Конституциялық құқық

Автор: v****************@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

Құқық жүйесінің басты саласы — конституциялық құқық болып табылады (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б. Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқық.docx

— 67.24 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік  есеп және қаржылық талдау

Бухгалтерлік  қызметтер қазіргі таңда көрсетіліп отырған қызметтер түрі тұрғысынан қарайтын болсақ ең тиімді ұсыныс болып табылады. Біз Шымкент қаласы аймағында сіздің ұйымыңыздың бухгалтерлік есебін жүргізу және бухгалтерлік сүйемелдеу бойынша қызметтерді ұсынамыз. Бухгалтерлік қызметтерді бөгде ұйымдардың көрсетуінің артықшылығы мынады - әркім өз ісімен кәсіби тұрғыда айналысады.

Біз бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингін ұсынамыз: сіз кәсіпорыныңызға бухгалтерлік қызмет көрсету қызметін біздің компанияға тапсырасыз. Табысты бизнесмендер түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін бірнеше заңды тұлғаларды құрған кезде немесе дара кәсіпкер үшін бухгалтерлік қызметтердің аутсорсингі Шымкентте ерекше өзекті мәселе болып табылады және олардың бухгалтерлік қызметтерін ұйымдастыру қажет болады, ал, бұл қосымша, тіпті кейді болмайтын шығындарға алып барады.

Бізбен сіздің ұйымыңызға бухгалтерлік қызмет көрсету  туралы шарт жасасып, сіз бас бухгалтердің жалақысына, оның жұмыс орнын ұйымдастыруға, бағдарламалық қамсыздандыруға  және оған қызмет көрсетуге кететін қаражатты үнемдеп, есептілік туралы абыржымайтын боласыз.

Бухгалтерлік  қызмет көрсете отырып, біз өз ісімізге жауап береміз, сапасына және коммерциялық ақпараттың құпиялылығына, есепті толассыз жүргізу, салық салуды кемелдендіруге, біздің жұмысымыздың нәтижелерінің  сыртқы (мемлекеттік органдар, инвесторлар, кредиторлар және т.с.с.) және ішкі пайдаланушылар алдында сенімді және сақ болатындығына кепілдік береміз.

Кәсіби бухгалтерлік қызметтер сізге басқарушылық шешім  қабылдау үшін өз ұйымыңыздың қаржылық ахуалы туралы шұғыл ақпарат алуға, қажет болған жағдайда – бухгалтерлік және салық есептері сұрақтары бойынша білікті көмек алуға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік қызмет көрсету барысында біздің мамандарымыз сіздің бизнесіңізді дамыту үшін барлық жағдайларды жасауға тырысады.

 

 

1. Бухгалтерлік есепті  ұйымдастыру

 

 Бухгалтерияның  табысты және тұрақты жұмыс істеуінің  шарты - сауатты ұйымдастырылған  бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге  кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен  бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.

Бухгалтерлік  есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:

Бухгалтерлік  есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты

Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі

Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде  көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы

Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы

Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы Ереже

Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы

Типтік шаруашылық шарттар альбомы

Бухгалтерлік  қызмет туралы ереже

Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары

Материалдық жауапкершілік  туралы шарттар.

Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже

Өзге де құжаттар

 

 

2. Бухгалтерлік есепті  жүргізу

Бухгалтерлік  есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:

есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын

есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін

есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін

Бухгалтерлік  сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету  бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:

бастапқы есептік  және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру

жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну

ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау

барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу

банк және касса  амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу

типтік шарттарды  әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу

есеп беретін  тұлғалармен есептерді жүргізу  және өңдеу

жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді  жүргізу және өңдеу

тіркелген активтерді есептеу

жалақыларды есептеу

ішкі қаржы  есептерін жасау

барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау.

бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау

 

 

3. Бухгалтерлік есепті  қайта қалпына  келтіру

оның мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. байланысты жоғалуы мүмкін.

Бухгалтерлік  есепті қайта қалпына келтіру  процедурасы қолда бар бастапқы құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық  регистрларын, және сонымен қатар  өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын (сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі. 

4. Кәсіпорын  қызметін қаржылық талдау мыналардан  құралады:

өнім шығару ауқымы мен өндіріске кеткен шығындарды талдау

өнімді сатудан  түскен кірісті, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, тауар қорларын, ұзақ мерзімді активтер мен қаржылық салымдарды талдау шығын құрамын және кәсіпорын ерекшелігін ескере отырып заңды түрде салықтар мен бюджеттен тыс қорларға қаржы аударымдарын азайту мүмкіндіктерін егжей–тегжейлі талдау

қаржы ахуалын  жалпы бағалау, қаржы тұрақтылығын талдау, баланс өтімділігін талдау, қаржы көрсеткіштерін талдау, қаржы–экономикалық ахуалын болжау.

Бухгалтерлік  есеп формасы.

Алайда Бас-Журнал кітабының да кейбір кемшіліктері бар. Есеп шоттар саны көбейген кезде ол тым үлкейіп, жұмысқа қолайсыз бола бастайды. Ал қосымша беттер қосу операцияларындағы жазуды қиындатады, әрі сомаларды тиісті есеп шоттарға қондыру кезінде қате кетеді. Сондықтан Бас–Журнал кітабына жазылатын есеп шоттар саны 20–25–тен аспау керек. 
Есеп жүргізудің біріңғай журналдық–ордерлік формасы ҚР субъкетілерінің қаржы–шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік есеп есепошттарының бас жоспары негізінде жасалған және ол републиканың барлық салаларында (өнеркәсіп, құрылыста, жабдықтауда, өткізуде және т.б.) қолданылуға арналған. 
Есептің бір формасы бастапқы құжаттар деректерін жинақтау принципін құралдар (активтер) мен шаруашылық операцияларының синтетикалық және аналитикалық есебін бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша қамтамасыз ететіндей шамада пайдалануға негізделген.  
Бастапқы (алғашқы) құжаттар деріктерін жинақтап, жүйелеу есеп регистрлерінде жүргізіледі, олар есепке алынуға жататын барлық құралдар мен барлық шаруашылық операцияларын есепті ай ішінде пайдаланылуы бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мемориальдық ордер жасау қажеттілігін тоқтатады. 
Шаруашылық операцияларын хронологиялық және жүйесін жазу бірыңғай жұмыс прроцесі ретінде бірдей уақытта қатар жүргізіледі, шаруашылық айналыстарын хронологиялқ тіркеу журналы жүргзілмейді.   
Жинақтаушы регистрге жазу кәсіпорынның, ұйымның (убъектінің) қаржы–шауашылық қызметіне басшылық пен бақылау жасау үшін және сондай–ақ берілетін есепті құру үшін қажетті көрсеткіштер шамасында жүргізіледі. 
Аналитикалық және синтетикалық есеп, тәртіп бойынша, жазу бірыңғай жүйесімен бірге жүзеге асыралады. Аналитикалық есеп карточкалары ерекшеліктерінде, есептің кейбір түрлері бойынша, яғни солар бойынша елеулі дербес есепшоттар көбірек болатын түрлері бойынша ашылуы мүмкін. Негізгі құралдар объектілерін есепке алу кітаптары немесе инвенторлық карточкалар, калькуляцияланатын объектілер бойынша өндіріс шығындарын есепке алу карточкалары немесе ведомостері сақталады. Осыған байланысты айналмалы ведомостары аналитикалық есеп карточкалыр жүргізілетін есептер бойынша құралады. Материалды есепке алынатын сыртқы сальдо ведомостары, дайын бұйымдарды есепке алу жөніндегі сорттық (сальдолық немесе айналмалы) ведомостар сақталады. 
Есеп шаруашылығының бірыңғай журнал–ордер формасында, әдетте, бухгалтерлік регистрлердің екі түрі қолданылалды: журнал ордерлер және қосалқы ведомостар. 
Кейбір есептік деректерді қорытудың немесе топтастырудың оңтайлы техникасын қамтамасыз ету мақсатында аталған регистрлерден басқа, арнайы жасалған таблица қолданылуы ықтимал. 
Бухгалтерлік есептің негізгі регистрлері журнал–ордерлер болып табылады. Қосалқы ведомостар әдетте қажетті аналитикалық көрсеткіштермен журнал–ордерлерді тікелей қамтамасыз ету қиындаған жағдайда қолданылады. Мұндай жағдайда бастапқы құжаттар деректерін топтастыру алдын–ала ведомостарда жүзеге асырылады, жиынтық осыдан журнал–ордерге көрсетіледі. 
Журналрдар мен қосалқы ведомостар құрудың негізгі шаруашылық операцияларын синетикалық есеп шоттар бойынша тіркеудің кредитткі белгісі алынған. Синтетикалық есеп деріктері бастапқы құжаттар деректері бойынша тек тиісті есеп шоттардың кредиті бойынша дебетті есеп шоттары бар қатынас қағаздарға тіркеледі. 
Сирек жағдайда касса операциялары, есеп айырысу және басқа да есеп шоттар бойынша операциялар аталған операцияларды есепке алу үшін кредит бойынша да, сондай–ақ дебет бойынша да есеп шоттарға тіркеледі. Бұл бақылау үшін және кассалық, банктік құжаттарды әртүрлі журнал–ордерлерге жазып, бытыратып жібермеу үшін қажет. 
Қайталауға жол бермеу үшін журнал–ордерлерде көрсетілетін кредиттік айналымдар мен есеп шот дебеті 451 «Есеп айырысу есепшотындағы қолма–қол ақша» қатынас қағазындағы жазу әдетте тиісті ведомостар деректері бойынша ай ішіндегі жиынтығымен жүргізіледі. 
Журнлар ордерлердің жиынтық деректері айдың аяғында Бас кітапқа көшіріледі. 
Еселеп (қайталап) жазу принципі, яғни шаруашылық операцияларын бірдей уақытта екі есеп шотта көрсету есепті журнал– ордер формасы бойынша жүргізген кезде де сақталады. 
Журнал–ордер формасын қолдануға орай көптеген жағдайларда дараланған аналитикалық есепке деген қажеттілік болмай қалады. Алайда, егер журнал ордерлер мен қосалқы ведомостер қажетті аналитикалық деректер алуға қамтамасыз ете алмаса, онда олардың есебі ерекше регистрлерде жүргізіледі. 
Әрбір журнал– ордердің жиынтығы Бас кітапқа көшіріледі.  
Ағымдағы бухгалтерлік есеп деректері синтетикалық есептік регистр болып табылатын Бас кітапта ай сайын қорытындыланады. Ол есепшоттар бойынша жазулардың дұрыстығын тексеруге және баланс жазуға арналған. Онда әрбір есеп шот бойынша (немесе субъект бойынша) айдың басындағы сальдо, ай ішіндегі айналыс және айдын аяғындағы сальдо бойынша айналыс бір сомамен жазылады да, ал дебет бойынша айналыс қатынас қағазды есепшоттар бойынша толық көрсетіледі. Бұл қатынас қағазы есепшоттар бойынша кредитті айналыстың журнал–ордерлерде, ал дебеттік Бас кітапта анықталатынына байланысты. 
Бас кітапқа жазуды тиісті адамдар мұқият жүргізіп, қол қойған журнал–ордерлер негізінде жргізіледі. Осы мақсатта барлық журнал– ордерлер әртүрлі бөлімдерден баланс пен есеп беру бөліміне беріледі, содан Бас кітап құралада. 
Бас кітапты баланс құралуға тиісті тұтас ұйымдар бойынша, сондай–ақ ірі бөлімшелер бойынша жүргізген жөн. 
Бас кітап жылдық есептік регистр болып табылады. Әрбір айға бір жол бөлінеді.   
Әуел баста Бас кітаптан өткен жылдың сальдосы 1 қаңтарға көшіріледі. Одан соң есеп шоттардың дебет пен кредит бойынша айналыстары ай сайын жазылып отырылады және әрбір айдың бірінші күніне сальдо шығарылады. 
Журнал–ордерлердің бір уақытта қатарлас Бас кітапта анықталған ведомость, дебеттік айналым жүргізідетін есеп шоттар тиісті ведомостар деректері мен салыстырылады. 
Жоғарыда көрсетілген форма бойынша Бас кітапты жүргізу кезіндегі қорытындылаудың арқасында синтетикалық есеп есепшот бойынша айналмалы ведомость жасаудың қажеті болмай қалады. 
Бас кітаптың, журнал–ордерлердің, жинақтаушы және топтастырушы ведомостардың деректері бухгалтерлік баланс құру үшін және қаржылық есеп барудің басқа да формалары үшін пайдаланылады.

Бухгалтерік баланс

Бухгалтерік баланс шаруашылық субъектісінің жылдық қаржылық есебінің негізгі формасы болып табылады. 
Баланс жасау тәртібін «бухгалтерік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі ашылымдардың» №2 бухгалтерлік есеп стандарты, бухгалтерік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №3 қаулысы және ҚР  Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қаржылық есеп беру жөніндегі методологиялық нұсқауы белгіленген.  
Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық: 
Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады. 
Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді. 
Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы. 
Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал. 
Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді. 
Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына  қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады. 
Бастапқы баланс субъектісінің шаруашылық қызметінің басталуын білдіреді. Мүліктер тізімін инвентатрь деп атайды және ол тізімге алынатын инвентатрь түрінде тіркеледі, оның варианты төменде келтірілген.  
Субъектілерге тиісті шаруашылық ресурстарының жалпы ауқымы 240000 теңге (165000+75000), ал ресурстар–40000 таңге, демек субъектінің құрылу сәтіндегі жеке меншік капиталы 200000 теңге (240000–40000). Бұлардың жаңадан құрылған субъектісінің жарғылық капиталына баланстық көрсеткішке айналады. Ол бастапқы баланс активті мен пассивті ауқымының теңесуіне мүмкіндік береді.
 
 
 
 
 

Информация о работе Конституциялық құқық