Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:51, курсовая работа
Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.
КІРІСПЕ
Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – бұл белгілі бір тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде бұл іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі. Төлем қабілеттілік баланс жасау мерзімімен анықталады. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеті екінші білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы оргындарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оның қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрсетілген.
Есепті кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі ағымдағы жедел төлем қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа да органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады.
1. Міндеттемелердің экономикалық мәні мен мазмұны.
1.1 Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барысында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталдыда қолданады .Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру,жұмысты орындау,ақша төлеу және басқалар.Ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Қазіргі
таңда қаржының жетіспеушілігін
Ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімдері қаржылық есептілік аудитінің ең қиын бөлімдері болып табылады.Олардың ішінде:
Еңбекақы
бойынша қызметкерлермен есеп
айырысу аудиті кадрлар
2.2. Мекеменің жарғылық капиталы аудитінің міндеті мен ақпараттық базасы
Кәсіпорын капиталының қозғалысына бақылауды жүзеге асыру үшін аудиторларға ірі қаржылық операциялардың жағдайы және олардағы шектеулер туралы білу жеткілікті. Құжаттардың көлемі үлкен емес, олар стандартталмаған және бәрі дерлік басшылық тарапынан бақылау мен бекітуді талап етеді. Бұл операциялардың есебін жүргізу кезінде, әдетте, екі жақты бақылау жасаудың және қателерді тексерудің сондай бір кең жүйесі керек емес. Бірінші кезекте капиталдың қозғалысы бойынша операцияларға қаржы талдаушылары талдау жасайды және басшылық бақылау жүргізеді, содан кейін акционерлердің, директорлар кеңесінің жиналыстарында бекітіледі. Кәсіпорын капиталының жағдайы туралы ақпараттар ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі мәжілістерінің хаттамаларында және бағалы қағаздарды сатып -өткізу кезінде жасалынатын басқа да құжаттарда болады.
Басшылықтың пікірлерін (пайымдауларын) тексеру үшін аудиторда шаруашылық операцияларының орындалуының заңдылығын қарастыруға мүмкіндік беретін ақпараттардың болуы қажет.
Аудиттің алдына қойылған мақсаттарды ашып көрсету үшін кәсіпорын басшылығының қаржылық қорытынды есептің «меншікті капитал» бөлігі баптарының дұрыстығы категориялары (бар болу, толықтылық, бағалау, құқықтар мен міндеттемелер, тапсыру және ашып көрсету) бойынша пікірлерін қарастырамыз. Бар болу:
Толықтылық:
- сый ақымен, кепілдіктермен акциялар шығару жоспарларының дұрыс есебі жүргізіледі және соған парапар тиісті ашы көрсетулер тапсырылады;
- табыстардың алынуы және
Кесте-3 Кәсіпорын капиталының қозғалысын реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар
№ |
Құжаттың аталуы |
1 |
2 |
1 |
ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж. №269-XIII, тараулары: 2 «Азаматтық құқық субъектілері», 3 Азаматтық құқық объектілері» |
2 |
«Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі 12.06.2001ж. №209-2 (22.10.2009 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) |
3 |
« Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 02.07.2003ж. №401-2 (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 07.07.2004ж. ) |
4 |
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.12.1995 №2732 (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 28.02.2010ж. ) |
5 |
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚРЗаңы 13.05.2003 ж. №415-II |
6 |
«Жауапкершілігі шектеулі
және қосымша жауапкершілікті |
7 |
«ҚР Президентінің заң күші бар «Өндірістік кооператив туралы» жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы 12.07.2001 ж №241-2 |
8 |
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңы 17.04.1995 ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 09.07.2004ж. ) |
9 |
«Қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізі»: ҚРҚаржы министрлінің бұйрығы 29.10.2002 ж. №542 |
10 |
Бухгалтерлік есептің 8 «Қаржылық инвестициялардың есебі» деп аталатын Ұлттық стандарты. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысы 13.10. 1996 ж. №3 (ҚР Қаржы Министрлігінің 28.01.2003 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен) |
11 |
Бухгалтерлік есептің 30 Қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыру» деп аталатын Ұлттық стандарты. ҚРҚаржы Министрлігінің 17.01.2003 ж. № 14 бұйрығы |
12 |
Бухгалтерлік есептің 8 «Қаржылық инвестициялардың есебі» деп аталатын Ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 21.05.1997 ж. № 7 бұйрығы |
13 |
«Қаржылық қортынды есеп беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 24.06.2003 ж. № 241 бұйрығы |
Ескерту: [10] дерек көзі негізінде жасақталған |
Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді:
Төмендегі 4-кестеде келтірілген құжаттар негізгі ақпарат көзі ретінде қызмет көрсетеді
Кесте - 4 Кәсіпорынның меншікті капиталы аудитінің негізгі ақпарат көздері
№ |
Құжаттың аталуы |
1 |
Қаржылық есеп беру |
2 |
Есеп саясаты |
3 |
Бас кітап, Бухгалтерлік есеп регистрлері |
4 |
Кәсіпорын жарғысы |
5 |
Құрылтай келісімшарты |
6 |
Құрылтайшылар жиналысының хаттамасы |
7 |
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
8 |
Бағалы қағаздарды тіркеу кітабы |
9 |
Ационерлер тізімдемесінен үзінді |
10 |
Мемлекеттік органдарға (салық, статистика және т.б.) тіркеу туралы куәлік |
11 |
Шаруашылық қызметтің белгілі бір түріне лицензиялар мен рұқсаттар |
12 |
Эмиссиялық проспектісі |
13 |
Директорлар кеңесі мәжілісінің хаттамалары |
14 |
Акционерлер жиналысының,
директорлар кеңесінің шешімдер |
Ескерту: [12] дерек көзі негізінде жасақталған |
Ұйымның (кәсіпорынның) шаруашылық қызметтің қандай түрлерімен айналысатындығын, ұйымның тіркелген жарғысында қарастырылған қызметтің түрлерінен ауытқулардың бар немесе жоқтығын зерттеу керек. Жекеленген қызмет түрлерінің мемлекеттік тіркеуден өтуді немесе лицензиялауды талап ететіндігін есте сақтау қажет. Сондықтан аудиторлар тексеру жүргізу барысында лицензиялардың бар екендігін, мысалы, сауда-сатып-өткізу қызметінің түрлеріне, бағалы қағаздармен орындалатын операцияларға, банк қызметінің түрлеріне, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және т.б. бар екендігін анықтауға тиісті.
Егер ондай қызметтің түрлеріне кәсіпорында (ұйымда) лицензия (рұқсат) болмаса, онда жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша орындалған операциялар заңсыз деп есептеледі.
Аудиторлар заң сарапшылары болып табылмаса да, олар заңсыз операциялардың болған жағдайларын айқындауға және қажет болса заңгерлердің көмегімен зерттеу жүргізуге міндетті.
Егер жоғарыда көрсетілген тексеру процедураларын орындау кезінде нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерінен (баптарынан) қандай да бір ауытқулар табылып қалса, онда аудитор объектіге қатысты тексеру жүргізеді.
Қаржылық қортынды есепті дайындап тапсырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) негізінің «Меншікті капитал» тарауында меншікті капиталдың ұйымның активіндегі міндеттемелерді алып тастағаннан кеиінгі үлес екендігі атап көрсетілген. Акционерлік қоғамда ол акционерлер салған қаржылар, бөлінбеген табыс, резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталға қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін түзетулерді көрсететін сомалар сияқты топтарға бөлінеді.
Баланста меншікті капиталды құраушы тиісті шоттардың сальдолары (қалдықтары) келтіріледі. Олар, әрине, меншікті капиталдың есепті кезең ішіндегі жағдайы мен оның құралу тәртібі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы қорытынды есеп бұл ақпараттарды құрылымдық және сандық өзгерістер тұрғысынан ашып көрсетеді. Қорытынды есеп қатарлары мен бағаналарында меншікті капитал шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар көрсетілетін кесте болып табылады, ал қорытынды есептің қатарлары бойынша көрсеткіштерді қосқаннан кейінгі жиынтық нәтижесінде есепті жылдың 31 желтоқсанына құрылған баланстың «Меншікті капитал» бөлімінің жиынтық көрсеткішіне сәйкес келетін соманы береді.
Меншікті капиталдың жоғарыда аталған әрбір элементінің маңызы зор болғандықтан, олардың аудитіне жеке-жеке тоқталамыз.
Меншікті капитал кәсіпорынның қаражаттарының негізгі көзі болып табылатындықтан, капиталдың аудитін жүргізу мекеменің қаржылық есеп берулерінің аудитін жүргізуде маңызды орын алады.