Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:32, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, өз елінің ерекшеліктерін білумен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп өркендеуі жолдарында жан-жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға байланысты. Сондықтан қазіргі кезеңдегі мамандар дайындаудағы күрделі мәселелердің бірі – жоғары оқу орындарының оқу жоспарында республиканың басқару пәндерінің орын алуының маңызы зор.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмыс өтпелі кезеңдегі басқару шараларының жүйесін қайта құру, кәсіпкерлікті басқару, шағын кәсіпорындарды дамыту шаралары, тағы басқа өзекті мәселелерді хабардар етеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне түсінік бере отырып, әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерін толықтай қарастырамыз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
берілген тақырыптың теориялық сипатын толықтай ашу;
кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің маңыздылығын айқындау;
кәсіпкерлік қызметті дамытудың негізгі күштерін қарастыру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
I бөлім Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері
1.1.Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы………………………………..5
1.2.Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы………………………………………………………………………11
1.3.Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілеріне әсер етуші факторлар……………………………………………………………….14
II бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілерін талдау («Көктас-Ақтөбе» АҚ мысалында)
2.1.«Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның жалпы сипаттамасы………………………...18
2.2.«Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау…………………………………………………………………………..21
III бөлім Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін жетілдіру жолдары
3.1.Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерін мемлекеттік тұрғыдан қолдау………………………………………………..31
Қорытынды……………………………………………………………………33
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..35

Работа содержит 1 файл

курсавой.docx

— 65.78 Кб (Скачать)
    1. Кәсіпкерліктің  әлеуметтік экономикалық аспектілерінің мәні мен мағынасы

    Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік  қолда бар қаржы материал немесе еңбек қорларын игеру базасында  қызмет көрсету немесе өнімге деген  белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын  жаңа бизнесті құру процесі ретінде  қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген  анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай  мазмұндауға мүмкіндік беретін  сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп  көрсетуге болады.

    Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек, капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге  мәжбүрлейтін қорғаушы күш болып  табылады. Бірінші кезекте, сөз кәсіпкердің  фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс  факторларының белсенділігін арттыру  арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақыттағы негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені де кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника мен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылады, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.

    Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен  жиі байланытырады. Шындығында, кәсіпкерлік  қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі  фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және күш беруге немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік былайша айтқанда пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.

    Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90 жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды. Көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері жастардың шығармашылық ғылыми техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары қарастырылды. Мұның үстіне өспелі инфляция жағдайына тап болған кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп бере қана қоймай, сондай-ақ қажетті былайша айтқанда бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып арзан қайтарылды.

    Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен  қалыптасуы қайта құру кезеңінен  бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында жалғасын тапты. Еліміздің  негізгі заңнамалық құжаттары бірінде  Азаматтық Кодексте кәсіпкерлікке  мынадай анықтама берілген: «Кәсіпкерлік меншік түріне қарамастан, азаматтар  мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі». Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының конституциясында көрсетіогендей, әркімнің кәсіпкерлік  қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін  пайдалануға құқығы бар. Монополисттік  қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі.

    Кәсіпкерліктің  негізгі қағидаларына мыналарды  жатқызуға болады:

  • кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен қаражаттарын тарту;
  • кәсіакерлік қызметті іске асыру мен дамыту бағыттарын дербес анықтау;
  • материалдық, қаржылық, еңбек табиғи және басқа да ресурстарды тарту және пайдалану;
  • салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі;
  • кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:
    • мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік;
    • экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;
    • қоғамдық қажеттілік пен сұранысты қанағаттандыру үшін өнімді өндіру;
    • заң шеңберінде іскерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. Кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік экономикалық аспектілеріне  әсер етуші факторлар

    Отандық және шетелдік әдебиеттерде кәсіпкерлікті  жіктеудің нақты анықталған жүйесі жоқ. Оны әртүрлі белгілері бойынша  жіктеуге болады. Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта және ірі болып  табылады. (қосымша №1) мұндағы негізгі критерий қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері болып табылады. Мысалы, шағын кәсіпкерлікке жатқызу үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің мөлшері 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Ал орта кәсіпкерлікте жұмыскерлері 50 адамнан 250 адамға дейін, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық көрсеткіштен аспайды.

    Меншік  нысаны бойынша мемлекеттік жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы  меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті  ұйымдастырудың ұйымдық құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады. 

        Ұйымдық құқықтық нысандары бойынша:
    • дара кәсіпкерлік
    • өндірістік кооператив
    • толық серіктестік
    • командиттік серіктестік
    • жауапкершілігі шектеулі серіктестік
    • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
    • акционерлік қоғам
    • мемлекеттік кәсіпорындар
 

    Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа  да салалар бойынша бөлінеді.

    Жүзеге  асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік  өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге  бөлінеді.

    Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін ілгері күштерге бірінші кезекте, фирманы  құруды және негізін салушы болып  табылатын кәсіпкердің өзі және бизнесті жүзеге асыруға қолайлы  мүмкіндік пен қажетті қор  жатады.

    Тағы  да ескеретін маңызда фактор ол кәсіпорынның болжамсыздығымен қарама-қарсылықпен  және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты  әлемде өмір сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік  процесс бұл технологиядағы, маркетингтегі, менеджменттегі әрдайым болып жататын  өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық  шешімдерді нитеративті іздестіру  процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері  тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен  қатар бір-біріне де бейімделген  болулар қажет. Кәсіпкер жаңа бизнес мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іс жүзінде қалай жүзеге асыра білетін жаттықан пікірлер командасына ие болуы тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру жергілікті қорларға ие болулары керек.

    Кәсіпкер  бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге  баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.

    Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші бизнесті іске асыру үшін қолалы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік  жарылыс нәтижесінде пайда болған үнсіз төңкеріс жайлы айтуда. Шетелдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орында ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, обьектілерге деген қажеттілік пайда болғанда құрылыстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда, құрылыс бизнесі үшін мүмкіндік те пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытында байқау емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.

    Ұзақ  уақыт аралығы бойыншапайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәспікерлер, табысты  кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің  қызмет саласын таңдауына тура келетін  өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің жетіспеушілігімен  және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен  өзгешеленеді.

    Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз бұл басқаларға әлі көріне қоймаған, көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру.

    Кәсіпкерлік процесінің үшінші қозғаушы күші бұл  қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі көзқарасты ұстану ұсынылды: шағын фирмалардың негізгі  өндіру қорларының үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, жалға алынуымен қамтамасыз етілетін ең аз мөлшердегі қорларымен жоғары нәтижелікке жету.

    Кәсіпкерліктің  жетекшілік ұстанымындағы мектебіне  сәйкес кәсіпкер белгілі мақматтарға  жету мақсатымен басқаларға әсер ете  алатын жетекші болып табылады.кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі және менеджердің адамдары уәждеу, қызызтыру және соңынан ерту қабілеттеріне орай көңіл аударды. Кәсіпкер ең алдымен мүмкін болатын даму келешегін басқалардан жақсырақ көретін және өзінің стратегиялық жоспарын іске асыру үшін басқаларды соңынан ертіп, қызықтыра алатын жетекші болуы шарт. Бұл мектеп шеңберінде екі ағыс бар. Бірінші ағыстың ауырлығы кәсіпкерліктің жеке тұлғалық тұрғысындағы мектепке түседі және кәсіпкердің бәсекелік жағдайға бейімделу мүмкіндігі, қарым-қатынас жасау жігерлілік, белгілі қасиеттер мен мінез құлық ережесіндегі ие болу қвжеттіліг көзқарасын қолдайды.

    Ішкі  кәсіпкерлік тәуелсіз, құрылымдық бірліктерге  өздерінің өткізу нарықтарын табуға қызмет көрсету технология және өндіріс  әдістері саласындағы жаңа енгізілімдер асыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі қазіргі ұйымдарда  жаңа енгізілімдер, жекелеген жұмысшылардың  автономдық құрылымдық бірліктерде  кәсіпкер ретінде жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп ұйғаруда.

    Ішкі  кәсіпкерлік белсенділік бірнеше  бағытта іске саырылуы мүмкін, соның  ішінде фирма стратегиясын өзгерту, ұйымды дамыту, өнімді дамыту, қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін жоғарылату. Фирма стратегиясын өзгерту үшін нарық мәселелері мен нарықтық ортаны жақсы меңгерген жоғары квалификацияланған мамандар мен ережелері негізгі  құрамын тарту қажет. ұйымның  дамуы өнімдерді басқа аймақтарға тарту жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Өнімнің дамуы бұл өнімді жетілдіру  мен жасау технологиясын жақсы  меңгерген адамдар күшімен дайындалып, енгізілетін жаңа өнімдерді жасау  мен қазіргі қолда бар өнімдердің жетілдіруімен білідреді. Соңғы  стратегия көрсетілетін қызметтердің сапасы мен тиімділігін жақсартуға бағытталған. 
 
 

II бөлім Қазақстандағы  кәсіпкерлік қызметтің  әлеуметтік экономикалық  аспектілерін талдау («Көктас-Ақтөбе»  АҚ мысалында)

2.1. «Көктас-Ақтөбе»  АҚ-ның жалпы сипаттамасы

    «Көктас»  - бұл ҚР-ның батыс аймағында құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындары үшін бейрудалық материалдардың барлық түрлерін өндіру, өңдеу және жеткізу бойынша ірі фирма болып табылады.

    Шығарылған  өндірісітің сапа жүйесін қосымшаға  сәйкес негіз және құрылыс материалдары МС ИСО-9001-94 ҚР СТМЕМИС ТР ИСО 9001 талаптарына сәйкес келді. ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік рейстерінде тіркелді.

    «Көктас»  АҚ-ның 2007 жылғы бухгалтерлік балансын талдау негізінде бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы бойынша келесі қорытынды жасалады: кәсіпорынның барлық мүліктің құны 2007 жылы 45667500 теңгені жыл соңында 44774600 теңгені құрап, яғни 1,1 есе кеміп отыр. Соның ішінде негізгі құралдар құны жыл басында 18305400 теңгені құрап, жыл аяғында 18352100 теңгені құрады. Айналым құралдарының құны жыл басында 29362100 теңгені яғни 1,1 есе кеміп, жыл соңында 28422500 теңгені құрады. Кәсіпорынның меншікті капиталы жыл басында 20809100 теңгені құрап, яғни 1,1 есеге азайып, 20325400 теңгені құрады. Меншікті капиталдағы жылдық капитал өзгеріссіз 7690000 теңгені құрады. Кәсіпорынның қарыз құралдары толық жыл ішінде 0-ге тең болды.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық әлеуметтік аспектілерінің теориялық негіздері