Материалдық емес активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

«Материалдық емес активтер есебі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі – олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы – оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.

Содержание

І. Кіріспе..............................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Материалдық емес активтердің түрлері...................................................6-9
2.2. Материалдық емес активтерді бағалау.....................................................10-16
2.3. Материалдық емес активтердің амортизациялық есебі..........................17-21
ІІІ. Қортынды.......................................................................................................22-23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

М.Е.А. есеп.doc

— 237.07 Кб (Скачать)
  1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:

а) сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз)

Дт 2700, 2710, 2730

Кт 3310;

ә) ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310

б) ҚҚС-ты есепке алу Дт 3130 КТ 1420

в) ұсынылған шотты төлеу Дт 3310 Кт 1040, 1050, 1010, 1020 

  1. Материалдық емес активтерті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құ обьектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу):

а) жұмсалған материалдардың құнына Дт 8012 Кт 3350;

б) әзірлеушілердің жалақысы Дт 8013 Кт 3150;

в) материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындар

Дт 8010 Кт 8011, 8012, 8013

г) жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Дт 2700, 2730  Кт 8010

      Материалдық емес активтертерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 8030, 8040 - шы бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.

  1. Материалдық емес активтертердің жарғылық капиталға келіп түсуі:

а) мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Дт 5020 Кт 5010;

ә) келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Дт 2700, 2730 Кт 5020 

  1. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі Дт 2700, 2730, Кт 620, 6280.

Жыл соңында Дт 6230, 6280 Кт 5410

      Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және физикалық нысанда болып келеді. Материалдық емес активтерді тану және оларды бағалау көпшілік жағдайда ұйымның осы активтерді тікелей пайдалану арқылы болашақ мерзімде божамды экономикалық пайда алу ықтималдығына байланысты болады және осы жағдайда активтің құны дұрсы анықталуы мүмкін.

      Материалдық емес активтердің бастапқы құндарын өлшеу олардың басқа жақтан алынғандығына  немесе ұйымның өзімен жасалғандығына байланысты.

      Материалдық емес активтер ұйымға сатып алудың, ұйымдарды біріктірудің, айырбастаудың негізінде немесе мемлекеттік субсидиялардың есебінен кірістіріледі.

      Материалдық емес активтер танылу сәтінде сатып алуға жұмсалған шығындар мен пайдалануға дайындау шығындарынан тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.

      Материалдық емес активтер басқа материалдық емес активтерге айырбастау немес жартылай айырбастау арқылы алынуы мүмкін. Мысалы, құнды қағаздарға айырбасталып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны сатып алынған материалдық емес активтердің құнына тең құнды қағаздардың сату құны бойынша бағаланады.

      Егер материалдық емес активтер ұйымдардың бірігуі нәтижесінде алынса, онда олардың бастапқы құндары болып осы активтердің белсенді нарығының нақты бар екенін дәлелдеген жағдайда, мәміле жасалған күндегі активтердің сатылу құны есептеледі. Активтердің осы түрлері бойынша белсенлді актив нарығы болмаса, онда материалдық емес активтер мойындалмайды, бірақ гудвилге қосылады.

      Қолда бар материалдық емес активтер және олардың қозғалысының есвебі активті 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге де  материалдық емес активтер» атты сәйкес шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары кәсіпорынның меншігіндегі, шаруашылық жүргізу немес жедел басқаруындағы қолда бар материалдық емес активтер және олардың қозғалысы жөнінде ақпараттарды жинақтауға арналған.

      Материалдық емес активтердің жасалу немесе олардың түсу, сондай-ақ оларды пайдалануға дайындау жұмыстарының аяқталу мүмкіндігіне қарай материалдық емес активтер қабылдау-тапсыру актісімен (НОК - 1 ү.) ресімделеді және онда материалдық емес активтердің нақты атуаы, ұйымға берілу күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу нормасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

      Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде материалдық емес активтердің әрбір объектісіне акті екі данамен толтырылады. Бірнеше материалдық емес активтердің бірдей түріне жалпы актіні рәсімдеу рұқсат етіледі. Акті толтырылғаннан кейін, тиісті қосымша құжаттарымен есеп бөліміне тапсырылып, оған бас бухгалтер қол қойып, ол ұйымның басшысымен немесе оған өкілетті тұлғамен бекітіледі.

      Материалдық емес активтерді бас ұйымға беру кезінде акті беруші және алушы ұйымға арналып, екі данада толтырылады.

      Материалдық емес активтердің талдамалық есебі, мүліктік карточкаларда (НОК - 2 ү.) жүргізіледі. Карточка материалдық емес активтердің алынғанын дәлелдейтін «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісінің» және басқа да техникалық құжаттардың негізінде бір данамен толтырылады.

      Материалдық емес активтерді басқа ұйымдарға беру кезінде оларды есептен шығарудың негізі болып «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісі» саналады.

      Материалдық емес активтер дің барлық түрлерін кіріске алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы беріледі:

Дт 2710 «Гудвилл», 2730 «Өзге де материалдық емес активтер» iоттары және

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары», 3310 «Жеткізушілермен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек», 3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоттары - заңды және жеке тұлғалардан сатып алу кезінде.

      Материалдық емес активтер  ұйымның жарғылық қорына салым ретінде салынуы мүмкін. Бұл жағдайда келесі бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 2700 «Материалдық емес активтер» шоты және Кт 5110 «Төленбеген капитал» шоты.

      Субсидиы ретінде алынған материалдық емес активтер үшін келесідей бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 2700 «Материалдық емес активтер» шоты және Кт 6230 «Мемлекеттік субсидиялардын түскен кірістер» немесе 6280 «Өзге кірістер» шоттары.

      Материалдық емес активтер бухгалтерлік баланстан әр түрлі себептерге байланысты шығарылады:

  • қызмет ету мерзімі аяқталуына;
  • жойылу және моральдық тозуына;
  • басқа ұйымның жарғылық қорына жарна ретінде салынуына байланысты.

Материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру.

    Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің есебі  ХҚЕС 38-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы екінші  «Ұазақ мерзімді активтер» - деп аталатын бөлімнің 2700-бас шотының төмендегі бөлімше шоттарында жүргізіледі.

    2730-шот - Лицензиялық келісімдер;

    2730-шот - Программамен жабдықтау;

    2730-шот - Патенттер;

    2730-шот - Ұйымдастыру шығындары;

    2710-шот - Гудвилл;

    2730-шот - Басқадай материалдық емес активтер - деп аталады.

    Шаруашылық субъектілерінде объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу тәртібі  және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

    пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

    Материалдық емес активтердің аналитикалық (талдамалық)  есебі олардың  әрқайсысына жеке  ашылған  инвентарлық  карточкаларда  жүргізіледі.  

    Материалдық емес активтер есептен шығарылғанда олардың баланстық (қалдық) құнына  7410 - «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар» - шоты дебеттеліп, 2700 - «Материалдық емес активтер» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы  2741 - «Материалдық емес активтердің тозуы» - деп аталатын бас шоттың  тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 2730 - «Материалдық емес активтер» деп аталатын бас шоттың  тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.

    Егер шаруашылық субъектілері өз меншігіндегі, яғни иелігіндегі материалдық емес активтерін сатқан жағдайда одан алынатын табыстарын  4- «Ақша қаражаттары» немесе 3 - «Материалдық  «Дебиторлық борыштар мен басқадай активтер» бөлімдері шоттарының тиістілер дебетіне, 6210 - «Материалдық емес активтерді сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

    Ұйымның  материалдық емес  актив  объектілерін  қабылдау - тапсыруды  құжатпен  рәсімдеу  үшін  материалдық  емес  актив  түрінің  толық атауы,  оның   ұйымға  берілген ай-күні,  жылы (ұйымда  жасалған  ай-күні, жылы), объектінің  сипаттамасы,  оның  құны,  амортизация  нормасы  және  басқа қажетті  мағлұматтар  көрсетілуі  тиіс.

    Материалдық емес  актив объектілерін  қабылдауды  ресімдегенде акт  материалды емес актив  объектісінің  әрбір  объектісіне  бір  данадан  жасалады. Материалды емес  активтердің  бірнеше біртектес  объектілерін  қабылдауды  ресімдейтін  жалпы  акт  жасауға   болады.  Акт  рәсімделгеннен  кейін  материалдық емес  актив  объектісін  немесе  оны  қолдануды  жүйелеп  баяндайтын  құжаттама  немесе  осы  объектіге  қатысты  ұйымның сондай  және  тағы  басқа  мүліктік   құқықтарын  растайтын  құжаттар  тіркеліп,  ұйымның бухгалтериясына  беріледі,  оған  бас  бухгалтер  қол  қояды  және  ұйым  басшысы  немесе  соған  уәкілетті  тұлға  бекітеді.  Басқа  ұйымға  материалдық емес  активтерді  бергенде  (сатқанда)  акт  екі  дана  болып  жасалады,  тапсыратын  ұйым  және материалдық емес  активтер есебі  карточкасында  тиісті  жазба  жасалады.

    Ұйым  пайдалануына  түскен материалдық емес  активтердің барлық  түрлерінің  есебі  үшін қолданылады. Материалдық емес  актив  объектілеріне  жатқызу  тәртібі  мен  олардың  құралы  заңдармен  және  нормативті  актілермен  реттеледі.

    Бухгалтерияда  әрбір  объектіге  карточка  жүргізіледі.  Форма  кіріске  алынуға  арналған құжат,  материалдық  емес  активтерді  қабылдау-тапсыру және  басқа  құжаттама  негізінде  бір дана  болып  толтырылады.  8 графада  бастапқы  құжат  пен  пайдалы  қызмет  ету  мерзіміне  негізделіп  есептелген  мөлшер (норма)  бойынша   ай сайын  есептелетін амортизация  сомасы  көрсетіледі.   «Материалдық емес  актив  объектілерінің қысқаша  сипаттамасы»  бөлігінде  тек  қана  актив  объектінің  негізгі  көрсеткіштері   жазылады,  ұйымда  бар  осы  объектіге  арналған  техникалық  құжаттама  мәліметтерін  көшіруге  болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.3. Материалдық емес активтердің амортизациялық есебі

      Материалдық емес активтер активтер ретінде алғашқы танылғанна кейін баланста жасалған амортизация сомасын шегергендегі бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

      Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы олардың өте жақсы бағаланған қызмет ету ұзақтығының негізінде жиі анықталып отырады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес , егерде басқа жағдайлар Қазақстан Республикасының заңдылықтарына немесе келісімшартта қарастырылмасы, материалдық емес активтердің қызмет ету ұзақтығы актвитің пайдалануға дайын болған уақытынан бастап ұйымның қызмет кту ұзақтығынан аспауы керек.

      Қызмет ету ұзақтығы - ұйымның актвитерді пайдаланатын уақыт аралағы немесе осы ұйымның актвитерді пайдалану арқылы алатын жоспарлы өнім көлемі.

      Материалдық емес активтерге амортизация объектіні бухгалтерлік есепке алған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап осы объектінің құнын толықтай жапқанға дейін немесе оның істен шығу уақытан дейін есептеледі. Амортизациялық аударымдар осы объектінің құнын толықтай жапқан немесе оның істен шыққан айынан кейінгі айдың 1-күніне бастап тоқтатылады. 

Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы

  1. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:

а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Дт 7410 Кт 2700, 2730;

ә) бұрын есептелген тозудың сомасына Дт 2740 Кт 2700, 2730;

б) келісім құнына Дт 2310 Кт 6210;

в) ҚҚС сомасына Дт 7210 Кт 3130

г) жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Дт 5410 Кт 7410.

Жиынтық кірістің артуына Дт 7410, 7210 Кт 5410.

      2. Моральдық жағынан тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы:

а) материалдық емес активтердің бастапқы құнына Дт7410 Кт 2700, 2730 

        Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылуы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен шығындар субъектісінің зияны болып табылады.

Информация о работе Материалдық емес активтер