Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 16:55, реферат
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Кіріспе.....................................................................................................................
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері......................................................................................................................
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.................................................................................................
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.........................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
«Активтер
- бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын
мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі
және құқығы болып табылады.
Міндеттеме
- бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі
бір әрекетті басқа бір тұлғаның
(несие берушінің) пайдасына жасайтын
міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару,
ақша төлеу және басқалар немесе белгілі
бір іс-әрекеттен бас тарту, ал
несие берушінің қарыз адамнан өзінің
міндетін орындауын талап етуге құқығы
бар.
Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастаған-нан кейінгі активтері»
Баланс
қаржылық есеп беруде үш элементті
сипаттайды: активтер, меншікті капитал
және міндеттемелер. Қалған екі элемент
- табыс және шығын – қаржы - шаруашылық
қызметі нәтижелері туралы есеп беруде
көрсетіледі.
Қаржылық
жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік
баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды.
Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі
бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек
қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары
келесілер болып табылады:
1.Баланс
табиғаты жағынан тарихи сипатта болады.
Баланста келтірілген мә-ліметтер оны
құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің
нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс
ақпараттары ретроспективалық және перспективалық
тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.
2.Баланс
кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде
статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып
жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде
кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр
деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл
жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне
жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру
үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес,
сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін
көптеген факторлардың талдануы қажет
(мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс,
контрагенттегі қаржылық қиындықтар және
басқалар).
3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық
талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ.
Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен
қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы
динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше
көр-сеткіштерге, олардың орташа салық
және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на
шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай
мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша
негізгі есептік көрсеткіштерді ашық
жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді
есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.
5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық
операцияларының
жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның
есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын
көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динами-калық баптарына қатысты, олар
"материалдар", "дайын өнім",
'"тауарлар", "де-биторлық борыш"
және басқалар.
1.3.
Қаржылық жағдайды талдау
әдістері.
Нарықтық
қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін
біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару)
және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп
бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл
түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпарат-тық көздері бар.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің
екі түрі бар: Акционерлерді, қалың
жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру
ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның
жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің
нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық
газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда
басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен
қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге,
даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін
бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды.
Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы,
бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке
түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне
немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден
тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік
орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс
нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп
түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі
шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау
шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім
қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік
береді және еңбекке ақы төлеуде қандай
да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару
есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы
нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды.
Жаңа
қаржылық есептің маңызды
Нарық
жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға
оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді
сырттан бекітетін
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-ды:
1) көлденең
талдау;
2) тікелей
талдау;
3) трендтік
талдау;
4) салыстырмалы
талдау;
5) факторлық
талдау;
6) қаржылық
коэффициенттер әдісі.
Көлденең
(уақытша) талдау - есеп берудің әрбір
позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру.
Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы
бухгалтерлік есептің түрлі баптарының
абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікалей
(кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының
жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай
отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе
оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі
жеке баптардың үлес салмағын анықтауға
мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы
активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы
құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы
үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей
және көлденең талдаулар бірін-бірі
толықтырып отырады. Сондық-тан да есептік
бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның
жеке көрсеткіштерінің динамикасын
да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік
талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын
базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар
көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есеп-теуге негізделеді. Басқаша айтқанда,
трендтік талдау әрбір есеп позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды
және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес
ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен
тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын
анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін
болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық
талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы
көбірек тарал-ған әдісі әр түрлі қаржылық
коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері