Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 16:55, реферат
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Кіріспе.....................................................................................................................
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері......................................................................................................................
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.................................................................................................
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.........................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
Коэффициенттер
салыстырмалы шамалар болып табылады,
оларды есептеу кезінде шамалардың
біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін
бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық
коэффициентерді есептеу баланстың жеке
бапта-рының арасында болатын өзара байланыстарға
негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық
жағдайын кезекті факторлық талдау үшін
алғашқы база болып табы-лады және де олар
талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге
жасырын құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік
беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдау-дың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды
үлкен байыптылықпен талдау кажет,
өйткені тек бір ғана фактор алымына
да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен
қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық
дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.
Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі
тиіс.
Қатынасты
талдаудың ролін асыра
Сондай-ақ,
өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген
деңгейдің қолайсыз бо-луы немесе оның
сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы
болып, бірақ қазіргі және болашақтағы
жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі
әсер етеді.
Қаржылық
талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде
жүргізудің ше-телдік тәжірибесін механикалық
түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,
себе-бі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың
өз ерекшеліктеріне назар аударылмай-ды.
Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін
болатын маңызы туралы берілген кеңестер
кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық
жағдайды талдау ба-рысында салыстырмалы
көрсеткіштерді зерттеу қажет болады,
себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге
және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана
емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс
бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда
кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге
мыналар жатады: өтімділік, қаржы-лық тұрақтылық,
табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы
(кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың,
еншілес фирма-лардың, бөлімшелердің және
цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есе-бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық
ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың
керсеткіштерін орташа салалық және орташа
жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес
фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық
талдау - бұл жекелеген факторлардың
(себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін
әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау)
немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен
талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас
бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның
жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке
біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы
мүмкін.
Жоғарыда
керсетілген әдістермен қатар, қаржылық
жағдайды талдауда эко-номикалық (элиминирлеу,
баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
эконо-микалық және математикалық статистиканың
(топтау, орташа және салыстыр-малы шама,
графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция,
регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері
қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегін-де жасалған түрлі әдістер
мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең
талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің
қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын
жақсартуға байланысты ұсы-ныстарды дайындауға
мүмкіндік береді.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңде
өзгерісін салыстырмалы аналитикалық
баланс-нетто бойынша бағалау, сондай-ақ
қаржылық тұрақты-лықты абсолюттік көрсеткіштерін
талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қар-жылық
жағдайын талдаудың басқа бөліктерін
дамытуға тиісті оның негізгі бас-тапқы
пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау,
тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы
төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы
төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің
сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды
жасауға тиіс.
Қорытынды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын-
да қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жаб-
дықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.
Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау қажет. Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-
ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей
талдау;
3) трендтік
талдау;
4) салыстырмалы
талдау;
5) факторлық
талдау;
6) қаржылық
коэффициенттер әдісі.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.
3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.
4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері