Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 14:58, реферат

Описание работы

Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.

Содержание

1.Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы
және реттеу тиімділігі
2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру
3.Күрделі қаржы құралдарын реттеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру

Работа содержит 1 файл

МӘНЖАЗБА.docx

— 28.36 Кб (Скачать)

      Осыған  байланысты, қаржы секторын реттеу жөніндегі қызметтің басты бағыттарының бірі контрциклдық реттеу және қадағалау  қағидаттарына, оның ішінде экономиканың белсенді өсуі кезеңінде провизияларды  қалыптастыру, меншік капиталды, резервтерді  және өтімділікті ұлғайту және құлдырау кезеңінде жинақталған әлеуетті пайдалану арқылы одан әрі өту  болып табылады.

      Меншікті  капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын  талаптарды экономикадағы ахуалдың жақсаруына және бастапқы өсу белгілерінің пайда болуына қарай көтеру болжанады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін  бағалау тәсілі сандық қана емес, сапалық  тұрғыдан да жетілдірілетін болады, бұл  қаржы ұйымдары капиталы құрылымының  сапасын жақсартуды болжайды.

      Жоғары  тәуекелді операциялардың динамикалық  өсуі, оларды шоғырландыру шектеледі  және провизиялар мен резервтерді  қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттырудан көрініс табады. Қажет  болған кезде шоғырландыру лимиттерінің белгіленуі, сондай-ақ тәуекел деңгейі  жоғары операцияларды жүргізуге  тікелей тыйым салулар енгізілуі  мүмкін.

      Кредиттік тәуекелді бағалау рәсімін оңтайландыру және провизиялардың барабар деңгейін қалыптастыру шеңберінде сондай-ақ контрциклдық тәсілді енгізу болжанады, ол тәсіл  кезінде экономикалық өсу кезеңінде  ықтимал шығынға резервтерді  қалыптастыруға қойылатын талаптар арттырылады, ал құлдырау кезеңінде  – төмендейді. Сондай-ақ стресс жағдайлары немесе күйзелістер басталған жағдайда резервтерді қалыптастыру енгізіледі. Қаржы ұйымдарының міндеттемелері бойынша күтілетін шығынды экономикалық құлдырау басталғанға дейін алдын  ала тану олардың қаржылық жай-күйіне қысымды төмендете және рецессия кезеңінде қаржы өнімдерін ұсынуды  қамтамасыз ете отырып, кірістің жақсы  болуы сақталып отырған кезеңге  дейін буферлер құруға өз үлесін қосады.

      Қазіргі бар резервтерді ауыстыруға емес, арнайы резервтерді толықтыруға  арналған динамикалық резервтер  енгізілетін болады. Динамикалық  резервтер нақты актив құнының  шығынына қарсы, ал шартты міндеттеме жағдайында – қаржы ұйымының өз міндеттемелерін ықтимал орындауы бойынша шығынға қарсы құрылған резервтер деңгейінде күшті ауытқуларға  теңдестіруші ықпал ететін болады. Қаржы ұйымдарының активтері  мен міндеттемелерінің ұлғаюымен  бір мезгілде арнайы да және динамикалық  та резервтер құрылуы тиіс.

      Кредиттік дүрбелеңмен қоса жүретін экономикалық өрлеу кезеңінде кредит бойынша  маржа кредит берумен байланысты тәуекелдің бағалау деңгейінің төмендеуі салдарынан төмендеу үрдісіне ие болатын фактіні есепке ала отырып, банк қабылдайтын тәуекелдердің жинақталуы және барабар емес баға белгілеу жүргізіледі. Даму кезеңін бағалауға балама тәсіл ретінде бір жағынан, өтімділік пен капиталдандыру, екінші жағынан кредит бойынша маржа арасындағы кері байланыстың белгіленуі ықтимал. Бұл сондай-ақ банктер тартатын ресурстардың оңтайлы құнын белгілеуге әсер ететін болады.

      Баланстан тыс міндеттемелердің өсуін ынталандырмауға  қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте бірінші кезеңде  халықаралық ұйымдар ұсынған  капитал жеткіліктілігіне кеңейтілген  тәсілді есепке ала отырып капиталдандыруға қойылатын талаптар күшейтіледі. Кейіннен, егер осы шаралар күткен нәтижелерге  әкелмесе, осындай операцияларға  қатысты тікелей тыйым салуларды  белгілеуге дейін, неғұрлым қатаң әрі  батыл шаралар енгізілуі мүмкін.

      Оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалармен  өзара іс-әрекетке қатысты қаржы  ұйымдарын реттеудегі тәсілдерді күшейту  болжанады.

      Қаржы институттары өтімділігінің барабар  деңгейін қалыптастыру мақсатында өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау үшін сандық көрсеткіштер, бағдарлар және өлшемдер белгіленеді. Банктер салымшылардың  сенімдерін жоғалтқан жағдайда белгіленген  мерзім ішінде (демалыс күндер басталғанға  дейін) міндеттемелерді орындауға  қабілетті және қаржы нарығында  жалғасып отырған шиеленіскен кезеңдер ішінде тұрақты күйінде қалуы  тиіс. Өтімділік деңгейінің артуы  сондай-ақ өтімділігі аз активтер бағасының  құбылмалылығына күйзелістердің ықпалын  төмендетуге мүмкіндік береді.

      Қаржы ұйымдарына қатысты сондай-ақ қаржылық левередж коэффициенттері белгіленетін болады, себебі оған тән проциклдық ағымдағы жаһандық қаржы дағдарысының бастапқы себептерінің бірі болып табылды және айтарлықтай теріс салдарларға алып келді. Бұл ретте левередждің проциклдық коэффициенттері жеке негізде, сондай-ақ шоғырландырылған негізде де белгіленетін болады.

      Қорландыру  және қайта қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ өтімділікті, оның ішінде валюталық өтімділікті  жоғалтудың басқарылатын тәуекелдері  бар міндеттемелердің құрылымын  қалыптастыру мақсатында банктер міндеттемелерінің  құрылымын қайта теңестіруге  қойылатын талаптар белгіленеді. Ұйымдардың және нарықтардың елеулі зияндарын  алдын ала ескерту, портфельдерінің  тұрақтылығын бағалау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестициялық  портфельдерін иммунизациялау әдістері енгізілетін болады.

      Уақыт аралығы бөлігінде банктердің валюталық  өтімділігіне қадағалау күшейтіледі. Сонымен қатар, кредиттік тәуекелдің өтімділік тәуекеліне ықпалы активтері  және тұрақты кірістері жоқ заемшыларға  берілген валюталық кредиттерге  қатысты провизияларды қалыптастыруға қойылатын неғұрлым қатаң талаптарды белгілеумен шектелетін болады.

      Банктердің  өтімділігін жақсарту және қайта  қаржыландыру тәуекелін азайту бойынша  шаралардың шеңберінде сыртқы қарыз  алудың артық деңгейін төмендету көзделеді, бұл банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Өтімділікті қалыптастыру көздерін әртараптандыру мақсатында банктердің берілген кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын ұстап тұру бойынша қосымша шаралар қабылданады.

      Сондай-ақ контрциклдық қағидат бұдан әрі  ең төменгі резервтік талаптарды қолдануға қатысты да дамитын  болады.

      Контрциклдық  қағидат қаржы ұйымдарының инвестициялық  портфелінің құрылымына және сапасына қолданылатын болады.

Қаржы құралдары құрылымының күрделілігі  және оларды шығару мен сатып алуға  байланысты тәуекелдерді толық бағаламау  да әлемдік қаржы жүйесінде жаһандық жүйелік тәуекелдердің үдемелі  өсуінің алғышарттары болды.

      Осыған  байланысты құны мен тәуекелін бағалау  барынша күрделі құрылымдық өнімдерді  шығару мен сатып алуды реттеу қажет. Реттеу барысында оригинатордың (жасаушының) тәуекелді міндетті түрде  толық немесе ішінара көтеру қағидаттары  және тәуекелді қадағалау мүмкіндіктері  іске асырылады. Шығаруға рұқсат етілген  туынды қаржы құралдарының тізімі айқындалады, сондай-ақ туынды қаржы құралдары  туралы ақпаратты көпшілікке ұсынуға  және ашуға қойылатын талаптар белгіленеді. Қаржы институттарының қызметін капиталдандыру мен қорландыру мақсаттары үшін құрылымдық өнімдерді пайдалануға  тікелей тыйым салу белгіленеді. Сыртқы нарықтарда тәуекелдерді хеджирлеу  мәмілелерін тікелей шектейтін  тетіктер енгізілетін болады. Ұйымдаспаған нарықтарда айналыста жүретін қаржы  құралдарын шығаруға және сатып алуға  шектеуді белгілеу бойынша шаралар  қосымша қабылданатын болады. Алыпсатарлық сипаттағы туынды құралдармен мәмілелерді  барынша азайту тетіктері әзірленетін  болады.

Қорытынды 

      Қадағалау тұжырымдамасы әлемдік практикада кеңінен пайдаланылатын, тәуекелдерді бағалауға негізделген тәсілге  барынша жақындатылады. Реттеу практикасына тәуекелдер карталары енгізілетін  болады. Стресс-тестинг, ертерек ден  қою және тәуекелдерді шектеу бойынша  жоспарларды әзірлеу рәсімдерін бұдан әрі жетілдіру болжануда.

      Шоғырландырылған  негізде қадағалауды бұдан әрі  дамыту қадағалау, бағалау және қажет  болуына орай жүйелік тәуекелдерге қатысты шаралар қабылдау үшін жекелеген  банктік конгломерат институттарының  және нарықтардың сенімділігіне  негізгі көңіл бөлінетін реттеу мен қадағалау құрылымын бағдарға алатын болады. Банктік конгломераттарды реттеу мен қадағалау пруденциалдық  реттеуді жетілдіру және банктік  конгломерат қатысушылары ұшырауы  ықтимал әлеуетті тәуекелдерді іс жүзінде  анықтауға бағытталған топтарды инспекциялау арқылы күшейтілетін болады. Сондай-ақ басқа елдердің қадағалау  органдарымен неғұрлым тығыз ынтымақтастық  және олармен ақпарат алмасу арқылы трансшекаралық қадағалауды дамыту қамтамасыз етіледі.

      Тәуекелдерді  басқару деңгейін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарындағы, сондай-ақ жекелеген  қаржы өнімдері бойынша тәуекелдерді бағалаудың сандық және статистикалық  әдістерін енгізуге және қолдануды  кеңейтуге қойылатын талаптар біртіндеп  арттырылатын болады.

      «Ауқымды» коэффициенттер ғана емес, сонымен  қатар кредит құнының кепілдікті қамтамасыз ету құнына арақатынасы  сияқты неғұрлым айрықша көрсеткіштер белгіленеді деп болжануда. Контрциклдық қағидатына сәйкес экономикалық циклдің  дамуына орай реттеуші осы коэффициентті  өзгертуі мүмкін.

      Барлық  жүйелік маңызы бар қаржы институттарын, нарықтарын және құралдарын реттеу мен  қадағалаудың тиісті дәрежесін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) олардың мөлшерін, левереджді, басқа қаржы ұйымдарымен, нарықтармен  және құралдармен өзара байланысын, күйзелістерді трансформациялау карталарын жасау әдістемесін, реттеуші ықпал  етудің талдау құралдарын қоса алғанда, кең ауқымды факторларды есепке ала отырып, жүйелілікті немесе жүйе құрушылықты айқындау әдістемесін  әзірлейді.

Қаржылық  қызмет көрсетуді тұтынушыларды  қорғау, қаржы ұйымдарының тұрақтылығын арттыру арасындағы оңтайлы теңгерімді айқындау қажет. Бір жағынан алғанда, тиімді жұмыс істейтін қаржы секторы  қаржылық қызмет көрсетуді пайдаланушылардың  мүдделерін қорғаудың негізгі шарты  болып табылады. Екінші жағынан алғанда, қаржы институттарының мүдделері  мемлекеттік саясаттың мақсатты міндеттері мен басымдықтарына қайшы  келмейтін тұрғыдан қорғалуы тиіс.

     Тиісінше, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың қолданыстағы практикасын бағалау жүргізіледі. Атап айтқанда, қаржылық қызмет көрсетуді  тұтынушылардың құқықтық режимі және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау практикасы күшейтіледі. Осы  бағыт шеңберінде Қаржылық қадағалау  агенттігі қаржылық қызмет көрсетудің стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оны қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың қаржы ұйымдарына жеке шағымдарын сотқа  дейін реттеу жөніндегі өкілеттіктерін бір мезгілде бере отырып, қаржы  нарығында дауларды реттеудің балама институтын – қаржы омбудсменін  құрудың мақсатқа сай екендігі қаралатын  болады.

     Сондай-ақ қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың қызметтерді  алу процесінде туындайтын талаптарын қаржы ұйымдарының қарау тәртібіне  қойылатын талаптар белгіленеді.

     Бағалы  қағаздар нарығын заңнамалық деңгейде одан әрі дамыту мақсатында акционерлік  қоғам жасайтын мәмілелер туралы ақпараттың айқындылығын арттыру, акционерлік  қоғамды корпоративтік басқару  жүйесін жетілдіру, инвесторлардың алдында бағалы қағаздар эмитенттерінің және лицензиаттардың қызметі туралы ақпараттың мәнін ашу арқылы акционерлік  қоғамдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі күшейтіледі.

      Манипуляциялық  мәмілелерді бақылау және болдырмау  бойынша, инсайдерлік ақпаратты  пайдалану мен таратуға бақылауды  күшейту бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сауда-саттық ұйымдастырушысының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру  бойынша жұмыс жалғастырылады.

      Қаржылық  қызмет көрсетуді тұтынушылар мен  қаржы ұйымдары арасында туындайтын қатынастарды реттейтін және қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың тиісті сападағы қызметті сатып алуға, қызмет көрсету туралы шынайы және айқын  ақпаратты алуға, ағартуға, олардың  мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық қорғауға арналған құқықтарын белгілеуге, сондай-ақ осындай құқықтарды іске асырудың тетігін айқындауға және қаржы  ұйымдарымен жасалған шарттарға  талаптарды белгілеуге мүмкіндік беретін  заңнамалық база жетілдіріледі.

      Жеке  тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын ұлғайту  үшін қатысушы банктердің күнтізбелік  жарналарды төлеудің барынша консервативтік жүйесі енгізілетін болады. Тәуекелді  және агрессивті стратегияларды қолдайтын  банк, өз тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралар қабылдайтын  басқа қатысушы банктерге қарағанда, әсіресе экономикалық циклдің көтеріңкі  фазасы жағдайында көбірек төлеуі тиіс.

Информация о работе Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері