Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

Есептесу счетына өолма –  қол ақша салынған кезде, қолма –  қол ақша салу хабарламасы жазылады. Банк ақша саушыға ақшаны алғанын растайтын түбіртер береді.

Чек ұйымның банкке онда көрсетілген  соманы қолма – қол ақша түрінде  есептесу счетынан алып беру туралы бұйрығы  болып саналады.

ҚР «Төлемдер мен ақша аудару туралы» заңында, Қазақстан Республикасының  аймағында, қолма –қол ақшасыз есептесудің  тәртібі мен формасы, төлемқұжаттарын  пайдаланудың Ережелері бекітілген. Қолма – қол ақшасыз есеп айырысқан  кезде, төлем тапсырыстары, аккредитивтер, чектер, инкассалық тапсырмалар сияқты құжаттар пайдаланылады.

Төлем тапсырысы – банктегі счет иесінің тиісті соманы өз счетынан, алушының счетына аудару жөніндегі  жарлығы болып табылады. Төлем  тапсырысының түрі барлық аударымдар үшін бірдей болады.

 

Төмендегі шаруашылық операцияларын  бухгалтерлік есеп бойынша көрсету  үшін шоттар корреспонденциясын құрдым.

 

Рет №№

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомма (теңге)

дебет

кредит

1

Өзге ұйымдарға берілген зайымдардың  қайтарылуы есебінен кассаға ақша түсті

250 00

1010

1110

2

Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алнған пайда анықталды

4500

1010

6250

3

Кассадан қызметкерге жалақы есебінен аванс берілді

50 000

3350

1010

4

Сатып алушыдан сатылған өнім үшін ағымдағы банктік шотқа ақша қаражаты келіп  түсті

1 240 000

1210

1030

5

Сатудан (тауарларды, өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді және т.б.) түскен түсімнің есебінен банктегі шотты толықтыруға кассадан ақша келіп түсті

1 000 000

1 000 000

1020

1030

1010

1020

6

Кассадағы валюталық қаржы қалдығын қайта бағалау кезінде бағамдық айырманың есебінен алынған залал  анықталды

2 700

7430

1010

7

Операциялық жалдау бойынша банктегі ағымдағы шоттан жалдау ақысы төленді

450 000

7450

1030

8

Кассадан қызметкерлерге подотчетқа ақша берілді

160 000

1250

1010

9

Подотчеттық соманың пайдаланылмаған  қалдығы кассаға қайтарылды

2 750

1010

1250

10

Кассаға құрылтайшылан жарғылық капиталдың салымы есебінен ұлттық валюта түрінде  ақша келіп түсті

500 000

1010

1280

11

Кассадан қызметкерлерге қысқа мерзімді зайым пайызсыз берілді

1 500 000

1250

1010


 

(кестедегі мәліметтер өндірістік  тәжірибе өтілген АҚ – нан  алынған)

 

 Қазақстан Республикасының орналасқан ұйымдар валюталық қаржыларын, валюталық счеттарда сақтайды. Осыған байланысты, шетелдік валютамен операциялар үшін, валюталық счеттар ашу керек. Ұйымдар ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар кез келген банкке, сонымен қатар шетелдерде валюталық счет аша алады. Шет елдердегі банктерде ашылған счеттар бойынша операция жасау үшін, ҚР Үкіметінің және Ұлттық банкісінің нормативтік – құқықтық актілерімен анықталған талаптарды сақтауға міндетті.

Валюталық операцияларды атқаратын  ұйымдардың іс – әрекеттері, ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңымен, ҚР Үкіметі  мен  Ұлттық банкісінің Қаулыларымен реттеледі.

Ұйымдардың шетелдік валютамен  жасаған операцияларын жүргізу  тәсілі, ҚЕҰС 2 «Шетелдік валютамен операция жасау» 30 бөлімінде және ХҚЕС (IAS) 21 «Валюталық курс өзгерісінің әсері» деп аталатын бөлімдерде қаралады.

Валюталық операацияларды атқару кезінде, аталған стандарттарды және төмеде көрсетілген түсініктерді пайдаланады:

Қолданыстағы валюта – қаржылық есеп берілетін валюта;

Шетелдік валюта – кәсіпорын есеп беретін функционалдық валютадан басқа валюта;

Валюталық курс – қаржы нарығында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне аудару үшін қолданылатын оларның ара қатынасы;

Курс айырмасы – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп барысында, шетелдік валютаның курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;

Соңғы курс немесе жабылу кезіндегі курс – белгілі есепті кезеңдегі қолданыстағы валютаның, шетелдік валютаға шаққандағы курсы.

Мысалы, келіп түскен тауар үшін, валюталық счеттан алдын ала 5 000 АҚШ доллары төленген. Ақшаның банкілік счетка келіп түскен күнгі доллар бағамы 147,77 теңге.

Дт – 1610,2910  738 850 теңге (5 000*147,77).

Кт – 1030

Мекеменің банкідегі валюталық  счетына қаржының келіп түскен немесе счеттан аударылған күні, валюталық счет бойынша банкілік операцияның атқарылған мерзімі болып есептеледі. 

Шетелдік бөлімшелердегі инвестицияларды  қайта бағалау кезіндегі курстық  айырмашылық, инвестицияларды еншілес, бағынышты немесе біріккен түрде  бақыланатын мекемелерге салудың  нәтижесінде пайда болады. Валюталық  операцияларды жүргізу кезімен  есептесу кезінде пайда болып, тиісінше табысқа немесе шығанға қосылатын  курстық айырмадан, шетелдік бөлімшелерге салынатын инвестициялардың өзіндік  ерекшеліктері бар. Мысалы, мекеме өзінің шет елдегі бөлімшесіне шетелдік валютамен ұзақ мерзімдік несие  бере алады, сол уақытта пайда  болған курстық айырмашылық, мекеменің  қаржылық инвестициясы болып табылады және оның капиталын ұлғайту үшін қолданылады.

Шетелдік қызметтің  мысалы:

«Galanz Bottlers» мекемесі «Омега»  кәсіпорнын құрды. 1 қаңтардағы еншілес мекеменің таза активтерінің бағасы 5 000 000 АҚШ долларын құрады. Еншілес кәсіпорынның акционерлік капиталы 3 000 000 АҚШ доллары, бөлінге ішкі топтық несие 1 000 000 АҚШ доллары.тнесие еншілес мекемеге бөлінген таза инвестицияның бір бөлігі болып саналады. Оған қатысты курстық айырмашылық, капиталдың өзгерісі ретінде қарастырылады. Еншілес кәсіпорынды құрған кездегі валюта бағамы 145 теңге, есеп беру кезінде 147,77 теңге. Зайым сомасы төмендегідей өзгеріске ұшырады.

(147,77теңге – 145теңге)*1 000 000=2 770 000 теңге

Бағам өзгерісінен пайда  болған курс айырмашылығы 2 770 000 теңге, «Galanz Bottlers» мекемесінің капиталына қасылады.

 

 

 

 

 

    1. Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар

Ағымдағы активтердің анықтамасы мен олардың жіктелуі. Кассадағы  қолма-қол ақшаның есебі. Кассалық кіріс және ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның енгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары және олардың сипаттамасы. Банктердегі есеп айырысу шоты мен арнайы шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквивалентерінің есебі. дқшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесі. Есеп берілетін  сомалардың есебі (кіші касса). Этика мәселесі.

Дебиторлық борыштын танылуы мен  бағалануы. Күдікті дебиторлық борыштардың  есебі. Дебиторлық борыштарды инкассациялау (жинау). Алынуға тиісті вексельдердің  есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың  есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Алынуға тиісті қосылған құн  салығы сомасы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Тауарлық-материалдық қорлар жайлы  түсінік. Тауарлық-материалдық қорлардың  жіктелуі. Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік  құны бойынша, ФИФО және арнайы үқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Тауарлық-материалдық  қорлардың кіріс етілуі мен шығыс  етілуінің құжаттық рәсімделуі. Кәсіпорындағы  тауарлық-материалдық қорлардың  қоймадағы және бухгалтериядағы  есебі. Қорларды есептеудің үзіліссіз  және кезендік жүйелерін қолдану. Төменгі  құны бойын-ша және өзіндік құны мен  нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық  қорлардың келіп түсуі, қозғалысы  және босатылынуы.

¥зақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Негізгі қүралдардың  анықтамасы мен сипаттамасы. Негізгі  құралдардың жіктелінуі. Инвентарлық  объект. Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі қүралдардың бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Анықтау мен өзгерту тәртібі. Айналыстан тыс құралдарды сатып  алу есебі мен оның бағалануы. Жердің, үйлер мен ғимараттардың, жабдықтардың құндарындағы шығьщдар, элементтёрі. Негізгі құралдарды қабылдау-өткізу актісі, үлгілі түрі НҚ-1 (ОС-1). Оны құрастыру мен өңдеудің тәртібі. Негізгі қүралдарды есептейтін инвентарлық карточкалар, олардың атқаратын қызметі. Негізгі қүралдардың амортизациясы (тозуы).  Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Амортизаци» аударымдар мен оларды есептеудің әдістері. Құнын біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі. Құнын атқарылған жүмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару (өндірістік әдіс).  Амортизацияны жедел есептеу әдісі: қалдық қүлының кемуі әдісі, сандардың жиынтығы бойынша қүлын есептен шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). Негізгі құралдардың шығыс етілуі мен олардың түрлері. Негізгі құралдардың жойылуы мен басқадай шығыс етілуі Негізгі құралдарды есептен шығару актісі (үлгілі түрі НҚ-3; НҚ-4 (ОС-3. ОС-4), толтыру, бекіту мен бухгалтерлік рәсімдеу тэртібі.

 

    1. Қорларды есепке алу

Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс  циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек  заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.

Халықаралық қаржылық есесптің «Қорлар» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:

• Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;

• Аяқталмаған өндіріс;

• Мекеменің іс әрекеті барысында  сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

ХҚЕС 2 ( халықаралық қаржылық есеп стандарттары) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.

Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге  кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға  жұмсалған шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық  қорлар» есебі халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (ХҚЕС 2) сәйекс алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар, көлікті дайындау шығындары мен қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.

ХҚЕС 2 сәйкес қорларды өткізудің таза құны әдеттегі іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.

Материалдар алу сәтінде нақты  құны (синтетикалық есепте) немесе есептік  баға (аналитикалық есепте) бойынша  көрсетіледі.

Материалдарды алудың нақты құны ұйымның  осы қорларды дайындау мен жеткізу  шығындарынан және сатып алу бағасынан  құралады.

Есептік бағалар (алудың жоспарлы өзіндік  құны орташа сатып алу бағасымен  және т.б.) бойынша материалдарды  есептеуде есептік баға ретінде  қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы  шоттаға есептеу арқылы айқындалады.

Баланста материалдар есебі  нақты құны бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте – тұрақты  есептік бағалармен (келісім-шарттық  немесе жоспарлы есептік) есептеледі.

Егер материалдарды есептеу  келісім-шарттық бағалар бойынша  ұйымдастырылса, онда олардың нақты  құны осы бағалар бойынша материалдар  сомасына қосу көлік-дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. ХҚЕС-на сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, «Galanz Bottlers» мекемесінің қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алу мен жеткізуге байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және іссапар шығындары кіреді.

Егер материалдар есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік  құны осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша  құнынан алу нақты өзіндік  құнның ауытқулары есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік бағаларды КДШ  жоспарлы мөлшердегі есепке алынған  келісім-шарттық бағалар негізінде  «Galanz Bottlers» мекемесі өзі жасайды.

Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік  бағалар бойынша олардың құнынан  материалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы-есептік  бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік  бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар  өндірістік қор түрлері бойынша  есептеледі және ай сайын материалдарды  пайдалану есеп шотына, жұмсалған  және босатылған материалдардың (КДШ  мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік  құны есебі объектілеріне есептен  шығарылады.

Материалдар есебіне, басқа шығындарға қойылатын талаптар ХҚЕС тұжырымдалған және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру тұрғысынан шешіледі.

ХҚЕС 2 сәйкес «Тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау шығындары кіреді».

Өндіріске босатылған материалдар  құнын анықтаған кезде ХҚЕС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:

 Орташа өлшемді құн бойынша  – есепті кезеңде қозғалысы  болған әрбір түрдің, есепті кезең  соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да  бірлік орташа құнын есептеулер  мен анықтауларды қолдануға негізделген.

Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық  қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын есептеу.

Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында  жүргізеді.

 

 

 

 

 

Карточка номенклатуралық нөмір  бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған  күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік  адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.

Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді  және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың  арнайы жолына қол қояды.

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы