Міндеттемелер есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

міндеттемелер есебі.doc

— 169.50 Кб (Скачать)

Мекеменің капиталаның  аудитін жүргізу келесідей тәртіпте жүргізіледі:

    • жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталдың аудитін жүргізу;
    • бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) аудиті

Жарғылық капитал дегеніміз  – бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген  капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан  кәсіпорын мүлкінің құның, екінші жатқан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшының (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Мысалы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Міндеттемелермен есеп айырысу және қаржылық есептегі аудиті

 

2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

 

   Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

1)Банктердің ұзақ мерзімді  қарыздары;

2)Банктен тыс ұзақ мерзімді қарыздар;

3)Мерзімі шегерілген  корпоративтік табыс салығы.

   Банктердің және  банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1 жылдан астам мерзімге,әдетте,жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға,қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

  Қарыздарды беру  мен өтеуге байланысты барлық  мәселелер банк ережелерімен  және қарыз алушы ұйым мен  банк арасындағы кредиттік шарттармен  реттеледі.Бұл мақсат үшін кредиттік  шарт рәсімделеді,онда кредиттеу объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі,тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі міндеттемелері,құқықтары мен жауапкершілігі,құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.

  Ұзақ мерзімді  міндеттемелерді тексергенде,аудитор  бәрінен бұрын баланста көрсетілген,  есепті кезеңнің басы соңындағы  қалдықтың Бас кітаптың журнал  ордерінің мәліметтеріне қарап  сәйкестігін анықтайды.

  Алайда мұны бірден  жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі.Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына аса назар аударуы тиіс.

  Қарыздарды банктер  тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден,кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кеппілдікті, екіншіден,қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек.Үшіншіден,оларды ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет.Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұның себебін анықтау талап етіледі.

  Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзімділігін тексеруі тиіс.

  Сонымен қатар  аудитор қарыз және алынған  несие үшін процент төлеудің  дұрыстығын тексеріп, сонымен қатар  кәсіпорынның  өтелмеген қарыз  қалдықтарымен бірге осы қарыз  үшін банкке тиесілі процентті  көрсету  жайлы шешім қабылдағанын  анықтауы тиіс. Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетінін есте сақтау керек.

      

 

2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиті.

 

           Ағымдағы міндеттемелерге банктың қысқа мерзімді несиелері қысқа мерзімді займдар және кәсіпорынның кредиторлық қарыздары жатады.

Банктың қысқа мерзімді несиесі бір жыл мерзімге беріледі. Қысқа мерзімді несиені алу мен қайтарумен баланысты есепті несиелік операциялар  "Банктердің қарыздары",  "Банктен тыс мекемелердің қарыздары" және   "Өзгелер" шотында жүргізіледі. Әрбір осы шоттарда субшот бар: "Қысқа мерзімді несиелер". Бұл шоттар пассивті, сальдо есепті кезеңнің басындағы қайтарылмаған қарыздар сомасын көрсетеді, Дт бойынша айналым - кредитті қайтаруға аударылмаған сома, Кт бойынша айналым - несиеге алған сома алынған несиелер сомасы болып табылады.

Қысқа мерзімді несиелердің  аналитикалық есебі несиенің банктің  түрлері бойынша және жеке кредиторлар  түрі бойынша жүргізіледі.

Овердрафт дегеніміз  — субъектінің иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиторлық қалдық. Ол қысқа мерзімді несие түрі.

Қысқа мерзімді қарыздар көп жағдайда векселге берілген коммерциялық несие түрінде және қарыз міндеттемесі түрінде, партнерлік несие түрінде беріледі.

Аудитор баланста алынған  қысқа мерзімді несиелер мен займдардың дұрыс көрсетілуін тексере отырып мыналарды анықтау керек:

- несие қандай мақсатқа  пайдаланды, осы мақсаттар несиені алу келісім-шартына сәйкес келеді ме;

-   несиені қайтару  толықтылығы және уақыттылығы;

-   келісім-шартқа  сәйкес несие үшін пайызды төлеу дұрыстығы;

-   басқа кәсіпорыннан  ссуда (займ) алу зандылығы, сонымен  қатар оны қайтару толықтылығы және уақыттьілығы;

- синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізу дұрыстығы.

Бухгалтерлік баланстың "Ағымдағы міндеттемелер" бөлімінде "Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі" тарауында келтіріледі. Оны тексеру кезінде аудиторға ұзақ мерзімді несиенің аналитикалық есебі мәліметі бойынша қарызды қайтару мерзімін және осы тарау бойынша соманың негізділігін анықтау қажет. Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігіне құрайтын кредиторлық қарызды тексеруге үлкен көңіл бөлу керек.

Кредиторлық берешек — бұл кәсіпорынның басқа занды тұлғаларына немесе азаматтарына міндеттеме сомасы. Кредиторлық қарыз қалыптасу сипаты бойынша екіге бөлінеді: Қалыпты және ақталмаған.

Қалыпты кредиторлық қарыз дегеніміз - кәсіпорынның бизнес-жоспарының орындау жолына, сонымен қатар есептіліктің қызмет ету формаларына да негізделген.

Оған мысалы: акцептелген есепті құжаттар бойынша (мердігерлерге,жабдықтаушыларға қарыз) әлі келмеген төлем мерзімі және бюджетке төлемдер бойынша қаржылық органдарға мерзімі өтпеген қарыздар жатады.

Ақталмаған кредиторлық қарыз деп - мыналар есептеледі: қаржылық органдарға бюджетпен есеп бойынша мерзімі өткен қарыз, кәсіпорынның персоналына — еңбек ақы төлеу бойынша, мердігерлерге мерзімінде төленбеген есепті құжаттар бойынша және тағы басқалар. Кредиторлық қарызды нақтылау дебитролық қарыз аудитінің методикасын пайдаланумен жүргізіледі мүмкін кредиторлық қарызды тексеру кезінде аудитордың алдында тұратын негізгі шешімі мынау болып табылады:

- төлеу   тәртібінің   дұрыстығын    бақылауы,    баға    есептілігін   және есептіліктегі қаражаттардың сақталуы кезінде қолданылатын дәлелділікті тексеру;

- кәсіпорын    балансындағы   кредиторлық    қарыз    сомасының    заңды негізділігін  жөне нақтылығын тексеру;

-  кредиторлық қарыздарды азайту және олар бойынша есептеулерді бір қалыпқа келтіру мінездемелерін жасау.

Кредиторлармен есептесу жағдайын бақылаудың рационалды ұйымы келісімді және есепті тәртіптің нығаюына, берілген ассортиментте және сапада өнімді жеткізу бойынша міндеттеменің орындалуына, төлеу тәртібін бақылау үшін жауаптылықтың жоғарылауына, кредиторлық қарыздың қысқаруына мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорынның кредиторлық  қарызын тексеру кезінде аудитордың басты мақсаты оның балансында көрсетілген  кредиторлық қарыздың нақтылығын және дұрыстығын анықтау болып табылады. Ол үшін аудиторға баланстағы берілетін мәліметтерді: бас кітап, журнал-ордерлер, ведомостар және басқа да есеп регистрлері мәліметтерімен салыстыру керек. Кредиторлық қарыз жағдайын тексеруді аудиторға, кредиторлармен есептілік инвентаризациясынан бастау керек. Ол мынадан тұрады: шоттар бойынша тиісті құжаттарға сәйкес қалдықтардың табылғандығынан және шоттарда тұрған соманың дәлелділігін тексеруден.

Аудитор және инвентаризация комиссиясының мүшелері кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін және оның нақтылығын белгілейді. 

 

 

2.3 Жабдықтаушылармен есеп айырысу аудиті.

 

        Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есесптесу тексеру барысында аудиторға екі жақты салыстыру керек. Екі жақты салыстыру қарыздардың түсірмесін көре отырып есеп туралы сауал негізінде жүргізіледі. 

        Сауал — дәлелдеу шотта ірі  сома болған кезде немесе мердігелермен  және жабдықтаушылармен көрсетілген  шоттар даулы болған кезеде пайдаланылады.

Сауалға шоттағы немесе шот-фактурадағы қалдықтар туралы мәліметтер кіруі мүмкін, егер ондағы қалдықтар едәуір болса сауал - дәлелдеу кәсіпорынның бланкасында торлытылуы мүмкін. Сауалды алған кәсіпорын дәлелдеген соманы кояды. Ондай сауал - дәлелдеу мердігерлерге екі данада жіберіледі. Оның біреу аудиторға қайтарылады.

Актіде расталмаған  кредиторлық қарыз сомасы және өткен  мерзімі бойынша оның мөлшері  көрсетіледі.

Қарыздардың осы түрі бойынша инвентаризация актісіне анықтама тіркелуі керек. Онда:кредиторлар аты, мекен-жайы және қарыздар сомасы, не үшін тіркеледі, қай уақытта және қандай құжат негізінде. Баланста есепті кезеңнің басында және аяғында кредиторлық қарыздың жағдайы келесі тарау бойынша қалдықтарымен сипатталады:

1) төлеуге ұсынылған шоттар және вексельдер;

2) алынған аванстар;

3) салықтар бойынша  қарыз;

4) төлеуге ұсынылған дивидендтер;

5) негізгі  шаруашылық  серіктестік және     еншілес   серіктерстердің арасындағы ішкі  топты операциялар бойынша қарыздар;

6) ақционерлік қоғамның жоғарғы тұлғаларға қарызы;

7)  басқа да кредиторлық  қарыздар.

а) алынған ТМҚ және айталымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар және пайдаланған қызметтер, ТМҚ-ды жөндеу немесе әкелу, апару бойынша шығындарды қоса;

б)  алынған  ТМҚ  және   айналымнан  тыс   активтер,   жұмыстар  және қызметтер, мердігерлерден және жабдықтаушылардан алған құжаттар;

в) қабылдау кезінде табылған артық ТМҚ және айналымнан тыс  активтер;

г)  тасымалдау бойынша  алынған қызметтер.

Осы шот бойынша есептеуді  тексеру 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

-  алынған   метариалдық   құндылықтар,   орындалған   жұмыстар   және көрсетілген қызметтер үшін төлем дұрыстығын талдау;

- жабдықтаушылардан алынған ТМҚ-ды кірістеудің толықтылығын талдау;

- жабдықтаушылар және мердігелермен есептесуді тексерудің бағдарламасын (жоспарын) құра отырып, аудитор мынаны анықтау керек: ішкі аудиттің осы бағыттағы жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйене алады, есептің және    ішкі бақылаудың жағдайын анықтау. Ол үшін есеп жағдайын және жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша операцияларға ішкі бақылауды ұйымдастыру қандай деңгейде екенін анықтауға болатын мәліметтер бойынша   кәсіпорындарға тест жүргізу қажет.Жабдықтаушылар және мердігілермен есеп айырысуды тексеру үшін қайта санау, сәйкестілікті, бақылауды, құжаттық тексеруді пайдалануға болады. 1-кестеде жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесу аудитінің бағдарламасы көрсетілген.

1-КЕСТЕ

Жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесудің аудиторлық

тексеру бағдарламасы

 

Мазмұны

Ақпарат көзі

Тексеру тәсілі

1

2

3

ТМҚ бар екендігін рас-тайтын құжаттардың бар болуы

Келісім шарттар, хаттар, шот-фактуралар   және кі-ріс құжаттары 

Бақылау растау

Тауардың сапасы және саны бойынша берілетін арыздың уақыттылығын тексеру

Алынған   ТМҚ   сапасы және санының айырмашылығы туралы акт

қайта санау

 

 

Жабдықтаушылармен ҚҚС жою дұрыстығын тексеру                                   

Шот-фактура, ҚҚС бойынша нұсқау

 бақылау

 

  Жабдықтаушының мәлі-меттерін  есеп регистріне                                                                                                                                                                                                       сәйкестікті апару                                                                                                                                              

Шот-фактура, бухгалтер-лік есептің  регистрлері

Растау

Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру

Бухгалтерлік есеп   регистрі,  жаб                                                                                                                              дықтаушының сауалына жауаптар

сұраптау, тексеріс, сәйкестілік

Материалды жауапты тұлғамен       материалды құндылықтарды кіріс-тірудің толықтылығын тексеру

Шоттар, кіріс актілері, накладнойлар, қойма есебінің мәліметтері

тексеріс

 

 

Корреспонденттік шоттың дұрыс  құры-луын тексеру

Бухгалтерлік есеп ре-гистрі, шоттар,төлем тапсырмасы

Тексеріс

Информация о работе Міндеттемелер есебі