Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 14:58, реферат

Описание работы

Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.

Содержание

1.Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы
және реттеу тиімділігі
2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру
3.Күрделі қаржы құралдарын реттеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру

Работа содержит 1 файл

МӘНЖАЗБА.docx

— 28.36 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 

МӘНЖАЗБА 
 
 
 

ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері 
 
 
 
 
 
 
 

Тексерген: Қартжанова Қарлығаш

Орындаған: Омарова Камила 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері 
 

Кіріспе

1.Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы

  және реттеу тиімділігі

2. Қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру

  3.Күрделі қаржы құралдарын реттеу

Қаржы нарығы мен қаржы  ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

     Жаһандық  қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы  әлемдік ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың  қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін  көрсетті. Әлсіз жақтары мемлекеттік  реттеу құрылымында және қаржы институттарының  өздерінің қызметінде анықталды.

     Қаржы институттарының проблемалары тәуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде және қазіргі заманғы үрдістерге және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне (дәрежесі бойынша, сол сияқты және тәуекел сапасы бойынша) сәйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде және осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің тиімсіздігінде пайда болды.

     Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын  жою қажеттілігі, жіберілген қателерді  түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты және бәсекеге қабілетті  қаржы жүйесін құру бойынша жұмысты  жалғастыру қажет.

     Өзінің  әлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған  нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап  ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  
№ 1284 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады.
 
 

      1.Орын алған жағдайлар қаржы жүйелеріне тән проциклдық сипатты растады, бұл сипат кезінде кредиттердің, левередждің және активтер бағаларының тым жоғары өсу қарқыны базалық экономикалық серпінділікті күшейтеді. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүйелік тәуекелдердің және қаржылық сәйкессіздіктердің үдеуіне ықпал етеді, себебі экономикалық дүрбелең кезеңдерінде тәуекелдердің жинақталу қасиеті болады және олар көп жағдайда бағаланбай қалады және кейіннен құлдырау жағдайында ең теріс күйінде көрінеді. Нарықтық тәртіп те, реттеу де жылдар бойы жинақталған, жылдам инновациялармен және заем қаражатының өсіп отырған үлесінен туындаған тәуекелдерді шектей алмады. Активтердің жоғары бағаларына және заем қаражатының өсіп отырған үлесіне байланысты қаржы жүйесіндегі жүйелік тәуекелдердің үдеуіне ықпал еткен ұлғайған макроэкономикалық үйлесімсіздіктер есепке алынбады.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға  сәйкес келеді. Интеграцияланған бірыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы  ұйымдарын реттеуге және қадағалауға  шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық  немесе институционалдық схемалары  болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелін болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.

      Қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы  нарықтарының жұмыс істеуін реттеуді және қадағалауды одан әрі жетілдіру  реттеу мен қадағалаудың халықаралық  стандарттарын өзгертуді ескере отырып, қаржы нарығының әрбір  бөлігінің жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      Қазіргі дағдарыс сабақтарын негізге ала  отырып, қаржы секторының субъектілерін  реттеу мен қадағалауды қатаңдатуды  жүйелік тәуекелдерді болдырмау  мақсатында алдын ала қабылданатын іс-шаралар жүйесін болжайтын макропруденциалдық тәсілді күшейту арқылы нығайту қажет. Макропруденциалдық тәсіл реттеу мен қадағалаудың жекелеген институттар мен нарықтардың сенімділігіне негізгі назар аударылатын қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиіс.

      Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты  және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика  үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің  барлық түрін қоса алғанда реттеу саласын және периметрін кеңейту, тәуекелдің реттеу периметрі шегінен тыс  шоғырлануын болдырмау мүмкіндігін  зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте  реттеу ұйымдарға емес, қызметтің  түрлеріне бағдарлануы тиіс.

      Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге  қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының  көп деңгейлі жүйесі қалыптасты. Көптеген елдердің халықаралық тәжірибесі мамандандырылған салалық банктерді құрудың тиімсіздігін, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуіне қабілетсіздігін, мемлекет тарапынан  тұрақты қолдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Тиісінше, Қазақстанда мамандандырылған салалық банктерді құру болжанып отырған жоқ.

      Инвестициялық банкинг институтының жұмыс істеу  жүйесі қайта қаралады. Жаһандық инвестициялық банктердің банкроттығы олардың қызметін реттеудегі тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.

      Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар  банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы делдалдығы жүйесін  дамытуға ықпал етуді жалғастыруы  тиіс. Алайда, осындай ұйымдар мөлшері  бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға арналған ең жоғары лимиті қайта қаралатын болады. Сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың жүйелік тәуекелінің өсуіне жол бермеу мақсатында олардың қаржы операцияларының жекелген түрлерін жүзеге асыру, депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса алғанда мүмкіндіктері заңнамалық түрде қайта қаралатын болады.

      Өсімқорлық  қызметті заңнамалық түрде реттеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Отандық сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін арттыру, оларды капиталдандырудың өсуін ынталандыру  мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты  бойынша, сол сияқты тұтастай алғанда  сақтандыру сыныбы бойынша да сақтандыру тәуекелдерінің мөлшері мен сипатына байланысты резидент еместерден қайта  сақтандыру кезінде меншікті ұстау  бойынша дифференцияланған лимиттер енгізіледі. Сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына берілген қайта сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі бойынша  лимиттер қайта қаралады.

      Кредиттік тарихтарды қалыптастыру жүйесін жетілдіру  мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында  кредиттік тарихтардың бірыңғай деректер базасын құру, кредиттік  тарих субъектілері бойынша ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, кредиттік  бюроның лауазымды тұлғаларының ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны  үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі  кредиттік бюроның мемлекеттік  органдармен өзара іс-әрекет ету  жөніндегі жұмысын жүзеге асыру, кредиттік бюроға ұсынылатын ақпараттың тізбесін кеңейту қажет.

      Осылайша, реттеу шаралары өсу мен тұрақтылықтың  оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге  бағытталады, бұл қаржы секторы  мен экономиканың теңдестірілген дамуына, ондағы «сабынды көпіршіктердің» пайда  болуына жол бермеуге және қаржы  ұйымдарының қызметінде «домино» теріс  әсерлерінің алдын алуға ықпал  етеді. Жүйелік тәсілді қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің тиімділігін  арттыру мақсатында қаржы ұйымдарының  алуан түрлерін реттеу мен қадағалау  практикасы қажетті деңгейде қаржы нарығындағы қызметтің түрлері бойынша қажетті дәрежеде бірегейлендірілетін болады.

      Қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде қазақстандық қаржы ұйымдарының активтерін әкетуді  болдырмау және алдын алу мақсатында қаржы ұйымдарының күмәнды операцияларды  жасауына қатысты алдын алу шараларының  мониторингі, анықтау мен қабылдау жөнінде құқық қорғау органдарының қаржылық мониторинг органдарымен өзара  іс-әрекет және үйлестіру тәртібі  мен тетіктері заңнамалық деңгейде айқындалады.

      Қадағалау органы шетелдік инвестицияларды және кредиттеуді жүзеге асыру бойынша  шешімдер қабылдау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде қаржы  ұйымдарына қосымша талаптар белгілейді. Қаржы ұйымдарының құқықтық тәуекелдердің жоғары деңгейі және инвесторлар мен кредиторлрдың құқықтарын қорғаудың төмен деңгейі бар елдерде операцияларды жүзеге асыруына байланысты тәуекелдер шектеледі. Осыған байланысты осындай заңсыз операциялар жасағаны үшін қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты мүліктік және қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

      Сондай-ақ активтерді шетелге заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында меншік иесі (бенефициар) туралы, сондай-ақ шетелде  орналасқан (тіркелген) активтерге ауыртпалықтың  болуы туралы ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар  қабылданады. Бұл ретте осындай  ақпарат болмаған жағдайда, қадағалау  органы осындай активтердің сақталуын  қамтамасыз ету және пайдаланылуын (басқарылуын) шектеу бойынша, оның ішінде оларға ауыртпалық салу арқылы шаралар  қолданылады.

        2.Қазақстанның қаржы жүйесі нарықтық шоғырландырудың барынша жоғары деңгейімен сипатталады. Әсіресе, бұл елдің банктік және зейнетақы секторларына қатысты. Осындай үрдістердің болуы және Қазақстанның қаржы секторы үшін қазіргі дағдарыстың салдарлары аса ірі қаржы институттарының тәуекелдері бүкіл қаржы жүйесінің жай-күйіне жүйелік қысым көрсететін дәстүрлі теорияны тағы да растайды.

      Мұндай  жағдайларда дағдарыстан кейінгі  дамудың негізгі басымдықтарының  бірі қаржы секторындағы бәсекелестікті ынталандыру болып табылады. Мұның  өзі тікелей шара ретінде бірінші  кезекте банктердің капиталының  ең төменгі мөлшерін біртіндеп ұлғайту  қажеттілігін көздейді. Оларды ірілендіру және топтастыру не қаржы институттарының  басқа түрлеріне қайта құру жаппай өнімдер бойынша ірі банктерге  тиісті бәсекелестік көрсетуге қабілетті  орташа банктердің нарықтық үлесінің өсуіне себепші болады. Сонымен қатар  банктерді және банк өнімдерін дамытудың  неғұрлым табысты шарты олардың  бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Бұл сондай-ақ, әсіресе, аймақтарда банктік қызмет көрсетудің барынша  ауқымды тізбесін қамтуды кеңейту  және халықтың қол жетімділігі тұрғысынан алғанда маңызды.

      Қазіргі заманғы бөлшек қаржы қызметін ұсыну, ең алдымен тиісті банкаралық инфрақұрылым жасау арқылы бүгінгі күні халық  барынша талап ететін төлем қызметін ұсыну бойынша банктердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жағдайлар жасауға  көңіл бөлінетін болады. Осы міндеттің  шеңберінде негізгі күш-жігер тиімділікті  және технологиялық үйлесімділікті арттыруға қол жеткізу мақсатында бөлшек төлемдердің қазіргі уақыттағы  жекеленген және өзара әлсіз байланысқан  инфрақұрылымының құрамдас бөліктерін шоғырландыруға бағытталады.

      Қажет болған жағдайда қаржы секторына  шетелдің қатысуын қаржы секторының әрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі  мәселе қаралатын болады. Адал бәсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының  барлық бөліктерінде бәсекелестіктің  жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі.

           Ағымдағы дағдарыс нәтижесінде әлемдік қаржы қауымдастығы жасаған және реттеу жүйесін жетілдіру мен осындай дағдарыстарға жол бермеу мақсатында бұдан әрі айрықша көңіл бөлуді талап ететін негізгі қорытынды реттеудегі проциклдықты барынша аз мәнге жеткізу болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттің қаржылық реттеу тәсілдері