Материалдық емес активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

«Материалдық емес активтер есебі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі – олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы – оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.

Содержание

І. Кіріспе..............................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Материалдық емес активтердің түрлері...................................................6-9
2.2. Материалдық емес активтерді бағалау.....................................................10-16
2.3. Материалдық емес активтердің амортизациялық есебі..........................17-21
ІІІ. Қортынды.......................................................................................................22-23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

М.Е.А. есеп.doc

— 237.07 Кб (Скачать)
 
 
 

Мазмұны 

І. Кіріспе..............................................................................................................3-5 

ІІ. Негізгі бөлім. 

2.1.  Материалдық емес активтердің түрлері...................................................6-9 

2.2. Материалдық емес активтерді бағалау.....................................................10-16 

2.3. Материалдық емес активтердің амортизациялық есебі..........................17-21  

ІІІ. Қортынды.......................................................................................................22-23 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Кіріспе.

      «Материалдық емес активтер есебі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

      Материалдық емес1 активтердің негізгі айрықша ерекшелігі - олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі. Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуді қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экономикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.

      Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әуімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.

      Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдарына негізделіп жүргізіледі.

      Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндігі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.

            Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай болып есептеледі:

  • негізгі құралдар;
  • тауарлы-материалдық қорлар;
  • қаржылық инвестициялар.

      Материалдық емес активтер деп  - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

      Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына:

  • лицензиялық келісімдерді;
  • программалық жабдықтарды;
  • патенттерді;
  • ұйымдастыру шығындарын;
  • гудвилді;
  • франчайзингті;
  • сауда маркаларын;
  • авторлық құқықты жатқызуға болады.

    Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.

    Материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

  • Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • Заңды түлғалармен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • Басқа шаруашылық субъектілірінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объктілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

    Егер ұйым қандай да бір бапты материалдық емес актив ретінде танитын болса, ол мұндай баптың:

    а) материалдық емес активтің анықтамасын ;

      және

б) тану критерийлерін қанағаттандыратынын көрсетуі тиіс.

     Бұл талап материалдық емес активті сатып алумен немесе ішкі өндірумен байланысты бастапқы кезеңде шеккен шығындарға, сондай-ақ оны өсіруге, ішінара алмастыруға немесе қызмет көрсетуге арналған кейінгі шығындарға қолданылады.

Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты тану критерийлерін қолдану мәселелері қарастырылады, ал мұндай критерийлерді кәсіпорындарды біріктірудің нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтерге қатысты қолдану туралы айтылады. Мемлекеттік жәрдемақы арқылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы бағалау мәселелері, материалдық емес активтерді айырбастау мәселелері, ал ішкі қалыптастырылған іскерлік беделді есепке алу мәселелері қарастырылады. Ішкі өндірілген материалдық емес активтерді алғашқы тану және бағалау мәселелеріне арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1. Материалдық емес активтер түрлері

            Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады.

      Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атуларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жоқ.

      Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады.

      Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады.:

  • айырбастауға жататын;
  • айырбастауға жатпайтын.

      Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.

Кейбір айырбастауға жататын және субьектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген.

      Патент2 - бұл заңды тіркелген және танылган ерекше кұкық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаган кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бакылауға мүмкіндік береді.

    Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұксайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.

    Авторлық кұкық - бұл әдеби, музыкалық шыгармалардың өнертапқыштар және тагы басқа авторларының заңмен қарастырылатын, коргалатын формасы.

    Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компанияларга, өнімдерге немесе кызметтерге берілген атаулар, символдар немесе баска да аньщталатын ұксастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар накты бағытты және нақты қызметті пайдалану құқығын иелену үшін шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік меншікті пайдалану кұкығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен ұсынылады.

    Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы кысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бөлек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар ұзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бүл материалдық емес активтер жеке идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.

    Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мұмкін қызметтерге кеткен шыгындар деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар фи-зикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі./

    Үйымдык шығындар - бұл кызметті ұнымдастыру кезінде пайда болатын шыгындар.

    Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі   қолданылады.   Яғни   материалдық   емес   активтер,   активтерді сатып алумен байланысты барлык шығындарды қосатын сатып алу қүны бойынша бағаланады.

    Сатып алу кұны - бұл барлық төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сүраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады.

    Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу кажет:

  • қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
  • болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе үзарту үшін шарттар;
  • қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сүраныс және басқа да экономикалық факторлар;
  • жүмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін кызмет мерзімі;
  • материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердін және баска да субъектілердің күтілген әрекеті;
  • материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің кызмет ету мерзімі.

      Франчайзинг - бұл бір ұйымның өз меншігіндегі негізгі құралдарын, тауар таңбаларын , сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес активтерін, олардың пайдалану бағытын, белгілі бір сапалық стандарттарын жоймай пайдалану үшін екінші бір ұйымға беру құқығы. Бұл құқықты сатып алуға байланысты ұйымның шығындары капиталданып, берілген уақыт аралығында амортизацияланады немесе қызмет етіп отырған норматвитік-құқықтық актілерге сәйкес пайдалануы шектеледі. Франшиза осы құқықты куәландыратын құжат болып есептеледі.

      Гудвилл - ұйымдарды қосу немесе біріктіру кезінде сатып алынған ұйым үшін төленген баға мен оның жекеше есеп бірлігі болып саналатын таза активтерін бағалаған құны арасындағы айырма болып саналады. Гудвилл жеке есеп бірлігі болып бөліне алмайды, ол тек ұйымның басқа да материалдық және материалдық емес активтерімен бірге қызмет істейді.

Гудвилдің пайда болу себептері әртүрлі болады. Олардың ішінде ерекше сипатқа ие болатындар - жабдықтау мен сатудың ерекше жүйелерінің қызмет етуі және айрықша тиімді жарнама, белгісіз бәсекелестредің өндірістік құпияларын пайдалану, еңбекті тиімді ұйымдастыру, жоғарғы дәрежелі мамандардың, соның ішінде топ-менеджерлердің бар болуы, белгісіз табиғи ресурстарды ашу және тағы басқа болып саналады.

      Материалдық емес активтерге лицензиялауға жататын белгілі бір қызметтің түрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік лицензиялар; салық органдарының беретін патенттері, субъектінің өзі жасаған тауар және қызмет көрсету таңбалары мен белгілері жатпайды. Сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің интеллектуалыдқ және іскерлік қасиеттері, олардың біліктілігі, еңбекке қабілеттілігі материалдық емес актив болып саналмайды, себебі оларға тасымалдаушыларыны ажыратылмайды және оларсыз пайдаланылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Материалдық емес активтерді бағалау

      Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 - бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.

       Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу» актісінде көрсетіледі.

      Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.
  2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.
  3. Объектінің сипаттамасы.
  4. Бастапқы құн.
  5. Амортизация нормасы.

      Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенді акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға екі данада жасалады. 10 - бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар көрсетіледі:

а) материалдық емес активтердің атауы;

ә) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

б) ай ішіндегі қозғалысы.

      Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі

Информация о работе Материалдық емес активтер