Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:32, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, өз елінің ерекшеліктерін білумен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарында жан-жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға байланысты. Сондықтан қазіргі кезеңдегі мамандар дайындаудағы күрделі мәселелердің бірі – жоғары оқу орындарының оқу жоспарында республиканың басқару пәндерінің орын алуының маңызы зор.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмыс өтпелі кезеңдегі басқару шараларының жүйесін қайта құру, кәсіпкерлікті басқару, шағын кәсіпорындарды дамыту шаралары, тағы басқа өзекті мәселелерді хабардар етеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне түсінік бере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерін толықтай қарастырамыз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың теориялық сипатын толықтай ашу;
кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің маңыздылығын айқындау;
кәсіпкерлік қызметті дамытудың негізгі күштерін қарастыру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I бөлім Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері
1.1.Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы………………………………..5
1.2.Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы………………………………………………………………………11
1.3.Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілеріне әсер етуші факторлар……………………………………………………………….14
II бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілерін талдау («Көктас-Ақтөбе» АҚ мысалында)
2.1.«Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның жалпы сипаттамасы………………………...18
2.2.«Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау…………………………………………………………………………..21
III бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін жетілдіру жолдары
3.1.Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін мемлекеттік тұрғыдан қолдау………………………………………………..31
Қорытынды……………………………………………………………………33
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..35

Работа содержит 1 файл

курсавой.docx

— 65.78 Кб (Скачать)
>
Көрсеткіштер  атауы     Жұмысшылардың жалақы қоры
2007 2008 2009
1 Жоғарға деңгей басшылары 76270 80130 85150
2 Жоғары деңгейлі квалификациялы мамандары 56067 59600 68270
3 Орта деңгейлі квалификациялы мамандары 50792 55400 63000
4 Ірі және ұсақ өндірістік кәсіпорындарына маманданған жұмысшылар 45153 50500 56500
5 Операторлар, аппаратчиктер, слесарлар 42571 48674 53500
6 Квалификациясы  жоқ жұмысшылар 40350 45000 50800
 
 
 
 
 
 
 
 

III бөлім Қазақстандағы  кәсіпкерлік қызметтің  экономикалық әлеуметтік  аспектілерін жетілдіру  жолдары

3.1. Кәсіпкерлік қызметтің  экономикалық әлеуметтік  аспектілерін мемлекеттік  тұрғыдан қолдау

    Ұйымдық шағын кәсіпкерлікті басқару  жүйесі дегеніміз экономиканың шағын  секторында кәсіпкерлік қызметті жандардыру есебінен жалпы ұлттық өнімді көбейту  сияқты мақсаттарға жету үшін элементтердің  жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйе. Ұйымдық жүйенің мақсаттарын  талдау процесінде олардың жіктелу  жағдайлары мен бірқатар принциптері  ұсынылады. Мақсаттарды жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, сандық және сапалық  деп жіктейді. Осы жіктеуден шыға отырып кәсіпкерлікті басқару жүйесінің  мақсаты қоғамның экономикалық өмірінің әртүрлі аспектілерін қамтитындықтан жалпы мақсаттар категоиясына жатады. Тұжырымдалған мақсат сыртқы сипатқа  ие, себебі ол жалпы Қазақстанның экономикалық жүйесі жағдайында анағұрлым жоғары деңгейде болады, соңында мақсат бұл  сандық емес сапалық қасиетке ие дегенмен бұл бөлшектеп байланыстыру процесінде кәсіпкерлік қызметін жандандырудың нақты сандық көрсеткіштеріне шығу ұйғарылуда.

    Кәсіпкерлікті басқару бұл сатылы жүйе олай болса  мақсаттар деп саты деңгейлері бойынша  айрықшаланады. Төмендегі келесі мақсат деңгейлері, анағұрлым деңгейлі мақсаттарға  қол жеткізу құралы ретінде орын алады. Осыған орай ұйымдық жүйенің  кешенді мақсаттарын қалыптастыру кезінде бөлшектеп байланыстыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде қалыптасатын бірінші ретті мақсаттар, бөлшектеп байланыстыру процесінде екінші ретті мақсаттарға немесе аймақтық басқару органдар мақсаттарына айналады. Мақсаттардың одан әрі бөлшектеп  байланыстырылуы, жергілікті кәсіакерлікті  басқару органдары үшін мақсаттарды  қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырылған мақсаттардың тікелей іске асырылуы нақты кәсіпорындар деңгейінде жүргізіледі.

    Тиімді  басқару мақсатында кәсіпкерлікті  көп деңгейлі басқару жүйесін  құру ұсынылуда, ол басқарудың негізгі  деңгейлерін қамтуы тиіс, соның ішінде:

  • табиғи монополияларды басқару және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігінің басшылығындағы кәсіпкерлікті басқарудың мемлекеттік деңгейін;
  • кәсіпкерлікті басқарудың аймақтық деңгейін;
  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың аудандық орталықтарын құру түріндегі жергілікті деңгейін;
  • кәсіпкер мен оның командасы ретінде фирма деңгейін.

    Аймақтық  экономикалық өсуі мен шағын бизнестің  даму базасында жаңа жұмыс орындарын  құру бағдарламалары: шағын кәсіпкерлікке  технологиялық көмек көрсету, қазіргі  бизнесті кеңейту, оның әртараптандырылуы, шағын кәсіпкерліктің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік және аймақтық ресурстарды университеттер мен  колледждер базаларымен біріктіру, шағын кәсіпкерлікті кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметтеріне көмек  көрсету, шағын кәсіпкерлік бағдарламаларын  шағын кәсіпкерлікті дамытудың  негізгі бағдарламары болып табылады.

    Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау: бизнеске ақпараттық қолдау көрсету, тиісті салық салу жүйелері мен басқа да ретттеуші механизмдер  арқылы кәсіпкерлік белсенділікті  ынталандыру, қоғамда кәсіпкерлік  климат құру, мемлекеттік деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың  негізгі бағдарламалары бола алады. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік  бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизмдеріне көшу қажет. Қазір банктер  сату-сатып алуды неселейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамыту қажет.

    Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестерін құруға бағытталуы тиіс.

    Экономикасы нарықтық бағытқы бет алған Қазақстан  үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі –  қзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі  – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

    Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының  кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығ емес, оның дәулеті  мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі  уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс  істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші  субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті  дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда  іркілес байқалады. Бұл жерде  басты себеп – бюрократиялық  қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәспкерлер жасырын  салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін  жайт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын  жүйе жасау, тексеруші органдардың  және рұқсат беруші құжаттардың санын  азайту.

    Заңдық  құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік  – өзінің, қарызға алынған және басқа да мүліктер мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. 

Қорытынды 

    Қазір біздің елімізде кәсіпкерліе қызмет өте қарқынды түрде дамып келеді және де оның дамуына мемлекет тарапынан  көптеген жағдайлар жасалып отыр. Егер біз тәуелсіздік алған жылдармен  салыстыратын болсақ, жылдан-жылға кәсіпкерліктің жақсы дамып келе жатқанына көзіміз жетеді. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегітшаралар туралы» жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Өйткені ол кәсіпкерлік қызмет мемлекеттің әлеуметтің жағдайын, сыртқы экономикалық қызметтерін реттейтін негізгі құрал екенін түсінеді.

    Қорыта  айтқанда, қазір біздің алдымызда  республика экономикасын одан әрі диверсификациялау  міндеті тұр. Бұл жаңа кәсіпорындар ашу ғана емес, сонымен бірге, олардың  инновация технологиясы негізінде  дүниежүзілік бәсекеге төтеп бере алатын өнімді жаңа ауқымды шығаруды талап  етеді.

    Жеке  бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол «Қазақстан-2030» стратегиясы, «2010-стратегиялық жоспары» және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген.

    Мемлекет  біздің экономикамыздың негізі ретінде  кәсіпкерліктен үлкен үміт күтеді. Кәсіпкерлік біздің экономикамыздың  локомотивіне айналуы тиіс. Сондықтан  біз бұл салаға бар күшімізді  салуымыз керек.

    Жазылған  жұмысымды қорытындылай келе кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерін дамытуға мынандай ұсыныстар айтқым келеді:

  • мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;
  • жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;
  • кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;
  • кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;
  • тексеруші органдар санын қысқарту;
  • заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

    Заңдық  нормативтік актілер

  1. Қазақстан Республикасының 1992 ж 4 шілдедегі Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы заңы
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2007 жылғы 21мамырдағы өзгертілген мәтіні Алматы, 2007

    Негізгі әдебиеттер

  1. Р.Елшібаев Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру Алматы, 2009
  2. Н.Сәбден, А.Тоқсанова Шағын кәсіпкерлікті басқару Алматы, 2002
  3. Р.Ашимбаев Экономика Казахстана на пути к рынку Алматы, 2003
  4. Кошанов Казахстан на пути к рынкуАлматы, 2001
  5. С.Мулдахметов Малый бизнес Караганда, 2005
  6. А.Бусыгин Предпринимательство Москва, 2004
  7. Н.Сафронов Экономика предприятия Москва, 2008
  8. Е.Жатканбаева Малое превпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан Алматы, 2001
  9. Ж.О.Ихданов, Ә.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, 2000
  10. К.Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Алматы, 2002
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................3

I бөлім Кәсіпкерлік  қызметтің экономикалық  әлеуметтік аспектілерінің  теориялық негіздері

1.1.Кәсіпкерлік  қызметтің даму эволюциясы………………………………..5

1.2.Кәсіпкерліктің  әлеуметтік экономикалық аспектілерінің  мәні мен мағынасы………………………………………………………………………11

1.3.Кәсіпкерлік  қызметтің әлеуметтік экономикалық  аспектілеріне әсер етуші факторлар……………………………………………………………….14

II бөлім Қазақстандағы  кәсіпкерлік қызметтің  әлеуметтік экономикалық  аспектілерін талдау («Көктас-Ақтөбе»  АҚ мысалында)

2.1.«Көктас-Ақтөбе»  АҚ-ның жалпы сипаттамасы………………………...18

2.2.«Көктас-Ақтөбе»  АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін  талдау…………………………………………………………………………..21

III бөлім Қазақстандағы  кәсіпкерлік қызметтің  экономикалық әлеуметтік  аспектілерін жетілдіру  жолдары

3.1.Кәсіпкерлік  қызметтің экономикалық әлеуметтік  аспектілерін мемлекеттік тұрғыдан  қолдау………………………………………………..31

Қорытынды……………………………………………………………………33

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..35 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері