Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 16:54, автореферат
Кірістер саясаты 2008-2010 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады.
Бұдан басқа, жоғары білім беру саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді үш сатылық жүйеге: бакалавриат – магистратура – докторантура өзгерту бойынша, жоғары оқу орнының мамандануы мен мәртебесіне байланысты мемлекеттік білім беру гранттарын саралауды міндетті енгізумен мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырудың жаңа қағидаттарын енгізу жұмыстары жалғасады. 2008 жылдан бастап жоғары оқу орындарының жекелеген білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Республиканың
жоғары оқу орындарына шет елдік
оқытушылар мен консультанттар тартылатын
болады, ал Қазақстанның дарынды азаматтары
бұдан әрі де Қазақстан Республикасының
халықаралық “Болашақ”
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігін және басқа іс-шараларды әзірлеу жолымен де жетілдіріледі.
Зейнетақы төлемінің мөлшері арттырылатын болады, бұл ретте орта мерзімді екі кезең бойы осы өсу 2007 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астамды құрайды, бұл ретте, зейнетақыларды есептеу үшін есепке алынатын шектеу 2008 жылдан бастап 15 АЕК-ден 25 АЕК-ге дейін көтерілді.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілетін болады:
Бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін арттыру
Одан басқа әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы және мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету сапасы күшейтілетін болады. 2007 жылы жетілдірілген еңбек заңнамасы заңды секторда өнімді еңбекке уәждемені күшейте түсуге мүмкіндік береді және жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен тәуелділігін орнату үшін жағдай жасайды. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Жаңа Еңбек кодексінің ережелерін іске асыруға еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары енгізіледі. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады. Бюджет саласы қызметшілерінің еңбекақысын төлеу жүйесі жалақының мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, жетілдірілетін болады. Сондай-ақ бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі кезең-кезеңмен жалақы мөлшерін ұлғайту арқылы жетілдірілетін болады. Адами капиталды дамытуда рухани даму, адамдардың демалысы мен шығармашылығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ елдің мәдени мұраларына қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. 2008-2010 жылдары мемлекеттік бюджеттің шығыстары мәдениеттің осы заманғы дамыған жүйесін қалыптастыруға, Ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік тілдің рөлін нығайтуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады. Оның шеңберінде сараланған инновациялық технологиялық әдістемелерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйретудің тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тілдер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады, бұл 2009 жылға қарай оны меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытумен 100% қамтуға қол жеткізуге, сондай-ақ 16 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге орыс және ағылшын тілдерін одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Қазақстандық мәдениет пен өнерді одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 Жарлығымен бекітілген “Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау” және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі №1009 қаулысымен бекітілген “Көне Отырарды қалпына келтіру” 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады. Осы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тарихи-мәдени мұраларды сақтау және тиімді пайдалану, оның ішінде тиісті заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру мақсатында діни сенім бостандығы мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады. Үкіметтің мәдениет саласындағы шаралардың тиімділігін арттыру мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі тетігін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оның көлемін кезең-кезеңмен ұлғайта отырып мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында сандық телерадиохабарларын таратуды дамыту бағдарламасы әзірленуде. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттік құралдарды ұсынатын бұқаралық ақпараттық қызмет көрсету сапасының артуын қамтамасыз ету болады. Қоршаған ортаны қорғауға шығыстардың құрамында халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы экологиялық жүйелерін іске асыруға бағытталған, мынадай негізгі бағыттарда қаражат құрайтын болады:
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның орнықты экологиялық дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру, табиғи ортаға арта түсіп отырған антропогенді әсерді азайту; жердің шөлейттену және құнарсыздану үдерісін тоқтату және алдын алу; тұтастай алғанда Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, оның ішінде жекелеген өңірлер мен республиканың экологиялық жай-күйінің автоматтандырылған мониторингін жетілдіру; елдің экономикалық әлеуетін дамытуды ұтымды аумақтық ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.Су ресурстарын, орман мен жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша 2010 жылға дейінгі бағдарламасы және “Жасыл мұнай” жүйелерін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік бойынша Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Негіздемелік конвенциясына Киот хаттамасына қол қою мәселелерін пысықтау жоспарланып отыр. 2008-2010 жылдары орман қорын, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған шығыстар құрылымында ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетін арттыру үшін, орман ресурстарын ұтымды және жүдетпей пайдалану, оларды қорғау, сақтау және молықтыру, орман шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, мемлекеттік табиғи-қорықтық және орман қоры объектілерінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету, тұяқты жабайы жануарлар мен киіктердің сирек және жоғалып бара жатқан түрлерінің олардың кәсіпшілік санына және жыл сайынғы өсімінің биологиялық негізділігіне қол жеткізу үшін табиғи еркіндік жағдайында таралымын сақтауға жағдайлар жасау бойынша шығындар негізгі орын алатын болады. Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының көлемі мен қүрамы су ресурстары тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтау деңгейін арттыру және халықты ауыз сумен қажетті көлемде және кепілдендірілген сапада тұрақты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттары негізінде айқындалатын болады. Бұл еліміздің шектеулі су ресурстарын үтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз ету және су ресурстарының тапшылығын қысқарту Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі экономиканың су секторын және су шаруашылығы саясатын дамыту тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы №93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған “Ауыз су” салалық бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 маусымдағы №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 2008-2010 жылдары бюджеттің қосымша қаражаты жер асты сулары объектілерін қорғауды және өнеркәсіптік төгінділерді тазартуды дамытуға және Қазақстанның қалаларында су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталатын болады. 2008 жылы су құбырлары желісінен су ағуларды табу үшін және қалалық су арналары зертханалары мен бақылау-қадағалау қызметтері үшін жабдықтар сатып алуға, Ертіс өзені мен жер асты суларына улы заттардың түсуін алдын алу жолымен Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының және Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің халқының тұрмыс деңгейін арттыру және денсаулығын жақсарту мақсатында мониторинг және егжей-тегжейлі жобалау бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарттар жасауға қоршаған ортаны қалпына келтіруге және өңірдің экологиясын жақсартуға қаражат бағытталатын болады. Су шаруашылығы объектілерін пайдаланатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар бюджет қаражаты есебінен құрылыс, құнарландыру техникасымен және технологиялық жабдықтармен кезең-кезеңімен жарақтандырылатын болады, бұл өндірістік міндеттерді шешу, қаржылық сауықтыру, өнімділікті арттыру және еңбек жағдайын жақсарту жолымен суды үзіліссіз беруді қамтамасыз етеді.
Тұрғын үйге
қол жетімділікті қамтамасыз ету
және жылжымайтын мүлік нарығын
дамыту да әлеуметтік бағдары бар (тұрғын
үймен ең бірінші кезекте аз қамтылған
азаматтарды қамтамасыз ету) және 2005-2007
жылдары қолданыста болған мемлекеттік
бағдарламаның кемшіліктері ескерілген,
Қазақстан Республикасында
Тұтастай алғанда
мемлекеттік бюджеттің адами
капиталды дамытуға шығыстары жалпы
шығыстар көлемінің кемінде 61% құрайды,
бұл Үкіметтің экономиканың мәселелерін
шешкен кезде өзінің басым артықшылықтарын
пайдалануға бағытталған
2007 жылы Индустриалдық-
1) қазіргі бар стандарттарды талдау және жүйелеу жөніндегі:
2) мыналарды әзірлеу жөніндегі;
темір жол саласындағы, автомобиль жолы мен көлік саласындағы стандарттарды;
көмір саласындағы каталогтар мен жіктеуіштерді;
өнеркәсіп саласындағы эталондарды;
энергия жабдықтарын пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде электр энергетикасы мен электр энергиясы қондырғыларының сенімділігі саласындағы және қауіпсіз пайдаланылу мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттамаларды;
энергия тұтыну нормативтерін;
3) мыналарды өткізу:
Қазақстанның ІАҒ және ІLAC халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық жұмыстары, соның ішінде халықаралық сарапшыларды тарту; халықаралық сарапшылардың зерттеу және тексеру зертханалар аккредиттеуі; халықаралық деңгейде аккредиттеу саласындағы мамандардың біліктілігін көтеру жөніндегі іс-шаралар. Аграрлық сектор саласындағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталатын болады. 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бюджет шығыстары Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кірген кезде ауыл шаруашылығының барабар жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, мыналардың негізінде айқындалатын болады: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы шешімімен мақұлданған Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы №654 қаулысымен бекітілген оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы. 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы шығыстардың басым бағыттары мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қолайлы эпизоотикалық және фитосанитарлық жағдайларды қамтамасыз ету; субсидиялау жолымен ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау. Азық-түлік қауіпсіздігін, республиканың жұмылдыру қажеттілігін Қазақстанның астық нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік азық-түлік резерві жасалды. Бұл ретте, ең аз қор халықты астықпен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз етуді кепілдендіруі қажет. Азық-түлік астығының мемлекеттік резервін жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайы 450-500 мың тонна шеңберінде астықты мемлекеттік сатып алу жүргізіледі Астықты сатып алу көлемі мен құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен белгіленеді. 2008-2010 жылдары елдің ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды ұлғайту Халықаралық эпизоотикалық бюросының халықаралық стандарттары мен талаптарына сәйке көлемде қамтамасыз етілетін болады. Соның нәтижесінде ветеринария саласындағы Ұлттық заңнаманы ЖСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралары жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес үндестіру; Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі алдында Қазақстан Республикасының ғимараттары мен зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру; жылына екі рет барлық мал басын диагностикалық зерттеумен 100% қамту жұмыстары жүргізілетін болады. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру мал ауруларының аса қауіпті жұқпаларының туындауынан экономикалық зиянға жол бермеуді қамтамасыз етуге және республика өңірлерінде эпидемиологиялық нашарлаудың алдын алуға, ветеринарлық-санитарлық жағынан қауіпсіз мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Алда республиканың ДСҰ-ға кіруін ескере келе, ауыл шаруашылығында субсидиялау жолымен мемлекеттік қолдау жалғасатын болады. Бұл ретте, ауыл шаруашылығын субсидиялау Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің келіссөз процесі нәтижелерін ескере отырып жүргізілетін болады.