелері асыра-шысынан айрылган жагдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға жэне алуға қүқылы:

1. он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қаса, осы жастан асқан балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен немерелері. Бүл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілері мен немерелерінің еңбек етуге қабілетті ата-аналары болмаған немесе олар ата-аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін оқу орындарының орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі;

2. жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін немесе немерелерін күтіп-бағумен айналысатын болса. Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата-ананың — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған элеуметтік төлемдер заңнамалық актіге сәйкес айрылып қалған әрбір ата-ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)төл енеді.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.

Асыраушысынан айрылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Асырауындағылар санының коэффициенті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады жөне асырауында бір адам болса - 0,4, екі адам болса - 0,5, үш адам болса -0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса — 0,8 бола-ды.

Бұл ретте табыстарды алмастыру коэффициенті мен қатысу отілінің коэффициенті Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңының 21-бабына сәйкес есептеледі.

Жумысынан айрылган жагдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күннен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффиценттеріне және қатысу өтілінің коэффициенттеріне көбейту арқылы тағайындалады. Бұл ретте кірісті алмастыру коэффиценті -0,3 болады, ал қатысу өтілінің коэффициенті аталмыш заңның 21-бабына сәйкес есептеледі.

Міндетті әлеуметтік сацтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда, оның жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді күнтізбелік есептеумен алганда:

                  алты айдан он екі айға дейін - кемінде бір ай үшін;

                  он екі айдан жиырма төрт айға дейін — екі ай бойы;

                  жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін — үш ай бойы;

                  отыз алты айдан жоғары - төрт ай бойы алуға құқығы бар.

Өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алып тұрса, бірақ жұмысына орналасуына байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығынан айрылған жағдайда, кезекті әлеуметтік төлемдср жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алған әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әлеуметтік аударымдар жүргізілген мұндай қатысушысы үшін он екі ай шегеруді негізге ала отырып тағайындалады.

Дүниежүзінің көптеген елдерінде жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар қызметкерлердің еңбек қызметінен жоғалтқан табыстарына өтем-ақы төлеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтіліне, жұмысынан айрылу себептеріне, отбасының табысы денгейіне және т.б. байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айрылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бүл қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.

Жұмысынан айрылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде (белгілі бір мезгілде) орташа жалақысының, жұмыс өтілінің сақталуына рұқсат етіледі, әлуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.

Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар жұмыссыздар деп саналады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздьқ бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.

Басқа елдерде жұмысынан айрылғанда әлеуметтік қолдауды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың әр түрлі механизмдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды (зейнетақыларды) қаржыландыру еңбекке ақы телеу қорынан жұмыс берушілердің сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда (мысалы, өтілі бойынша) олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алады. Жұмыссыз мұқтаж адамдарды қолдаудың тап осы нысаны Қазақстанда 1999 жылдан бастап Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қайта ұйымдастырылғаннан кейін қабылданған болатын. Бұл акция мемлекеттің     қаржы     ресурстарын     басқаруды     жүргізіліп     отырған орталықтандыру жағдайында амалсыз акция болып табылады.

Информация о работе Негізгі өндіріс есебі