Автор: v****************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 10:17, реферат
Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Таблица.
Инвентатрлық тізім.
|
Бұл жерде теңестіруші ретіндегі қаржылық нәтиже (табыс пен шығын) көрсетілмейді, Өйткені субъект шаруашылық қызметін әлі жүзеге асырған жоқ.
Таблица.
Бастапқы баланс.
|
Екінші жағдайда
бастапқы ресурстар тек қана ақша
қаражаттарынан емес, сондай–ақ қайыра
құрылған субъектілер баланысындағы басқа
да құндылықтардан: шикізаттар мен құрал
жабдықтардан және т.б. құрылады.
Мысалы: Айталық, ізбасар 400 000 теңгеге
негізгі құралдар (құрал–жабдықтар және
т.б.); банктен жұмысшылар мен қызметшілерге
жалақы төлеу үшін несие түрінде 60 000 теңге
алды делік; ал өнім берушілерден 140000 теңгеге
шикізаттар мен материалдыр алды. Осы
деректер негізінде мынадай формадағы
таблица жасалынуы мүмкін.
|
Бұл жерде шаруашылық
ресурстары құрамы мен құралу көздері
жөнінен ірі топтарда көрсетілген.
Таблицада ресурстардың жалпы сомасы
шаруашылық ресурстары көздерінің жалпы
сомасына тең екні көрініп тұр. Басқаша
жағдай болуға тиіс те емес, өйткені ресурстардың
әрбір түсу фактілері екіжақты актіні
білдіреді: Біріншіден, материалдық мүліктің
(активтердің) тікелей түсуіне; екіншіден,
көздердің құралуын; жеке меншік ресурстары
болып табылатын бұларды тапсыру немесе
субъект ресурстарын уақытша банк несиесі
түрінде және есептеу кезінде туындаған
жағдай ретінде қабылдау.
Субъек ресурстарын таптау мен көрсетудің
мұндай тәсілін қолдану қажеттілігі мынадан
туындаған: ағамдағы бухгалтерлік есеп
бірінші кезеңде жекелеген сипатта фактілерді
бақылау мен жинақтауды қамтамасыз етеді,
ал қортындылаушы кезеңде шаруашылық
ресурстардың, олрадың көздерінің топталуы
мен көріну жағдайын біріктірілген ақпарат
түрінде қамтамасыз етеді.
Баланстың басқаша түрі өзге жағдайда,
субъект банкрот алдында тұрғанда, яғни
оны тарату мәселесі қойылғанда құрылады.
Тарату балансы әдеттегі баланстан негізінен
өзінің мүліктік ресурстарын бағалаумен
ерекшеленеді, өйткені ол көп жағдайда
алғашқы құнынан көрі неғұрлым төмен бағаланады.
Сөйтіп, баланстар шаруашылық субъектінің
кәсіпкерлік қызметіне қарай мазмұны
мен мақсаты бойынша ерекшелене алады
екен. Баланс мазмұны мен құрлымын субъект
өзінше дербес белгілейді де, ал есеп саясатында
бекітіледі.
Сөйтіп, бухгалтерлік баланс актив пен
пассив сияқты екі бөліктен тұрады. Ол
екі жақты таблица түріндегі көлбеу бойынша
немесе тік форма бойынша құрылуы мүмкін.
Шаруашылық субъектісі өз балансының
құрылу формасы өзі таңдап ала алады.
Актвтегі немесе пассивтегі ресурстардың
әр бір элементі баланс статьялары («баптары»
деп аударылмайды!) деп аталады. Балансты
оқу немесе талдау үшін баланс активті
мен пассиві бөлімдерге біріккен жеке
статьяларға бөлінеді.
Баланс статьяларының орындары белгілі
бір принциптерге бағынады. Баланс статьяларының
топтасуын негізінен әралуан ресурстар
түрлерінің сипаты мен экономикалық талдау
мен аудит талаптары белгілейді.
Активтер өздерінің өтімділік дәрежесіне
қарай неғұрлым төмен өтімділікті неғұрлым
жоғарысына қарай орналасады. Пассивтер
міндеттемелердің жеделділіктен неғұрлым
жоғары жеделділікке қарай орналасады.
Сөйтіп, белгілі бір мезгілде қаржы ресурстарының
кез келген түрі қайсы бір құн ауқымы мен
саипатталады. Осындай барлық құн ауқымдарының
жиынтығы сол ресурстардың жағдайын көрсетеді,
оның ақпараттық моделі болып табылады.
Ақпараттық модель, (үлгі) қаржы ресурстарының
жағдайы бухгалтерлік баланс болып табылады.
Шаруашылық қызметтін жүзеге асыру үшін субектіге активтер қажет, ал олар белгілі бір көздерден құралады. Бухгалтерлік есепке активтерді екі түрлі сипаттау қалыптасқан:
Құрамы мен орналасу бойынша активтер екі категориялы:
Ұзақ мерзімді
активтер: материалдық (негізгі құралдар
және аяқталмаған күрделі құрылыс);
материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді
активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(өтілу мерзімі бір жылдан артық) болып
бөлінеді. Материалдық емес активтер–
бұлар натуральдық–физикалық формасы
жоқ, алайда «болмашы құндылығы бар» соған
сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында
немесе үнемі қосымша табыс түсіретін
активтер. Оның үстіне материалдық емес
активтер алынып қосылу қабілетін де ие
болуға тиіс. Материалдық емес активтерге
тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері),
тауарлырдың шығарылатын тіркеулі жерлері,
гудвилл («фирма бағасы»), «ноу–хоу», потенттер
мен өнеркәсіп үлгілері, лицензиялар,
интеллектуальды меншік пен ұйымдастыру
шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану
құқы, ЭВМ–мен бағдарламалық қамтамасыз
ету және басқалары жатқызылады.
Нарықтық экономиканың дамуына қарай
метериалдық емес активтердің субъектілер
мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая
түседі, мұның өзі техника мен технологияның
дамуымен, ақпараттың таралуымен, экономикалық
қатынастардың дамуымен сабақтас.
Негізгі құралдар–материалдық активтер
ұзақ уақыттар бойында (бір жылдан астам)
материалдық өндірісте де, өндірістік
емес салада да еңбек құрал–жабдықтары
ретінде қызмет атқарады.
Негізгі құрал–жабдықтарға: тұрақты мүліктер
(жер учаскесі, ғимараттар, құрылғылар,
көп жылғы екпе өсімдіктер және жерге
тығыз байланысты, басқа орынға көшіру
оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей
қоймайтын басқа да объектілер); транспорт
құралдары; құрал–жабдықтар; балық аулау
саймандары; өндірістік және шаруашылық
мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді
мол; құрал–саймандар мен басқа да негізгі
құралдар жатады.
Алыну мақсатына қарай материалдық активтер
есеп жұмысында негізгі құралдардың, қосалқы
тауар материалдың, қаржылық инвестицияның
құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің
шаруашылық мақсат үшін сатып алған автомобилі
негізгі құрал– жабдықтар құрамында,
ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль
қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі.
Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес,
ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған
жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық
инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің
қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен
бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені
олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін
немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып
қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.
Материалдық және материалдық емес активтерді
негізгі құралдар объектілері ретінде
тану сәтінде бағалаудың біріңғай жолы
қажетті шарт болып табылады. (СБУ №6)
Бұлар кіріске алынған сәтте бухгалтерлік
есепте алғашқы құны бойынша көрсетіледі.
Оған негізгі құралдыр объектілерін және
материалдық емес активтер объектілерін
салу немесе алу бойынша жұмсалған шын
мәніндегі бүкіл шығын, соның ішіндегі
сатып алу кезінде төленген қайтарылмайтын
салықтар мен төлемдер (мысалы, оларды
сатып алу кезінде төленген қосымша құн
салығы, мемлекеттік алым және т.б.), жеткізу,
монтаждау (құрастыру), орнату, пайдалануға
беру жөніндегі шығындар, несие проценттері
және активті жұмыс жағдайына келтіруге
қатысты басқа да тікелей шығындар жатқызылады.
Аяқталмаған құрылыс түсінікті қажет
етпейді.
Ұзақ мерзімді материалдық активтер тобына
сондай–ақ аяқталмаған күрделі құрылыстар
және басқа да ұзақ мерзімді активтер
жатады.
Бұлардан басқа ұзақ мерзімді активтер:
ұзақ мерзімді инвестиция; ұзақ мерзімді
дебиторлық берешек (өтеліну мерзімі бір
жылдан астам); алдағы кезеңдердің шығындары
(өтеліну мерзімі бір жылдан астам) болып
табылады.
Ұзақ мерзімді инвестиция–бұл еншілес
серіктестіктер активтеріне; тәуелдік
заңдық ұйымдарға, бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғаларға берілетін инвестиция,
онда бұлардың ағымдағы құны көрсетіліп
беріледі, егер олардың құнынан өзгешелігі
болса.
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек–бұл
алыныс есеп шоты; алынған вексельдер;
шаруашылық ішіндік операциялар нәтижесінде
негізгі шаруашылық серіктестіктері мен
олардың еншілес серіктестіктері арасында
туындағын дебиторлық берешек және т.б.
Субъектінің ағамдағы активтері:
«Қосалқы тауар
материалдардың есебі» деп аталатын
№7 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
қосалқы тауар материалдар
Сөйтіп, ағымдағы активтер өндірістік
немесе өндірістік емес салаларда болсын
үнемі айналыста жүреді. Өндіріс саласында
ағымдағы активтер құрамына аяқталмаған
өндірістің қосымша шикізаттары және
дайын өнімдер қоры, есептегі активтер
қосылады.
Бұған жататындар: ағымдағы активтерді
сатып алу үшін жұмсалатын аванстық төлемдер;
тиеп жіберілген тауарлар үшін алынған
есепшот (қызметер мен жұмыс); алынған
вексельдер және басқа да дебиторлық берешек.
Коммерциялық салада ағымдағы активтер
құрамына кіретіндер: коммерциялық сауда
фирмалары мен көтерме сауда кәсіпорындарының
қоймаларында өткізілу үшін жатқан қосалқы
тауар –материалдар қорлары (тауарлар,
дайын өнімдер және т.б.); қолма– қол ақша;
инвестиция бойынша дебиторлық берешек
және т.б.
Ағымдағы активтердің басты құрамдас
бөлігі қосалқы тауар– материалдар қоры
сату-сатып алу заттары болып табылады.
Тауар қорына әдетте сауда фирмаларындағы
қаржы ресурстарының неғұрлым үлкен бөлігі
салынады.
Тауарларға жұмсалған қаржы ресурстарының
жалпы жиынтығы тауар қорының өзіндік
құны аталынады. Ол қолдағы тауарлардың
сатып алу құнының сомасына тең. Бұлар:
сатып алу бағасы, тасып әкелуге төленген
пошлина (алым), делдалдық сыйақы, транспорт–
даярлау шығындары және басқа да шығындар
(кезең шығындарынан басқа).
Бухгалтерлік
баланста субъектінің белгелі бір
мерзімдегі ресурстарының мөлшері көрініс
береді (есептік мерзімнің соңы). Алайда,
шын мәнісінде субъект ресурстары үнемі
қозғалыста болады және үздіксіз жүргізілетін
шаруашылық операцияларының ықпалымен
олардың мөлшері мен құрамы үнемі өзгеріп
отырады. Субъектіде өтіп жататын әрбір
шаруашылық операциялары оның ресурстарының
көлемі мен құрамында, демек балансын
да өзгертеді. Сонымен қоса (операция)
осы ресурстарда екі жақты өзгеріс тудырады.
Мысалы, банктегі есеп айырысу есеп шотынан
ақысы тауар–материал игіліктерінің
қоймаға түсуі тауар–материал қорының
тиісті сомаға ұлғаюына соқтырады және
субъектінің банктегі есепайырысу есепшотындағы
ақшасын азайтады; шикізаттар мен материалдарды
өндіріске беру олардың қоймадағы қорын
азайтады және өндіріс шығынын ұлғайтад.
Шаруашылық құралдары мен олардың көзінің
өзгеруі баланста соманың баланс статяларына
сәйкес ұлғаю немесе азаю түрінде қорытындыланып
көрсетіледі.
Шаруашылқ операцияларының ықпалымен
субъект балансында болатын өзгерістер
төрт топқа немесе типке бөлінеді.
Біріншіден типке немесе топқа баланстағы
шаруашылық операцияларының ықпалымен
болған, шаруашылық ресурстарының бір
формадан екіншісіне өзгеруіне байланысты
туындаған өзгеріс жатады. Олар тек баланс
активіне ғана қатысты, шаруашылық ресурстарының
(активтің) құрамын өзгеріту, бірақ баланстың
жалпы сомасын өзгертпейді (∑А+О-О=∑П.
Мұндағы ∑-сома, А–актив, О–операция,
П–пассив) мысалы, материалдарды өндіріске
жіберу.
Екінші типке немес топқа баланстағы шаруашылық
операцияларының ықпалымен болған, бір
ресурстар көзінің екіншісіне ауысуына
байланысты (көздерді қайра білу) туындаған
өзгерістер жатады. Олар тек баланс пассивіне
байланысты, жекелеген көздердің сомасын
өзгертеді, бірақ баланстың жалпы сомасын
азайтпайды және актив пен пассив жиынтығының
теңдігі бұзылмайды. (∑ А=∑ П+О–О). Мысалы,
пайданы басқа да резервтік капиталға
жіберу.
Үшінші типке немесе топқа баланстағы
шаруашылық операцияларының ықпалымен
болған, субъектіге жаңа ресурстардың
қосылуына байланысты туындаған өзгерістер
жатады. Олар баланс активтері мен пассивтеріне
қатысты, ресурстардың жекеленген түрлері
мен олардың көздерінің сомасы ұлғаюға
қарай өзгертеді және баланстың жалпы
сомасы осы типтегі жасалған шаруашылық
операцияларының сомасына ұлғайтады (∑
А+О=∑ П+О), мысалы, өнім тапсырушылардан
материалдардың түсуі.
Өзгерістің төртінші типіне баланстағы
шаруашылық операцияларының ықпалымен
болған, ресурстардың бірі белгінің шаруашылық
жүргізуші субъектіден шығып кетуіне
байланысты өзгерістер. Олар баланс активі
мен пассивіне қарасты, шаруашылық ресурстарының
жекеленген түрелрі мен олардың көздерінің
сомасын азайтады және баланстың жалпы
сомасын азаю жағына қарай өзгертеді (∑
А-О=∑ П-О). Мысалы, банк несиесін клиенттің
банктегі есеп айырысу есепшотынан өтеу.
Жүргізілген шаруашылық типтерін мынадай
мысалдардан көреміз.
Шаруашылық қызметтің басындағы баланс
мынадай болды:
|
Мынадай шаруашылық
операциясы жүргізілді:
1 - тип. 1) Материалдар сатып алынды, ақша
есеп айырысу
есепшотынан төленеді.
есепшотына аударылады.
2 – тип. 3) Табыстың бір бөлігі жарғылық
қорға қосылады. 5000
3 – тип. 4) Алынған құрал–жабдық пайдалануға
беріледі. 36 000
5) Банк несиесі есебінен материалдар сатып
алынды.
4 – тип. 6) Банк
енсиесі есеп айырысу
7) Есеп айырысу есепшоттарынан несиелік
берешек өтіледі.
Осындай шаруашылық операцияларына байланысты
баланста мынадай өзгерістер болады.
|