Өндірістік тәжірибе ден есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4
2. Кәсіпорынның қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5
3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27

Работа содержит 1 файл

АОО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ЕСЕП.doc

— 474.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4

2. Кәсіпорынның  қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5

3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9

Қорытынды........................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер ТІЗІМІ..........................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі уақытта болып  жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың  шаруашылықты жүргізуші субъект  ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді  қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Міне осы бағытта  өндірістік іс-тәжірибе есебін жасау  барысында келесі мақсаттар қойылып, өз шешімін тапты:

Колледждан алған теориялық білімді бекіту;

-экономика, өндірісті  және технологияны ұйымдастыру  бойынша тәжірибе алу;

-курстық жұмыстары  мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын  орындау үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық  қызметі туралы қажетті деректер  жинау; 

Қойылған мақсатқа сәйкес өндірістік іс-тәжірибе есебін жасау  барысында келесі міндеттер қойылып, өз шешімін тапты:

-тәжірибе өтетін кәсіпорында  уақытында болу;

-кәсіпорында қалыптасқан  тәртіпке бағыну және өндірістен  тәжірибе басқарушысының тапсырмаларын  мүлтіксіз уақытында орындау;

-Кәсіпорын жарғысымен, ұйымдастырушылық құжаттармен, оның   құрылымымен, қызмет сипатымен және бөлімдерінің атқаратын қызмет-терімен танысу;

-Кәсіпорындағы жетекшімен бірлесіп  іс-тәжірибені өтудің күнтізбелік  жоспарын құру, күнделікке осы  жоспар бойынша күнделікті жазбалар  жүргізу;

-Кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу, ішкі шаруашылық  қызметінің анықтамасын жасау.

1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы

 

«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы 2003 жылдың 13 наурызында №13453-1901-ЖШС тіркеу нөмірімен Астана қаласының заң Басқармасы рұқсатымен 87,2 мың теңге жарғылық капиталымен тіркелді.

Эмитенттің толық атауы –  «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам.

Құқықтық-ұйымдық формасы: Акционерлік қоғам.

Заңды мекен-жайы: Казахстан, Астана қ., Көше АУЭЗОВА, Үй 7. Деректі мекен-жайы (орналасқан жері): Казахстан, Астана қ., район, 010000, Ауэзова, 7.

Куәліктің сериясы (ЖК-ге) және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік нөмірі: 380.

Есептілік әкімшілердің атауы: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "20015 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні: 2011-12-14.

Эмитенттің банктік  реквизиті: ағымдық шоты №022467047 «Казкоммерцбанк», БИК: 195301716. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі: 620200018021, ӘАОК: 710000000.

Қарастырылған кәсiпорын  ұйымдастырушылық–құқықтық формалардың  классификациясы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Кәсіпорынды «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» ҚР заңының 2 пункті 10 бабына сай, жалпы жиналысқа қатысушылардың құзырына жататын барлық шешімдер жеке қатысушының жеке дербес түрде қабылданатын, жазбаша түрде рәсімдейтін кәсіпорын директоры. Кәсіпорын директоры ағымдағы жұмыс бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етіп отырады, шешімнің орындалуы мен дайындығын ұйымдастырады, есептің орындалуы жөнінде ұсыныс білдіреді, кәсіпорын атынан сенім хатсыз шарт жасасып және олардың орындалуын қамтамасыз етеді, банктен өз есеп шоттарын ашады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, еңбекшіл ұжым серіктестігінің міндетті орындауында кәсіпорын жұмысшыларын қабылдау мен босатуға өз құқығын жүргізе алады,сенім хаттар береді, кәсіпорынның басқа заңды тұлғалармен қарым-қатынасында кәсіпорын мәселесі жөнінде ұсыныс білдіре алады.

Бас директор «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» жарлығына  сәйкес,түрлі құқықтық ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың  әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай : арыз, құрылтай, басқа құжаттар пакеті, мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Кәсіпорынның тіркеу құжаттары-ның толық пакеті мынадай:

  • тіркеу туралы арыз;
  • құрылтайшылар бекіткен жарғы;
  • құрылтай шарты;
  • құрылтай құжаттарында көрсетелген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама (ал  заттай төленсе аудиторлық тұжырымдама керек болады);
  • санақ карточкасы;
  • заңды тұлғаның мекен жайын растайтын құжат;
  • тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

Жарғы немесе құрылтай шарттары, кәсіпорынның негізгі құжаттары  ретінде, міндетті түрде нотариалдық  куәландырылған. Онсыз олар заңды  деп танылмайды. Әр түрлі шараларға байланысты келісімшарттар серіктестіктің құжат айналымында жүреді.

Жарғы бойынша, «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам ҚР заңына сәйкес бір құрылтайшыдан тұратын заңды тұлға болып табылады, сонымен қатар 22.04.1998 ж. шыққан “шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі кәсіпорын туралы” ҚР заңына, сондай-ақ 19.06.1997ж. “Кіші кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы”  Заңына сай жасалады. Серіктестік шектеусіз мерзімге құрылған. Кәсіпорынның өзінің мөрі, қалыбы, жеке кірісі мен шығысы туралы есебі, атауы бар ресми құжаттары бар, өз атынан келісім жасайтын құқығы бар, мүліктік  және мүліктік емес заттарға өз құқығын жүргізе алады, міндетін атқарады, сотта жауапкер және талапкер бола алады.

 

2. Кәсіпорынның  қызмет ету бағыттары мен міндеттері

 

Серіктестіктің негізгі  қызмет түрі болып:

- құрылыс инвестициясы;

- құрылыс, ремонт, монтажды  жұмыстарын атқару;

- пәтерлерді өткізу, құрылыс  материалдарын өткізу;

- халыққа тұрмыстық  қызмет көрсету;

- сатып алу – сату  қызметін жүзеге асыру;

- әкімшілік, тұрғын  үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерге кешендік қызмет көрсету;

- маркетинг, инжинеринг  және менеджмент бойынша қызмет  көрсету;

- жылжымалы және жылжымайтын  мүлікпен операциялар жасасу;

- сыртқы-экономикалық  қызмет;

- ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған  өзге де қызметтер

Эмитент өзінің қызметін Астана қаласының нарығында жүргізіп келеді және қазіргі таңда компания келесі тұрғын үйлерді эксплуатацияға тұрғызып және тапсырып қойды, тапсырылған  ғимараттарға: «Болашақ» ТҰК, «Құлагер» ТҰК, «Шанырақ» ТҰК, «Солнечный» ТҰК, «Қайнар» ТҰК, «Апато» ТҰК, «Апато Тауэр» ТҰК, «Мереке» ТҰК, «Мирас» ТҰК, «Қайнар- 2» ТҰК, «Социал»ТҰК, «Соло» ТҰК, «Факультет»ТҰК, «Дуэт» ТҰК, «Аврора» ТҰК, «Восточный» ТҰК, «Отау» ТҰК, «Восточный-2» ТҰК. Бәріде Астана қаласында тұрғызылған. Жаңа тұрғызылып жатқан, тапсырысқа жаңа берілетін  тұрғын үй объектілеріне мыналар жатады: «Номад» ТҰК, «Номад 2» ТҰК, ЖК «Номад 3» ТҰК, «Достар 1» ТҰК, «Достар 2» ТҰК, «Симфония» ТҰК, «Сармат» ТҰК, «Этюд» ТҰК, «Шаңырақ-2» ТҰК, «BI VILLAGE» ТҰК, «Гүлдер» ТҰК, «Краун Плаза» ТҰК, «Лазурный квартал» ТҰК, «ШаңырЖШС Премиум» ТҰК, «Мереке-2» ТҰК, «Солнечный город» ТҰК. Осы барлық «Билд Инвестментс Групп» ЖШС жүргізіліп жатқан тұрғын үй объектілерін бас аббаттандырушысы болып «АБК-Құрылыс» АҚ (Астана) құрылыс компаниясы. «АБК-Құрылыс» АҚ бас аббаттандырушы ретінде эмитентпен бірігер алдында реинжиниринг қызметін құра отырып, монтаждық құрылысында басқару-шылық, пластикалық терезелер өндіріс зауыты, кірпіш және бетон зауыты, құрылыс материалдарымен қамсыздандыру кәсіпкерлігі, меншікті құрылыс техникасымен жарақтанған және сырт жүйелер мен коммуникация, сонымен қатар жүргізіліп жатқан объектілерге қарауылдық кәсіпкерлігімен айналысып қана қоймай реттеп те отырады.

Серіктестіктің негізгі  бәсекелестері «Қуат Корпарациясы» АҚ, «Альянсстройинвест» АҚ, «Базис-А Корпорациясы» АҚ, «Ақ ауыл» корпорациясы болып табылады. Осындай арыстандай айбатты арыстандай нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.

 

 


Сурет 1 Астана қаласы бойынша тұрғын үй нарығындағы құрылымы

(1 қаңтар 2011 жылғы жағдай бойынша)

 

Бұл қарастырып отырған  суретте Астана қаласы нарығындағы ірі құрылыс ұйымдарының қызмет көрсетуі бойынша үлестік салмағының көрсеткіштері пайызбен көрсетілген.

Төмендегі кестеде «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның шаруашылықтағы қаржылық жұмысының соңғы 2010-2012 жылдар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.

 

 

 

Кесте 1- «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам техника-экономикалық көрсеткіші (мың тг)

 

 

 

Атауы

Жылдар

өзгеру динамикасы

2010

2011

2012

11/10

12/11

 

1

Құрылыс саласында қызмет көрсетуден түскен түсім

2577931

3452513

5 126 375

874582

167382

2

Сатылатын қызметтің өзіндік құны

1697686

2324566

3 025 649

626880

701 083

3

Жалпы табыс

880 245

1127947

2 100 726

247702

972 779

4

Кезезеңдік шығындар

209 197

402 520

725 364

193323

322 844

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

671 048

725 427

1 375 362

54 379

649 935

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

92 503

112 456

386 253

19 953

273 797

7

Салық салынғанға дейінгі қалыпты  қызметтен түскен табыс

763 551

837 883

1 761 615

74 332

923 732

8

Заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша шығыстар

229 065

251 365

528 485

22 300

277 120

9

Салық салынғаннан кейінгі қалыпты  қызметтен түскен табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 612

10

таза табыс

534 486

586 518

1 233 131

52 032

646 613


 

Талдау нәтижесінен  кәсіпорынның таза табысы 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2012 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды, яғни 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені  байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды.

Серіктестіктің негізгі  қызметіндегі құрылыс материалдарының  құралдары болғандықтан, 2-кестеде 2010-2012 жылдар бойынша негізгі құралдардың құнының динамикасы келтірілген.

 

Кесте 2 - 2010-2012 жылдардағы негізгі құралдардың құнының динамикасы (мың теңге)       

Атауы

Жылдар

Динамикасы +/-

2010

2011

2012

10-09

11-10

1

Жер

1 253 49123

12534912

1 253 49162

-1

+40

2

Ғимарат пен қосалқылар

172 081 240

72118765

172123921

+37525

+5156

3

Машиналар мен құралдар

17 795 317

17529622

16265696

-265695

-1263926

4

Транспорттық құралдар

62 277 041

60678943

55598098

-1598098

-5080845

5

Басқа да құралдар

5 441 195

6 628 596

4812599

+1187401

-1815997

6

Барлығы

15 6308609

16 7944078

154629576

+1163549

-13314502

Дерек көзі: «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғам  2009-2011 жылдардағы қаржылық есептілігі.


 

Кестеде келтірілгендей, соңғы үш жылдың көрсеткіштерінде көрсетілген- дей 2010 жылдың басында негізгі құралдардың құны 419 747 361 теңгені құрады. 2011 жылға қарай ол алынған есептелген тозу бойынша 16 794 478 теңгені құрады және негізгі құралдардың құны  2012 жылы 1 546 291 576 теңге болды. Жердің  құны 2011 жылы төмендеп, 2012 жылы +40 артты. Ал ғимарат пен қосалқылар құны екі жылда да салыстырмалы динамика көрсеткіштері бойынша ұлғайған, машиналар мен құралдардың құны төмендеген. Басқа да құралдар 2011 жылы  +1187401  теңгеге ұлғайып, келесі жылы   -1815997 теңгеге төмендеген. Жалпы негізгі құралдар бойынша 2011 жылы +11635469 теңгеге артып, 2012 жылғы көрсеткіште -1331450 2 теңгеге төмендегеін көреміз. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) өзгеруі, ерекше назар аудартады. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Информация о работе Өндірістік тәжірибе ден есеп беру