Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:10, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_386671762.docx

— 153.37 Кб (Скачать)

ЕВРАЗИЯ НАРЫҚ ИНСТИТУТЫ 

 

«НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диплом алдындағы өндірістік практика бойынша

Е С Е П

 

 

 

 

050508 «Бухгалтерлік  есеп және аудит» мамандығының 3 курс студенті

Кумекбаева  Айжан Нурмуратовна орындаған.

 

 

Практика орны АҚ «Galanz Bottlers»

 

 

Практика  2012 ж. 23 қаңтарынан бастап 31 наурызға дейін өтті.

 

 

 

Есепті өткізген күн «5 сәуір» 2012ж.

 

 

 

Практика  жетекшісі аға оқытушы Берлибаева Н.С.

 

 

 

 

Есеп «____»______________ 20____ж. қорғалған ______ (жетекшінің қолы)

 

 

 

ЖОСПАР

     КІРІСПЕ..........................................................................................................3

1   НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
    2. Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
  1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
    1. Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
    2. Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
    3. Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
    4. Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
    5. Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
    6. Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
    7. Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
    8. Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
    9. Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
    10. Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
    11. Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49

3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52

4   ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54

5   ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59

6   САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60   

7   АУДИТ........................................................................................................... 61

7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63

7.2 Ұзақ мерзімді  активтердің аудиті............................................................... 64

ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

      Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк  стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия)  Қазақстан Республикасы Президентiнiң  "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы  саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. 
      Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. 
      Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы  бiрқатар проблемаларға тап болып  отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия  аясында алға қойылған мақсаттар  мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн  Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық  қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын  дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн  анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады. 
      Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру  экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға  негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк  дамудың және қоғам құрылысының  сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

 Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген. 
           Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы  кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп  тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды.

Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк  даму институттары осындай ұсыныстарды  жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста  ықтимал iске асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды.

Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының  заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға  қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк  сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде  бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.

Әдетте, мемлекет нақты компанияларға  тiкелей қаржылық қолдау көрсете  алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк  қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк  әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн  және болуы тиiс.

Диплом алдындағы өндірістік практика «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғамда өтіліді.

Алкогольсіз сусындар өндіретін кәсіпорын  «Galanz Bottlers» Қазақстан және Ортлық Азия нарығында жетекшісі болуда. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.

Өндірістік тәжірибе өту барысында  «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғамның бухгалтерлік есебінің қалай жүргізілетінін білуім қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Ұйымның жалпы сипаттамасы

 

Жинауға болмайтын жалғыз нәрсе ол – уақыт, оны сақтау және ұлғайту мүмкін емес. Оны тек қана ақшаға немесе өнер – білімге айырбастауға болады. Уақыт – бұл ең маңыздысы.

(Ямагучи Тадао)

«Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам өз тарихын 1998 жылдан бастайды, оның ең алғаш нарыққа босатқан өнімі бөтелкеге құйылған ауыз су болды. Қазіргі кезде серіктес Қазақстан және Орталық Азия нарығындағы алкогольсіз сусындар өндірумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын өткізілетін маркетингтік зерттеулеріне сәйкес, серіктестік 2005 жылдан бастап пайдалы және танымал сусындар өндірушілердің арасында абсолютті жетекшісі болып табылған. Тиімді стратигияның, инновацияардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 14 жылдың ішінде өндірістің жаңа түрлерін, суық шай және бір қатар салқындатылған сусындарын негіздеді.

Бүгіні таңда «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам баршаға танымал бренд «Махі чай», сонымен қатар Torpeda энергетикалық сусынының, Sevens ауыз суы мен Funky лимонадының өндірушісі болып табылады.

Серіктестік Қазақстан нарығына Dellos және Enerzen сияқты саудалық маркаларды ұсынады, сонымен қатар сусындар нарығының даму тенденцияларына жауап бере отырып, тұтынушылардың кез келген қалауын қанағаттандырады.

Тиімді менеджменттің арқасында  «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам бірнеше жыл бойы  республикадағы алкогольсіз сусындар нарығының жетекшісі болуда және өндірістік саладағы динамикалық дамитын серіктестіктің мәртебесіне ие. Қазақстандық өндірушінің көптеген жоспарларының арасына кәсіпкерліктің ілгерлемелі және белсенді дамуы, өндіріс индустриясындағы жаңа жобаларын іске асыру, сонымен қатар ішкі және таяудағы шетел нарығында позицияларды ары қарай күшейту кіреді.

Кәсіпорын 2003 жылы Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында «Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім» - деген медальға ие болды.

2004 жылы серіктестік Қазақстанда  ең алғаш «Махі чай» брендімен аталған суық шай өндіретін жабдықты іске қосты. Суық шай өзінің пайдалы қасиеттері мен сирек кездесетін дәмінің арқасында тұтынушылардың көңілінен шықты.

2005 жылы «МАХІ ЧАЙ» саудалық  марка суық шай санаттарының  арасында талассыз жетекшісі  болып табылды.

Үш жыл қартрынан (2005-2007жж) «Махі чай» сусыны үнемі Азықтық өнеркәсіптің және индустрияның Халықаралық аптасында «Қазақстан нарығындағы ең жақсы өнім» - деген мәртебелі сыйлыққа ие болып отырды.

Серіктестіктің басқармалары кәсіпкерлікті  кеңейту туралы стратегиялық шешим  қабылдады және 2007 жылы салқындатылған сусын шығаратын екінші зауытты  іске қосты. Бұл зауыт тек «Махі чай» брендімен аталатын суық шай ғана өндірмей, сонымен қатар  Sevens деп аталатын ауыз су өндіре бастады. . Осы жылы зауытта реконструкция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі кездегі бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды іске қосады

2009 жылы өндіріс технологтары  «Махі чай» деп аталатын суық шайдың жаңа дәмдерін ойластыра бастады. Осы жылда серіктестік Қазақстан Республикасындағы ең ірі азық – түлік форумы «Азықтық өнеркәсіптің Халықаралық аптасында» (FoodWeek Kazakzstan) «Белсенді қатысушы» ретінде алтын медальға ие болды.

2010 жылы екі жаңа саудалық  марка – Torpeda энергетикалық сусыны мен Funkу лимонадын іске қосты. Нарыққа перспективалық брендтер шығара отырып, «Galanz Bottlers» өз алдына озып келе жатқан бірін жаулап алуға кеудемсоқ жоспар құрды.

Серіктестіктің өнімі InterFood Novosibirsk Сібір жәрменкесінде сапасы үшін бірден үш медаль алды, «Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі» дәм тату жарысында «Funky Дюшес» алкогольсіз газды сусыны кішігірім алтын медаліне ие болды. Осы жәрменкеде «Funky Лимонады» және «Funky Тархун» алкогольсіз газды сусыны күміс медаль иеленді. «Сібір жәрменкесіндегі ITE алтын медалі» дәм тату жарысында алкогольсіз газдалмаған сусын жасыл «Махі чай» грейпфрут және лимон дәмімен, сонымен қатар қара «Махі чай» алма және бүлдірген дәмімен күміс медалімен марапатталды.

Бренд портфелінің тиімді құрастырылуы «Galanz Bottlers» Акционерлік Қоғам болашағына сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні өз ғасырына сәйкес технологияларды қолдана отырып, серіктестік келесі өнім түрлерін өндіріп отыр:

    • «Махі чай» суық шайы
    • «Sevens» ауыз суы
    • «Torpeda» энергетикалық сусыны
    • «Funky» лимонады
    • «Сок Березы» шырыны
    • «Dellos» сусынндары
    • «Milk Up» жеміс – сүтті сусыны

Информация о работе Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы