Кірістер саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 16:54, автореферат

Описание работы

Кірістер саясаты 2008-2010 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.

Работа содержит 1 файл

Кірістер саясаты.docx

— 42.14 Кб (Скачать)

Кірістер саясаты

   Кірістер  саясаты 2008-2010 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы  берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.

   Шағын және орта бизнеске салық салудың  қазақстандық жүйесі салық салудың  төменгі ставкасымен ғана емес, сондай-ақ едәуір оңайлатылған есептілігімен  сипатталатын жеңілдетілген жүйе түрінде  ұсынылған.

   2006 жылғы  1 қаңтардан бастап оңайлатылған  декларация негізінде арнайы  салық режимін (АСЖ) қолданатын  шағын бизнес субъектілеріне  арналған арнайы салық режимін  қолданудың саласын жалдамалы  қызметкерлердің саны мен шекті  кірісті ұлғайту жолымен кеңейту  жүргізілді.

   Оңайлатылған  салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметті жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізінде АСЖ-дағы салық  ставкасының ставкасы 3-тен 2%-ға дейін  төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде АСЖ-дағы жеке кәсіпкерлер  мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін  прогрессивтік шәкілдің орнына 3%-дан 5%-ға дейінгі және 3%-дан 7%-ға дейінгі  ставкаларымен тиісінше 3% деңгейінде бірыңғай ставка белгіленді. Бұл шара өзінің кәсіпкерлік қабілеті мен идеяларын іске асыруға ұмтылатын халықтың бастамашыл бөлігіне қолдау көрсетеді.

   2007 жылы  қосылған құн салығының ставкасы 14 пайызға дейін төмендетілді. Бұл  шара кәсіпорындарға өндірісті  жаңғыртуға жұмсалған қаражатты  айналымнан оны кеңейтуге және  дамытуға босатуға мүмкіндік  берді.

   2007 жылдан  бастап әлемдегі ең төменгілердің  бірі болған 10 пайыз деңгейіндегі  жеке табыс салығының жайпақ  шәкілі енгізілді.

   Бұл ретте  салық салынатын кірістен айлық  есептік көрсеткіштің орнына ең төменгі  жалақы мөлшері алып тасталады. Адамдардың өзіндік материалдық әл-ауқатын арттыруға уәждемесін арттыруға бұл норманы енгізудің негізгі әсері болды.

   Жоғары  технологиялы және экспортқа бағдарланған өндіріс үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстанда 3 арнайы экономикалық аймақ  құрылды, оларда корпорациялық табыс  салығынан, жер салығынан, мүлікке  салынатын салықтан, қосылған құн  салығынан және кеден баждарына  босату жүзеге асырылады.

   Салық саясатының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі  бағыттары әділ әрі сыннан өткен  кұрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік  функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың  міндеттерін шешуге бағдарланған бұл  мыналармен тұжырымдалады:

  • ҚҚС ставкасын одан әрі төмендету;
  • экономиканың нақты секторындағы жеңілдіктердің тиімділігін арттыруды және ынталандыратын әсерін ескере отырып, оларды оңтайландыру;
  • бюджеттің кірістерін қалыптастырудағы негізгі рөлді кәсіпкерліктен біртіндеп халыққа ауыстыру шеңберінде жеке тұлғалардың пассивті кірістері бойынша жеңілдіктерді жою.

   Қосылған  құн салығы бойынша шартты шығындар 2008 жылы 67,9 млрд. теңгені (ставканың 14%-дан 13%-ға дейін төмендеуі), әлеуметтік салық  бойынша – 115,0 млрд. теңгені, (ставканың  орташа 30%-ға төмендеуі әкелінетін тауарларға кеден баждары бойынша – 17,7 млрд. теңгені (баждарды, біріздендіруден) құрайды.

   Тұтастай, мемлекеттік бюджеттің шығындары  мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің 6,5%-ын құрайды.

   Осылайша, салықтар ставкаларын төмендету  жоспарланып отырған кезеңде  осы салықтардан түсетін түсімдер қарқынының төмендеуіне алып келеді.

   Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнайға қатысты  емес кірістердің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %-бен

   Келесі  жылдары көрсетілген салықтардан  түсетін түсімдер қарқынының одан әрі  өсуі болжанып отыр, өйткені салық  жүктемесін төмендетуден күтілетін  тиімділікке қол жеткізілетіні  көзделіп отыр.

   2009 жылдан  бастап арнайы салық режимдері  реформаланады – біржолғы талондарды  қолдану аясы тарылады, патенттер  жойылады, оңайлатылған декларация  бойынша жеке кәсіпкерлер-жеке  тұлғалар ғана қызметін жүзеге  асыратын болады. Ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер арнайы салық режимдерінен шығарылатын болады.

   Жүргізіліп  отырған салық саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының болжамды көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан  Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі №1641 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының  қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға  арналған тұжырымдамасының қолданылуында 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бюджеттің кірістері айқындалды.

   2006 жылғы  1 шілдеден бастап кәсіпорындардан  түсетін тікелей салықтарды Ұлттық  қорға есепке алуды көздейтін  Қазақстан Республикасының Ұлттық  қоры жұмыс істеуінің жаңа  жүйесіне көшуге байланысты экономиканың  мұнай секторына тәуелділігін  жою мақсатында мемлекеттік бюджет  мұнай емес кірістерден қалыптастырылады.

     Мұнай секторы кірістерінің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы мұнай және мұнай  емес кірістердің аражігін нақты  ажыратуды жүзеге асыруға бағытталған  бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға  арналған тұжырымдамасының шарттарын  негізге алып айқындалды.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық  қор активтерінің динамикасы, ЖІӨ-ге %-бен 

2008 жылы Ұлттық  қорға түсетін түсімдер (инвестициялық  кірісті қоспағанда) ЖІӨ-ге 7,4% деңгейінде, 2009 жылы – ЖІӨ-ге 7,2% және 2010 жылы  ЖІӨ-ге 6,8% болжанып отыр.

     Төмендеу  мұнайға әлемдік бағаның тиісінше бір баррелі үшін 60 доллар болжануына байланысты. ЖІӨ өсуінің болжанып отырған қарқыны абсолюттік мәнде мұнай секторы кірістерінің ұлғаю болжамына қарамастан олардың өсу қарқынынан асады, бұл ЖІӨ-дегі үлес мөлшеріне әсер етеді.

                                             Шығыстар саясаты

     Орта  мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік экономикалық саясаттың  ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес, жоспарланатын нәтижелерге  байланысты және салалық жоспарлау  сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттің инвестициялық  құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық  орындауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Шығыстар саясаты  теңгерімділік және экономиканың өсу  қарқынынан аспайтын шекте ағымдағы шығыстардың деңгейін тежеу қағидаттарына  сай болады.

Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымында 2008-2010 жылдары  мыналар басым бағыттар болып  табылады:

  • адами капиталдың өсуін қамтамасыз ететін шығыстар – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, республиканың мәдени әлеуетін дамыту, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту, халықты сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету, тұрғын үй саясатын одан әрі дамыту;
  • экономиканы одан әрі әртараптандыруды ынталандыратын шығыстар – инфрақұрылымды, аграрлық және индустриялық секторларды, инновацияларды дамыту.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат және денсаулық сақтауды қаржыландыру тетіктері Қазақстан халқының денсаулығын  сақтау жөнінде жоғары нәтижелерге  қол жеткізуге мүмкіндік беретін  барабар қаржылай қамтамасыз ете  отырып және осы жүйені басқару деңгейін арттыруға бағытталады. Бюджеттік құрамдас бөлік мынадай бағдарламалық құжаттарды іске асыруға құрылады:

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы;

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы  №102 қаулысымен бекітілген Қазақстан  Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы  №1216 қаулысымен бекітілген Қазақстан  Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы  іс-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы №905 қаулысымен бекітілген “Салауатты өмір салты” кешенді бағдарламасы.

     Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге мемлекеттік қаражат есебінен іске асыру көзделіп отырған немесе іске асырылатын мынадай іс-шаралар  бағытталған:

  • кластердің құрылымына кіретін мемдициналық орталықтарды басқару үшін жетекші шетелдік компанияларды тарта отырып, Астана қаласында медициналық кластер құру;
  • мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін (100 мектеп, 100 аурухана жобасы шеңберінде) пайдалана отырып, аурухана секторының қажеттілігін айқындау әдістемесіне және қайта құрылымдауға сәйкес Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін (ауылда көп бейінді ауруханалар мен емханалар, дәрігерлік амбулаториялар) салу;
  • денсаулық сақтау ұйымдарын, оларды автономдандыру және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңімен көшіру үшін аккредитттеу;
  • “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін” енгізу шеңберінде емделушілердің электронды медициналық картотекасын қалыптастыру;
  • бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының қолданыстағы желілерінің номенклатурасын мемлекеттік нормативтерге сәйкестендіру.

Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтау жүйесін  жаңғыртуда әкімшілік функцияларын медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету стандарттарына келтіру бөлігінде маңызды сәтке  айналуда. Әзірленіп жатқан “Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодекс денсаулық сақтау жүйесін толық қамтитын және медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жаңа әдістерін көрсететін құжатқа айналады.

Бұдан басқа, мынадай  бірқатар әкімшілік іс-шаралар жүргізілетін болады ана мен бала өлімін азайту шараларын іске асыру мақсатында ана мен баланың өмірі мен  денсаулығын сақтау жөніндегі халықаралық  тәсілдер енгізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған  бала жасындағы ауруларды ықпалдастырып  жүргізу стратегиясының шеңберінде Аурулар мен дәрілік заттардың  тізбесі жасалды, Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы ұсынған Балалық  жас ауруларын ықпалдасқан жүргізудің стратегиясын енгізу бойынша жұмыстар жалғасатын болады; халықты туберкулезден қорғау жөніндегі, оның ішінде “Туберкулезбен ауыратын науқастарды қадағалау жөніндегі ұлттық тізілім” ақпараттық компьютерлік бағдарламасын іске асыру жолымен, шаралар күшейтілді; АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауруды азайту, трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар; жеке меншік медицинаны және ерікті медициналық сақтандыруды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар әзірленеді; денсаулық саласында пайдаланылатын рәсімдерді одан әрі стандарттау мақсатында диагностикалау мен ауруларды емдеудің 450-ден астам хаттамаларын жасау және енгізу бойынша жұмыстар жалғасады;

осы саладағы қазіргі  проблемаларды жүйелі шешу үшін қажет  амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу.

     Барынша білімді халық экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынымен және осы  саладағы басқарудың күшті жүйесімен  байланысына құрылған білім беру саласындағы бюджет саясаты Қазақстан  Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылатын болады.Орта мерзімді кезеңде негізгі күш мына іс-шараларды жүргізу жолдарымен экономиканы кәсібилігі жоғары техникалық бағыттағы мамандармен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады:

Қазақстан Республикасында  техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын жоғары білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге  мүмкіндік беретін Техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік  бағдарламасын қабылдау; өңдеуші салада және машина жасауда техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтар құру;жұмыс берушілер мен инвесторларды кәсіптік білім беру оқу орындарының оқу-өндірістік базаларын құруға және нығайтуға тарту, басым салалар қажетсінетін кадрларды даярлауда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу; техникалық мамандықтарға ден қоя отырып, мемлекеттік тапсырыстың кұрылымын өзгерту.

Информация о работе Кірістер саясаты