Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 14:58, реферат

Описание работы

Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.

Содержание

1.Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы
және реттеу тиімділігі
2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру
3.Күрделі қаржы құралдарын реттеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру

Работа содержит 1 файл

МӘНЖАЗБА.docx

— 28.36 Кб (Скачать)

      Сақтандыру  нарығында сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру жүйесіне тартылған сақтандыру сыныптарының (түрлерінің) аясын кеңейту  мүмкіндігін қарастыру қажет.

      Халықтың  қаржылық сауаттылығын және инвестициялық  мәдениетін арттыру мақсатында ауқымды  түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша  жұмыс жалғастырылады.

      Қаржы институттарының, олардың қызметкерлерінің, аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ олармен өзара іс-әрекет жасайтын Қазақстандық қаржы ұйымдарының  лауазымды тұлғаларының (Қазақстандағы  қызметке толық тыйым салуды қоса алғанда) қызметіне, егер олардың қызметі  заңда белгіленген тәртіппен  заңсыз деп танылса және Қазақстанның қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйіне және беделіне айтарлықтай зиян келтірсе (бірінші кезекте, Қазақстандық қаржы  ұйымдары активтерінің шетелге шығуы  бойынша схемалар құруы есебінен) қатаң шектеулер енгізілетін  болады.

      Осыған  байланысты осындай схемаларды құруға қатысқан қаржы институттарының, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың «қара  тізімі» жасалынады және тиісінше, олардың Қазақстандағы қызметі  заңнамалық тұрғыдан шектеледі не тыйым  салынады. Бұл ретте шығарылған активтер Қазақстанға қайтарылған жағдайда мұндай шектеулерден босату мүмкіндігі берілетін болады.

      Бұдан басқа, іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) нақты айқындалған өлшемдер негізінде  дефолтқа әкелген эмитенттердің, олардың  акционерлерінің, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың «қара тізімін» қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылатын болады. 
 

Информация о работе Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері