Республиканың
экспорттық әлеуетінің кеңеюі шеңберінде
“ҚазАгро” ұлттық холдингі” АҚ-ның
нақты “серпінді” жобаларды іске
асыруға арналған, соның ішінде:
көрме-жәрмеңке кешенін салуға, ірі-тауарлы
мал шаруашылығы фермаларын құруды
қаржыландыруға, Поти (Грузия) және Амирабад
(Иран) порттарында астық терминалдарын
салу мен жарақтандыруға және қазақстандық
тауарларды экспорттық нарыққа жылжыту
мақсатындағы өзге де жобаларға арналған
жарғылық қорды ұлғайту көзделіп
отыр. 2008-2010 жылдары табиғи су қоймаларының
су биоресурстарын сақтау, молықтыру және
тиімді пайдалану, тауарлы балық шаруашылығын
дамытуға жағдайлар жасау есебінен балық
шаруашылығы кешенінің тұрақты жұмыс
істеуі негізінде салалардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру жолымен балық
ресурстарын қорғау және молықтыру шараларын
іске асыру жалғасуда.
Балық шаруашылығын
дамытуға арналған шығыстар көлемі Қазақстанның
балық шаруашылығын тұрақты дамыту
саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты қалыптастыруды, экономиканың
балық саласын сақтауды және жаңғыртуды,
сондай-ақ балық шаруашылығы кешенін
басқару құрылымын оңтайландыруды
ескере келе айқындалатын болады, бұл
тұтастай алғанда балық шаруашылығын
басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге
және бәсекеге қабілетті және сапалы қосымша
құны жоғары отандық балық өнімдерін жасауға
көмектесетін болады. Туризм және спорт
саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары
халықтың денсаулығын нығайту мен жоғары
жетістікті спортты дамыту үшін бәсекеге
қабілетті туристік индустрия мен дене
тәрбиесі мен спорттың тиімді жүйесін
жасауға бағытталатын болады. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы
29 желтоқсандағы №231 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
одан әрі іске асыру шеңберінде елдің
тартымды туристік имиджін қалыптастыру,
визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату,
туристік қызметтерді халықаралық сапа
стандарттарына сәйкестендіру жөніндегі
іс-шаралар жүргізілетін болады, соның
ішінде: Қазақстан өңірлерінде туристік
кластерлерді дамыту; туристік инфрақұрылымы
дамыған және Қапшағай су қоймасы жағалауы
мен Шучье-Бурабай курорттық аймағында
ойын-сауық объектілері бар туристік орталық
құру;
Жібек жолы бойымен
туризмді дамыту, сондай-ақ Каспийде жағажай
және круизді туризмді дамыту үшін
жағдай жасау. Жүргізілген іс-шаралар
есебінен кейінгі жылдардағы келушілер
санының өсуіне байланысты ішкі және кіру
туризмі бойынша туристер легінің 2007 жылға
қарағанда 2009 жылы орташа 25% өсуі қамтамасыз
етілетін. Сондай-ақ туризм саласындағы
халықты жұмыспен қамту 499,4 мың адамға
дейін қамтамасыз етілетін болады. Дене
шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
одан әрі іске асыру мақсатында бірінші
кезекте жоғары жетістікті спорт пен халықтың
салауатты өмір сүруін қалыптастыратын
бұқаралық спорт дамытылатын болады, соның
ішінде: Алматы қаласында 2011 жылғы қысқы
Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілерін
қайта құру және салу; жоғары жетістіктер
спортының ғылыми-әдістемелік базасын
жасау; аудан орталықтарында, Республикалық
және облыстық маңызы бар қалаларда дене
шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу.
Шығыстар саясаты дамуға бағытталған
бағдарламалар жағына ауыстырылатынын
ескере келе, санға емес сапаға көңіл аударылады,
ол бюджет заңнамалары ережелерін сақтау
және мемлекеттік инвестицияларды тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету есебінен
қамтамасыз етілетін болады. Басым бағыттардан
басқа, орта мерзімді кезеңге арналған
шығыстар саясаты сондай-ақ экономикалық
және бюджет саясаты басымдықтарына қарамастан
– елдің қорғаныс, құқықтық, соттық, қүқық
қорғау, қаржылық, сыртқы саяси қызметтері
мен төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру –
олар бойынша міндеттемелерді мемлекет
көтеретін функцияларды қамтамасыз етуге
де бағытталған. Қажеттілікке арналған
шығыстарды жоспарлаудың негізі Қазақстан
Республикасы Президентінің 2007 жылғы
21 наурыздағы №299 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
болып табылады, соған сәйкес қорғанысқа
арналған шығыстар көлемі ЖІӨ-нің 1% кем
емес мөлшерде көзделіп отыр, қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің әскери-саяси, стратегиялық,
экономикалық және техникалық негіздері
мен Қазақстан Республикасының халықаралық
әскери ынтымақтастығы айқындалды.
Жоспарланған
орта мерзімді кезең шығыстарында әскери
қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын
күшейту көзделген, ол: әскери атақ
жалақысын, жауынгер және сержант лауазымындағы
келісім- шарт бойынша әскери қызметшілердің
жалақыларын ұлғайтуды; әскери қызметтің
ерекше жағдайларына үстемақыны және
үшу, үшу-көтеру, инженерлік-техникалық
құрам мен құрылықтағы әскерлердің лауазымындағы
келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің
жалақыларын ұлғайтуды; кем дегенде 8 жыл
қызмет атқарған келісім-шарт бойынша
істейтін әскери қызметшілер үшін елдің
жоғары оқу орындарында оқу ақысы құнының
50 % өтеуді;
жалпы әскери паектің
құнын ұлғайтуды қарастырады. Алдын
ала тексеру сапасын жақсартуға, қылмыстық
процесте кәмелетке толмағандар құқықтарын
сақтауға бағытталған сот жүйесін жетілдіру
және “Қазақстандағы ювенальды әділет”
жобасын іске асыру мақсатында кәмелетке
толмағандар істері бойынша экспериментальды
(ювенальды) соттар кұруға арналған шығыстар
көзделген. “Қазақстандағы ювенальды
әділет” жобасы міндеттерінің бірі кәмелетке
толмағандарға қылмыстық іс қозғау санын
азайту, ал ол қозғалған болса – тәрбиелік
сипаттағы институттарды кеңінен қолдана
отырып істі сотқа жібермеу мүмкіндігін
іздестіру болып табылады.
Төтенше жағдайлардың
алдын алу және жою үшін Төтенше
жағдайлардың алдын алу мен жоюдың
2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы әзірленетін болады, соның
шеңберінде Қазақстан Республикасының
халқын, объектілері мен қоршаған
ортасын табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардан,
зақымдаудың қазіргі заманғы
құралдары мен террорлық актілер
салдарынан қорғау, олардың алдын
алу мен жою күштері мен
құралдарын дамыту жүйесі тиімділігін
одан әрі жетілдіру және көтеру жүргізілетін
болады. Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының
тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан
Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған
қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту
бағдарламасын іске асыру жалғасатын
болады, соның шеңберінде басқаруды ұйымдастыру
жетілдірілетін және қылмыстық-атқару
жүйесі мекемелерінде адамдарды ұстау
жағдайлары жақсаратын, сотталғандардың
қоғамнан оқшаулануына байланыссыз қылмыстық-құқықтық
әсер ету шараларының тиімділігі артатын
болады, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан
босаған адамдарды әлеуметтік сауықтыру
үшін жағдайлар жасалады. Есірткіні пайдаланудың
өсуін және оның заңсыз айналымын тоқтату,
есірткінің таралуын біртіндеп қысқарту
үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы
29 қарашадағы №1678 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында нашақорлық
пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің
2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын
одан әрі іске асыру жалғасатын болады.
2005 жылдан бастап
мемлекеттік бюджеттің инвестициялық
құрамдас бөлігі ұлғаюда, ол
мемлекеттік бюджеттің даму бағдарламасы
шығыстары үлесінің өзгеруінен
көрінуде. Орта мерзімді кезеңде
бұл үрдіс жалғасатын болады
және даму бюджетінің үлесі
шығыстардың жалпы көлемінің
28,1-38,4% шеңберінде болады. 2008-2010 жылдары
бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру
Орта мерзімді жоспар шеңберінде және
орта мерзімді кезеңде бекітілген Басымды
бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы
көлеміндегі ағымдағы және инвестициялық
шығыстар үлесінің өзгеруі Экономиканың
стратегиялық салаларын дамытуға мемлекеттік
ықпал ету (құралдарының бірі мемлекеттің
қаржы активтерін – заңды тұлғалардың
акция пакеттері және меншікке қатысу
үлесін сатып алу. Орта мерзімді перспективада
мемлекеттік активтерді басқару саласындағы
мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық
маңызды салаларын дамытуды, соның ішінде
мемлекеттік меншіктің мақсатты әрі тиімді
пайдаланылуын бақылау жүйесін қалпына
келтіру және күшейту, мемлекеттік меншіктің
құрылымын оңтайландыруды жүзеге асыру
жолымен реттеуге бағытталған. Қаржы активтерін
сатып алу экономиканың стратегиялық
салаларының мемлекет тарапынан елдің
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету сондай-ақ оларды тиімді дамытуға
бағытталған тиісті бақылануын орнату
құралдарының бірі болып табылады. 2007-2008
жылдары мемлекеттік холдингтер мен компаниялардың
жарғылық капиталдарының ұлғаюы экономиканы
жаңғырту, әртараптандыру жөніндегі міндеттерді
одан әрі іске асыру үшін олардың қаржылық
базасын қалыптастыруға, қосылған құны
жоғары ғылымды қажет ететін, инновациялық
өндірістердің санын ұлғайтуға, тиімді
инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған.
“Каз Агро” Ұлттық холдингі” АҚ жарғылық
капиталын ұлғайтуға бірқатар жобаларды
іске асыруға бағытталған: экспорттық
инфрақұрылымы дамыған бордақылайтын
алаңдарды құру; биодизел және биоэтанол
өндіру зауыттарының құрылысы; Астана
қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің
көтерме нарығының құрылысы; “Самғау”
ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі”
АҚ жарғылық капиталын ұлғайту есебінен:
басымды, тәуекел және бастамашыл ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме
жобалар бойынша қаржыландыру көлемі
ұлғайтылатын болады; қосымша қаражат
“электрондық үкіметті” қалыптастырудың
Мемлекеттік Бағдарламасы аясында мемлекеттік
органдардың электрондық қызметін дамытуға
және қалыптастыруға бағытталатын болады.
Даму бағдарламалары
бойынша республикалық бюджет шығыстарының
жалпы көлемінде қаржы активтерін
сатып алуға арналған шығыстардың
үлесі 2008 жылы – 20,3%, 2009 жылы –19,2 %, 2010 жылы
– 18 %-ды құрайды. . Республикалық бюджет
шығыстарының жалпы көлемдегі категориялары
бойынша шығыстар үлесінің өзгеруі “Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009
жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт
туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен
бекітілген, 2008-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген
трансферттің мөлшерін, макроэкономикалық
болжамды және даму бағдарламалары бойынша
мемлекеттік шығыстардың болжамын негізге
ала отырып, Ұлттық қордан 2010 жылға арналған
кепілдендірілген трансферттің болжамды
мөлшері айқындалды, ол 326,8 млрд. теңгені
құрайды. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі
кезеңдегі кепілдендірілген трансферт
орта есеппен 2008 жылдың басында қор активтерінің
12,9%-ын қүрайды. Ұзақ мерзімді перспективада
Ұлттық қордың активтерін басқарудан
түсетін инвестициялық кіріске тең кепілдендірілген
трансферттің мөлшеріне қол жеткізу саясаты
жалғастырылатын болады, бұл үлкен дәрежеде
мұнай емес кірістердің және мұнай жинақтарының
есебінен экономиканың өсу талпынысына
жауап беретін болады. Мемлекеттік бюджеттің
2005-2007 жылдардағы мұнай емес түсімдері
және 2008-2010 жылдарға арналған болжамы,
ЖІӨ-ге %-бен Ұлттық қордың активтерін
басқарудан күтілетін инвестициялық кірісті
болжамы тиісті кезеңнің соңында бір жылда
жинақталған жалпы соманы орташа 3,4%-ын
құрайды. Мемлекеттік бюджеттің мұнай
емес тапшылығының серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
Шығыстар саясаты бюджеттің мұнай емес
тапшылығын қысқарту қажеттілігіне тікелей
байланысты, ол бюджет шығыстарының өсу
экономиканың нақты өсуіне байланысты
болатын шектелген фискалдық саясат жүргізуді
болжайтын елдің макроэкономикалық тұрақтылығына
әсер ету құралдарының бірі болып табылады.
Бұл шаралар негізінен әлеуметтік бағыттар
бойынша мемлекет шығыстарының көлемін
өсіру қажеттілігі жағдайында инфляциялық
қысымды жеңілдетуге және экономиканы
мүмкін ауытқулардан қорғауға бағытталған.
Жүргізіліп отырған фискалдық саясат
және 2006 жылдан бастап қолданыстағы Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатын
қалыптастыру және пайдалану ұстанымдары
2006 жылы мұнай емес тапшылықтың 2005 жылға
қарағанда 182,6 млрд. теңгеге едәуір қысқаруына
алып келді.
Осыған байланысты,
бюджеттің инвестициялық құрамының
ұлғаюы жағдайында мұнай емес тапшылықтың
одан әрі төмендеуі бюджеттік
жобаларда ескерілетін, экономикаға
өнімді әсер етпейтін ағымдағы шығыстарды
қайта қарау және оңтайландыру есебінен
ғана болуы мүмкін.
2008 - 2010 жылдары
мемлекеттік шығыстар өсімінің
қарқыны ЖІӨ-нің номинальды өсу
қарқынынан төмен болжанып отыр
және тиісінше орташа 17,2% және 18,6
%-ды құрайды. Мемлекеттік шығыстар
мен ЖІӨ-нің өсу қарқыны, өткен
жылға %-бен Мемлекетттік бюджеттің шығыстары
2008 жылы - ЖІӨ-ге 22,5 %, 2009 жылы ЖІӨ-ге 21,9 %,
және 2010 жылы ЖІӨ-ге 21,8 % құрайды. Мемлекеттік
бюджеттің 2008-2010 жылдарға арналған
шығыстарының болжамы