Конституциялық құқық

Автор: v****************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқық.docx

— 67.24 Кб (Скачать)

Конституциялық  құқық

Құқық жүйесінің  басты саласы — конституциялық құқық  болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

  • қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
  • мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
  • адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық  құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте  кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті  жүзеге асырумен байланысты пайда болатын  қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

  • міндеттеу әдісі;
  • тыйым салу әдісі;
  • ерік беру әдісі;
  • мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады). Конституциялық құқық — Қазақстан Республикасы құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінін нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жал-пы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды. 
Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі. 
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласында анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудін, нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет. 
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды. Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтын реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3) рұқсат ету әдісі; 4) тану әдісі қолданылады. Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында: "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті" деп жазылған. Қазақстан Республикасы Конституциясынын, 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір мысалы болып табылады. Яғни: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Аталған қағида мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты. Тиісінше, конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де пайдалануға міндеттейді.
 

Конституциялық  құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері

Қоғамдық құбылыс  ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.

  • Конституция;
  • конституциялық заңдар;
  • әдеттегі заңдар (жай заңдар);
  • президенттің нормативті жарлықтары;
  • үкімет қаулылары;
  • қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.

Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.

  • Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
  • Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
  • Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
  • Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.

Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларыүкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.[1]

Конституциямен  бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құкық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құкық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөл ітөмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялык құкық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабыддайтын органдарды, актілердің зандық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конституциялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.

Конституциялық  құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституциялық құқық ғылым  болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конституциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. Конституциялық құқық ғылымы - конституциялык құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын - ерікті қоғамдық катынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Конституциялық құқықтың ғылыми жүйесіне:

1) конституциялық  құқықтың құқық саласы екендігі  жайындағы білімдер;

2) Қазақстан  Республикасы Конституциясының  мәні, мазмұны, құрылымы жайындағы  білімдер;              

3) Қазақстан  Республикасы конституциялық кұрылысының  негіздері және олардың қоғамдағы  үстем қатынастармен қарым-қатынасы жайлы білімдер;

4) Қазақстан  Республикасы азаматының, адамның  кұқықтары мен бостандықтары  туралы білімдер;

5) Қазақстан  Республикасының үлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы білімдер; 

6) Қазақстан  Республикасының билік органдары  жүйесі, жергілікті мемлекеттік  басқару мен өзін-өзі басқару туралы білімдер жатады.

Көрсетілген объектілер ғылыми зерттеудің пәні болып табылып ғылыми әдістемелілік қағидаларға сүйеніп, тарихи, қисынды салыстырмалы-құқықтық, жүйелілік, статистикалық, нақты-әлеуметтік сияқты әдістердің көмегімен оқытылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                Жоспар: 

1. Конституциялық құқық

2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бухгалтерлік  есеп

Бухгалтерлік  есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құн шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. 1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықар. стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықар. стандартқа сай, Бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар, т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады. Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.

Бухгалтерлік  есептің әдіс-тәсілдері және оған түсінік. 
Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде бұлжытпай анықтайтын болу керек. 
Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға, ғылыми негізін анықтауға бейімді болуы керек. Сондықтан әрбір пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік ерекше мағына – мазмұны болуға тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау. 
Бухгалтерлдік есеп кәсіпорында күнделікті болатын шаруашылық процестерді түгелдей есепке алады. Ал ол шаруашылық процеске: сол кәсіпорындардағы барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында шаруашылық процесі – «шаруашылық операциясы» деп атау қалыптасқан. Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін есепке алу үшін нақты бір әдіс керек. Ол бухгалтерлік құжат. 
Құжат дегеніміз – ол шаруашылық операцияны бірінші тіркеуге алатын бухгалтерлік әдіс. Тек құжат арқылы ғана әрбір шаруашылық операция есепке алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта шаруашылық операцияның мазмұны толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың негізі ретінде саланады. Құжат заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген қателері, товардың түгелдігін анықтағанда жетпей қалғаны, тағы басқалары, сол жұмыс жүргізілген кезде тиісті құжаттарға тіркеледі. 
Яғни, бухгалтерлік құжат шаруашылық құбылыстың жасбаша куалігі және оның заңдылық құқысы болады. Сондықтанда құжаттауда бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады. 
Бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшклігі ол тек қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде, сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады. 
Құжат көрсеткіштерін реквизит – деп атайды. Шаруашылық операциялардың мазмұнына және атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке жататындар: құжаттың аты, жазылған күні және жылы, шаруашылық операция мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с. 
Қорыта келгенде, құжат арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің заңдылығы дәлелденеді. 
Келесі бухгалтерлік есеп әдісінің бір түрі кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын шығару. Шаруашылық процесі мейлінше жан-жақты, әр-түрлі. Олар құжатта бірнеше түрлі көрсеткіштермен, өлшемдермен жазылады. Ал бухгалтерлік есептің ерекшелігісол, ол барлық көрсеткіштерді, бір өлшеммен ақша өлшемінде көрсетеді. Сол үшін еңбек көрсеткіштерін, заттай өлшемдегі көрсеткіштерді ақша өлшеміне аударып, кәсіпорын мүлкінің нақты ақшалай құнын анықтайды. 
Кәсіпорын жұмысын басқару үшін, сол шаруашылықтағы процестердің барысын бақылап, ондағы шығынның нақты көлемін мүлтіксіз дәл анықтап біліп отыру керек. Бізге белгілі, өндіріс процесіне үш түрлі элемент қатысады, ол адам еңбегі, шикізаттар мен материалдар және негізгі қордың амортизациясы. Әрине, өндіріс процесінде көптеген қосалқы шығындар болады. Бухгалтерлік есеп сол шығындарды жеке-жеке есептеп қана қоймай, олардың қортынды есебін шығарады да, онымен қатар өндіріс өнімінің құнын немесе өзіндік бағасын анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілді калькуляция деп атайды. 
Халык шаруашылығы есеп-қисабының мақсаты туралы айтылғанда, оның ерекше орындайтын міндетінің бірікәсіпорын мүлкінің түгелдігін қамтамасыз ету дегенбіз. Бұл үшін бухгалтерлік есепте инвентаризация немесе түгелдеу тәсілі қолданылады. 
Кәсіпорын шаруашылығында әрбір өндіріс қоры, еңбек қоры, қаржыландыру қоры түгелдей қатысады да, ал негізінде әрбір шаруашылық процесі нәтижесінде олардың әрқайсында өзгеріс болады. Осы орайда олар өзара өте тығыз байланысты. Онымен қоса кәсіпорын шаруашылығына басшылық ету жұмысын ұйымдастыру үшін, кәсіпорын мүлкінің қай уақытта қаншасы бар екенін, қанша кіріс немесе қанша шығыс болғанын білу өте қажет. Осындай құбылысты түгелдей бір жүйедегі есеп-қисапқа алу үшін, кәсіпорын мүлкін жеке-жеке, түр-түрімен бөлек еесптеу керек. 
Қорыта келгенде, кәсіпорын мүлкінің және қаржыландыру қорларының шаруашылық құбылысындағы өзгерісін, тағы басқа шаруашылық операцияларды топтап, бір жүйеге келтіріп, есептеу үшін қолданылатын тәсілді счеттар жүйесі немесе бухгартерлік счет дейді. 
Шаруашылық процестерді счеттар жүйесіне тіркеу үшін қолданылатын бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілді « екі жақты жазу» дейді. Бұл әдістің негізі сол, шаруашылық процестерді өзара байланысты екі бухгалтерлік счетқа тіркеу арқылы есепке алады. 
Бухгалтерлік есептегі әдіс-тәсілдің бірі-бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік баланс дегеніміз, кәсіпорын мүлкін және оның қаржыландыру қорын өзара қарама-қарсы байланыстыра отырып, бір жүйеге келтіріп, қорытындылап, нақты бір күнге қандай қалыпта екенін, қандай мөлшерде екенін экономикалық топтау нұсқауында көрсететін әдістәсіл. 
Отчет. Бұл тәсіл кәсіпорын шаруашылығын өткен бір мерзіміндегі қорытындасын  
( нәтижесін ) көрсететін әдістәсіл. Негізінде кәсіпорын жұмысының қорытындысы әрбір ай сайын шығарылады. Мысалы, айлық пайда жоспарының орындалуы, тағы басқа көрсеткіштер туралы отчет жасалады.

Информация о работе Конституциялық құқық