Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 20:15, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорын-ның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.«Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................4
2. Кәсіпорынның қызмет ету бағыттары мен міндеттері........................................5
3. «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін талдау............................................................................................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................27
Құрылыс бойынша қызмет көрсетуден, сатудан алынатын таза түсім – бұл қосымша құн салығын, акциздерді, қайтарылған тауарлар мен баға жеңілдігін шегергеннен кейін сатудан алынған жалпы түсім.
Сатудан түскен жалпы
пайда – бұл сатылған құрылыстағы
қызмет көрсетуден өндірістік шығындарын
шегергеннен кейін сатудан алын
Төтенше пайдалар.
Салық төлегенге дейінгі пайда (залал). Бұл көрсеткіш бухгалтерлік пайдадан салық салу пайдасына көшу нүктесі болып табылады. Бухгалтерлік немесе есептік пайда – бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес есептелген пайда. Салық салынатын пайда – бұл салық талаптарына сәйкес аударылған бухгалтерлік пайда.
Таза пайда (таза залал) – салық төленгеннен кейінгі пайда. Нарықтық экономика жағдайында бұл кәсіпорын қызметінің аса маңызды көрсеткіші.
Кәсіпорын шығыстарының көрсеткіштері:
Сатылған құрылыстық қызмет көрсетудегі өзіндік құны. Бұл бапқа материалдар, жалақы және өндірістік қосымша шығыстар тәрізді сатылған құрылысқа кеткен серіктестіктің өндірістік шығыстары ғана қамтылады.
Жалпы шаруашылық және коммерциялық шығыстар.
Қаржы қызметі жөніндегі шығыстар. Оларды әсіресе серіктестіктің борышына қызмет көрсетуге кететін шығыстар үлесін көрсету үшін есептеу маңызды. Нарықтық экономика жағдайында бұл көрсеткіш серіктестіктің тіршілік қабілеттілігін бағалау үшін қажет: мұндай шығыстардың үлес салмағының жоғары болуы банкроттыққа алып келуі мүмкін.
Кірістер мен шығыстарды айқын жіктеу белгілі бір кезең үшін таза нәтижені негізді айқындаудың базасы болып табылады.
Жоғарыдағы бөлімшеде қарастырып өткендей талданып отырған кәсіпорынның таза табысы 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2012 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетуден өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды. «Әскери Құрылыс» құрылыс компаниясының кірістері мен шығыстарын топтастырайық, өзгерістерді абсолютті шамамен көрсетеміз. Құрылыс ұйымының кірістер мен табыстар көрсеткіштері төмендегі суретте көрсетілген.
Сурет 5. Компанияның кірістер пен табыстар коэффциенттерінің өзгеру динамикасы
Көрсетілген мәліметтер кәсіпорын «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының шығыстар мен кірістер көрсеткішін есептеуден, яғни 2012 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, ақша қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.
Егер есепті кезеңде ақша ағымдарының негізгі көзі серіктестіктің өз акцияларын сатуы болса, бұл инвесторларға серіктестіктің өтімділігінің нашарлағаны туралы және негізгі қызметтен ақша қаражатының жеткілікті сомасын алу проблемасына берілгені белгі болар еді.
Қорытындылай келе кәсіпорынның қаржылық жағдайы соңғы жылдары қаржылық тұрақтылығы орташа екенін көреміз. Жоғарыда есептелген қаржылық тұрақтылық коэффициенттері, төлем қабілеттілік коэффициент-терінің мәні бұған дәлел ретінде болып отыр. Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жылдан жылға кредиторлық берешектерінің көлемін ұлғайтып, ағымдағы активтер, оның ішінде тез айналысқа түсетін ақша қаражаттары мен дебиторлық борыш көлемінің қысқартқанын көреміз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей кәсіпорын нвсие қабілетті болу үшін ағымдағы активтер сомасы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасынан жоғары болуы қажет. Ал біздің кәсіпорнымызда бұл көрсеткіш соңғы 2010 жылы кері мәнді берген. Бухгалтерлік баланстың мәліметтерін негізге ала отырып, кәсіпорынның осындай жағдайына ұзақ мерзімді өтімділігі төмен активтердің көбеюі жэне кредиторлық борыштың ұлғаюы себеп болды дегім келеді. Сонымен, берілген және есептелген мәліметтер бойынша «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымынының есепті жылда тұрақты қаржылық жағдайы жеткілікті деңгейде деп қорытынды жасауға болады. Компанияның шаруашылық қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі бағыттар бойынша есептелген көрсеткіштердің 2010 жылдан 2012 жылға қарай жоғарлағанын көреміз. Берілген компанияда төлем қабілеттілігі жақсы, яғни компанияда қаржылық тұрақтылық жағдай орын аладыКәсіпорынның тұрғын ұй құрылысында қызмет көрсету басты қызметі болғандықтан, негізгі құралдарды, атап айтсақ, өндіріске қажет жоғары бағалы техникаларды, құрал-жабдықтарды сатып алу немесе сату алдындағы берешектерінің көбеюі осындай қаржылық жағдайының төмендеуіне себеп болып отырған тәрізді. Сондықтан абсолютті өтімді активтер мен тез төленуге тиіс міндеттемелердің мәнінің теңсіздігі сақталғандықтан, кәсіпорын жақын арадағы борыштарын өтеуге қабілетті дейміз, дегенмен алдағы кезеңдерде берешектерін өтей алмауы да мүмкін, себебі жедел өтімді активтер мен қысқа мерзімді кредиторлық борышты салыстыру кезінде кредиторлық берешек көлемінің ағымдағы активтер сомасынан сәл теңестірілмей тұрғаны байқалды, сәйкесінше активтер борышты жаба алмайды дегенді білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық коэффициенттерін есептеу
«Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының болашақ стратегиясын әзірлеу үшін оның ағымдағы қаржылық жағдайы талдануы тиіс.
Құрылыс ұйымының құнын арттыруға қаржы-экономикалық көрсеткіш-терді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.
Басқарудың тиімділігін арттыру стратегиялық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және еңгізуге бағытталатын болады.
Төмендегі қарастырылған
коэффициенттердің дұрыс
Неғұрлым маңызды
- Өтімділік коэффициенті;
- Іскер белсенділік коэффициенті;
- Табыстылық коэффициенті;
- Қаржылық тұрақтылық коэффициенті .
Өтімділік коэффициенттері серіктестіктің өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін есепті кезең ішінде төлеу қабілеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.
Жалпы өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттемеге арналған айналым қаражатын бөлуден жеке ретінде есептеледі. Ол серіктестіктің белгілі бір кезең ішінде өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін өтеуге пайдаланылатын қаражатының жететін-жетпейтінін көрсетеді (коэффициент қолайлы мәні >0,9).
Айналым қаражаты,
ең кем дегенде қысқа мерзімді
міндеттемелерді өтеуге
Жалпы өтімділік коэффициенті талданатын уақыт аралығында 1,059; 1,040; 1,142 құрады. Есептелген көрсеткіштер арқылы компания өз міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша өз төлемдерін 2010 жылы ұтымды, 2011-2012 жылдары да жүзеге асыра алу қабілетін білдіреді, бірақ бұл қабілет 2012 жылы осы мінінен аз мөлшерде 2011 жылға қарағанда жоғарылайды, осыған қарамастан жалпы төлем қабілеттілігін жоғарыламағанын көрсетеді. Өтімділікті ақша қаражатының көрсеткіштері бойынша бағалау көп жағдайда неғұрлым сенімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолюттік өтімділік коэффициенті деп аталады және қысқа мерзімді міндеттемеге арналған ақша қаражатынан жеке ретінде есептеледі. Оның қолайлы мәні >0,2болып есептеледі.
Талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылда 0,304-тен 2011 жылы 0,262-ге төмендеді, бірақ та бұл жылы компания төлемқабілетті, 2012 жылы көрсеткіш мәні 0,354-ке дейін қайта жоғарылайды. Яғни «Әскери Құрылыс» Акционерлік Қоғамы құрылыс ұйымының өзінің шұғыл жүзеге асырылатын активтерінің жеткілікті нәтижесінде қысқамерзімді міндеттеме-лерінің барлығын өтей алады.
Кесте 5- «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының өтімділігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер
№ |
Көрсеткіш |
Баланстағы мәні | ||
2010 |
2011 |
2012 | ||
1 |
Жалпы өтімділік коэффициенті |
1,059 |
1,04 |
1,142 |
2 |
Абсолютті өтімділік коэффициенті |
0,304 |
0,262 |
0,354 |
3 |
Жедел өтімділік немесе аралық жабу коэффициенті |
0,927 |
1,097 |
1,078 |
4 |
Ағымдық өтімділік коэффициенті |
1,071 |
1,226 |
1,21 |
5 |
Тауарлы материалдық қорлардың ағымдық активтердегі үлесі |
0,134 |
0,105 |
0,109 |
6 |
Тауарлы материалдық қорлардың өтелу коэффициенті |
0,494 |
1,756 |
1,588 |
7 |
Меншікті айналым |
0,066 |
0,184 |
0,173 |
8 |
Ағымдық міндеттемелетдің табыстылық коэффициенті немесе сатудан түскен табыстың орташа ағымдық міндеттемелерге қатынасы |
0,431 |
0,355 | |
9 |
Ақша қаражаттарының жеткіліктілігі коэффициенті |
1,26 |
0,892 |
1,757 |
10 |
Ақша қаражаттарының капиталдандыру коэффициенті |
0,489 |
0,277 |
0,23 |
Жедел өтімділік коэффициенті компанияның меншікті көздерден қалыптастырылатын жеткілікті еркін ресурстар көлеміне ие екенін білдіреді. Бұл көрсеткіш қалыпты мәні ≥1.
Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылы ұтымсыз оның мәні 0,927-ден 2011 жылы 1,097-ге дейін ұлғайды, кейін 2011 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда жедел өтімділік коэффициенті 1,078-ғе дейін жоғарлады. Бұл компанияның өзінің шоттары бойынша төлемдерін жүзеге асыра алуын қабілетімен байланысты тәуекелділіктің жоқ екенін көрсетеді.
Ағымдық өтімділік
коэффициенті қысқамерзімді
Кәсіпорынның талданып отырған уақыт аралығында берілген өтімділік көрсеткіші 2010 жылы 1,071 мәнінен 2011 жылы 1,226 мәнене дейін ұлғайды- бұл «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымының өз қаражаттарын рационалды емес салаға салғанын және тиімсіз түрде қолданғанын көрсетеді. 2012 жылы да ағымдық өтімділік коэффициенті 1,210 мәніне дейін түсіп, анықталған көрсеткіш компания үшін тиімсіз, яғни осы жыл да ұтымсыз болып келеді. Бұны төмендегі суреттен көруге болады.
Тауарлық-материалдық қорлардың өтелу коэффициенті матералдық қорлар қандай дәрежеде меншікті қаражаттар арқылы өтелетінін және қарыз қаражаттарына қажеттілік деңгейін көрсетеді. Шаруашылық тәжірибенің статистикалық салыстырмалы мәліметтері негізінде алынған көрсеткіштің қалыпты мәні ≥ 0,6 болуы қажет.
Бұл көрсеткіштің мәні «Әскери Құрылыс» құрылыс ұйымында талданып отырған уақыт аралығында 0,494; 1,756; 1,588 болды. Компанияның тауарлық-материалдық қорлары жеткілікті деңгейде меншікті қаражат көздерінен өтеледі дегенді білдіреді.
Меншікті айналым
қаражаттарымен қамтамасыз