Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 20:15, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4
2. Кәсіпорынның қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5
3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27
Сонымен бірге перманентті капитал табыстылығын есептеу барысында 2010 жылы 2011 жылмен салыстырғанда корпорация қызметіне ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігі 0,021-ге төмендеп және 2012 жылы 0,035-ке жоғарлағаны анықталды. Сату көлемінің табыстылығын есептеу барысында сатылған өнімнің әрбір бірлігі әкелген таза табыстың 2010 жылы 0,015-ке дейін жоғарлап, ал 2012 жылы 0,083 -ке түсті.
Меншікті капитал табыстылығын есептеу компания құрылтайшыларымен салынған әрбір ақша бірлігі 2010 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 0,021-ге төмендеп, бірақ та 2010 жылы ол 0,035 таза табыс әкелгенді. Компания таза ақша алымының негізінде есептелген сату көлемінің, жиынтық капиталдың, меншікті капиталдың активтерінің табыстылығы 2010 жылға қарай 0,007-ге төмендеп, ал 2012 жылы керісінше 0,049-ға жоғарлайды.
Сурет 8. Компанияның табыстылығын коэффициенттерінің өзгеру динамикасы
Қаржылық жағдайдың нашарлауы капиталдың жаратылуы мен қарыздырдың өсуіне әкеледі. Осыдан компанияның қаржылық тұрақтылығы, яғни компанияның қаржылық тәуелсіздігі, меншікті қаражаттарды маневірлеу қабілеті, шаруашылық қызметтің қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілу деңгейі төмендейді.
Қорытындылай келе кәсіпорынның қаржылық жағдайы соңғы жылдары қаржылық тұрақтылығы орташа екенін көреміз. Жоғарыда есептелген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері, төлем қабілеттілік коэффициент-терінің мәні бұған дәлел ретінде болып отыр. Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жылдан жылға кредиторлық берешектерінің көлемін ұлғайтып, ағымдағы активтер, оның ішінде тез айналысқа түсетін ақша қаражаттары мен дебиторлық борыш көлемінің қысқартқанын көреміз. Кәсіпорынның тұрғын ұй құрылысында қызмет көрсету басты қызметі болғандықтан, негізгі құралдарды, атап айтсақ, өндіріске қажет жоғары бағалы техникаларды, құрал-жабдықтарды сатып алу немесе сату алдындағы берешектерінің көбеюі осындай қаржылық жағдайының төмендеуіне себеп болып отырған тәрізді. Сондықтан абсолютті өтімді активтер мен тез төленуге тиіс міндеттемелердің мәнінің теңсіздігі сақталғандықтан, кәсіпорын жақын арадағы борыштарын өтеуге қабілетті дейміз, дегенмен алдағы кезеңдерде берешектерін өтей алмауы да мүмкін, себебі жедел өтімді активтер мен қысқа мерзімді кредиторлық борышты салыстыру кезінде кредиторлық берешек көлемінің ағымдағы активтер сомасынан сәл теңестірілмей тұрғаны байқалды берілген және есептелген мәліметтер бойынша «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымынының есепті жылда тұрақты қаржылық жағдайы жеткілікті деңгейде деп қорытынды жасауға болады. Компанияның шаруашылық қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі бағыттар бойынша есептелген көрсеткіштердің 2010 жылдан 2012 жылға қарай жоғарлағанын көреміз. Берілген компанияда төлем қабілеттілігі жақсы, яғни компанияда қаржылық тұрақтылық жағдай орын алады.
Қорытынды
Өндірістік тәжірибе
оқу үрдісінде алынған
Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің және нарықтық экономикаға кәсіби бағытталған мамандар – менеджерлер дайындығының басты құрамдас бөлігі болып табылады.
Өндірістік тәжірибені «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамында өтіп, керекті ақпараттарды алдым. Серіктестіктің Жарғысымен, қызмет көрсету түрлерімен, ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымымен таныстым. Тәжірибені өту барысында кәсіби мамандармен кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасауды үйрендім.
Тәжірибе уақытында Corel Draw бағдарламасымен жұмыс жасауды үйрендім. Осы тәжірибенің нәтижесінде осы бағдарламаны жақсы игеріп, болашақта қызметте қолдана аламын деп ойлаймын.
Тәжірибені өткеннен кейін төмендегілерді игердім:
Өндірістік тәжірибені өткізу уақытында теориялық білімімді тәжірибе барысында бекіттім. Болашақта бәсекеге қабілетті, өз мамандығымды толық игеріп, үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің көркейіп, дамуына үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі