Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 16:55, реферат

Описание работы

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері......................................................................................................................
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.................................................................................................
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.........................................................
Қорытынды........................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.docx

— 54.87 Кб (Скачать)
 

   Мазмұны 

Кіріспе.....................................................................................................................

1-бөлім.  Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың  теориялық негіздері......................................................................................................................                                                                                                        

1.1. Қаржылық  жағдайдың мәні және оны талдаудың  мақсаты.......................

1.2. Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың 

ақпараттық негізі.................................................................................................

1.3. Қаржылық  жағдайды талдау әдістері.........................................................

Қорытынды........................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе. 

   Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы  жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

     Бухгалтерлік есеп стандарттары  мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                                  

   Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туындады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

 

   Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.  
 
 
 
 

1-бөлім.  Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын талдаудың  теориялық негіздері. 

   1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты. 

   Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

   Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

    

   Кәсіпорынның  қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.                                                                                              

                                               

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің  мүмкін бола-тын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".                                                                                 

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова  және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:                                                                                                                                    1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;                                              

2) нәтижесінің  маңыздылығына байланысты-негізгі  және негізгі емес;    

3) құрылысы  бойынша - қарапайым және күрделі;                                                           

4) әрекет  ету  уақыты  бойынша-тұрақты   және уақытша.                                 

   Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдастыруына байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.                                            

   Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

   Кәсіпорынның  өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтер-дің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                                

   Қаржылық  тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының  бірі - бұл қаржы ресурстарының  құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен такти-касының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

   Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.                                                                                     

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.

   Жоғарыда  айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                            

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                             

•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;                                                                            

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;                                                                                                                           

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мү-лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

   Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда  үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.                       

   Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен   уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.                                        

   Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.

     Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:                                                                                                                               •қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;           

•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;                        

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;                                                                        

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

және  қорлар есебі;                                                                                                                            

•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 

• кәсіпорын  табыстылығын бағалау;                                                                                       

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;                                                                                                         

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері